Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 19:57, курсовая работа
Бүгінгі күні кедейшілік қандай мемлекеттік болмасын өзекті мәселесіне айналып отырғаны баршамызға айдай анық. Кедейшілік ол басқару органдарының назарын аударуды қажет ететін ең маңызды мәселелердің бірі. Қазақстандағы кедейшілік әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени-психологиялық және табиғи себептерге негізделген. Кедейлік – адам мен отбасының өмір сүруінің барлық қырларын қамтитын әлеуметтік құбылыс. Бұл күрделі мәселе бүгінде тек адамның өмір сүру деңгейінің көрсеткіші ретінде ғана емес, жалпы қоғамның тіршілік тұрмысын анықтайды, яғни халықтың
Кіріспе
1 Бөлім. Кедейлік әлеуметтік проблема ретінде
1.1 Кедейлік түсінігі және оны зерттеу бағыттары
1.2 Кедейлік және оның өлшемі
1.3 Кедейлік және адам дамуы
1.4 Қазақстанда кедейліктің пайда болу себептері мен алғышарттары
2 Бөлім. Қазақстандағы кедейліктің осы заманғы жағдайы
2.1 Кедейлік пен теңсіздік
2.2 Экономикалық өсудің кедейліктің деңгейіне ықпалы
2.3 Қазақстандағы кедейліктің аймақтық айырмашылықтары
2.4 Кедейлік проблемаларын шешу жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кесте 1. Кедейшіліктің негізгі себептері [6]
Кедейшіліктің көрсетілген себептері |
2005 % |
2006 % |
Еңбектің төмен төлемі |
35,4 |
43,7 |
Тұратын жері бойынша тұрақты жұмыс табу мүмкіндігінің болмауы |
17,8 |
17,0 |
Ешқандай жұмыстың реті жоқ |
21,5 |
13,0 |
өзім үйренген жұмыстың болмауы |
8,4 |
7,5 |
өзгесі |
5,5 |
5,8 |
Табыстары жоқ асыраудағы жандардың саны (балалар, ата-аналар, туған-туыстар) |
5,0 |
5,4 |
Денсаулықтың жарамсыздығы |
4,1 |
4,1 |
Жеткіліксіз білім деңгейі |
0,8 |
1,5 |
Әлеуметтік көмектің болмауы, өйткені табыс табудың ешбір мүмкіндігі жоқ |
- |
0,8 |
Жеткіліксіз білім деңгейі |
0,8 |
0,7 |
Әлеуметтік баламасыз отбасы мүшелерінің болуы (маскүнемдік, нашақорлық) |
0,7 |
0,3 |
Тұратын мекендегі қолайсыз жағдайлар (экономикалық және экологиялық нашар ахуал) |
- |
0,2 |
Осы себептерді 2005-2006 жылдары 80 пайыздан астам қазақстандықтар атады. Осы үй шаруашылықтарының пікірлері бойынша олардың материалдық жағдайларын жақсартуға септігін тигізуі мүмкін өзекті факторлар жалақыны көтеру мен жұмыспен қамту болып табылады. Бұл орайда жұмыспен қамту проблемасы қалалық аймақтармен салыстырғанда ауылдық аймақтарда анағұрлық зәрі проблема болуда, 29,3 пайызға қарама-қарсы 40,4 пайызды құрауда.
Кесте 2. Материалдық әл-ауқатты жақсарту факторлары [6, 33]
Көрсетілген факторлар % |
Барлығы % |
Соның ішінде | |
Қалада тұратындар % |
Ауылда тұратындар % | ||
Жалақыны көтеру |
46,1 |
49,9 |
42,5 |
Жұмыс беру |
35,0 |
29,3 |
40,4 |
Зейнетақыны көтеру |
11,6 |
13,2 |
10,2 |
Кәсіптік деңгейді көтеру |
1,8 |
2,2 |
1,4 |
Өз ісін ұйымдастыру үшін бастапқы капиталдың болуы |
1,6 |
1,4 |
1,8 |
Денсаулық жағдайын жақсарту |
1,5 |
1,6 |
1,3 |
Шағын бизнес үшін несие беру |
0,7 |
0,4 |
1,1 |
Әлеуметтік төлемдердің деңгейін көтеру |
0,7 |
1,0 |
0,3 |
Әлеуметтік көмектің түрлерін арттыру |
0,3 |
0,3 |
0,2 |
Өзге елге көшу |
0,3 |
0,4 |
0,1 |
Жер алу және сонда жұмыс істеу |
0,2 |
0,1 |
0,4 |
Тұрғылықты мекенді ел ішінде ауыстыру (қаладан ауылға немесе керісінше) |
0,1 |
0,0 |
0,2 |
Өзгесі |
0,1 |
0,2 |
0,1 |
Кедейліктің бүгінгі күні дүние жүзінде орын алып отыр. Біріншіден, дүние жүзі бай және кедей елдерге бөлінген. Дамыған елдердің 20 пайыз байлары бүкіл планетаның байлағының 80 пайызын иеленуде. Ал, дамушы және кедей елдердің 80 пайызы планета байлағының 20 пайызын ғана иеленуде. Екіншіден, дүние жүзіт елдерінің барлығында да кедей топтар бар. Көптеген елдерде кедейлер тұрғындардың жартысын не үштен бірін құрайды. Дамушы елдер негізінен кедей тап құрайтын пирамида түрінде көрсетуге болады. Кедейлер дамыған болып саналатын АҚШ, Канада, Жапония, Германия, Скандинавия сияқты елдерде де бар. Дегенмен, бұл елдерде кедейлер деңгейі өте аз мөлшерді құрайды. Мысалы, Швеция, Дания, Норвегия, Швейцария, Голландия сияқтя елдерде тұрғындардың кедейлік деңгейі барлық тұрғындардың 5 тен 15 пайызына дейін ауытқиды. АҚШ, Жапония, Англия, Франция, Германия сияқты елдерде кедейлік деңгейі өте жоғары. Бұл елдердің ішінде милрд-тан астам тұрғындары бар Қытай, Үндістан сияқты елдер бар. Бұл екі ел экономикалық, технологиялық қатынастары жағынан бір-біріне ұқсатамйтын елдер. Дегенмен, бұл екі елде де кедейлік деңгейі бар шама. Үндістан халқының жартысына жуығы кедейлік шекарасында өмір сүреді. ОАР-нан басқа Африка континентінің тұрғындарының басым көпшілігі кедейлер болып табылады. Әсіресе, Тропиктік Африка елдерінде кедейлік мәселесі өзекті мәселеге айналуда.
Осы әлемдегі кедейшілік туралы кейбір факілерге тоқталып өтсек: әлемде 1,2 млн адам күніне 1 доллардан кем ақшаға күнелтеді., ал 2,8 млн адам күніне 2 долларға жетпейтін деңгейде тұрмыс кешеді екен, планетадағы 790 млн-ға жуық адам шала тамақтанудан зардап шегеді, дүние жүзіндегі 880 мон адамның денсаулық сақтау қызмет көрсетулеріне мүмкіндіктеріжоқ, және 2,6 млн жуық жұрт қалыпты санитарлық жағдайларсыз тіршілік жасайды. Прогрестің ағымдағы қарқындарыа қарай 2015 жылға дейін төмен табыстыхалықтың үштен бір бөлігінің (900 млн адам) қалыпты санитарлық жағдайларда тұруға қолдары жетпейді.
Оңтүстік Азияда 46 млн бала мектепке бармайды. Болжам бойынша бүкіл дүние жүзіндегі 250 млн бала жұмыс істеуге мәжбүр. 340 млн жуық әйелдер 40 жасқа дейін өмір сүрмеулері мүмкін. Дүние жүзіндегі ересек адамдардың төртеуінің біреуі сауатсыз, олардың үштен екісі - әйелдер.
1998 жылы 47 млн астам адамдар, солардың көпшілігі кедей тұрмыстылар, АИВ жұқтырған. АИВ/ЖИТС ауруы ең көп тараған елдерде нәрестелер шетінеуінің деңгейі 2010 жылға дейін 75%-ға, ал 5 жасқа дейінгі балалар өлімі 100%-ға өсуі мүмкін. ЖИТС пен ауыратын жетімдер саны 1998 жылғы 8,2 млн-нан 2010 жылы 470 млн-ға дейін ұлғаюы ықтимал.
Кесте 3. Кейбір елдердегі абсолютті кедейшілік, 2001 жыл [6;45]
Елдер |
Абсолютті кедейшілік % |
Германия |
11,5 |
Франция |
12,0 |
Ұлыбритания |
13,1 |
АҚШ |
14,1 |
Ресей |
27,3 |
Қазақстан |
24,2 |
Қырғызстан |
84,0 |
Кеңес Одағы құлағаннан кейін еркіндік пен тәуелсіздік алған елдерде кедейлік өсе түсуде. Бұл кедейлік проблемасы сол кездегі қоғамда болмады деген сөз емес. Кедейлік әлеуметтік құбылыс ретінде барлық елдерде кездеседі. Бірақ, сол елдің даму деңгейіне байланысты ерекшелінеді. Кеңестік дәуірдегі кедейлік те белгілі бір дәрежеде болғанымен, өзекті проблема ретіне қарастырылмаған. Кеңестік өкімет тұсында барлық еңбек жасындағы тұрғындарды жмыспен қамту әр түрлі топтағы көмек керек адамдарға мемлекет тарапынан әр түрлі төлем ақылардың болуы кедейліктің сол кездегі сипатына әсерін тигізді. Кеңес өкіметі кезінде кедейлік жойылды деген саясатқа байланысты бұл процесті зерттек тоқтатылып, «кедейлер» ұғымының орнна «жағдайы төмен адамдар» ұғымы қолданылды. Кеңес Одағы да тұрғындардың едәуір бөлігі кедейлік жағдайында болған елдердің қатарына жатты. Кеңестік мемлекет ыдырағаннан кейін бұл кеңістікте кедейлік тереңдеп, кеңейе түсті. Посткеңестік аймақтағы елдерде ескі экономикалық және саяси жүйенің күйреуіне байланысты экономикалық, саяси және әлеуметтік дағдарыстар басталды. Жаңа экономикалық механизмдердің бірден қарқын алып кете алмауы шаруашылықтың күйреуіне, жұмыссыздыққа және басқа да күрделі жағдайлардың қалыптасуына алып келді.
Индустриалдық дамыған елдерде кедейлер қатарына жалақысы төмен жұмыстағы жұмыссыздар не жартылай жұмыспен қамтылған адамдар, аурулар, жұмыс істеуге қабілетсіздер, көп балалы отбасыларының мүшелері немесе жалғыз басты ата-аналардан тұратын отбасылары, кәрі адамдар кіреді. Кедейлік таптық және гендерлік қатынастардың көрсеткіштері ретінде есептеле отырып, индустриалдық қоғамда ол мемлекеттер арасындағы теңсіз экономикалық қатынастардың индикаторы ретінде қарастырылады. «Үшінші елдердегі» кедейлік дамыған елдердегі байлық жинаумен тікелей байланысты. Дамыған елдерде ондаған жылдар бойы кедейлікпен күрес шаралары жүзеге асырылыр жатса, дамушы елдерде бұндай бағдарламалар енді-енді енгізілуде.
Ал кедей табына келетін болсақ, дамыған елдерде олардың саны аса көп емес. Мысалы, Швейцария, Дания, Норвегия сияқты елдерде олардың саны 5-7 пайыздан аспайды екен. Кедейшіліктің бұл елдердегі сипаты ерекшелеу. Олардағы кедейшілік артта қалған, не жаңадан даму жолына түскен елдермен салыстырғанда өзгешелеу. Мысалы, ол елдердегі кедей деп саналатын топтар тұрмыс жағынан алғанда басқа елдердің орта табынан кем болмауы мүмкін. Бірақ та кедейшіліктің аты кедейшілік. Бай, орта, кедей дегенде әр ел өзіндік өлшемімен белгілейді, өзіндік материалдық тұрмыстан шығады. Бірақ та дамыған елдерде сол елдердегі кедейшіліктің өзіндік көрінісі бар. Кедейлікті жеңу процесі дамыған елдерде қарқын жүріп отырады, осыған байланысты кедейлердің саны үнемі азаяды. Бұл елдердегі кедейлердің көпшілігі жұмыссыздар және жалақысы төмендеу қызметтегі адамдар. Бірақ та ол топтарға әлеуметтік-экономикалық жәрдем көлемі түрде көрсетілуде. Түрлі әлеуметтік жәрдемақылар, зейнетқылар, қайырымдылық қорлары, мемлекет, қоғамдық ұйымдар, фирма, компаниялар тарапынан осы топтарға жеткізіліп тұрады екен.
Дамыған елдердің бәрінде де азды-көпті азғындаған топтар бар. Ондай топтарды белгілі тапқа жатқызудың өзі де қиыншылаққа түсуде. Негізінде олар кедей, жарлы адамдар тобы. Қайыр сұраушылар, баспанасы жоқ болғандықтан көшеде жататындар, ұрылар, жетім балалар, қаңғып жүрген адамдар, тағы солсияқты топтар. Бұларды біздің елде бомждар дейді, ал андеркласс деп атайды. Осы андеркласс өте бай елдердің өзінде де бар екендігі айқын. Дені сау адам кедейлікке ұмтылады деп тұжырымдай алмаймыз. Дегенмен, кедейлік қоғамның дамуының нақты кезеңінде адамдардың теңдігі деп тұжырымдаған идеологиялар мен саяси режимдер болды. Мысалы, Қазақ төңкерісі кезінде, 20-30 жылдары Кеңес Одағында коммунистік идеология мен саясат кедейлердің мәртебесін көтереді. Кедейлер сауатсыз және меңгерген мамандықтары болмаса да жауапты қызметтерге тағындалған. Тіпті, кейбір адамдар өздерінің пролетариат екенін, кедей шаруалар қатарынан шыққанына мақтаныш етті. Тек Кеңес Одағында ғана емес, басқа да дүние жүзі елдердің кейбірлеулердің кедейлік философиясы насихатталады. Мысалы, Қытайда, Кубада, Солтүстік Кореяда, Солтүстік Вьетнамда және тағы басқа елдерде. Үндістандағы кейбір касталарда және Тропиктік Африкада кедейлік қалыпты жағдай ретінде қабылданады, адамдар осы жағдайдан шығуға талпынбайды. Бірақ та бұндай касталық философия кастаның дініне, әдет-ғұрыптарына байланысты. Кедейлік философиясы кедейлікті әлеуметтік құбылыс ретінде философиялық талдауға бағытталса, өмір сүруге құқысы бар. Егер де бұндай философия кедейлікті бұндай қоғамның дамуының заңы, қалыпты жағдайы деп еептесе онымен келісу қиын. Кедейлік қоғамның әлеуметтік аруы, нақтылық. Кедейлік филсофиясында жер шарының миллиондаған адамның өмірін алып кететін, адамдарды әр түрлі қиындықтар мен зәбірге ұшырататын кедейліктен адамзатты қалай құтқару туралы сөз болу керек. Кедей адам - әлеуметтік жағынан қор болған адам. Ол материалдық, әлеуметтік-моральдық жағынан шектелген адам. Қоғамдағы тұрғындардың басқаларына қарағанда саясаттан алшақ тұр. Мемлекеттік қызмет атқаруға, басқа да мәртебесі биік орындарға орналасуға кедейлердің нақты мүмкіндігі жоқ. Кедей адамның конституциялық құқығы болғанымен, елдің парламентіне сайлана алмайды. Кедей тап дамыған, демократиялық қоғамдардың өзінде де бай және орта таптан тұратын саяси күштердің күрес құралы болып есептеледі. Көбінесе сайлау науқаны кезінде әр түрлі саяси күштер тұрғындардың кедей бөлігінің дауыстарын сатып алады. Біз бұдан көретініміз кедей халықтың дауысы ауқатты халықтарға тәуелді, яғни оларда еркіндік жоқ, олар үнемі біреулерге бағынышты болып отырады. Сонымен қатар, кедейшілік әр елдің өзекті мәселесі болып отырғанын біз толық байқадық.
Қазақстанда кедейшіліктің
жағдайы жоғарыда көрсетілгендей, экономикалық
дамыған елдердегі
Нарықтық жағдайға өту кезеңінің басында яғни, нарықтық жағдай әлсіз дамыған кезінде Қазақстанның әлеуметтік құрылымы келесідегідей пирамиданы құрады.
Пирамиданың жоғары бөлігін «Элита» яғни, басқару тобы – саяси, идеологиялық, басқару ісімен айналысатын негізгі функцияны атқарушы топ құрайды. Пирамиданың негізгі бөлігін ортаңғы топ яғни, еңбек етшілер мен жеке меншікке құқықтары жоқ, еріксіз жұмыскерлер, элитаға толғымен бағынышты топ құрайды. Қайта құру кезеңінің негізгі әлеуметтік базасы ретінде осы топ саналатын, ал кейін олардың өздерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларына көңілдерінің толмауы осы реформаға себепші болды. Кейіннен олардың қоғамдағы алатын әлеуметтік мәртебесінің объективтік нашарлауна алып келді. Бұдан көретініміз келе-келе пирамиданың ортаңғы емес, төменгі яғни, кедей таптың үлесінің көбеюіне алып келді.
Кесте 4. кедейшілік деңгейінің сандық көрсеткіші [7]
Кедейшіліктің сандық көрсеткіші |
Барлығы |
Қала |
Ауыл |
Кедейшілік деңгейінен төмен тұратын халық саны |
30,9 |
27,9 |
33,9 |
Кедейлік тереңдігі |
9,2 |
7,6 |
11,2 |
Жалпы нарықтық экономикаға өту, ол тек қана Қазақстанға ғана емес сонымен қатар, жаңа мемлекеттердің көпшілігі бірнеше экономикалық дағдарысқа ұшырады, ол еңбек нарығындағы жағдайдың нашалауына, соның салдары ретінде, кедейшілік деңгейінің өсуіне себеп болды.