Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2012 в 08:47, курсовая работа
Экономика мен экономикалық ілімдер тарихының негізгі теориялык негізі - экономикалық теория (саяси экономика) курсы. Өткен заманғы және қазіргі әлемге танымал атақты экономист ғалымдардың, теориялық мектептер мен экономикалық бағыттардың негізгі экономикалық концепцияларының талқыламаларын салыстыра отырып алған білімнің экономикалық теория курсын терең меңгеруге жол ашатыны сөзсіз.
КІРІСПЕ
1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ЖӘНЕ САЯСИ ЭКОНОМИЯ ҒЫЛЫМЫ
1.1 Экономикалық ілім тарихының дамуының жалпы сипаттамасы
1.2. Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы.................................................12
1.3 Экономикалық теория пәні және оның зерттеу әдістері...................
2. ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР МЕН ЗАҢДАР
2.1. Экономикалық – математикалық модель (үлгі) жасау...............................17
2.2 Экономикалық теорияның орны мен ролі, пәні және әдіс- тәсілдері
2.3 Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы Қазақстан……………….31
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................33
Аралас экономикада рынокты жарнама (реклама), маркетинг, жоспарлау тагы басқа ұйымдастыру шаралары аркылы күрделі, орташа және ұсақ кәсіпкерлік тиімділігін, жолдарын реттеуге болады. Бірақ аралас экономикада ендірілетін өнім көлемін мемлекет жоспар арқылы белгілемейді, кайда,қанша, және қандай тауар өндіріп, қызмет көрсету кажеттілігін рынок өзі анықтайды.
Жоғарыда көрсетілген аралас экономиканың негізгі белгілері қоғамның қазіргі индустриялык даму дәрежесіне тән экономикалық жүйенің ерекше зандылықтарына багынышты. Бұл заңдылықтар дегеніміз жеке меншікке негізденген тауар өндірісі мен мемлекеттік меншіктегі тауар-ақша қатынастарының көрінісі. Тауар өндірісшін негізгі заңы — құн заңы. Бұл заңның бастыталабы рынокта тауардың бағасын белгілегевде оны өндіруге жұмсалған еңбек шығыны еске алынады. Еңбекдегеніміз қүштіңақшалай керінісі. Еркін бәсеке үстемдік ететін капиталистік қоғамда жеке тауар ендірушілер өз тауарына баға тағайындағанда оған жұмсалған еңбегіне сай езіне қажет заттар алуды көздейді. Осыған орай тауарлы акша қатынастарына рыноктық экономика қажет болатынына тоқтау керек. Бұл алдағы тақырыптардын міндеті.
Табиғат құбылыстары сияқты, адамзат қоғамының дамуы белгілі бір объективті заңдарға негізделеді. Құбылыстар менпроцестердің мәніне үңіле отырып, олардын даму зандарын ашамыз. Мұндағы бір маңызды, ескеретін жәйт, заңдар кез келген байланыс пен қатынастарды емес, тек маңызды катынастарды ғана сипаттайды, жоғарыда айтқанымыздай заңдар адамдар санасынан туындамайды, ол объективті шындықтан туындайтын құбылыстар мен процестердің өзіне тән. Нақты құбылыстарға үңіле отырып заңдардың да мәнін ашуға болады. Экономикалық заңдар экономикалық процестердің, оның ішкі себеп-салдарының өзара тәуелділігін сипаттайды. Олар табиғат заңдары сияқты объективті. Солай бола тұрғанымен экономикалық заңдар табиғат зандарынан өзгеше. Өйткені, табиғат заңдары оның өзіне тән құбылыстарынан туындап, көрініс алса, экономикалық заңдар адамдардың өндірістік экономикалық іс-қимылымен байланысты туындайды. Мысалы, әлемдік тартылыс заңы адамдар мен адамзат қоғамы да-мұынан бұрын да орын алып әрекет еткені белгілі.
Экономикалық заңдардың табиғат заңдарынан ерекшелігі ұзақ мерзімді емес. Олардың көпшілігі белгілі бір тарихи кезенде әрекет етеді де, кейін жаңа экономикалық заңдарға орын береді. Экономикалык зандар мәңгі емес, олар тарихи сипатта белгілі бір кезеңде туып және өзгеріп, немесе жойылып кетіп отырады. Әрдайым ескеретін бір жәйт — ескі экономикалық заңдар адамдар еркімен жойылып кетпейді, тек жаңа экономикалық жағдайлардың туындауымен өз күшін жояды. Яғни адамдар өз еркімен, шешімімен бір экономикалық заңды жоққашығарып, оның орнына жана заңдарды жасай алмайды. Экономикалық зандардың күшінің жойылуы адамдар санасынан тәуелсіз қогамдағы объективті экономикалық хал-ахуалдын, процестердің өзгерісімен тікелей байланысты.
Экономикалық заңдар өздігінен, адамдардың шаруашылық қызметінен тыс және оған байланыссыз жүзеге аспайды. Керісінше, олар тек адамдардың іс-әрекеттері арқасында ғана қалыптастып, көрініс алады. Демек, эко-номикалық заңдар адамдардың санасынан тәуелсіз болғанымен олардын іс-қарекетінен тәуелсіз емес. Адамдар экономикалық заңдарды танып-біліп, олардың объективті талаптарына сай шешімдер қабылдап, санасатын болса ғана заң жүзеге аса алады. Бұл талап-тілектерге кайшы келетін кез келген әрекет, сөзсіз, шаруашылық киындықтарына, орынсыз шығындарға соқтырмай қоймайды. Рыноктық қатынасқа ену жолында осыны қатаң ескеруқажет.
Қандайда болсын қоғамның экономикалық жүйесінің мәнін түсіну үшін ең алдымен бастапқы теориялық ұғымдарды анықтап алу лазым. Элементтер жинағы ол экономикалық қатынастардың ең басты, анықтаушы элементі — әндірістік қатынастар немесе өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну. Тұтас алғанда өндірістік қатынастардың негізін өндіріс құрал-жабдықтарына меншік қатынасы құрайды. Осы арқылы бүкіл экономика іргелі, түбірлі өзгерістерге ұшырайды.
Тұрмыстық мағынада меншік дегеніміз заттарды иемдену болса, ал экономикалық мағынада меншік деп нені айтамыз? Адам өмір сүру үшін-Өндіруі керек, өндіру үшін өндіріс құрал-жабдықтары қажет. Міне, осымен байланысты адамдар бір-бірімен қатынасқа енеді, ол өндіріс құрал-жабдықтарьн иемденумен байланысты. Мұнда мынадай сұрақтарга жауап беріледі: өндіріс құрал-жабдықтарына, онымен өндірілген екбек өнімдеріне кім иелік етеді? Сонымен, меншік жай ғана зат емес (заттар арқылы мате-риалданганмен) материалдық игіліктерді, иемденудін тарихи қалыптасқан нысаны. Меншік қатынасы мыналар:
а) иемдену, иелік ету;
ә) "материалдық жабдықтарды шаруашылық тұрғыдан пайдалану;
б) экономикалық тұрғыдан өткізу (өткізілсе, "меншік" иесіне табыс әкеледі деген сөз). Меншік көп қырлы, күрделі түсінік. Оны тек өндірістін заттық факторларына балау дұрыс емес. Ол жұмыс күшінің ендіріс құрал-жабдықтарымен қосылу әдісі мен типін көрсетеді, ал мұның езі, әрбір қоғамның экономикалық жүйесінің маңызды сипаты. Меншік қатынасы бүкіл шаруашылық организімін, яғйи бүкіл ұдайы өндіріс қатынасын (өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну) қамтиды. Меншік қатынасы қандай сипатта болса, ұдайы өндіріс сипаты да сондай болганы. Меншік — тарихи ұғым. Жалпылама меншік деген түсінік жоқ, ол белгілі бір нақты тарихи нысанда орын алады. Тарихта әр түрлі меншік нысандары болғаны белгілі, оны жеке және қоғамдық меншік деп екі түрге топтауға болады:
Жеке меншік — өндіріс құрал-жабдықтарына, оның нәтижесіне жеке бір адамдардың — меншік иесінің иелік етуі. Ол екі нысанда болады: еңбекке негізделген және еа, еңбегіне негізделмеген. Еңбекке негізделген меншіктің субъектілері бір мезгілде әрі қызметкер (өзі еңбек етеді), әр меншік иесі болуы мүмкін, ол еңбек еніміне тек өзі иелік етеді, қанаудың қандайда болсын түрін қолданбайды, Еңбекке негізделмеген жеке меншік, басқа біреудің еңбегіне, жалдамалын еңбекке сүйенёді. Жұмыс күшінің өндіріс құрал-жабдықтарымен қосылуы, меншік табиғатын ажырата білу, рыноктық қатынасқа еніп келе жатқан біздің республика үшін өте маңызды.
Меншіктін тағы бір түрі — аралас меншік. Мұнда жеке және қоғамдық меншіктің әр қилы ұштасуы орын алады. Мысалы, кооперативтік, акционерлік, мемлекеттік меншік. Рыноктыққатынасқа көшумен байланысты ғылыми әдебиеттерде, баспасөз беттерінде қоғамдық меншікті даттап, жеке меншікті мақтау жиі ұшырасады.Меншіктің бір түрін, екіншісіне қарама-қарсы койып, біреуіне монополиялық айдар тағудың неге соқтыратынын емір өзі көрсетті. Осымен байланысты айтарымыз, біріншіден меншіктің кай түрінің қалыптасуы, дамуы немесе жолын тарихи көонекті етуі (кеңес одағының ыдырауы) адамдардын таңдауы бойынша емес, өндірістің белгілі бір тарихи даму деңгейіне, басқа да себептерге байланысты объективті туындайды. Екіншіден, шындығына келгенде қоғамның дамуында, оның бір экономикалық системадан екіншісіне ауысуы кезеңінде меншіктің көп түрлі нысандарының болуы әбден заңды. Оның үстіне ешбір елде меншіктін бір түрі таза классикалық түрде орныққан емес. Барлық елдердің экономикасында да
Экономикалың теорияның пәнін, әдістерін, қызметтерін қарастыру, оның Қазақстанда нарықтық жүйенің қалыптасуындағы және дамуындағы рөлін көрсету.
1. Экономикалық теория пәнінің қалыптасуы мен дамуының тариғы.
2 Экономикалық құбылыстарды зерттеу әдістері. Позитивтi және нормативтi экономикалық теория.
3 Экономикалық теорияның қызметтерi. Экономикалық теория мен экономикалық саясат.
4. Қазақстанда нарықтық экономиканың дамуы жағдайында экономикалық теорияның рөлi мен маңыздылығы
Негізгі түсініктер мен терминдер. Институционализм, Кейнсиандық мектеп, Классикалық саяси экономия, Маржинализм, Меркантилизм, Неолассикалық теория , Физиократизм, Экономикалық заңдылықтар, Экономикалық игіліктер, Экономикалық қажеттіліктер, Экономикалық категориялар, Экономикалық теория
Экономикалық теорияны зерттеу әдістері.
Экономикалық теория - бұл адамдардың шексіз қажеттілігін қанағат-тандыру үшін қоғамдағы шектеулі немесе сирек кездесетін ресурстарды пайдалану арқылы игіліктерді өндіруді зерттейтін ғылым.
Экономикалық ойлау адамзат қағамының құрдасы болып табылады. Оның алғашқы қайнар көзі ежелгі Египеттен басталады.
Ең алғаш рет б.д.д. III- ғасырда грек ойшылдары Аристотель мен Ксенофонт еңбектерінде экономикалық болмыс түсініктерінің бірнеше нұсқаулары дүниеге келді. Философ, әрі экономист Аристотель айырбас, ақшаның пайда болуы мен атқаратын қызметін зерттейді. Бірақ бұл ғалымдар экономикалық ілімді дербес бір тұтас жүйеге айналдыра алмады. Экономика деген гректің сөзі, сөзбе сөз аударғанда «үй шаруашылығын жүргізудің өнері» деген мағынаны білдіреді.
Қазір оның мазмұны айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Шаруашылық тек отбасы төңірегінде емес, сондай ақ аймақ, ел, әлемдік шеңберде жүргізіліп, басқарылатын болды және тек теориялық белгілеріне ғана емес, сондай ақ өндірістік белгілеріне байланысты (фирма, кәсіпорын, сала) ұйымдастырылатын болды.
Экономикалық теория дербес ғылым болып XVIXVII ғасырларда тауар – ақша қатынастары кеңейген капитализм кезеңінде түбегейлі қалыптаса бастады.
Экономикалық теорияның даму кезеңдері төмендегідей бөлінеді.
Меркантилизм – Ең алғаш экономикалық ілім XVIXVII ғасырларда меркантилизм мектебі болды (итальян сөзі «мерканте» - саудагерлер көпес, сауда, пайда). Бүл ілімнің негізінде қоғам байлығының қайнар көзі материялдық өндіріс емес, тауар ақша қатынастарында болды.
Меркантелистердің талабы бойынша тауарды шет елдерге көп сату олардан аз сатып алу, сөйтіп елдегі ақша қорын көбейту. Олар сыртқы сауданы дамыту арқылы елдегі алтын мен күмістің көлемін молайту негізінде халықты байытуға болады деді. Демек меркантелистер тек сауда капиталының мүддесін қорғады. Сондықтан халық шаруашылығын толық қамтитын ілімге айнала алмады. Бұл ілімнің көрнекті өкілдері Т.Мен, А.Монкретьен, І Петр, И.И.Посошков.
Физиократизм – (XVIII) қоғамның байлығы саудада емес өндірісте деген қағида ең бірінші «физократтар» мектебінің өкілі Франсуа Кэненің еңбегінде пайда болды, бірақ ол ұлттық байлықтың қайнар көзі ауыл шаруашылығының еңбегінде деп есептеді.
«Физио» - табиғат, «кратос» - үстемдік. Алайда өндірісті тек ауыл шаруашылығымен шектеп халық шаруашылығын басқа салаларын өнімсіз деп есептеу дұрыс болмады. Бұл кезеңнің көрнекті өкілдері Ф.Кенэ, А.Тюрго, Дюпон де Немур.
Классикалық саяси экономия - ХҮІІІ ғасыр (У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо, Буагильбер) - өндірістің барлық саласын зерттеп, барлық тауарлардың құндылық өлшемі негізі еңбекте деп дәлелдеген. Экономиканың нарықпен реттелуін және қоғамның барлық топтар табыстарының қайнар көзін анықтаған. ХІХ ғасырдың ІІ жартысы басында саяси экономия екі бағытқа бөлінді: марксизм және маржинализм.
а) Марксизм – (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин, Г.В.Плеханов). Зерттеудің негізгі нысаны – капитализмнің экономикалық заңдылықтары. К.Маркстың ашқан басты жаңалығы: қоғамдық-экономикалық формация, капитализмнің даму заңдылықтары, социализмнің жаңа жүйе ретінде пайда болуы, ұдайы өндіріс пен экономикалық дағдарыстар теориясы, тауарға сіңген еңбектің екі табиғаттылығы, қосымша құн туралы ілімдерді қалыптастырды, абсолюттік рентаның, жалдамалы еңбектің мәнін қарастырды. К.Маркс қоғамды екі топқа бөлу арқылы барлық экономикалық құбылыстар да талданды. Қосымша құнның теория мағынасы өндірісте пролетариаттың қаналуы арқылы көрініс тапты.
б) Маржинализм – (К.Менгер, У.Джевонс, Л.Вальрос). Маржинализмнің басты категориялары шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар. Шаруашылықты тиімді ұйымдастыру үшін шектеулі ресурстарды ең пайдалы бөлудің әдістерін іздестіру жүргізілді. Микроэкономикалық талдауда шекті көрсеткіштер қолданылу әдістері қарастырылды. Маржинализм экономико-математикалық тәсілдер мен үлгілерді кең қолданады. Л.Вальрос математикалық мектептін негізін қалаған. Ол жалпы нарықтық тепе-теңділік үлгісін жасаған, оның негізі сұраныс пен ұсынысты талдау.
Неоклассикалық теория - ХІХ ғасырдың 90 жылдары (Д.Кларк, А.Маршалл, А.Пигу). Неоклассиктердің ойы келесіде: егер нарықтық экономиканың субъектілеріне мүмкіндігінше экономикалық еркіндік бірлесе өте жақсы қызмет атқарған болар еді деп есептеді.
Кейнсиандық мектеп – ХХ ғасыр (Дж.Кейнс). Бұл ағымның «капитализмді реттеу» теориясы бойынша: экономиканы нарықтық реттеумен қатар мемлекеттің араласуының қажеттілігін айқындады.
Институционализм – ХХ ғасырдың 50 жылдарының аяғы (Т.Веблен, У.Митчел, М.Вебер, В.Зомбарт, Д.Гэлбрейт және т.б.). Экономикалық дамудың сипатын құрайтын тек нарық емес, ол – экономикалық институттардың барлық жүйесі. Бұл бағыт өкілдері қоғамның жоғары мұратының көрінісіне әлеуметтік бағдарламаларды, индикативтік жоспарлау және басқа да экономикадағы мемлекеттің араласу шараларды жатқызуы.
Экономикалық қажеттілік – адамдарды өз мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатында белсенді қызмет етуге мәжбүр ететін қозғаушы күш болып табылады. Қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейіне қарай жаңа қажеттіліктер туады. Оның құрылымы, саны, сапасы, өзгеріп отырады. Қажеттіліктердің үздіксіз өсуі адамдардың экономикалық эволюциясының көптеген деректерімен дәлелденді. Әр бір 10 жыл сайын тұтыну тауарлары мен қызметтердің түрлері екі есеге өсіп отырады. Мұндай экономикалық заңдылық қжеттіліктердің өсу заңы деп аталады. Қажеттіліктердің түрлері:
Алғашқы (төменгі) - қажеттілік адамдардың өмір сүруіне ең алғаш керек қажеттіліктер. Оларға толық киім, баспана т.б жатады.
Екінші реттік (жоғарғы) қажеттіліктер. Екінші реттік (жоғарғы) қажеттілік – бұл адамның рухани жағдайы, әлеуметтік ортасы, интелектуалдық деңгейіне байланысты пайда болатын қажеттіліктер. Бұл қажеттіліктерді альтернативті (таңдау) қажеттіліктері деп те атайды. Мысалы: кітаптар, сәнді киімдер, қымбат бұйымдар, сондай-ақ білімге мәдениетке қажеттіліктер.
Қанағаттандыру түріне қарай қажеттіліктерді жеке және ұжымдық деп бөлуге болады.
Жеке қажеттіліктер – бұл жеке адамның өзін қанағаттындыра алатын қажеттіліктер. Мысалы: киім, тамақ, мұздатқыш, машина т.б тауарлар сатып алуы.
Информация о работе Экономикалық теория және саяси экономия ғылымы