Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 19:57, курсовая работа
Бүгінгі күні кедейшілік қандай мемлекеттік болмасын өзекті мәселесіне айналып отырғаны баршамызға айдай анық. Кедейшілік ол басқару органдарының назарын аударуды қажет ететін ең маңызды мәселелердің бірі. Қазақстандағы кедейшілік әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени-психологиялық және табиғи себептерге негізделген. Кедейлік – адам мен отбасының өмір сүруінің барлық қырларын қамтитын әлеуметтік құбылыс. Бұл күрделі мәселе бүгінде тек адамның өмір сүру деңгейінің көрсеткіші ретінде ғана емес, жалпы қоғамның тіршілік тұрмысын анықтайды, яғни халықтың
Кіріспе
1 Бөлім. Кедейлік әлеуметтік проблема ретінде
1.1 Кедейлік түсінігі және оны зерттеу бағыттары
1.2 Кедейлік және оның өлшемі
1.3 Кедейлік және адам дамуы
1.4 Қазақстанда кедейліктің пайда болу себептері мен алғышарттары
2 Бөлім. Қазақстандағы кедейліктің осы заманғы жағдайы
2.1 Кедейлік пен теңсіздік
2.2 Экономикалық өсудің кедейліктің деңгейіне ықпалы
2.3 Қазақстандағы кедейліктің аймақтық айырмашылықтары
2.4 Кедейлік проблемаларын шешу жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кесте 31. Жұмыс істейтін еркектер мен әйелдердің жалақысы, 1999-2004 жж., теңге [42]
Жалақы |
1999 |
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
Орташа айлық атуалы жалақы, барлығы |
11864 |
14374 |
17303 |
20323 |
23128 |
28329 |
Соның ішінде: |
||||||
Еркектер |
14304 |
17603 |
21511 |
24847 |
28476 |
34648 |
Әйелдер |
9485 |
10819 |
12635 |
15340 |
17304 |
21445 |
Әйелдер жалақысының еркектердің жалақысына %-дық қатынасы |
66,3 |
61,5 |
58,7 |
61,7 |
60,8 |
61,9 |
Еркектер мен әйелдердің еңбек төлеміндегі айырмашылықты туындайтын факторлар:
Осы аталған жағдайларға қарай әйелдер көбіне материалдық тұрғыда анағұрлым осал болады. Еркектер мен әйелдердің жұмыспен қамтылуындағы және табыстарындағы айырмашылықтар зейнетақымен қамсыздандырудағы гендерлік алшақтықты ұлғайтып, егде жастағы әйелдер үшін кедейлік қаупін күшейтеді. 70%-ға жуық егде жастағы әйелдер кедей тұрмыстылар санатына жатады. Жалпы зейнеткерлер кедейлік ахуалы бойынша қауіп тобын құрайтынын ескергенде, зейнеткерлік жастағы әйелдердің анағұрлым айқын көрінетін осалдығы тағы мына жағдаймен де анықталады, еркектер мен әйелдердің өмір сүру ұзақтығындағы елеулі айырмашылыққа байланысты әйелдердің көпшілігі қартайған шақта жалғыз қалады. Бізге белгілісі, туылған кездегі болжалды өмір сүру ұзақтығы 2004 жылы әйелдерге 72,5 жас болды, ол еркектер осындай көрсеткішінен 11 жас ұзақ. Өмір сүру ұзақтығындағы осы алшақтық 1990 жылғы 9,5 жастан осы кезең аралығында 1,5 жасқа ұлғайды, бұл еркектер мен әйелдер өлім-жітіміндегі күрделі гендерлік проблемалар туралы айғақтайды.
Диаграмма 7. Жас бойынша жұмыссыздық деңгейі, 2002ж
Экономикалық ресурстарды үйлесімсіз бөлу және оларға қол жеткізудегі еркектер мен әйелдердің әркелкі, бірдей емес мүмкіндігі республика үшін әлі де өзекті проблема күйінде қалып отыр. Қоғамдық өндіріс саласындағы жұмыспен қамту проблемасы, әйелдер үшін баламалы еңбекақы төлеу, еркектер мен әйелдердің зейнетақылық қор жинауына қатысты гендерлік айырмашылықтарды азайту үшін жағдайлар жасау, сондай-ақ жалпы егде жастағы адамдарға экономикалық және әлеуметтік қолдау көрсету – елдің экономикалық және әлеуметтік даму саласына қатысты мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу кезінде шешімін табуы қажет міндеттер.
Республикадағы гендерлік тең құқықтылыққа қол жеткізу саласындағы мемлекет қызметі гендерлік саясаттың негізгі төрт басымдығын іске асыруға бағытталған:
Елімізде Қазақстан Президентінің жанынан отбасы мен әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссия құрылды және ол содан бері жұмыс істеп келді, осы комиссия әйелдердің жағдайларын жақсарту жөніндегі Ұлттық жоспарды орындауға қатысты жұмыстарды үйлестіреді. Осы құжатқа сәйкес әйелдердің елдегі қоғамдық-саяси өмірге қатысуын жандандыру, сондай-ақ отбасылардың, әйелдер мен балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласында жұмыс істейтін әйелдердің қоғамдық бірлестіктерін көбірек тарту, әйел кәсіпкерлігіне қолдау көрсету жоспарланды [43]
2.2 Экономикалық өсудің кедейліктің деңгейіне ықпалы
Динамикалық және орнықты
Өтпелі кезеңнің басындағы экономикалық терең дағдарыс бес жылға созылды. Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 0,5%-ға өсуі алғаш рет тек 1996 жылы ғана тіркелді. Ал 1999 жылдан бері республикада елеулі экономикалық өрлеу байқалады, осы өрлеу инфляцияның өсу қарқындарын бәсеңдетті (2.2.1. кесте). Былайғы тең жағдайлар кезінде осы ахуал халықтың жұмыспен қамтылуы (әсіресе ең жоғары деңгейде өрлеген салаларда) мен табыстарының өсуі, табыстардың сатып алу қабілетінің артуы және елдегі кедейшілік деңгейінің төмендеуі үшін қолайлы макроэкономикалық орта жасады. Расында да, 1998 жылдан 2002 жылдарға дейінгі аралықта Қазақстандағы кедейшілік деңгейі 39-дан 24%-ға дейін кеміді. Діттелген үрдістің орнықты болуы үшін, ЖІӨ одан әрі нақты дамуы және оның құрылымында, мекен-тұрағына, жынысы мен жасына қатыссыз елдегі бүкіл халықтың тұрмыс деңгейін көтеру үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін өзгерістер жасау қажет.
Кесте 32. Қазақстанның негізгі экономикалық көрсеткіштері, 1998-2002жж
Көрсеткіштер |
1998 |
1999 |
2000 |
2001 |
2002 |
Өткен жылмен % бойынша салыстырғанда ЖІӨ физикалық көлемнің индексі |
98,1 |
102,7 |
109,8 |
113,5 |
109,8 |
ЖІӨ: | |||||
Млрд теңгемен |
1733,3 |
2016,5 |
2599,9 |
3250,6 |
3776,3 |
Ресми бағам бойынша млрд АҚШ доллары |
22,1 |
16,8 |
18,3 |
22,2 |
24,6 |
Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ | |||||
Млрд теңгемен |
115,0 |
135,1,8 |
174,8 |
219,2 |
254,2 |
Ресми бағам бойынша млрд АҚШ доллары |
1468,8 |
1129,1 |
1229,2 |
1491,4 |
1645 |
Тұтыну бағаларының индексі, %-бен, өткен жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда биылғы жылдың желтоқсанында |
101,9 |
117,8 |
109,8 |
106,4 |
105,9 |
Кестеде көрсетілгендей, соңғы жылдардағы экономикалық өрлеу үй шаруашылықтарындағы шығыс көлемінің түпкі тұтынуға физикалық өсуімен және жалпы жинақтауға жұмсалатын шығыстардың өсуімен қатар жүрді. Бұл ретте жалпы жинақтауға пайдаланылатын шығыстардың өсу қарқындары үй шарушылықтарының түпкі тұтынуға жұмсайтын шығыстарының өсу қарқындарынан анағұрлым жоғары болды. Жалпы жинақтаудың өзінің және ең алдымен, негізгі капиталдың өсуін оң құбылыс ретінде бағалауға болады, соның нәтижесінде әлеуетті экономикалық өсуге арналған өндірістік база ұлғаяды және кемелдене түседі. Дамушы экономикада, жинақтаудың басымдығы, қағида ретінде, әбден орынды. Алайда, үй шаруашылықтарының түпкі тұтынуын қарқындарына қарай ғана емес, сонымен бірге өсу көлемдерінің абсолютті құндары бойынша да біршама озып кететін жалпы жинақтаудың өте жоғары, секірмелі өсуі назар аудартады. Экономикалық өсудің жалпы динамикасы оның құрылымдық параметрлеріне сәйкестенуі тиіс екендігінен, халықтың ағымдағы тұтынуының төмен деңгейі жағдайларында (Қазақстанда үй шаруашылықтарының түпкі тұтынуға жұмсайтын шығыстары салыстырмалы бағаларда 2001 жылы 1990 жылғы деңгейдің 56% құрады), адамдардың онсыз да біршама төмен табыстары, ең алдымен жалақыны қосқанда, өндірістік салаға жасалатын инвестицияларды қаржыландыруды әлеуметтік саланың дамуы есебінен аз дәрежеде жүзеге асыру маңызды. Болашақта экономикадағы жинақтаудың осындай жоғары өсу қарқындары кезінде ЖІӨ ықтимал қайта бөлу ауқымдарын сараптау және талдап шығу қажет, олардың экономикалық және әлеуметтік негізділігін де ескеру керек.
Кесте 33. Қазақстанда ЖІӨ пайдалану құрылымы
1998 |
1999 |
2000 |
2001 |
2002 | |
ЖІӨ, % |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
Нақты түпкі тұтыну, % |
84,1 |
84,0 |
74,4 |
73,1 |
67,0 |
Соның ішінде: Үй шаруашылықтарының тұтынуы, % |
79,1 |
79,0 |
67,2 |
63,1 |
60,9 |
Мемлекеттік басқару органдарының тұтынуы, % |
5,0 |
5,0 |
6,3 |
8,0 |
6,1 |
Жалпы қорлану, % барлығы |
15,8 |
17,8 |
18,1 |
26,8 |
27,3 |
Таза экспорт, % |
-4,6 |
2,3 |
7,8 |
-3,0 |
0,9 |
Статистикалық алшақтық, % |
4,7 |
-4,1 |
-0,3 |
3,1 |
1,9 |
Өткен жылғымен % арқылы салыстырғанда, үй шаруашылықтарының салыстырмалы бағаларла түпкі тұтынуға жұмсаған шығыстары |
99,5 |
100,1 |
101,0 |
107,3 |
111,2 |
Қазақстандағы экономикалық
Кесте 34. ҚР мемлекеттік бюджетінің кірістері мен шығыстары, 1998-2002жж
1998 |
1999 |
2000 |
2001 |
2002 | |
Мемлекеттік бюджеттің кірістері, ЖІӨ, % |
17,9 |
19,8 |
23,0 |
22,7 |
21,9 |
Мемлекеттік бюджеттің кірістері, млрд теңге |
309,5 |
398,6 |
598,7 |
746,6 |
821,2 |
Мемлекеттік бюджеттің шығыстары, ЖІӨ, % |
21,8 |
23,2 |
23,2 |
23,1 |
22,3 |
Мемлекеттік бюджеттің шығыстары, млрд. теңге |
377,4 |
468,4 |
602,0 |
759,6 |
834,2 |
Тапшылық Дефицит (-), профицит (+), млрд. теңге |
-67,8 |
-69,8 |
-3,3 |
-13,0 |
-13,0 |
Кесте 35. ҚР мемлекеттік бюджетінің әлеуметтік шығыстары, 1998-2002жж
1998 |
1999 |
2000 |
2001 |
2002 | |
Мемлекеттік бюджеттің шығыстары, ЖІӨ % |
21,8 |
23,2 |
23,2 |
23,1 |
22,3 |
Соның ішінде білімге жұмсалғаны, млрд.теңге ЖІӨ % |
69,5 4,0 |
78,5 3,9 |
84,7 3,3 |
106,4 3,3 |
121,1 3,2 |
Денсаулық сақтауға бөлінгені, млрд.теңге ЖІӨ % |
26,0 1,5 |
44,8 2,2 |
54,3 2,1 |
62,3 1,9 |
71,1 1,9 |
әлеуметтік шығыстарға жұмсалғаны, млрд.теңге ЖІӨ % |
53,6 3,1 |
159,1 7,9 |
171,1 6,6 |
186,7 5,7 |
201,4 5,4 |
Еңбек нарығының ахуалы мен кедейшілік. Жаңа жұмыс орындарын ашу және бұрынғыларын жаңғырту ел экономикасының жалпы ахуалын жақсартумен тікелей байланысты. Мемлекет жүргізіп жатқан макроэкономикалық саясат бәсеке қабілеті төмендеу салаларда, нашарлау дамыған аймақтар мен халықтың ең осал топтары үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға жұмыс берушілерді ынталандыру арқылы халықты жұмыспен қамтуды өсіруге ықпал жасайды. Ол сондай-ақ жұмыс орындарының сапалық сипаттамаларын нашарлататын келеңсіз үрдістерді де қолға алады. Жалпы экономикалық шаралар тоқтап тұрған кәсіпорындарды қалпына келтіруге, өндірістерді қайта жарақтау мен осы заманғы технологияларды ендіруге ынталандырып, ресми емес жұмыспен қамтылу көлемдерінің қысқаруына сеп болады.
Бұрын айтылғандай,