Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2012 в 08:47, курсовая работа
Экономика мен экономикалық ілімдер тарихының негізгі теориялык негізі - экономикалық теория (саяси экономика) курсы. Өткен заманғы және қазіргі әлемге танымал атақты экономист ғалымдардың, теориялық мектептер мен экономикалық бағыттардың негізгі экономикалық концепцияларының талқыламаларын салыстыра отырып алған білімнің экономикалық теория курсын терең меңгеруге жол ашатыны сөзсіз.
КІРІСПЕ
1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ЖӘНЕ САЯСИ ЭКОНОМИЯ ҒЫЛЫМЫ
1.1 Экономикалық ілім тарихының дамуының жалпы сипаттамасы
1.2. Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы.................................................12
1.3 Экономикалық теория пәні және оның зерттеу әдістері...................
2. ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР МЕН ЗАҢДАР
2.1. Экономикалық – математикалық модель (үлгі) жасау...............................17
2.2 Экономикалық теорияның орны мен ролі, пәні және әдіс- тәсілдері
2.3 Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы Қазақстан……………….31
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................33
Ұжымдық қажеттіліктер - өмірде жеке бір адам қанағаттандыруға мүмкін емес,көп шығын қажет ететін қажеттіліктер бар. Оларды көпшілік көмегімен ұжымдық түрде қанағаттандырады. Ұжымдық қажеттіліктерді қанағаттандыру жөнінде шешімдерді басқару органдары қабылдайды.
Экономикалық игіліктер – бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы нәрселер мен заттар. Олардың біреулері шексіз түрде болады. (Мысалы: ауа). Оларды еркін игіліктер деп атайды, басқалары шектелген оларды экономикалық игіліктер деп атайды.
Экономикалық игіліктер заттар (тауарлар) мен қызметтерден тұрады. Қызметтердің заттай тауарлардан айырмашылығы:
1.Олардың өндірісі мен тұтынылуы бір мезгілде болады
2.Оларды мұраға қалдыруға болмайды.
3.Оларды сақтауға немесе жинақтауға болмайды.
Зерттелінетін құбылыстардың маңыздылығы экономикалық заңдылықтар мен категорияларға бағынышты.
Экономикалық заңдылықтар – бұл қоғамдағы көп кездесетін немесе қайталанып жататын тұрақты іс-әрекеттер және олардың арасындағы қатынастардың көрінісі. Экономикалық заңдарды төмендегідей заңдарға айырып қарауға болады:
1. айрықша экономикалық заңдар. Бұл заңдар олардың іс-әрекет жасауына жағдайдың сақталуындағы тарихи дәуірге тән.
2. ерекше экономикалық заңдар. Бұл белгілі бір шаруашылық түрлерінің нақты тарихи дамуының заңдары.
3. жалпы экономикалық заңдар. Бұл заңдар барлық тарихи дәуірге тән, олар барлық дәуірлерді біртұтас тарихи үйлесімді процесс етіп байланыстырады.
Экономикалық категориялар - адамдардың қоғамдық өндірістік қатынастарының теориялық көрінісі (тауар, баға, пайда және т.б.).
Экономикалық теория талдау дәрежесіне қатысты екі бөлімнен құралады:
микроэкономика – жеке өндірушілердің қызмет-әрекеттерін, кәсіпкерлік капитал мен бәсекелік ортаның қалыптастыру заңдылықтарын зерттейді. Бұнда жеке тауарлардың бағасы, ресурстар, шығындар, пайда, фирманың қызмет атқару механизмі, бағаның құрылуы және т.б. категориялар талданады.
макроэкономика – мемлекеттің жалпы экономикасы зерттелінеді, ұлттық экономикалық жүйенің қызмет-әрекеттерін зерттейді, талдау объектісіне жататындар: қоғамның жалпы табысы, жұмыссыздық, инфляция және т.б.
Экономикалық теория бірнеше қызметтер атқарады:
1. Танып - білу қызметі - қоғамдық экономикалық процестер мен құбы-лыстарды терең, әрі жан-жақты зерттеп бөлуі және түсіндіруі тиіс.
2. Дүниетанымдылық көзқарас қызметі – экономикалық құбылыстардың сипаттамасына тіршілік позиция құруына жағдай жасайды.
3. Ғылыми болжам қызметі - ғылыми болжам жасап және қоғамдық дамудың болашағын айқындайды.
4. Практикалық қызметі – нақты принциптерді және шаруашылықтың тиімді әдістерін жасаумен, сондай-ақ мемлекеттің саясатын ғылыми дәлелдеумен түсіндіреді.
Методологиялық қызметі – экономикалық теория барлық экономиканың ғылыми жүйесі үшін методологиялық негіз болып табылады.
Басқа ғылымдарға ұқсас экономикалық теория ғылыми танып-білудің әртүрлі әдістерін қолданады. Экономикалық теорияның зерттеу әдістері келесі кестеде көрсетілген.
1. кесте Экономикалық теорияның зерттеу әдістері
Жалпы әдістер | Жеке әдістер |
1. Ғылыми абстракция әдісі – зерттеліп отырған құбылыстардың мардымсыз, өткінші жақтарын дерексіздендіру, олардағы тұрақты қасиеттерді тауып көрсету процесі. 2. Талдау – зерттелінетін құбылыс өзінің құрамды бөліктері мен жақтарына ажыратылады. 3. Жинақтау – құрамды бөліктердің тұтас бір құбылыс болып қалыптасуы. 4. Индукция – жеке фактілерден жалпы қорытынды шығару. 5. Дедукция – жалпыдан жалқыға, бүтіннен бөлшекке көшу. Эксперимент, гипотеза және т.б. | Экономико – математикалық модельдер әдісі, экстраполяция (болжау), баланстық, функциональдық және тағы басқа да әдістер. |
2.3 Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы Қазақстан
Өскемен 2007ж
а) Экономикалық саясаттағя өзгерістер Шетелдік интервенция мен азамат соғысынан кейінгі өлкедегі шаруашылық көріністер:
• 307 кәсіпорынының 250-і жұмыс істемеді.
• 1913 жылмен салыстырғанда мұнай өндіру – 4 есе, көмір өндіру- 5 есе қысқарып, мыс өндіру мүлде тоқтады.
• Риддер кеніштері, Екібастұз көмір шахталары, Спасск байыту фабрикасы толық істен шықты.
• Өнеркәсіп өнімі 6,3% болды.
• Егіс көлемі Оралда 2 есе,Жетісуда 3 есе қысқарды.
• Мал саны 29,9 млн-нан – 16,3 млн.-ға кеміді. 1921 жылы кеңес үкіметі еңбекшілер жағдайын жеңілдетуді ойластырды:
- Азық-түлікті, отынды тегін босату;
- Коммуналдық қызметтерді тегін көрсету.
- Ақысыз асханалар ашу туралы деректер қабылдау. Күйзелген шаруалар наразылық білдіре бастады:
• Қостанай, Ақмола, Орал, Семейде көтеріліс ошақтары пайда болды.
• 1921 жылғы ақпан – 25 мың адамдық отряд Петропавлда Кеңес өкіметі органдарының үйін қиратты.
• 1921 жылғы науырыз – Оралда 10 мың бүлікші көтерілді.
• Қарқаралы уезінде 70-тен астам партия және кеңес қызметкерлері көтерлісшілер қолынан қаза тапты. XX ғ. 20ж. басында ауылдар мен селоларда халық наразылығының ұлғаю себептері:
- Мемлекеттік еңбекші халыққа күш қолдану саясаты.
- 1921-1922 ж.ж жаппай ашаршылдық.
- Мал шаруашылығының ауыр жағдайы.
- Егін алқаптарының күрт азаюы. Осы жағдайлардан ұсақ тауарлы өндіріспен айналысатын шаруалардың мүделерін ескеретін жаңа экономикалық саясат қажеттігі айқындала түсті.
• 1921 жылғы наурыз – жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды (партияның X съезі) ЖЭС-тің белгілері:
- Азық- түлік салығы.
- Сауда еркіндігі.
- Жерді және ұсқ кәсіпорындарды жалға беру.
- Ауылшаруашылық және несие, тұтыну кооперациясын дамыту.
- Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру.
- Еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану.
ЖЭС-тің мәні- салғыртта салықпен ауыстыру.
• 1921 жылғы наурыз-сәуір - өлкеде салғарт салықпен ауыстырылды.Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз болды.
• 1921 жылғы маусым – Орынбордағы өткізілген 1-құрылтай партия конференциясында Қазақстанда ЖЭС- ке көшу туралы айтылды.
Жаңа экономикалық саясатпен бірге тотаритарлық, авторитарлық башылыққа көшу басталды.
ә) 1921-1922 жылдардағы ашаршылық Қазақ жеріндегі ЖЭС-ке көшу көптеген қиыншылықтармен бірге жүргізілді. 1921 жылы жазда қуаншылық болып, малдың 80%-ы қырылды. Елде аштық басталды.Ашығушылар саны 1/3 бөлігін қамтыды.
• 1921 жылғы қараша – 1млн.508 мың адам;
• 1922 жылғы науырыз – 2 млн.303200 адам. Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей губернияларын аштық жайлады. Аштыққа індет қосылып, 1922 ж маусымда Батыс Қазақстанда ашығушылар менауру лар 82%-ға жетті.
Астық мол болған Семей, Ақмола тубернияларынан азық-түлік отрядтары ауыл шаруашылық өнімнің 80%-ын әкетті. Жиналған азық-түлік пролетариат орталықтары – Мәскеу, Петроград, Самара, Казан, жіберді.Нәтижесінде Қазақстанның астықты аймақтарының халқы ашыға бастады.
Кеңес өкіметі аштыққа ұшырағандарға көмекке кеш келді:
• 1921 жылғы 14 маусым – «Нақты ет салығы туралы» декрет шығып, қазақтар ет салығынан босатылды.
• 1922 жыл – егістіктің 60%-на Кеңес үкіметі берген дән себілді.
• 1922 жылғы 4 тамыз – ауылшаруашылық машиналары мен құралдарын сатып алу үшін 25 млн сом берілді.
• 1922 жыл мал сатып алу үшін 2 млн.131 мың сом бөлінді.
Ашыққандарға Кеңестік Түркістан туысқандық көмек көрсетті:
• 2 млн пұт астық жіберілді.
• Республикадан 20 мың ашыққан адам қабылданды. Осындай ауыр жағдайға қарамастан, 1921 жылы 7 қазанда В.И.Лениннің үдеуіне байланысты Арал балықшылары Еділ бойындағы ашыққан халыққа 14 вагон балық жіберді.
1921-1922 жылғы аштықтың салдары:
• Демографиялық жағдай ауырлады.Орынбор,Қостанай, Ақтөбе Орал губернияларында халық саны 1/3- не дейін азайды.
• 700 мыңнан астам адамдар республикадан тыс жерлерге көшіп келді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Экономикалық теорияның қалыптасу кезені пікір қайшылықтары.
Қазіргі жағдайда «экономика» сөзі көп мағыналы мәнге ие болуда. Біріншіден, «экономика» сөзімен өндірістік және өндірістік емес салалардың жиынтығы түсіндіріледі және онда игіліктер мен қызметтер көрсетіледі, онсыз адамзат қоғамы өмір сүре алмайды. Сондай-ақ «экономика» сөзімен экономикалық қатынастар жиынтығы түсіндіріледі. Ол қатынастар өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну жүйесінде қалыптасады. Бұл қатынастар қоғамның экономикалық базисін құрайды, онда идеалогиялық және саяси қондырма орналасады. Екіншіден «экономика» сөзімен ғылым саласының экономикалық қатынастардағы қызметтік немесе салалық аспектілерін қарастыру түсіндіріледі. Экономикалық теорияның өкілдері өндіріс деңгейінің макро- мен микроэкономикасың және интерэкономикасың бөліп қарағанда да «экономика» ұғымын түсінген. Интерэкономика дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуы мен даму заңдылығын сипатайды. Сондай-ақ экономикалық теорияда бірнеше экономика түрін бөліп қарайды: дәстүрлі, нарықтық, еркін, бәсекелік, әкімшілдік-әміршілдік, аралас және басқалары. Үшіншіден «экономика» сөзі ретінде экономикалық ғылымды және теорияны түсінеді. Ең соңында, «экономика» сөзімен оқыту пәні түсіндіріледі. Қоғамдық қатынастар жүйесінде экономикаға ерекше орын беріледі, себебі ол саяси, құқықтық, рухани және басқада қоғамдық, өмір саласының мазмұның аңықтайды. Экономикалық саясат экономиканың шоғырланған мағынасын білдіреді. Генетикалық қөзқарас тұрғысынан алғанда саясат экономикадан өрбиді деген сөз.
Экономикалық жүйені белгілі бір үлгіге түсіру өте күрделі де қиыи міндет. Экономикалық жүйенін жекелеген элементтерін жан-жақты талдап, экономикалық зандарды топшылап, оларға түрлі ат қоюға болады. Бірақ казіргі таңда бұл ғылымға жеткіліксіз, экономикалық теорияны практикада пайдалану үшін экономикалық-математикалық модельдер қажет, оларды пайдалану арқылы ғана экономиканың жағдайын түсінесің, оган "диагаоз" қойып емдеу әдістерін анықтай аласың, белгілі мерзімнен кейін экономикада не болатынын қабылдаған шешімдерінің әлеуметтік-экономикалық нәтижесі қандай екенін дәлелдеп айтуға мүмкіндік туады. Экономикаиы математикалық модельдеу өте киын іс. Онымен бірге экономика дегеніміз күрделі жүйе, оның қызмет ету шарттары, реттелмейтін кездейсоқ байланыстармен ұштасады.
ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Осипова Г.М. Экономикалық теория негіздері. – Алматы, 2002. – 4-13 бет
2. Мауленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ., Экономикалық теория: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2003. – 4-9 бет.
3. Экономикалық теория (оқу-әдістемелік кешен), Ж. Х. Ғабит, Астана, 2006, 6-12 бет
4. В. Крымова «Экономикалық Теория» Кестелі оқу құралы, Алматы 2003, 7-11 бет
5. Экономика. Учебник по курсу "Экономическая теория" //Под ред. А.С. Булатова. - М., 1997.
6. Экономическая теория (политэкономия). Учебник. Под общей ред. В.И.Видяпина, Г.П. Журавлевой. - М., 1997.
7. Мостовая Е.Б. Основы экономической теории. Курс лекций. - Москва-Новосибирск, 1997.
8. Мамыров Н.К. и др. Микроэкономика. — Алматы: Экономика, 1997.
9. Соколинский В.М. Государство и экономика: Учебное пособие. - М., 1997.
10. Әкімбаев С., Баймұхамбетова А.С., Жанайдаров У.А. Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана, 2002. – Б. 5-19.
30
Информация о работе Экономикалық теория және саяси экономия ғылымы