Қазақстандағы кәсіпкерлік істің мәні, түрлері мен типтері

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 20:47, курсовая работа

Краткое описание

Еңбек және еңбекақы есебі – жұмысшылар санының өзгеруі; жұмыс уақытының шығындары, өндірістік шығын сияқты мағлұматтар түгел қамтылатын дәлел әрі оперативтік деректерді талап ететін аса маңызды да күрделі жұмыстардың бірі болып табылады.

Оглавление

Еңбек ақы.................................................................................3,6 бет
Негізгі қорлар.........................................................................7,11 бет
Тауарлы-материалдық запастар………………………712,18 бет
Айналым капиталы………………………………………19,22 бет
Ақша қаражаттары……………………………………….22,23 бет
Инвестициялық қызметтер……………………………...24,26 бет

Файлы: 1 файл

ЭЛМИРА.doc

— 374.50 Кб (Скачать)
justify">    Кәсіпорында айналым қаражатының қажеттілігін анықтау кәсіпорынның өндіріс жоспары және өндіріс шығынының сметасымен үйлестіру керек. Мұнда қажетті мөлшерде өнімнің нақтылы түрлерін және оларды белгілі мерзімде шығаруды негіздеу қажет. Кәсіпорынның жеке айналым қаражатының қажеттілігін есептеген кезде мыналарды еске алған жөн. Жеке айналым қаражаттары өндірістік бағдарламаны орындауда тек негізгі өндірістік қажеттілікті өтеу ғана емес, сонымен қатар, кәсіпорынның негізгі қызметіне жатпайтын қосалқы және көмекші өндірістер, тұрғын үй, коммуналдық және т.б. шаруашылықтар және дербес баланста тұрмайтындар да өтелуі қажет.  

                       

                                          
 

                         

                 5.Айналым қаражаттарының есебі 

     Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым – қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі десек қателеспейміз. Ал ақша арқылы есеп айырысу белгілі бір заңға сәйкес жүргізілуді қажет етеді. Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгіленген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізіп отырады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:  

  • ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақытылы дер кезінде есептеу;
  • кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың түгелділігін және олардың тиімді пайдаланылуын бақылау;
  • есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорын ақшаларының кіріске алынуы мен шығыс етілуін дұрыс есептеу.

      Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды мәселе болып саналып отыр. Бәсеке қабілеттілігі – кәсіпорындар мен ұйымдардың бүгінгі күннің талабына сай, алдағы уақыттарда дамуына қажетті құрал – жабдықтармен қамтамасыз етілуін талап етеді. Ақшалар мен оның баламалармен (эквивалентін) дұрыс ашып көрсету және жіктеу кәсіпорын қызметінің нәтижесіндұрыс (нақты) бағалау үшін қажет.

      Ақшалай қаражатты басқару қаржы рыноктарының үлкен қиыншылықтарына байланысты күннен күнге маңызды болып келе жатыр. Бәсекеге қабілеттілік шаруашылық жүргізуші субъект жаңа енгізулер мен одан әрі даму үшін қаражат барлық жағдайда болуды талап етеді. Ақшалай қаражатты және оның баламаларын дұрыс ашып көрсету мен сыныптау компанияның өтемпаздығын дәл бағалау үшін қажет.

      Ақшалай қаражатқа міндеттемені жедел төлеу үшін қолдануға болатын қаржы ғана кіреді. Оларға қаржылық мекемелердегі ағымдағы шоттағы қалдықтар, қолма – қол қаражат, монеталар, валюта мен субъект кассасына нақты берілетін ақшалай құжаттар (жай чектер, кассалық ордерлер, клиенттердің чектері, ақшалай аударымдар және басқа есеп айырысу құралдары жатады.

     «Ақшалай қаражат қозғалысы туралы есептер» 7 қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары ақшалай қаражаттың баламалары деп қысқа мерзімдік, ақшалай қаражаттың белгілі бір сомасына айналатын және құндылықтар өзгеруінің аздаған тәуекеліне салатын жоғарғы өтемді салымдарды белгіленген. Олар инвестиция немесе басқа мақсаттар үшін емес, қысқа мерзімдік міндеттемелерді қанағаттандыруға арналға 

                5.Инвестиция қызметтері

   Инвестиция дегеніміз – табыс алу мақсатында кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлері, объектілері, ақша қаражаттар технологиялар, машиналар, жабдықтар, тауарлық белгілер, несиелер, басқа да мүліктік құқықтық интелектуалдық құндылықттар.

       Инвестициялық қызмет бұл – инвестицияларды салып және инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.

       Инвестициялаудың  тар кәсіпқойлық анықтамасы бұдан  да қатты, мұнда қаржы салымы ең алдымен  бизнестің материалдық бөлігіне жұмсалады: жабдықтарды сатып алу және орнату, техникаға, шикізатқа, ғимарат құрлысына. Қандай болмасын кәсіпорнының материалдық бөлігі негізгі және айналым қаржыларын енгізеді. Теоретиктер "мұның бәрін "нағыз капитал" терминіне қосып атайды.

       Енді  қаржыны кімдер салады ? Негізгі салымшылар кәсіпорындар, фирмалар, мемлекет және халық.

       Инвеетицияны  жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалар, бұлар коммерциялық тәуекелділікке қарай инвесторларға, кәсіпкерлерге, саудагерлерге және  ойыншыларға бөлінеді.

       Инвестор - бұл капиталды салған кезде, көбіне басқа біреудің ең алдымен ойлайтыны тәуекелділіктің аз болуы; инвестор – бұл күрделі қаржыны қаржыландырудағы делдал.

       Кәсіпкер - бұл белгілі бір тәуекедділікпен өз капиталың салушы адам.

       Саудагер - бұл белгілі, алдын-ала есептелінген тәуекелділікке баруға дайын адам.

       Ойыншы - қандай да болмасын тәуекелдікке баруға дайын адам.

       Инвестициялау мақсаты - табыс, пайда, кіріс. Кірісті қаржыны бизнестің материалдық бөлігіне салмай-ақ алуға болады. Бірақ белгілі жағдай, ұзақ мерзімді кәсіпорнының әрекеттерінде, олардың тек қана қаржылық - саудагерлік іс - әрекеттермен ғана шұғылданып, негізгі қорларын жаңартуды ұмытып кететіндері де болады. Ондайлар бәсекелестерінен қалып қояды, ал мұның өзі нарықтық даму жағдайында өте қауіпті болады.

       Сыртқы  экономикалық қызметтің  маңызды аспектісі - шетел инвесторларының қатысуы және республика экономикасын тұрақтандыру үшін шетел кредиттерін тарту. Бұл қаражаттар ұлттық шаруашылықтың құрылымын жетілдірудің басым міндеттерін шешу, рынокты тұтыну тауарларымен молайту және экспорттық әлуетті кеңейту үшін нысаналы әрі тШетелдік инвестицияларды тарту үшін қажетті жағдайлар жасалуы тиіс:

       1)шетелдік    инвесторлардың қызметімен байланысты  әкімшілік рәсімдерді ықшамдау: жұмыс істеу құқығына, ел ішінде  жүріп-тұруға, кедендік және шекаралық бақылаудан өтуге рұқсаттар беру, рұқсатнама беру болып табылады.

       2)елдің  ұлттық мүдделері үшін қызмет  түрлеріндегі басымды салық жеңілдіктерін  және басқа жеңілдіктерді беру  жеңілдетілген мөлшерлемелер, инвестицияларға  немесе кредиттерге салықтық шегерімдер, жеңілдетілген баждар, жеделдетілген амортизация.

       3)жерді,  жылжымайтын дүние-мүлікті пайдалану  құқығын 
қамтасасыз ету, қызметкерлерді оқытуға субсидиялар беру;

        

           Инвестицияның қызметі мен операциялары

        Инвестициялық қызмет бұл – инвестицияларды салып және инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.

      Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр

       Тікелей инвестициялар - бұл шаруашылық субъектісіне табыс алу үшін және осы шаруашылық субъектісінің басқару органдарына қатынасуға құқыққа ие болу үшін, жарғылық капиталға өзінің салымын салу.

       Портфельдік инвестиция - бұл өзінің портфелін құрап алумен байланысты және бағалы қағаздар мен басқадай активтерді сатып алу болады. Портфель - бұл әртүрлі инвестициялық құндылықтардың бірігіп жыйнақталғаны болады да, салым иесінің нақтылы инвестициялық мақсатқа жетуіне қызмет көрсететін құралы. Портфельге бағалы қағаздардың бір түрі   немесе әртүрлі инвестициялық бағалылықтар: акциялар, облигациялар, жыйнақ және депозиттік сертификаттар, аманаттық куәліктер, сақтандыру полистер және басқалары кіреді.

       Аннуитет - жеке адамның салған инвестициясы. Бұл зейнеткер болып кеткеннен кейін, кейбір аралықтарда оған үнемі белгілі кіріс әкеліп тұр Батыс елдердің бір қатарында қазіргі несие жүйесінде инвестициялық банктер өздерінің дамуын алды. Батыс елдердің инвестициялық банктердің пайда болып, басқа банктерден бөлінуіне еңбек бөлінісі және несие аясындағы мамандану әкелді.

       Инвестициялық банктердің негізгі  қызметі -ұзақ мерзімді ссудалық капиталды мобилизациялау және оны қарыз алушыларға акцияларды, облигацияларды және орналастыру арқылы, қарыздық міндеттемелердің басқа түрлері арқылы беру. Әр ірі фирма, корпорация әдетте өзінің инвестициялық банкісімен жұмыс істейді және сол банктің қызметін пайдаланады. Қазіргі инвестициялық банктердің екі түрі қызмет етеді:

       1.Бірінші  типті инвеегациялық банктер.

       2.Екінші  типті инвестициялық банктер. 
Мұндағы    бірінші    типті    инвестициялық банктер тек бағалы қағаздарды орналастыру және сатумен айналаысады. Ал екінші типті твестициялық банктерге келетін болсақ олар үзақ мерзімді несиелеумен айналысады.

       Батыс Еуропаның континенталды елдеріне және дамушы елдерге негізінен осы  атап кеткен екінші типті инвестициялық  банктер тән. Бірінші банктер XIX ғасырдың бірінші ширегінде жауапкершілігі шектелген серіктестіктер формасында құрылған болатын. Инвестициялық банктер аса тез дамуы XX ғасырдың 20-шы жылдарында байқалады.

       Инвестициялық банктердін пайда болуын негізінен  мемлекеттің бағалы қағаздарын орналастырумен байланысты деп көрсетеді. Кейіннен ұйымдастырудың акционерлік формасының пайда болуымен  олар  үлкен компаниялар мен корпорациялар үшін олардың акциялары мен облигацияларын орналастыру арқылы ақша қаражаттарын мобилизациялайды, жаңа компанияларды құруда, қайта құруда, біріктіруде белсенді қатысады, сонымен қатар мемлекеттік биліктің барлық деңгейінің мемлекетгік бағалы қағаздарын орналастырады, оның ішінде орталық үкіметтің бағалы қағаздарынан бастап, жергілікті әкімшіліктің бағалы қағаздарына дейін орналастырады.

       Бірінші типті иңвестициялық банктер  соңғы кезде көбінесе корпоративті секторлардың бағалы қағаздарымен операцияларды жиі жүргізеді. Мұндай банктер акциялар мен облигацияларды орналастыру арқылы өндіріс, транспорт және сауда кәсіпорындарының ақша қаражаттарын алуда делдал ретінде қатысады.

       Бірінші типті инвестициялық банктер капиталды тарту, бағалы қағаздар нарығында қызмет көрсету бойынша бірқатар функцияларды атқарады:

    • Акциялар мен облигацияларды қайта орналастырумен айналысады;
    • Халықаралық бағалы қағаздарды еуровалюта нарығында орналастыруда делдал болады;
    • Корпорацияларға инвестициялық стратегияның сұрақтары бойынша және бухгалтерлік есеп пен есеп беру жөнінде кеңестер береді.

       Қазіргі кезде бұл банктерсіз бағалы қағаздарды сату өте қиынға түседі. Көптеген компаниялар  инвестициялық банктердің көмегінсіз ұзақ мерзімді ақша қаражаттарын ала алмаған болар еді. Кейбір мемлекеттердің қазіргі тәжірибесінде мұндай банктер компанияның бағалы қағаздарын орналастырумен айналыспасада, компаниялар құрылып қызмет ете алмайды. Осындай елдердің қатарына келесі елдерді мысалға келтіруге болады: Канада, Ұлыбритания, Австралия, Америка Құрама Штаттары.

       Екінші  типті инвестициялық банктер  соғыстан кейінгі . Батыс Еуропаның  экономикасын қалпына келтіруде  және дамушы елдердің салаларын құруда үлкен рөл атқарды. Осыған байланысты келесі бірқатар елдерді ерекше бөліп көрсеткен дұрыс болады: Франция, Италия, Испания, Португалия, Скандинавия елдері. Аталған елдерде аралас және мемлекеттік инвестициялық банктер өндірісі ұзақ мерзімді несиелеудің және онда жаңа салалардың құрылуының жоғары деңгейін қамтамасыз етті. Аралас және мемлекеттік типтегі инвеетициялық, әлеуметтік экономикалық даму бағдарларын және экономиканы тұрақтандыру жоспарларын іске асыруға белсенді қатысты. Қазіргі кезде бұл инвестициялық банктер ссудалық капитал нарығында әртүрлі операцияларды жүргізеді: заңды және жеке тұлғалардың жинақтарын аккумуляциялайды, орта және ұзақ мерзімді несиелеу жүргізеді, жеке және мемлекеттік бағалы қағаздарға салымдар жасайды, әртүрлі қаржылық қызметтерді дамытады.

                  
 

              БИЗНЕС-ЖОСПАР

        Аннотация

    Тақырыбы: «Нұралы» кен орынындағы ұңғыманы пайдалануға  тапсырудың  бизнес-жоспары.

Информация о работе Қазақстандағы кәсіпкерлік істің мәні, түрлері мен типтері