Кедейшілік

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 19:57, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінгі күні кедейшілік қандай мемлекеттік болмасын өзекті мәселесіне айналып отырғаны баршамызға айдай анық. Кедейшілік ол басқару органдарының назарын аударуды қажет ететін ең маңызды мәселелердің бірі. Қазақстандағы кедейшілік әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени-психологиялық және табиғи себептерге негізделген. Кедейлік – адам мен отбасының өмір сүруінің барлық қырларын қамтитын әлеуметтік құбылыс. Бұл күрделі мәселе бүгінде тек адамның өмір сүру деңгейінің көрсеткіші ретінде ғана емес, жалпы қоғамның тіршілік тұрмысын анықтайды, яғни халықтың

Оглавление

Кіріспе
1 Бөлім. Кедейлік әлеуметтік проблема ретінде
1.1 Кедейлік түсінігі және оны зерттеу бағыттары
1.2 Кедейлік және оның өлшемі
1.3 Кедейлік және адам дамуы
1.4 Қазақстанда кедейліктің пайда болу себептері мен алғышарттары

2 Бөлім. Қазақстандағы кедейліктің осы заманғы жағдайы
2.1 Кедейлік пен теңсіздік
2.2 Экономикалық өсудің кедейліктің деңгейіне ықпалы
2.3 Қазақстандағы кедейліктің аймақтық айырмашылықтары
2.4 Кедейлік проблемаларын шешу жолдары

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

econ_73.doc

— 1.22 Мб (Скачать)

Андертап – қоғамдағы азғындаған кедей адамдар. Олардың көпшілігі маскүнемдер, нашақорлар, жезөкшелер сияқты адамдық кейіптен айырылған топтарды құрайтын әлеуметтік топтар иерархиясының ең төменінен орын алған тап. Андертап тұрғындардың кедей бөлігі және оның қоғамда пайда болуы әлеуметтік құрылымның дамуына, тұрғындардың әлеуметтік-адамгершілік жағдайына кері әсер етеді. Қазақстанда андертапқа жатқызуға болатын бомждар тобы бар.

Бомждар – олар баспанасы жоқ, өмір сүруін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіндей табыс көзі мүлде жоқ және қылмысқа жақын адам. Бомж ол кедейліктің ең түбіне жеткен адам болып саналады. Бомж олар тек баспанасыз ғана емес сонымен қатар жай қарапайым элементарлық өмірлік жағдайларсыз қалған топ яғни, медициналық көмекке қолы жетпейді, пропискасы жоқ, жұмысы жоқ тағы басқа себептері бар.

Кедейлік көпмағыналы, қарама-қайшы түсінік. Кедейлікті тамақ, баспана сияқты материалдық ресурстар  тұрғысынан ғана түсінуге болады. Сонымен  қатар, өмір сапасын да ескеру керек. Оған тұрғындардың денсаулық жағдайы, таза сумен, су құбырымен, жылу беру жүйесімен қамтамасыз етілуі немесе оған қолы жетпеуі кіреді. Кедейліктің таралуы және көлемі туралы ақпаратты балалар өлімі, сауаттылық пайызы, мектептік біліммен балалардың қамтылуы сияқты көрсеткіштер де береді. Кедейлікті сипаттайтын көрсеткіш – адамның қоғамның өміріне белсенді қатысуға қол жеткізуі.

Ғылымда кедейліктің  деңгейін анықтауға көмектесетін әр түрлі категориялар мен түсініктер бар. Ең көп қолданылатын категориялардың  бірі - өмір сүру деңгейі категориясы. Өмір сүру деңгейі жалпы индикатор ретінде көрінеді. Өмір сүру деңгейі дегеніміз тұрғындардың қажетті материалдық қажеттіліктер мен қызметтермен қамтамасыз етілуі, олардың қол жеткен тұтыну деңгейі және тиімді қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейі.

Өмір сүру деңгейін зерттеуге мемлекеттің тұрғындары не жекелеген әлеуметтік топтар, табысы әр түрлі отбасылары қалыптастырылады.

Социологтар тұрғындардың өмір сүру деңгейінің төрт деңгейін көрсетеді:

  1. жеткіліктілік.
  2. қалыпты деңгей (адамның физикалық және интеллектуалдық күшін қалыпқа келтіруді қамтасыз етуші ғылыми негізделген нормаларға сәйкес тұтыну).
  3. кедейлік (адамның жұмысқа қабілеттілігін сақтау мақсатында тұтыну).
  4. қайыршылық (биологиялық критерилердің минималдық деңгейіне сәйкес адамның тек қана өмір сүруін қамтамасыз ететін жағдайлар мен қызметтерді тұтыну).

Халықаралық деңгейде өмір сүру деңгейінің көрсеткіштер жүйесін  құруға алғашқы талпыныстарды 1960ж  БҰҰ-ң жұмыс тобы жасаған.  Бүгінгі  күнге дейін  бұл көрсеткіш  нақты  жалақы индексімен анықталып  отырған. БҰҰ 1978 ж осы өмір сүру көрсеткіштерінің соңғы нсқаларын жасп шығарды. Оларды атап көрсететін болсақ 12 негізгі топты кіргізуге болады:

  1. туу, өлім және басқа да демографиялық сипаттамалар.
  2. өмір сүрудің санитарлық-гигиеналық жағдайлары.
  3. азық-түлік тауарларын тұтыну.
  4. тұрмыс жағдайы.
  5. білім және мәдениет.
  6. еңбек жағдайлары мен еңбекпен қамту мәселелері.
  7. халық табысы мен шығыны
  8. өмір құны мен тұтыну бағалары.
  9. көлік мәселесі.
  10. демалысты ұйымдастыру
  11. әлеуметтік қамсыздандыру
  12. тұлға бостандығы.

Өмір сүру деңгейінің ең маңызды құрамдас бөлігі ретінде халықтың табысы, әлеуметтік жағдайы, материалдық игіліктерді қолдануы, өмір жағдайы, бос уақыты алынады. Халықтың әлеуметтік жағдайын анықтаудағы негізгі категория ретінде өмір сүру жағдайы сипатталады. Бұл кедейхлықтың өмір сүруінің объективті жағдайын сипаттайды. өмір сүру жағдайы еңбекпен қамту мәселесін, еңбектің сипатын, халықтың қоныстану түрін, тұрмысын, табысын, заттай мүлік сипатын, әлеуметтік төлемақылар мен әлеуметтік саланың дамуын қамтиды. Өмір сапасы дегеніміз қоғамдық өмірдегі топтар мен жеке адамдардың қажеттіктерін сипаттайды. Бұнда адамның өмір сүру ұзақтығы, физикалық және психикалық жағдайы, денсаулығы, білім, мәдениеті, өмір сүру жағдайының қолайлығы, адамдарды қоршаған орта сияқты белгілер қарастырылады. Кедейлер мтериалдық және басқа әлеуметтік құндылықтарды өмір сүру деңгейінен төмен деңгейде тұтынады. Кедей болу деген – дұрыс киіне алмау, тамақтана алмау, тағы сол сияқты себептерге сай өмір сүруі. Кедей адам керекті білім мен мамандықты ала алмайды, белгілі бір шығынды қажет ететіндіктен, балаларына да қажетті білімді бере алмайды. Кедейлкті анықтаудағы тікелей көрсеткіштер – ең төменгі күнкөріс деңгейі мен кедейлік шегі. Ең төмен күнкөріс деңгейі – кедейлікті азайту жөніндегі мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды құралы. Қазақстан Республикасының 475-1 «Ең төмен күнкөріс деңгейі туралы» Заңында берілген анықтамаға сәйкес, ең төмен күнкөріс деңгейі дегеніміз – мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс. Шын мәнінде әлемде ол абсолюттік кедейліктің критерилері ретінде пайдаланылады да, «кедейлік шегі» аталады ол адмның негізг мұқтаждықтарын қанағаттандыруға жарамды ең төменгі табыс деңгейі ұғымын білдіреді. Қазақстанда да ең төменгі күнкөріс деңгейі сондай-ақ абсолютті кедейлік деңгейін өлшеу үшін қолданылады.  Ең төмен күнкөріс деңгейі жыл сайын тұрмыс деңгейін бағалау мен кедейлік шегін, әлеуметтік саясаттың бағыттарын анықтауға, халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі шарларды жүзеге асыруға, жалақының, зейнетақының, жәрдемақының және өзге де төлемдердің белгіленетін еі төмен мөлшерін негіздеуге арналған. Ең төменгі күнкөріс деңгейімен қатар, кедейліктің шегі бар. Кедейлік – шегі қоғамдағы экономикалық мүмкіндіктерге қарай белгіленетін, адамның ең төмен қажеттіліктерін қанағаттаныдру үшін қажетті кіріс шегі.  Кедейлікті сипаттаушы көрсеткіштерге өмір сүру деңгейінің критерийлері, өмір сүру құнының индексі, жан басына шаққандағы табысы кіреді. Отбасының табысы оның тұрғылықты жеріне, экономикалық жағдайына, аймақтық бөлігіне қарай ерекшеленіп отырады.

Кедейшіліктің шығу себептері. Нарықтық қатынасқа көшу, өндірістік қатынастардың, әлеуметтік жағдайдың түбірімен өзгеруі Қазақстан тұрғындарының жаппай кедейленуіне алып келді. Қазақстанның жаңа әлеуметтік-экономикалық құрылымға өтуінің нәтижесінде кедейлік мәселесінің өзектілігі арта түсті. Қазақстандық кәсіпорындар шикізат берушілерге және өзінің өнімін тұтынушыларға тәуелді болды. Жаңа, нарықтық

Кономикалық механизмдер  бірден жоғары қарқын алып, қоғамдық өмірде беки алмады. Бұл жағдай күрделі экономикалық өзхгерістерге алып келді. Соның ішінде шаруашылықтың күйреуіне, өндіріс зауыттардың жабылып қалуына соның нәтижесінде, жұмыссыздықтың етек алуына алып келді. Сондықтан да қазақстандық экономиканың нарықтықжағдайға құрылымдық бейімдел алмауы кедейліктің Қазақстанда пайда болуының нгізгі себптерінің бірі болып есептеледі. Екінші жағынан алғанда, тұрғындардың өздері де жаңа нарықтық қатынастарға дайын емес еді. Өтпелі кезеңнің басынан бастап кедейлікке әсер еткен кәсіпорындар қызхметінің тоқтауы, олардың банкротка ұшырауына, инфляция, жұмыскерлердің еріксіз демалыстарға кетуіне, жұмыссыздыққа, бағаның либералдануына және тағы басқа себептерге байланысты.

 Жалпы кедейшіліктің  бастамасы ол жоғарыда айтып  өткенімдей, нарыққа өту кезеңінен бастама алған жоқ, ол ертеде адам баласы пайда болғалы бері келе атқан құбылыс. Бұл өзекті мәселе Кеңес уақытында жабық мәсеое дискуссияға берілмейтін болған және ол тек капиталистік жүйенің негативтік жағы ретінде ғана қабылданған болатын. Кейбір кедейшілік туралы мәселелер 70 жылдары ғана елдегі жағдайы нашар балаларға жәрдемақы беруді енгізген кезде ғана көтерілген болатын. Ал ашық күрделі әлеуметтік мәселе ретінде 80 ж соңында қайта құру кезеңінен бастап етек алды. Осы кезде экономикалық, әлеуметтік өмірде үлкен төңкеріс болды және осы қайта құру кезеңінің негативтік жақтарынан халықты әлеуметтік қорғау механизмі қалыптаса бастады. Содан бастан кедейшілік қоғамның күрделі өзекті мәселесіне айналды.

Кедейшіліктің шығу сеебептері елдің түрлі геограциялық жағдайына, экогологиялық жағдайына, климаттық жағдайына байланысты. Осы жағдайлар түрі аймақтардағы халықтардың өмір сүру деңгйін көрсетеді және олрдың табыстарының, жұмыспен қамтылу деңгейінің арасындағы айырмашылықты көре аламыз.

Республикадағы экологиялық  жағдай соңғы 12-15 ж ішінде нашарлап кетті, ол қазақстандықтардың денсаулықтары  мен әл-ауқаттарына келеңсіз әсер етіп, кедейшіліктің өсуіне түркі  болды. 1990 ж өзара байланысты екі  проблема өздерін біршама айқын  көрсетті: мекендейтін ортаның ластануының аджамның денсаулығы мен әо-ауқытаны ықпалы және кедейшікліктің қоршаған ортаның тозуына әсер. Экологиялық тозу яғни, ауаның ластануы, судың ластануы, тағы басқа себептер ең алдымен балалардың аурушаңдық деңгейіне тікелей әсер етті. Әсіресе аграрлық аймақтарда осы секілді мәселелер кедейшіліктің шығуының негізгі себептері болып табылады. Жердің өнім бермеуі немесе салыстырмалы түрде өткен жылға қарағанда бұл жылы өнім аз берсе, онда сол аймақтың бір жылдық жағдайы төмен яғни, экономикалық жағдайы, күнкөрісі төмен болады. Осы кедейшіліктің экологиялық аспектісі кедей табындағы халықтардың өміріне ерекше әсерін тигізеді. Қазақстанның аймақтарында ауыз сумен жабдықтау проблемасы аса өзекті мәселе қалпында қалып отыр. Халық арасындағы аурушаңдықтың жоғары деңгейі бірашама дәржеде таза ауыз судың жетіспеуінен және оның сапасының нашарлауынан, сондай-ақ сумен жабдықтау дүйесінің нашар жай-күйінен туындайды. Көптеген қазақстандықтар санитарлық-гигиеналық нормаларға сай келмейтін суды пайдаланады. Республика халқының үштен бір бөлігінен астамы арнайы өңдеуден өтпеген суды қолданса, ал бес жүз мың тұрғын ауыз су тапшылығының ұдайы азабын тартады. Соңғы бес жыл ішінде лас су арқылы тарайтын инфекциялардың республикада 19 дүмпуі тіркелді (соның ішінде гепатит, дизентерия, іш сүзегі). Осының барлығы неге байланысты деген сұрақ туындайды. Проблеманың төркінімынада, елдегі су объектілерінің көпшілігінің жай-күйі, жер асты суларының сапасы сияқты, өнеркәсіптік, комуналдық-тұрмыстың, дренаждық және өзге де ағынды сулардың ластауынан нашарлайды. Оны түзетуге халықтың экономикалық жэағдайы көтермейді және мүмкіндіктері шектеулі. Осыған қоса дем алатын ауаның жылдан жылға ластануы, халық арасында түрлі инфекциялы, жұқпалы аурулардың таралуына алып келіп отыр. Соның есесіне елдің аймақтық деңгейдегі аурулардың: бала аурулары, әйел ауруы, СПИД, өлімнің түрлі жастар арасындағы көбейуі тағы басқа түрлерінің көбеюіне алып келіп отыр. Және осы кедейшіліктің шығунының ең кең тараған, дәстүрлі түрі ол жүмыссыздық. Жұмысссыздықты кедейліктің бір факторы ретінде қарастырамыз.

Жұмыссыздық әр қоғамла  кездесетін құбылыс және тұрғындардың өмір сүру деңгейіне әсер ететін болғандықтан, нақты талдауды қажет етеді. Жұмыссыздықтың жоғары деңгейі көптеген мәселелерді  тудырады: теңсіздіктің өсуі және адамдардың әлеумттік жатсынуы, еңбек өнімділігінің төмендеуі және экономикалық тұрақсыздықтың өсуі, қоданылмайтын адамдық ресурстар, жұмыссыздықтан туындайтын адамдық ауыртпашылықтар. Дүниежүзілік көлемде жұмыссыздықтың өсуіне қатысты үш түрлі қатынас бар:

  • американдық үлгі: едәуір жұмыс күшіне жұмыс орындарын беру арқылы төмен деңгейдегі табысты бөлу арқылы кедей жұмысшылар тобын құруға тәуекел ету;
  • скандинавиялық үлгі: барығына бірдей қанағатандарын деңгейде жұүмысбастылықты мемлекттік секторда жұмыс орындарын ашу арқылы кепілдеме беру, инфляциялық қысым көрсету мен мемлекеттік қаржылық құралдардың азаюына тәуекел ету арқылы жүзеге асады;
  • еуропалық үлгі: экономикалық өсімнің қорын сақтау және қымбат жүйе арқылы жұмыссыздарға жәрдемақы, жоғары жалақы беру арқылы жұмысы бар адамдардың табысы мен еңбек жағдайын қолдау.

Жоғарыда айтып өткенімдей, нарықтық қайта құрулар қазақстандық қоғамның көптеген салаларына түбірлі әсерін тигізді. Көптеген завод, өндірістік орындардың жабылып қалуы, жаппай халық арасында жұмыссыздықтың өрбуіне алып келді. Көптеген мамандық иелерінің жұмысқа жарамсыз болып қалуы, менімше, халықтың рухани жағдайының күйзеліске ұшырауына да алып келді. Жалпы жұмыссыздық  пен кдейшілік қатар жүретін түсінік. Жұмыссыз адам, яғни ол кедей адам. Жұмыссыздық адамның жасымен, білім деңгейімен және аймақтық мкенінің түрімен тығыз байланысты. Қазіргі социологтардың зерттеулері бойынша кдейшілікті бірнеше топқа бөліп көрсетеді. Солардың бірі Л.Айтымбет жұмыссыздарды мына топтарға бөліп көрсетеді [5]:

  1. енжар-күтушілер
  2. жағдайға қарай енжарлар
  3. енжар-қызығушылар
  4. белсенділер
  5. өзін-өзі ұйымдастырушылар
  6. түңілушілер

      Жалпы жұмыссыздықтың  ертеден келе жатқан түрлері  бар. Оларды қысқаша айта кетсек: мерзімге байланысты жұмыссыздық,  жасырын түрдегі жұмыссыздық ж.т.б. түрлері бар. Ал қазіргі кезде социологтар жұмыссыздықты мынадай түрлерге бөліп көрсетеді:

  • өндірістің дағдарысына, құрылымдық өзгерістерге, жұмыссыздардың жыныстық-жастық сипатамаларына, еңбек нарығындағы жұмыскерлердің типтеріне байланысты қалыптасатын ұзақ мерзімді жұмыссыздық;
  • өзінің еркінен тыс жұмыстан айрылып қалғандар. Олардың көпшілігі өндірістің қысқаруына және ондағы құрылымдық өзгерістерге байланысты жұмыс орнынан босатылғандар; олар негізінен тұрақты мамандар тізімінде болған, толық жұмыс уақыты бойынша қызмет атқарған, салыстырмалы түрде жоғары жалақы алған жұмыскерлер;
  • 25 жастағы және одан үлкен ересек жұмыскерлер. Бұл көрсеткіш барлық деңгейде білімі және мамандығы бар жұмыскерледің бәрін қамтиды;
  • Толық жұмыс уақыты бойынша жұмыс істейтіндер.  

Бүгінгі күні осы жұмыссыздардың құрылымы өзгеруде. Қазақстандағы жұмыссыздардың басым көпшілігінің орта білімі жән  жұмысшы мамандығы болғанмен, қазіргі  кезде олардың қатарына жоғары білімі бар адамдар қосылды. Қазақстан  Республикасындағы кедейлікті кедейліктің өсуімен өзара байланысты зерттеу қажет. Қазақстанда жұмыссыздық пен кедейшілік пропорционалдық өзара байланысты. Аймақтық деңгейде жұмыссыздардың ең көп пайызы Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Ақмола, Қостанай облыстарында байқалған, яғни осы аталған аймақтарда кедейшіліктің ең кең тараған түрі жұмыссыздықтың дәрежесі ресубликалық деңгейден жоғары.   Қазіргі уақытта жұмыссыздық мен кедейлік еңбекнарағында ең маңызды мәселе болып отыр. Ерекше әлеуметтік индикатор бола отырып, ол психологиялық және экономикалық қиыншылықтармен қоса жүреді. Дифференцияалды гендерлік мәліметтер бойынша ресми жұмыссыздық халықтың әсіресе әйелдер қауымы арасында басым екенін көрсетеді. Жасына, біліміне, және мамандығына қарамастан әйелдерге жұмыс табу өте қиын. 1998 жылы ресми тіркелген жұмыссыз әйелдердің әрбір үшіншісінде арнайы техникалық білім болған. Жалпы жұмыссыздықтың өсуі ресми емес экономикалық сектордың рөлінің елеулі өсуіне алып келді. Осы сектордың үлесі экономиканың белгілі салаларында, мысалы, сауда, ауыл шаруашылығы және көлікте, ерекше маңызды болды. Сонымен кедейшілік – ол қазіргі қоғамның қашып құтыла алмайтын спутнигі, оның шығу себептері тек қана денсаулықтың нашарлығы, жеке мінездің интеллектің, психиканың жеткіліктсіздігі ғана емес, мемлекет пен кәсіпкерлердің эгоистігі ғана емес, сонымен қатар жалпы әлемдік деңгейде ресурстардың жеткіліксіздігінен де болып отырған процесс. 

      Халықтың  пікірі ол қоғамдағы нағыз  әлеуметтік шынайылылықты

береді. Кедейшілік анықтамасы адамның әлеуметтік жағдайына жеке тәжірибесіне қарай беріледі. Ал ресми түрде берілетін анықтамалар, кедейліктің қаупі төнбейтін адамдардың беретін анықтамасына тән. Осы болып отырған жағдай қаншалықты қиын болса, соншалықты ол процеске берілетін бағаның эмоционалдық жағы болады және ол тек адамның материалдық жағдайына ғана байланысты емес, сонымен қатар адамның орын алып отырған процеске жауапкершілігінде.

            Көп жағдайда проблема, ол билік  басында немесе мемлекеттің жағдайының жоқтығы емес, ол қаншалықты халықтың қажеттіліктері мен олардың жедел мұқтаждықтары туралы ақпараттың жеткіліксіздігінде. Қазіргі кезде әрбір аймақта ақпарат жинау үшін түрлі негізгі шаралар қолдануда, бірақ та ол барлық уақытта жеткілікті бола бермейді, ал алынған мәліметтер тез ескіріп отырады. Осыған орай халықтардың арасында зерттеулер жүргізіледі. Үй шаруашылықтарының субъективті бағаларына сүйенгенде, Қазақстандағы кедейшіліктің негізгі себептері төлемнің баламсыз деңгейімен жұмыссыздық болып табылады. 2001жылы, адамдардың пікірлері бойынша, тұрмыстың төмен деңгейінің басты себебі түрлі салдар бойынша жұмыспен қамтылмау болса, ал 2002 жылы еңбектің аз төлемі басты себепке айналды.

Информация о работе Кедейшілік