Кедейшілік

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 19:57, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінгі күні кедейшілік қандай мемлекеттік болмасын өзекті мәселесіне айналып отырғаны баршамызға айдай анық. Кедейшілік ол басқару органдарының назарын аударуды қажет ететін ең маңызды мәселелердің бірі. Қазақстандағы кедейшілік әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени-психологиялық және табиғи себептерге негізделген. Кедейлік – адам мен отбасының өмір сүруінің барлық қырларын қамтитын әлеуметтік құбылыс. Бұл күрделі мәселе бүгінде тек адамның өмір сүру деңгейінің көрсеткіші ретінде ғана емес, жалпы қоғамның тіршілік тұрмысын анықтайды, яғни халықтың

Оглавление

Кіріспе
1 Бөлім. Кедейлік әлеуметтік проблема ретінде
1.1 Кедейлік түсінігі және оны зерттеу бағыттары
1.2 Кедейлік және оның өлшемі
1.3 Кедейлік және адам дамуы
1.4 Қазақстанда кедейліктің пайда болу себептері мен алғышарттары

2 Бөлім. Қазақстандағы кедейліктің осы заманғы жағдайы
2.1 Кедейлік пен теңсіздік
2.2 Экономикалық өсудің кедейліктің деңгейіне ықпалы
2.3 Қазақстандағы кедейліктің аймақтық айырмашылықтары
2.4 Кедейлік проблемаларын шешу жолдары

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

econ_73.doc

— 1.22 Мб (Скачать)

Әлемнің көптеген елдері сияқты, Қазақстанда БҰҰ мыңжылдық Декларациясына қол қойды және сол арқылы мыңжылдық табалдырығындағы даму саласындағы БҰҰ Мақсаттарын орындауға міндеттеме алды. Қазіргі кезде Қазақстан мыңжылдық дамуының жеті Мақсаттарының екеуіне қол жеткізді, олар: жалпыға бірдей бастауы білім беру және ұл балалар мен қыздар үшін білім алудың бірдей мүмкіндігін қамтамасыз ету. Тағы да екі мақсат – күнкөріс минимумынан төмен табыстардағы халықтың үлесін сан жағынан азайту мен қауіпсіз ауыз суға мүмкіндіктері жоқ бұқара халықтың үлесін кеміту, шамасы, 2015 жылға қарай орындалса керек. Сонымен бірге өзге Мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстанға көп жұмыстар жүргізуге тура келеді, ол Мақсаттар: аналар өлімін төрттен үш ширекке, 5 жасқа дейінгі балалар өлімін үштен екіге азайту, АИВ/ЖИТС эпидемиясын тоқтату және экологиялық орнықтылықты қамтамасыз ету Мақсаттары. Осы есеп «Мыңжылдық табалдырығында Қазақстандағы даму саласындағы БҰҰ Мақсаттары» 2002 жылғы есебіне қолдау көрсету үшін даярланды, мыңжылдық дамуының бірінші Мақсаты – кедейшілік деңгейін азайтуды анағұрлым терең талдауға, сондай-ақ бірқатар өзге Мақсаттар мен міндеттерді талқылауға ұмтылыс жасады.

Қазақстандағы кедейшілік те, ТМД өзге елдеріндегі сияқты өтпелі кезеңнің қиындықтарымен сабақтасады, олар: экономикалық құлдырау, еңбек нарығындағы қолайсыз жағдайлар, сондай-ақ тәуелсіздікті бастапқы кезеңіндегі бірқатар геосаясаттық және экономикалық проблемалар, саяси және экономикалық қайта құрымдау бойынша туындаған, ұлттық байлықты бөлу кезіндегі теңсіздіктер. Әлеуметтік қорғау жүйесі кедейшіліктің өсуіне қарсы тұруға дәрменсіз болды. Өзге проблемалардың қатарында денсаулық сақтау және білім салаларындағы көрсетілетін қызметтердің сапасының нашарлауы, демографиялық және көші-қон факторлары, сондай-ақ гендерлік, аймақтық және экологиялық проблемалар. Есепте осы факторлар кедейшілік себептерін анағұрлым жан-жақты талдау және республикадағы осы проблеманы шешудің ықтимал жолдарын анықтау үшін қаралды.

 Елдегі кедейліктің деңгейін одан әрі төмендету үшін тұрақты экономикалық өсуге жету керек және халықты жұмыспен қамту мақсатында экономиканың тек мұнайгаз сияқты салаларын ғана емес,  жалпы экономиканың барлық өндіріс салаларын дамыту керек. Зерттеу жұмысының нәтижесі көрсеткен халықтың пікірі де осы негізді дәлелдейді.

Аграрлық аймақтардағы халықтың пікірі, елдің материалдық  жағдайына көбірек көңіл бөлу керектігін көрсетеді. Қазіргі кездегі ауылшаруашылық техникалары нарықтық экономикаға сай келмейді. Соған сәйкес, халық ауылшаруышылығын жаңа техникамен қамтамасыздандыруын және олармен жұмыс істеу әдістерін қайта үйрету керектігін мұқтаж етіп отыр.

Кедейшілік бүгінгі  күні қоғамның жазылмас ауруы десек  қателеспеспіз. Ол тек қоғамда орын алып қана қоймай, қоғам мүшелерінің өмірлеріне зардабын тигізеді, кейбір адам өмірін қиып та жатқаны аз емес. Ондай адамдар қоғамнан алшақтатылып қана қоймай, өз өмірлерінен де айырылып қалған жандар. Әрбір аймақтың экономикалық жағдайына байланысты кедейлік деңгейі де соған сай келеді. Елдің аграрлық, өндірістік, техникалық аймақтарының кедейлік деңгейлері бір-бірінен ерекшеленеді. Және де ол аймақтық деңгейдегі тұтыну себетінің минимумына және өмір сүру минимумына байланысты болады.

Жалпы қорыта айтқанда, елде халықтың жартысы осы кедейшіліктің  зардабын шегуде. Ол адамдар қиын әлеуметтік депрессиялық жағдайды бастыран кешіруде, олар өмір сүрмейді, олар өмір сүруге тырысады. Елдегі кедейшіліктің қандай түрі болмасын оларды қысқарту мүмкін бірақ, түбімен жою мүмкін емес. Мемлекетте кедейшілікпен күресу және халықтың өмір сүру деңгейін көтеруде қазіргі қолданыстағы жүрген стратегиялық бағдарламалардың нәтижелерін түйіндей келгенде, мынандай негізгі ұлттық мақсаттарды бөліп атауға болады: біріншіден, халықты жұмыспен қамту саласында белсенді саясат жүргізу және өндірістік сектор мен қызмет көрсетулер саласында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту. Екіншіден, әлемдік білім беру кеңістігіне интеграцияланған және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды қамтамасыз ететін білім жүйесінің ұлттық үлгісін жасау. Үшіншіден, ауылды аймақтарды дамыту керек.

Осы мақсаттарға сәйкес елдегі аймақтақ кедейліктің мәселесін  шешуге негізделген бірнеше ұсыныстар  туады. Жалпы соларды айта кетсек, мемлекеттің ең бірінші міндеті  аймақтардағы тұрғындардың хал-ахуалымен  толық таныс болу, себебі тұрғындардың шынайы әлеуметтік өмірі олар ойлағаннан екі есе нашар. Мемлекеттік саясат медициналық қызмет көрсетудің сапасына және оған қол жеткізуді көтеруге бағытталуы керек, әсіресе қаладан алшақ орналасқан ауылдық аймақтарда. Еңбекке жарамсыз табысы аз адамдарға атаулы көмекті толық қамтамасыз ететін және экономикалық жағдайларын жақсартатын халықты әлеуметтік қорғау жүйесін мықтылап жетілдіру керек. Ол деп отрғанымыз, әлеуметтік жағдайы нашар топтардың көбі ол көмектерден құр алақан қалып қояды. Бұған себеп менің пікірімше осы жұмыспен айналысатын басшылардың дұрыс қызмет етпеуі болу керек.

Сонымен қатар мемлекеттік  саясат еңбектің қарым-қатынастағы  гендерлік теңсіздікті жоюға  бағытталуы керек. Бұл да бір қоғамдағы  кедейлікке әсер ететін мәселелердің бірі. Қазақстандағы кедейліктің аймақтық деңгейдегі ерекшеліктері елдегі кедейлік мәселесімен күресуде белгілі бір орын алады. Аймақтық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау, жергілікті бастамаларды дамыу сияқты және өз-өзіне көмек беретін топтар құру да кедейшіліктің аймақтық деңгейдегі дәрежесінің төмендуіне және қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін арттыруға өз үлесін қосады.

Жалпы мемлекеттік саясат осы бағытқа көптеген күш жұмсауда және олар айтарлықтай халықтың өмір сүру деңгейінің көтерілуіне өз септігін тигізіп жатыр. Бірақ та осы кедейшілікті елден түбімен жою мүмкін емес, оның деңгейінің қысқарту мүмкін.

              

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Программа по снижению бедности в Республике Казахстан на 2003-2005 годы. Алматы, 2003г
  2. Словарь гендерных терминов под.ред. В.И. Калабихиной (интернет версия)
  3. Ю.К.Шокаманов. Адамдық даму тенденциясы. Алматы, 2001, 156б
  4. К.С. Мухтарова Распределение доходов и бедность в переходной экономике. – Алматы, 2000
  5. М.С.Аженов, М.С. Садырова. Кедейлік социологиясы. Оқу құралы. Алматы, 2004
  6. Қазақстандағы кедейшіліктің себептері мен оларды шешу жолдары. БҰҰ 2006ж, 33б
  7. Қазақстан Республикасының кедейшілік мониторингінің индикаторлары. Қазақстан Рсепубликасының статистика жөніндегі агенттігі 80-81б
  8. Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына сәйкес халықты әлеуметтік қолдауды одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі Республикалық семинар-кеңес өткізу туралы БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ Астана қ. 2006 жылғы 30 наурыз
  9. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Егеменді Қазақстан, 1 наурыз, 2007ж
  10. ҚР кедейшілік мониторингінің индикаторлары. ҚР Статистика жөніндегі Агенттігі, 2003, 50б
  11. ХЕҰ/БҰҰДБ «Лайықты еңбек: Қазақстандағы әлеуметтік салаға қолданылатын интеграцияланған тәсіл» бірлескен жобасының қорытынды есебі. Астана, 2003
  12. В.Н.Бобков. Тұтыну бюджеттерінің жүйесі және оны әлеуметтік саясатта пайдалану мүмкіндіктері. Ресей аймақтары халқының тұрмыс деңгейі / ВЦУЖ, 2000 № 7-8
  13. «Күнкөріс минимумы туралы» Заң 1999 жылы 16 қарашада қабылданып, 2000жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді
  14. Әлеуметтік саясат, тұрмыстың деңгейі мен сапасы. Сөздік. Бобков В.Н., Починок А.П. жалпы редакциясымен. М:,2001
  15. Қазақстан Республикасындағы кедейшілік мониторингінің индикаторлары. Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігі, 2006
  16. Әлеуметтік мониторинг 2006, MONEE жобасы, ЮНИСЕФ, 2005
  17. ҚР статистика жөніндегі Агенттігі есептеді
  18. В.С.Автономов, Т.П.Субботина. Мир и Россия. Спб, Экономическая школа,1999, С 13
  19. Халықтың тұрмыс деңгейін сараптауға арналған әлеуметтік индикаторлардың Үлгілік жиынтығын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар. ТМД елдерінің статистикасы, ТМД Статистика комитеті, 2003, №6
  20. Кедейшілікті өлшеу жөніндегі Халықаралық семинар. ТМД елдерінің статистикасы, ТМД Статистика комитеті, 1999, №20
  21. Мыңжылдық табалдырығында БҰҰ Қазақстан даму саласындағы Мақсаттары, 2002
  22. Барлығының жән әркімнің игілігіне қарай реформаларды бұру / Еуропа және Орталық Азия елдеріндегі кедейшілік пен теңсіздік. – Дүниежүзілік банк, 2001. – 495б
  23. Мамыров Н.К., Акчура Ф. Қазақстандағы адам дамуы. Алматы, 2004. 102 б
  24. Индикаторы мониторинга бедности в РК. ҚР статистика жөніндегі агенттігі / БҰҰДБ. Алматы, 2003ж
  25. ҚР Статистика агенттігі 2004 жылы жүргізген үй шаруашылығын зерттеу деректері бойынша
  26. Сенаторлар министрлермен кездестi /Cоб. Инф./ Егемен Казакстан. Астана, № 66 (24643), 14.03.2007 г
  27. Адам дамуы: әлеуметтік-экономикалық прогрестің жаңа өлшемі. Мәскеу, 2000
  28. Ю.Шокаманов. Қазақстандағы адам дамуы: өлшеу әдіснамасы мен талдау. Алматы, 2003
  29. «Қазақстандағы лайықты еңбек: Қазақстандағы әлеуметтік салаға қолданылатын интеграцияланған тәсіл» ХЕҰ/БҰҰДБ ортақ жобасының қорытынды есебі, 2003
  30. Мыңжылдық табалдырығындағы БҰҰ Қазақстандағы даму мақсаттары, 2002
  31. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі «Кедейшілік шегін белгілеу тәртібі туралы» №537 Қаулысы
  32. Қазақстан халқының тұрмыс деңгейі. ҚР статистика жөніндегі Агенттігі, 2003
  33. Еңбек нарығының индикаторлары, 2004
  34. Халықтың тұрмыс деңгейі және ҚР-ғы кедейлік. Статистикалық мониторинг. Алматы, 2005
  35. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Егеменді Қазақстан, 1 наурыз, 2007ж
  36. Кедейшілікті азайту жөніндегі конференция материалдары, 2002 жылғы 25-26 сәуір. ҚР экономика және сауда Министрлігі, 2002, 49-83б
  37. Ю.К.Шокаманов. Қазақстандағы адам дамуының үрдістері. Алматы, 2001, 172-214б
  38. Кедейшілікті азайту жөніндегі конференция материалдары, 2002 жылғы 25-26 сәуір. ҚР экономика және сауда Министрлігі, 2002, 49-83б
  39. Қазақстанда халықтың тұрмыс деңгейі. ҚР статистика жөніндегі Агенттігі, 2003, 125-138б
  40. ҚР білім. ҚР статистика жөніндегі Агенттігі, 2002, 23-26б
  41. ҚР-ғы еңбек нарығы: 1991-2002 жылдар. ҚР статистика жөніндегі Агенттігі, 2003, 153б
  42. Қазақстандағы әйелдер мен еркектер. Қысқаша статистикалық жинақ, Алматы, 2005
  43. Адам дамуы туралы есеп. Алматы, 2005, 39б
  44. Қазақстандағы ауылдық аудандар: типологияның жаңа аспекттері. Қазақстан БҰҰДБ, 2002
  45. Қазақстандағы халықтың тұрмыс деңгейі. ҚР статистика жөніндегі Агенттігі, 2003
  46. Шағын қалаларды зерттеу. Азия даму банкінің зерттеуі, 2001
  47. Қазақстандағы кедейшіліктің себептері мен оларды шешу жолдары. Алматы, 2004
  48. Шевченко В.В. Экономика переходного типа. Смашанное общество: мировой опыт и Казахстан. 1998 с 117
  49. Аженов М.С. Бедность как социальное явление. Социальная стратификация и социальные процессы в Средней Азии// материалы международной научной конференции. – Алматы, 2003
  50. Әженов М.С., Садырова М.С. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Алматы, 2002.



Информация о работе Кедейшілік