Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2012 в 08:47, курсовая работа
Экономика мен экономикалық ілімдер тарихының негізгі теориялык негізі - экономикалық теория (саяси экономика) курсы. Өткен заманғы және қазіргі әлемге танымал атақты экономист ғалымдардың, теориялық мектептер мен экономикалық бағыттардың негізгі экономикалық концепцияларының талқыламаларын салыстыра отырып алған білімнің экономикалық теория курсын терең меңгеруге жол ашатыны сөзсіз.
КІРІСПЕ
1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ЖӘНЕ САЯСИ ЭКОНОМИЯ ҒЫЛЫМЫ
1.1 Экономикалық ілім тарихының дамуының жалпы сипаттамасы
1.2. Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы.................................................12
1.3 Экономикалық теория пәні және оның зерттеу әдістері...................
2. ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР МЕН ЗАҢДАР
2.1. Экономикалық – математикалық модель (үлгі) жасау...............................17
2.2 Экономикалық теорияның орны мен ролі, пәні және әдіс- тәсілдері
2.3 Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы Қазақстан……………….31
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................33
Экономикалық процестерді танып-білу әдістерінін жаратылыстану ғылымдарыидагы зерттеу әдісінен айырмасы бар. Бірақ барлық жағдайда да зерттеу мен білім беруде диалектикалық тәсілді колданады. Бұл әдістің негізін ежелгі гректер қаласа, ал оны гылыми жүйеге салуда неміс философы Гегельдің еңбегі зор. Шын мәнісіндегі ғалым адам барлық процестерді даму үстінде ойлап қарайды, яғни диалектикалық тұрғыдан ойлайды деген сөз. Олай болса ғылыми тану процестер мен құбылыстардын мәніне, олардың арасындағы өзара байланысты, дамудын себебін және қозғаушы күшін зерттеуге тиіс. Ғылыми танудың нысаналары мен әдістері көп. Олар объективті жағынан есептелген (статистикалық), жинақталған материалдарды анализ және синтез, индукция, жүйе (система) түрінде қарау, болжамдар жасау және оны тексеру, экс-перименттер жүргізу, логикалық және математикалық модедьдер жасау.
Экономикалық зерттеулердің маңызды әдісі — ғылыми абстракция. Ол басқа да гуманитарлық, жаратылыстану, техиикалық ғылымдарда қолданылады. Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеу пәнін жеке, кездейсоққысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді окшаулап, оның тұрақты, әрдайымқайталанатын мәнін, маңызын ашу. Осылай болғаы жағдайда ғана объектіні мүмкіндіғінше жан-жақты қамтуға, оның заңдарын белгілеуге, оларға материалдық нысан беруге болады. Мысалы, баға қозғалысын алсақ, бір қарағанда ол түсініксіз, шегі жоқ, шым-шытырық процесс тәрізді, бірақта баға динамикасын(өрісі) нақтылы факторлар: сұраныс пен ұсыныс, сондай-ақ өндіріс және тасымал шығындары т. б. белгілейді.
Абстракция әдісінің де шегі бар. Оны зерттеушінін дарындылығы белгілейді. Абстракциялау процесінде категориялар, үгымдар тұжырымдалады, олар құбылыстар мен процестердің жеке-дара жинақталган жағын білдіреді. Та-ну процесіндегі қозғалыс белгілі заңдылықтар тұжырымдалғанда жалпыдан жекеге, абстракциядан нактылыққа қарай жүреді.
Индукция мен дедукция. Ғылымда, оныңішінде экономикалық ілімде жеке процестерді білу ғана жеткіліксіз. Ол бастапқы қадам. Нақтылы өмірде бір-бірінен алшақ заттар мен құбылыстар жоқ өмірде де өзара байланысты, ғылымның іздегені шындық. Ғылыми жүйенің калыптасуы индукция және дедукция деген методологиялық әдістермен жүзеге асады.
Индукция жеке оқиға, құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар, прннциптер шығарады. Дедукцияда керісінше, жалпы қағидалар негізінде зкономикалық объектілердің, процестердің кейбір жеке алынған ерекшеліктері сипатталады. Тарихи және логикалық танудың бірлігі экономикалық ғмлымда орын алады. Әрбір экономикалық жүйенің логикалықбайланысы бар. Біріншіден, олар бір-бірімен динамикалық өзара әсер ететін қатынаста болады. Бүгін аргументті (дәлел) болған зат, ертеңінде кызмет рөлін атқаруы мүмкін. Екіншіден, жүйенің әрбір элементі тарихи даму процесінде болады. Сондықтан тарихи және логикалық бірлікті сактау проблемасыігың мацызы зор. Мұның Өзі жүйенің және оның элементтерінің пайда болуын білу үшін ғана емес, әсіресе оның үрдісін (тенденциясын), сатыларын анықтауга кажет.
2. ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР МЕН ЗАҢДАР
2.1. Экономикалық – математикалық модель (үлгі) жасау
Ғылымда экономикалық процестер мен жүйелерді зерттеу үшін математикалық әдістерді қолдануға ерекше көңіл белген бағыттың негізін қалаушылар — М. Вальрас, В. Парето, У. Дженонс. Оның қазіргі көрнекті өкілдері В. Леонтьев, Л. Конторович, С. Шаталин, В. Макаров, А. Аганбегян, К. Вальтух, А. Анчишкин. Онымен бірге ерекше атап айтылатын есім — математик, физик және кибернетик Дж. Нейман. Ол Пристон университетінің экономисі О. Маргенштермен бірлесіп көпшілікке белгілі "Жаттығу теориясы" және "Экономикалық мінез-құлық" деген еңбек жазды. Бұл енбекте экономикалық дамудың көптеген проблемалары "Жаттығу теориясы" тұргысынан зерттелген.
Саяси экономия ғылымы. Бұл ұғымды тұңғыш рет ғылымға енгізген меркантелист Антуан Монкретьен (1575—1631). Саяси экономиянын ерекше назар аударғаны материалдық игіліктерді өндіру. Оныи себебі: өнеркәсіп төңкеріс дәуірі басталды, рыноктын кең өркекдеуіне жол ашылды. Қазіргі ғылыми-индустриалды өндіріске сәйкес қоғам тұрғысынан қарағанда саяси экономия ғылымы классиктерінің кептеген ой-пікірлері ескірген тәрізді. Бірақ У. Петти (1623—1687) Адам Смит (1723—1790), Давид Рикардо (1772—1823), Франсуа Кенэ (1694—1774) және А. Тюрго (1727—1781) есімдері өз заманьшдағы асқан ойшыл-ғалымдар қатарында саналады. Олардың кейбір ғылыми қағидалары әлемдік зкономикалық теорияға қосылған орасан зор үлес. Ресейге саяси экономия ілімі XVIIIғасырдың соны, XIXғасырдың басында Адам Смиттің есімі және идеяларымен келгені мәлім. Қазақтың әйгілі ағартушылары Абай Құнанбаев (1845—1904), Шокан Уәлиханов (1835—1865). Шоқан Орыс географиялық қоғамының толықмүшесі болып сайланғаны белгілі. Демек, Абай мен Шоқаңдар Адам Смиттің және т. б. экономикалық ой-пікірлерінен хабардар болып, Қазақстан экономикасының мәселелеріне ез көзқарастарын жазды.
Оқулықта экономикалық ой-пікірдін көне заманнан-ақ бастап тарихы кысқа айтылды, себебі терең үңілуге мүмкіндік болмағандықтан аса көрнекті есімдер ғана аталып, олардың кағидаларына қысқаша шолу берілді. Батыс Еуропамен ерте араласқан Ресейдін езінде де саяси экономия ғылымы XVIIғасырдың бірінші ширегінен — IПетрдәуірінен басталады. Саяси, экономия тарихын зерттеуге айтарлықтай, үлес қосқан тұңғыш орыс экономисі И. Т. Посошков болса, біздің топшылауымыз бойынша казақ елінде ондай адамдар — Шоқан мен Абай.
Бұрын Ресейге қараған барлық аймақтарда, оның ішінде Қазақстанда заманында аты шыққан, кейін ғмытылған есімдер де аз емес. Қазақ халқының қазір есімдері жаңғыртылып жазба мұра қазыналарында жарық көрген, әдебиет, ғылым саласында, мемлекет басқаруға катысқан қайраткерлердін экономикалық ой-пікірлерін зерттеу болашақтың ісі.
Маркстік емес деген саяси экономияда XIXғасырдын соңы XXғасырдың басында бірнеше экономикалық мектеп қалыптасты, олардың бір белігі соңғы уакытта елеулі дамып, кеңінен таныла бастады. Соларда XIXғасырдын екінші жартысында шекті пайдалылық пен шекті өнімділік немесе маржйнализм французша (тагёіпаі-шекті) теориясы тұжырымдалды. Маржинализм теориясы — шаруашылық қатынастарға тартылған жеке субъектіні (адамды) психология тұрғысынан экономикалық талдау. Осы мек-тептің екілдері — Менгер (1840—1921), Э. Бем-Баверк (1851 — 1914), В. Визер (1851 — 1926). Ал "неоклассикалық" деп аталған экономикалық теорияның жаңа бағыты негізінен ағылшын экономисі А. Маршаллдың (1842—1924) шығармаларында тұжырымдалды. Онык басты еңбегі "Экономика ғылымының принциптері" 1890 жылы жарықкөрді. Ол өндіріс шығындары, сұраныс пен ұсыныс, шектелген пайда немесе шекті пайда және шекті өнімділік теориясын біріктіруге талап жасады. АҚШ-та Дж. Кларк (1847—1938) шекті өнімділік және өндіріс факторларынық кему заңын тұжырымдады. Ол заң бойынша өндіріс факторлары неғұрлым өскен сайын, оның өнімділігі де кеми бермек. Сөйтіп XIX—XX ғасырларда экономика ғылымында математика мектебі пайда болды. Экономикалық теорияның бұл мектебін қайраткерлррі рыноктык экономиканы сұраныс пен ұсыныстық негізінде тепе-тендікке жетуге қабілетті жүйе ретінде қарайды. Дж. Кейнстің (1883—1945) —1936 жылы жарық керген "Жұмыспен қамту, процент және ақшаның жалпы теориясы" еңбегінде бірқатар практикалык ұсыныстар жасалды. Кейнс Р. Канныңйнвестициядан алынған табыстың динамикасы идеясын ілгері дамытты.
Экономикалық өсу моделін жасау үшін ол А. Афтальон мен Дж. Кларк ұсынған акселарация принципін қолданды. Экономикалық өсудін кейнстық үлгісі Р. Харрорд, А. Хаисен, Д. Хикс және П. Самуэльсон еңбектерінде ілгері дамытылды. Осыған орай экономикалық тұжырымдама Василий Леонтьев (1906) еңбектерінде жоғары бағаланды. Экономикалық өсу теориясы У. Ростоудың —"Экономикалық өсу сатылары", Р. Аронның —"Біртұтас индустриалды қоғам" және Д. Беллпосттың —"Индустриалдық қоғам" атты еңбектерінде қарастырылды.
Батыстағы қазіргі экономикалық ой-пікірдің белгілі өкілі — Дж. Гэлбрейт (1908 ж.). Оның орыс тіліне аударылган "Жаңа индустриалды қоғам" (М., 1969), "Экономикалық теориялар және қоғамныңмақсатьг" (М., 1976) және "Капитализм, социализм, катар өмір сүру" атты кітаптары (М., 1988), бұрынғы кеңестік С. Меньшиковпен бірлесіп жазылды. Дж. Гэлбрейт экономиканы реттеу мәселелерін елеулі дамытумен бірге, Маркстен бөлек жаңа саяси экономия жасауға, адамзат дамуының әлемдік проблемаларын қарауға талаптанған.
XXгасырдың 20-жылдарында бұрынғы Кенес Одағының Мемлекеттік жоспарлау комитетінің жауапты қызметкерлері ғалым — экономистер Г. Фельдман, Н. Кондратьев, А. Чаянов, В. Немчинов, С. Струмилин КСРО экономикасын рынокқа көшіру мәселелеріиің баламалы бағдарламасын жасады. Олардың экономикалық теорияга қосқан үлестері өз алдына зерттеуді қажет етеді. Жалпы бұрынғы ойшыл. экономистердін теорияларын, ғылыми пікірлерді және тұжырымдарды қоғамдық дамудың уақыты мен орнына қарай шығармашылықпен пайдалану өмір талабы дер едік.
2.2 Экономикалық теорияның орны мен ролі, пәні және әдіс- тәсілдері
Адамзат қоғамын, оныңнегізі экономиканы зерттейтін ғылым саласы — экономиялық теория. Бұл теорияның даму сатылары сауатты азаматтардың баршасын да қызықтыратыны, ынталандыратыны сөзсіз. Өйткені қазіргі дәуірде экономика мәселелерінен мағлұмат алмаған адам өзін білімді маман қатарына. жатқызбақ тұрсын, күнделікті өмірге қажет сауалдарға да жауап бере алмайды. Экономика мен саясат тыгыз байланысты. 1985 жылдан бастап бұрынғы кеңес елінде түбірлі әлеуметтік-экономикалық сапалы өзгерістердің болуы халықтың, жеке ұлттардың қоғамдық сана-сезімін жандандырьіп олардың эконокикалық ой-пікірлерінің жаңаша қалыптасуына жол ашты.
Ғылым догма емес дегенді басшылыққа алсақ, саяси экономия пәнінің орнына экономиялық теорияның жалпынегіздері деп оку процесін жалғастыру қазіргі кезеңнің, қоғамдық дамудын ұзақ мерзімге арналған бағытын ескеруге, онымен бірге әлемдік экономикалык ой-пікірдін тиімді, елеулі деген үлгісін пайдалануға байланысты. Біздің ойымызша, тәуелсіз алған Қазақстанның ерекшеліктеріне сай өзінің экономиялық теориясы болу керек. Әрине, тәуелдікке ие болған ел, әлемдік елдер қауымынан, бұрын Кеңес Одағы құрамындагы елдерден оқшау болмақ емес, керісінше, экономикалық интеграция, халықаралық еңбек бөлінісі артықшылықтарын пайдалануы кажет. Кеиес Одағында Шығыс Еуропадагы социалистік елдерде қайта құру кезінде кең көлемді экономикалық дағдарыс басталды да, оның көрінісі қоғамдық өмірдің салаларын қамтыды. Осы мерзімнен бастап экономикалық ой-пікірдің дамуына көңіл бөлсек, 1985 жылы басталған кайта құру процесінің алғашқы 4—5 жылында әкімшілдіксоциализм моделі орнына социализмді онан әрі жетілдіру қажет деген ұран басшылыққа алынған саясат жүргізілді. Бұл саясат арқылы экономикалық даму процесін іске асыру мүмкін болмаған соң, экономиканы дағдарыстан шығарудыңбасқа жолы ізделді. 1991 жылдың соңында Кеңес Одағының ыдырауына байланысты бұрынғы одақтас республикалар, оның ішінде Қазақстан да ілгері дамудын, дағдарыстан жедел шығудың амалын іздей бастады. Осы киын-қыстау кезенде Республика Президентінің стратегиясы жарияланды. Бұл стратегия бойынша Қазақстан Республикасы ал-дағы 15—20 жыл мөлшерінде экономикасы дамыған елдер қатарына қосылуды, демократиялық құқықты мемлекет болуды көздеп отыр. Осы ізгі мақсатты жүзеге асырудың шешуші кепілі экономиканы өркендету, ендірістің тиімділігін арттыру, сол сияқты металл-машина жасау, отын-энергетика, халық тұтынатын өнеркәсіп бұйымдарын көбейту. Экономикалық өркендеудің бірден-бір даму жолы тауар-ақша қатынастарын кеңінен дамыту, сауда қатынастарын жетілдіру, рынок инфрақұрылымын қалыптастыру. Ондаған жылдар адамдар санасына сіңіп қалған социализм саяси экономиясы оқулықтарында тауар-ақша қатынастары женінде шындыққа сәйкес келмейтін қағида дәріптеліп келгені белгілі. Бұл қағида бойынша социализмде капиталистік елдерде кең тараған рынок қатынастары болмайды, бұл жағдайда бір орталықтан басқаратын өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарын жоспарлау, бөлу процесі іске асуға тиіс деген ұғым берік неғұрлым кең қолдану. Экономикасы тиімді дамыган елдер осы қатынастарды жан-жақты пайдаланып келеді.
Қазіргі тәуелсіз Қазақстанда жалпы табиғи-тарихи заңдылыққа сәйкес, ХХІ ғасырдын қарсаңында рыноктык қатынасқа бағыт алынды. Осыған орай кептеген күрделі мәселелерді тұңғыш рет шешуге ұмтылып келеміз. Эко-номикада әкімшілдік-шаруашылық жүйесінен арыла келе рынок шаруашылығына қажет алғы шарттар жасау максаты жүзеге. асырылуда. Рынок экономикасына кешу бір дүркің қозғалыс емес, ол тарихи тұрғыдан алғанда адамзат қоғамының көп жағдайда экономикалық және әлеуметтік прогресін айқындайтын табиғи процесс. Рыноктық катынастар алғашкы қауымнын ыдырау кезінде пайда болды да, оның өркендегеи дәуірі капиталистік қоғам екені де белгілі. Капитализмде адамның "рыноктық" тәрбиесі бала кезден- басталып, бүкіл өмір бойы кәсіпкерлікке, іскерлікке бейімделіп отырады.
Әрине біздің елімізге бүкіл әл емдік рынок экономикасының тарихын, даму сатыларын басынан өткізу міндет емес. Біз басқа мемлекеттердің тәжірибесін ескеруге тиістіміз. Қазақстан экономикасынын басқа мемлекеттер , тәрізді рыноктык қатынас бағытында дамуы сөзсіз. Осыған орай алға қойған мақсатымыз, қандай қоғам орнату, ол қоғамның әлеуметтік бейнесі кандай болмақ? деген сұрақ жиі қойылып жүр. Сондай-ақ кешегі әкімшілдік социализмнен кері қарай капитализмге көшудеміз деушілер де бар. Капитализм дегеніміз тарихи-табиғи калыптасқан, рыноктық тауар-ақша қатынасына жан-жақты дамыған қоғамдық құрылыс. Еркін бәсеке зандылықтарын зерттеген аса көрнекті экономистер Адам Смит, Давид Рикардо, Джон Стюарт Милль, Карл Маркс болса, бұл қоғамның XXғасырдағы ерекшеліктерін талдауда В. И. Лениннің, Джон Мейнард Кейнстің, тағы басқа зерттеушілердің енбектері ерекше рөл атқарды.
Қазақстан экономикасынан капиталистік қоғам туады деген қағида шындыққа жатпайды. Себебі, республика халық шаруашылыгы, оның өндіргіш күштері, ғылыми-техникалық мүмкіндіктері, халықтың тәжірибесі, ой-пікірі капиталистік жолға түсуге жол ашпайды. Демек, біздің экономикамыз әлеуметтік бағыт алған аралас рыноктық экономика болуға тиіс. Мұңдай қоғамды не капиталистік,не социалистік қоғам деп атауға болмайды.
Аралас экономика XIXғасырдың соңғы ширегінде өнеркәсіпті шоғырландыру процесі нәтижесіңде күрделі корпорациялар, монополистік ұйымдар арқылы пайда болды. XXғасырдың 30-жылдарында аралас экономика теориясына Д. М. Кейнс өз үлесін қосты. Кейнс мемлекеттік күрделі қаржылар баскармасын құру кажет деп санады. Сонымен бірге жекеменшік капиталы да керек деген пікір айтты.
Аралас экономиканың бірнеше белгілері бар. Бірінші белгісі — мемлекеттік меншіктің экономикада белгілі үлес салмағының сақталуы. Екінші белгісі — бұл экономика құн және жоспарлық қатынастар аркылы реттеледі. Осы тұтқалардықолдануды мемлекеттік жоспарлау орындары жүзеге асырады. Аралас экономиканың елеулі сипаты макро және микроэкономикалық дәрежеде ұйымдастыру, басқарудағы экономикалық тұткаларды кеңінен пайдалану.
Информация о работе Экономикалық теория және саяси экономия ғылымы