Экономикалық теория және саяси экономия ғылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2012 в 08:47, курсовая работа

Краткое описание

Экономика мен экономикалық ілімдер тарихының негізгі теориялык негізі - экономикалық теория (саяси экономика) курсы. Өткен заманғы және қазіргі әлемге танымал атақты экономист ғалымдардың, теориялық мектептер мен экономикалық бағыттардың негізгі экономикалық концепцияларының талқыламаларын салыстыра отырып алған білімнің экономикалық теория курсын терең меңгеруге жол ашатыны сөзсіз.

Оглавление

КІРІСПЕ



1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ЖӘНЕ САЯСИ ЭКОНОМИЯ ҒЫЛЫМЫ

1.1 Экономикалық ілім тарихының дамуының жалпы сипаттамасы

1.2. Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы.................................................12

1.3 Экономикалық теория пәні және оның зерттеу әдістері...................



2. ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР МЕН ЗАҢДАР

2.1. Экономикалық – математикалық модель (үлгі) жасау...............................17

2.2 Экономикалық теорияның орны мен ролі, пәні және әдіс- тәсілдері

2.3 Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы Қазақстан……………….31



ҚОРЫТЫНДЫ



ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................33

Файлы: 1 файл

Экономикалық теория және саяси экономия ғылымы.doc

— 218.50 Кб (Скачать)

- бірінші ағым «неоклассикалық» деп аталып, ол өзіне қазіргі «монетаризім» және «неолиберализм» теориялармен жұптасады. Неоклассиктер – А. Смиттің тікелей ізбасарлары былай деп есептеді: егер рыноктық экономиканың субъектілеріне мүмкіндігінше экономикалық еркіндік берілсе өте жақсы қызымет атқарған болар еді;

- екінші ағым «капитализмді реттеу» теориясымен айқындалады. Оның негізін қалаушы ағылшын экономисі Дж. Кейнс (1883-1946 ж.ж.) болып табылады;

- үшінші ағым «институциолизм» теориясымен айқындалады. Оның негізін қалаушы американ ғалым- экономисі Торстейн Веблен (1857-1929 ж.ж.) болып табылады. Оның 1899 жылы «парықсыз топтың теориясы» атты еңбегі жарық көрді. Осы ағым үшін капиталистік қоғамның дамуы мен түрінің өзгеруіне арналған зерттеулер сипаты тән. Т. Вебленнің ізбасарларына «индустриалды қоғам» теориясын жасаған американ ғалым- экономисі Дж. Гэлбрейтті (1908 ж.) және «конвергенция» теориясын жасаған голланд ғалым-экономисі Ян Тинбергенді жатқызамыз. Американ ғалым-экономисі Пол Самуэльсонның (1915ж.) айтуынша, бұл теориияда «аралас экономиканың» түп-тұлғасы қарастырылады.

- төртінші ағым әлеуметтік бағытталған рыноктық шаруашылық теориясымен айқындалады. Осы теорияның негізін қалаушылар- неміс ғалымы, мемлекеттікқайраткер Людвиг Эрхард (1897-1977ж.ж.) және германияның ғалым-экономисі Вальтер Ойкен (1891-1950ж.ж.) болып табылады.

Сонымен «саясит экономика», әлде «жалпы экономикалық теория» ма? Экономикалық теория үш ғасыр бойы (17-19 ғғ.) саяси экономика ретінде дамыды. Экономикалық теория анықтамасында таптық көзқарастың басымдылығын дәлелдей отырып, К. Маркс оны кеңінен қолдануды ұсынды. Осы ұғымды алғаш рет француз-жазушысы әрі король Людвигтің сарай қызыметкері Антуан Монкретьен өзінің экономикалық ілімінің айналымына еңгізіп, ол «Саяаи экономия трактаты» атты кітабын 1615 жылы жазған болатын.

А. Маршал өзінің «Саяси экономия принцептері» (1890 ж.) жұмысында мынадай ойды қорытындылаған: Д. Рикардо мен К. Маркстың еңбектің құндық еңбек теориясы мен шекті пайдалылық теориясы («маржинализм») ары қарай бірдей дамымайды, сондықтан оларды синтездеуді жүзеге асырды. Шекті пайдалылық теориясы мен классикалық құнның еңбек теориясын біріктіру арқылы ғылыми құн теориясын құруға жол ашты. «Өндіріс шығындары, сұраным интенсивтілігі, өндіріс шектеулігі және өнім бағасы, -деп жазды А. Маршалл, - бірі-бірін өзара реттейд». Осы уақытқа дейін алайда бұл екі теорияның синтезделуі оқулық пен оқу құралында толық қолданылған жоқ. Бірақ Д. Рикардо менг К. Маркстың еңбектің құндық теориясы - қосымша құн өндірісі механизімін ашты. Онсыз бірде-бір қоғам дами да өсе де алмайды.

Шекті пайдалық теориясы орташа мөлшерден шекті шағын шамаға өту мүмкіндігін жасады және олардың сұраным мен ұсыным мөлшеріндегі, көлеміндегі, сондай-ақ шығындардағы өзгерістерге алып келді. Бұл талдау техникасы процесі үшін өте үлкен мәнге ие болды. Экономикалық теорияда математикалық тәсілді қолдануға жол ашылды.
Бүгіндері экономикалық теорияның мазмұны бұрынғы саяси экономия шеңберінен әлде қайда шығып кеткен – ол жалпы экономикалық теорияға және әртүрлі экономикалық мектептер мен бағыттардың экономикалық ойлар жетістігі жиынтығында трансформацияланды.

Қазіргі уақытта шет елде кең тараған «Экономикс» оқулығының аваторы Пол Самуэльсон экономикалық теорияның бірнеше анықтамасын келтіреді:

1. Экономикалық теория- деп жазады ол,- бұл қызымет түрлері туралы ғылым, айырбас және адамдар арасындағы ақшалай іс-әрекетке байланысты.

2. экономикалық теория адамдардың сирек немесе шектеулі өндіргіш ресурстарын (өндірістік мақсатқа бағытталған жер, еңбек, тауарлар; мысалы, машина мен техникалық білімдер) қолдану туралы және әртүрлі тауарларды өндіру мен тұтыну мақсатында оларды қоғам мүшелері арасында бөлу туралы ғылым.

3. Экономикалық теория адамдардың өмірлік қызметінің күнделікті іскерлігін және өздеріне өмір сүру мүмкіндігін таба отырып және осы жолды қолдану туралы ғылым.

4. Экономикалық теория адамзаттың тұтыну мен өндіру саласындағы өзінің міндеттерімен қалай айналысатыны туралы ғылым.

5. Экономикалық теория байлық туралы ғылым.
Жалпы экономикалық теория ғылымы танып-білудің әртүрлі әдістерін қолданады. Кез-келген ғылыми зерттеудің методологиялық негізі-диалектикалық танып білу әдіс болып табылады. Бұл әдістің ғылыми мәні мынада: барлық экономикалық құбылыстар мен процестерді олардың даму тұрғысынан – жай түрінен күрделісіне, төменгі сатыдан жоғарғысына қарай қарастырылады. Осы процестерді қарастыру кезінде танып-білудің көптеген тәсілдерін қолданады. Танып білудің диалектикалық әдісі барлық ғылымда қолданылатын жалпы тәсіл болып табылады. Диалектиканың жалпы заңын қолдана отырып, жалпы экономикалық теория өзіне тән ғылым ретінде сипаттайтын арнайы зерттеу әдістерінде қолданылады.

Әлемде сан алуан халықтар еңбек етіп, қоғамдық өндіріс, өзара байланыс, айырбас жүргізіп, түрліше табиғи жағдайда өмір сүріп келеді. Адам еміріндегі ең қажетті шарт — аш-жалаңаш, баспанасыз болмауы үшін еңбек ету, еңбек нәтижесін тұтыну, өзара айырбас қатынастарының болуы. Адам жападан-жалғыз күн көре алмақ емес. Алғашқы қауымда адамдардыи табиғи ортада хайуанаттардан белініп шығуының өзі бірлескен еңбекке байланысты. Тарихтағы тұңғыш экономикалық ой-пікір алғашқы адамдардың бірлесіп тағы аңдарды аулауы деуге болады. Экономикалық қатынас өмір қажеттілігінен туады. Ежелгі дүниедегі экономикалық кейбір құбылыстар мен процестер Египет, Қытай, Үндістан, Греция, (Ксенсфэнт, Платон, Аристотель т. б.) ойшылдарының еңбектерінде қарастырылды. Мәселен, Аристотель тауар құны деген ұғымға тоқталып, оның айырбас қатынасьгаан шығатынын байқаған. Бірақ ерте дүниеде, орта ғасырларда экономикалық ой-пікір ғылым болып қалыптаспады. Оның себебі ол заманда тауар-ақша, рынок, сауда дамымады, шаруашылық негізінен тұйық натуралды — заттай жүргізілді.

Экономикалық ой-пікірлердің ғылыми тұжырымдалып қалыптасуы сауда, өнеркәсіп капиталының дами бастауына байланысты болды. Бұл кезең негізінен Еуропада XVI— XVIIғасырларды камтиды. Ал Ресейде тауар-ақша қаты-настары 1861 жылғы реформадан сон дамыды. Қазақстани елінде XIXғасырдың соңы, XXғасырдың басында сауда капиталы, тауар-ақша айналымы, халықаралық рынок, еңбек бөлінісіне қамту процесі бірте-бірте жанданған. Еліміздің Солтүстік, Батыс аймақтары Ресеймен тауар айналысына басым қатынаста болса, Оңтүстік Шығыс, Орталық аудандарға Орта Азия, Қытай т. б. елдердің саудагерлері жиі келе бастады. Тарихтагы белгілі "Жібек жолы" осының айғағы.  Тауар-ақша қатыңасының экономикада   үстемдік   етуін   белгілі   ақын   Шортанбай   төмендегіше суреттеген еді:

Мініп көрер күші жоқ,

Сауып ішер сүті жоқ,

Ақша деген мал шықты.

Бұдан, ақынның натуралдық тұйық шаруашылықты көксеуімен бірге, тауар-ақша қатынасының алғашқы қадамдарын бейнелегенін байқаймыз.

Алғаш рет өз алдына қалыптасқан ой-пікірдің белгілі бағыты — меркантелистер мектебі. Ол (мерканте — итальян  сөзі   сауда,   пайда   табу)   қоғамдық  байлықтың   негізі ақша, алтын деп біледі. Меркантелистердің талабы тауарды шет елдерге мүмкіндігінше көп сату, олардан мейлінше аз   сатып   алу,   сөйтіп   ақша   қорын   молайту   жолдарын іздеуі. Демек, меркантелистер сауда капиталының мүддесін қорғаған.   Меркантелистер   рынок   экономикасы   теориясы мен практикасыиың негізін қалаушылар қатарына жатады. Олар  ақша   неғұрлым   кеп  болса,   қоғамнын   байлығы  да мол болады деген ұғымды басшылыққа алды. Әрине, сауда капиталы тұрғысынан бұл ұғым дұрыс та  шығар. Себебі саудагерлер, көпестер ақшасы көбейген сайын, мал-мүлкі көп байлардын қатарына қосылып,  қоғамға қажет тауарларды тасымалдау,  сату ісі жанданады.  Сауда капиталының қызметі айырбас,  айналыс процесін үздіксіз жүргізу арқылы экономиканы ілгері бастыруға көмектеседі. Бірақ сауда капиталы қоғам байлыгын, адамдардың әл-ауқатын көтеретін күш емес. Бұың себебі айналыс, айырбас саласында тек қана құн формасы ауысып тұрады, екінші сөзбен айтқанда,   тауар,   онын   құны   бір   қолдан   екінші   колға өткенде ешбір жаңа тауар, жаңа құн жасалмайды. Йбмек меркантелистер теориясы ғылыми дәлелденбеген, ол халық шаруашылыгын толыққамтитын ілім болған жоқ. Меркантелистердің   осы   осалдығын   физиократтар   байқады   да қоғамдық байлық, саудада емес, өндірісте екенін дәлелдеді. Бірақ   физиократтар   Ф.   Кенэ,   А.   Тюрго   т.   б.   өндіріс қатарыка  тек  ауыл  шаруашылыгын  жатқызды.   Олардың гіікірінше, қоғам байлығының бірден бір кезі ауыл шаруашылығы өнімдері,  сондықтан өсімтал тап  қатарына тек қана шаруалар жатады деген ұғымды дәріптеп,  Ф.  Кенэ тұнғыш рет ұдайы өндіріс теориясына қатысты "Экономикалық   кесте"    жасады.    Бұл   кестеде   бір   жыл   ішінде өндірілген   ауыл   шаруашылық   өнімдерінің   ұдайы  өндіріс процесі зерттелінді.

Ф. Кенэнін "Экономикалық кестесі" қоғамдық өндірістіңұдайы даму процесін зерттеуге арналған, өз заманындағы даналықпен болжалған ғылыми тұжырымдамалар қатарына жатады. Физиократтардың өндіріске кәңіл аударуы экономикалық ой-пікірдегі күрделі жаңалық, алга басу. Бірақ олардың өндірісті тек қана ауыл шаруашылығымен шектеуі халық шаруашылыгының басқа салаларын өнімсіз деп есептеуі дұрыс болмады .Оны буржауазиялық саяси экономиканың көрнекті өкілдері У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо, С. Сисмонди еңбектері айқын көрсетті. Қоғам байлыгы жалпы өндіріс салаларында пайда болатындығы дәлелденді. Ауыл шаруашылыгымен қатар өнеркәсіптің материалдық игіліктерді өндіру, өңдеу процестерін жалғастыратын байлакыс, халыққа Хызмет көрсету салаларында да жаңа құн өндіріліп, қоғамдық байлық молаяды деген кағида берік қалыптасты.

 

 

1.3. Экономикалық теория пәні және оның зерттеу әдістері

Классикалық саяси экономия жаңа дамып келе жатқан капиталистік өндірістік қатьшастарды дәріптеуші, өндіріс капиталының мүддесін қорғайтын экономикалық ой-пікірдің прогрессивті сатысы болды. Классикалық буржуазиялық саяси экономиянмң басты табысы еңбек құн теориясының негізін қалады.

Осы ой-пікірдін қалыптасуы сауда және карыз-өсімқорлық капиталына қарсы еіщірістік капиталдың қоғамдагы ерекше рөлін атап көрсеткен ғылыми қағида болғаны белгілі. Еңбек құн теориясын маркстік саяси экономия ілгері дамытып, қосымша құн туралы ілімді жан-жақты талдады. Маркстік экономикалық теория XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасып, XX ғасырдың алғашқы ширегінде В. И. Лениннің еңбектерінде дамыды. Маркстік саяси экономия — еңбекшілердің, жұмысшы табынмң мүддесін қорғайтын теория. Сондықтан да оған қарама-карсы буржуазиялық тұрпайы (вульгарлық) саяси экономия пайда болды. Марксшілер капиталистік қоғамды дәріптеуші барлық экономикалық теорияларға сьш козбен қарады. Оның себебі капиталистік экономикалық қатынастарда негізінен екі тап: біріншісі, үстемдік жасайтын буржуазия болса, екіншісі, пролетариат — қаналушы тап емір сүреді. Ояардың арасында антогонистік бітіспес қайшылық бар. Маркстік теория бойынша, пролетариат барлық еңбекші қауымды капиталистік қанаудан азат етіп, қоғамдасқан социалистік өндіріс орнатуы қажет. Тарихта 70 жылдан астам кеңес елінде, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропа, Азияның бірсыпыра мемлекеттерінде, Кубада     социалистік     революция     басталып,     социализмнің көбінесе кеңестік моделі (үлгісі) жүзеге асырылды. Сонымен бірге XX гасырдың екінші жартысынан бастап капиталистік дүниеде де елеулі өзгерістер болды. Бір топ дамыған елдер (АҚШ, Жапония, ФРГ, Англия, Канада, Италия), соңғы жылдары Оңтүстік Корея, Сингапур, Гон-конг сияқты елдер қазіргі замангы ғылыми-техникалық революцияға бейімделіп, әлемдік озық тәжірибені дұрыс пайдалану нәтижесінде қоғамдық өндірістің тиімділігін айтарлықтай арттырып келеді. Бұл елдерде еңбек жағдайын жақсарту, жұмысшылардың тұрмыс дәрежесін көтеру, олардың кәсіпорындарды басқаруға, демократияны дамытуға қатысуы сияқты жаңалықтар Ресейдегі Қазан теңкерісінің әсерінен деуге болады. Себебі социалистік қоғамның міндеті, оның ұсынған ұрандары капиталистік елдерге әсерін тигізбей қойған жоқ. Капиталистер дүниедегі өзгерістерді ескеріп, жұмысшыларға қолайлы жағдай туғызу жолдарын іздеді. Әриие, еңбекакының өсуі, тұрғын үй, әлеуметтік қорғау мәселелерін шешу алдымен жұмысшы табының еңбек өнімділігіне, өндірісте жаңа техника, технологияны енгізуге байланысты екеиі айқын. Қазіргі ілгері дамыган елдерде еңбек өнімділігі дәрежесі, еңбектің интенсивтілігі ете жоғары екені белгілі. Мәселен, ФРГ-де бұрынғы ГДР-мен салыстырғаңда еңбек өнімділігі дәрежесі 2 есе жоғары болды. Сол сияқты Оңтүстік Корея, Жапония, Сингапурда жұмысшылар 10—12 сағат қажырлы еңбек ететіні құпия емес. Капиталистік дамыған елдердің артта қалган, бұрын отарлық тәуелділікте болған халықтардың еңбегін арзан пайдаланудан түсірген пайдасын айтпасқа болмайды. Ресейдегі 1917 жылғы Қазан төңкерісі экономикалық жағынан мешеу қалған елде жүзеге асырылды.

Қазақ халқының көшпелі тұрмыс салты, экономикалық укладтары жетілмеді, соның салдарынан дүниежүзілік мәдениет пен ғылымнан шектеліп қалды.Қазан теңкерісінің қазақ жеріне тарауына байланысты озат елдің пролетариатының кемегімен капитализмге соқпай, социализмге өту теориясы қолданылды. Ұрандарында бәрі де адам үшін, адамның игілігі үшін дегеи сөз жазылған социализмнің әкімшілдік жүйесі кеңес халқын дүниежүзілік ғылыми-техникалық прогрестен шетте қалдырып, үлкен дағдарысқа ұшыратты. Бұл өте өкінішті және қынжылтатын жағдай. Әңгіме ауыртпалық пен дағдарыс туралы сөзді қайталай беруде емес, керісінше, осы дағдарыстан тезірек шығу жолдарын анықтау, халықаралық еңбек бөлінісіне негұрлым  ұйымдасқандықпен өтуде болып отыр. Әр халықтың егемен ел болғысы келетіні табиғи талап деп карасақ, сонғы уақытта басқа республикалар тәрізді Қазақстанның ез алдмна мемлекет болып әлемдік кеңістіктен, Біріккен Ұлттар Ұйымынан орын алуы тарихи маңызы зор оқиға. Экономикалық тәуелсіздік болмайынша саяси тәуелсіздіктің де баянды болуы қиын.  Қоғамдық еңбек белінісінің артықшылықтарын неғұрлым тиімді пайдалану, өз экономикаынан құрылымын жетілдіру, сыртқы сауда, айырбас қатынастарының заңдылықтарын меңгеру қажет. Қазақта "сауда сақал сипағанша" деген мақал бар, сондықтан халықаралык сауда-саттықтың, дүниежүзілік рыноктың тәртібін мұқият зерт-теудін, бәсекелік күрестің ұтылмас жолын меңгерудің маңызы арта бермек. Ежелден саудага шорқақ қазақтың алдында рынок теориясы мен тәжірибесін жедел және жан-жақты игеру міндеті тұр. Қазіргі жоғары оқу орындарында барлық мамандыққа оқып жүрген студент жастардың экономикалык теория негіздерін үйрену арқылы практикалық мәселелерді тезірек дұрыс шешуіне болады. Республикамызда дарынды, шет тілдерді білетін жастар аз емес, олардың бір тобы АҚШ-та, Англияда, Францияда, Германия, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия сияқты елдерде бизнес, маркетинг, менеджмент, банк жүйесі, финанс-валюта, баска да қалыптасқан казіргі замангы рыноктық инфрақұрылымның заңдылықтарын үйренуде. Бұл прогрессивті бағыт одан әрі дами бермек.

Экономикалық ілім қоғамдық өндірісті, адамдар арасында әлеуметтік-экономикалық қатынастарды зерттейтіндіктен ол қоғамдағы барлық өмірге, күнделікті тұрмысқа, адамдардын еңбек ету жағдайына байланысты сан алуан мәселелерге көңіл аударуға тиіс. Ал қоғамдык қатынастардың негізі — өндірістік қатынастар. Оның құрамына жалпы алганда тікелей өндіріс, айырбас, бөлу, тұтыну  қатынастары  кіреді,  оларды  қайталап  үздіксіз өндіру  немесе ұдайы өндіріс қатынастарын дамытып, жетілдіру аса маңызды. Қазіргі кезеңде ерекше шешімін кутіп отырған мәселе 70 жылдан аса тарихи орын алған кеңестік экономикага саяси экономикалық талдау жасау, сол аркылы бұрынғы және қазіргі рыноктық бағыт ұстап отырған елдердегі әлеуметтік-экономикалық қатынастарды зерттеу.

Информация о работе Экономикалық теория және саяси экономия ғылымы