Сұраныс пен ұсыныстың теориясы және әдіснамалық және тәжірибелік рөлі

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 10:17, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының экономика саласындағы ерекшеліктер мен бағаны тұрақтандырудың математикалық модельдеу әдістерін талқылау, нарықтық экономиканың негізгі элементі ретінде ұсыныс пен сұраныстың әдіснамалық және тәжірибелік рольіне аса ден қойып, зерттеп, ондағы тиімді модельдеу әдістерін таңдап алу, мемлекеттің баға тұрақтылығын қалыптастырудағы және оны реттеудегі өзіндік ұстанымдарына тоқталу болып табылады.

Оглавление

Кіріспе .............................................................................................................................
І. Ұсыныс пен сұраныс теориясының негіздері
1.1 Ұсыныс пен сұраныс теориялары
1.2 Сұраныс, ұсыныс қисығы, олардың баға емес факторларының өзгеруі..
1.3 Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекет етуі, рыноктық тепе-теңдік.
ІІ. Ұсыныс пен сұраныстың әдіснамалық-тәжірибелік рольі
2.1 Икемділік түсінігі, Сұраныс пен ұсыныстың икемділігі........................
2.2 Сұраныс пен пайдалалық.......................................................................
2.2 Ұсыныс және өндіріс шығындары
ІІІ-ТАРАУ. Сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігі туралы жалпы теорияның түйіні

3.1 Сұраныс пен ұсыныстың уақытша тепе-теңдігі
3.2 Қалыпты сұраныс пен өскелең қайтарым заңы тұрғысындағы ұсыныстың тепе-теңдігі
3.3 Тұтынушылық мінез-құлық теориясының негіздер
Қорытынды..................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................

Файлы: 1 файл

СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ТЕОРИЯСЫ курс.doc

— 502.50 Кб (Скачать)

 

10-графигі

 Р 


80  Е,


 



60



40


20D                                 Е

 

  


0     1 2   3

 

  Егер тұтынушы тек бір ғана тауар алса, онда 80 доллар төлеуге келісер еді. Екіншісіне (егер барлығы екеу болса) тұтынушы 60 доллар төлер еді. Екі тауардың әрқайсысының нарықтық бағасы бір мөлшерде – 60 доллар болар еді. ( Өйткені баға шекті бірліктегідеңгейде қойылады, ал екінші жағдайда да сондай баға). 1-тауардың пайдалылығын жеке бағалау – 80 доллар, 2 – 60 доллар, олардың сомасы 140 доллар. Бірақ екі тауар да бір бағамен сатып алынады. Өйткені тұтынушы барлығы (60+60)=120 доллар, үшінші тауарды сатып алуын 40 долларға бағалайды және бұл шектік пайдалылық үш тауардың да нарықтық бағасы (40+40+40)=120 доллар. Ал егер шектік пайдалылықты жеке бағалау арқылы анықтасақ, онда 80+60+40=180 доллар болады. Сонымен тұтынушының рентасы дегеніміз тұтынушы төлеуге келісім берген сома мен оның нақты төлеген сомасының арасындағы айырмашылық. А.Маршалл мұны былай деп түсіндіреді: Тұтынушы рентасы – тұтынушы төлеуге дайын болған бағаның, ол шын мәнінде төлеген бағадан артығы.

Графикте тұтыну рентасы торлаған үшбұрыш  DEE1. Баға төмен болған сайын тұтыну рентасының көлемі үлкен. Екі тауарды сатып алғанда 180-120=60 доллар. Тұтыну рентасы концепсиясын неоклассикалық мектеп өкілдері монополистік баға белгілеу, салық салу мәселелерін графикалық талдағанда кеңінен қолданылады.

Сонымен, сұраныс қисық  сызығының негізінде  жатқан факторларды  барынша талдадық. Сұраныстың өзгеруінің маңызды себебі, бағаның  кері қызметі ретінде тауардың шектік пайдалылығының азаюының орын алуында. Тек тауар бағасы төмендегенде ғана тұтынушы өзіне барынша аз қанағат әкелетін тауарларды сатып алуға дайын болады.

 

    1. Ұсыныс  және өндіріс  шығындары

Егер сатып  алушыны тауарды  алғанда бәрінен  бұрын қызықтыратыны  оның пайдалылығы  болса, онда сатушы үшін маңыздысы өндіріс шығындары. Жетілген бәсеке жағдайында өндіруш рынок бағасының деңгейіне іс жүзінде әсер ете алмайтын болғандықтан, нақ осы өндіріс шығындарының деңгейі пайда мөлшеріне де, өндірісті ұлғайту мөлшеріне де, анықтаушылық әсерін тигізеді. Сонымен, жиынтық ұсыныс жеклеген фирмалардың рыноктағы ұсыныстарының жиынтығы ретінде ақыр соңында өндіріс шығындарының деңгейіне тәуелді болады. Ал ұсыныс қисық сызығы, шығындардың өсумен тікелей байланысты. Ұсыыс пен өндіріс шығындарының өсуімен тікелей байланысты. Ұсыныс пен өндіріс шығындарының өзара байланысының негізгі түрлерін анықтайық. Шығындар екі үлкен категорияға бөлінеді: тұрақты және өзгермелі. Тұрақты шығындар дегеніміз өндірілген өнімдердің саны қандай болса да өзгермейтін шығындар. Оған үй-жайды жалдаудың төлемі, саймандарға жұмсалған шығындар басқару және әкімшілік қызметкерлерінің ақысы кіреді. Егер абцисс өсіне өнім көлемін Q ал ординат өсіне шығындарын салсақ, онда тұрақты шығындар FC абцисс параллель тік сызық болып көрінеді.

Өзгермелі шығындар өндіріс көлеміне тікелей байланысты өзгереді. Олар жұмыс  күші мен шикізаттар сатып алуға жұмсалған  шығындарға байланысты.


    11-графигі

C                  11-сурет


 

                   

            өзгермелі шығындар( US)


             тұрақты шығында (FS)


    0                                        Q

 

 

11-суретте өзгермелі шығындар тұрақты шығыдағы қосылған, сондықтан графикалық түрде тұрақты шығындардың сызығының үстінде бейнеленген. Өзгермелі шығындардың өсуі біркелкі емес, нөлден бастап өндіріс өскен сайын олар алдымен өте тез өседі, сосын өндіріс көлемі ұлғайған сайын жаппай өндірісте үнемдеу факторы білінеді де, өзгермелі шығындардың өсуі өнімнің ұлғаюына қарағанда баяулай түседі. Ары қарай өнімділіктің азаю заңының әрекеті басталғанда, өзгермелі шығындар қайтадан өндірістің өсуін басып озады. Жалпы барлық шығындар (ТС) өндірістің әрбір нақты деңгейіндегі тұрақты және өзгермелі шығыдардың жиынтығын көрсетеді. Шығындардың біркелкі емес өзгеруі мынаған әкеледі: өндіріс көлемі өскен сайын өнімге жұмсалған шығындар, немесе орта шығындар өседі. Орта шығындар жалпы шығындардың өндірілген тауарлар санының қатынасына тең болады. (Ас=ТС:Q) Шығындардың бұл түрінің рыноктық тепе –теңдікті түсіну үшін ерекше маңызы бар, өйткені кәспкер оларды барынша азайтуға тырысады. Орта шығындар қисық сызығы әдетте, U бейнелі формада болады.

Алдымен орта шығындар өте  жоғары. Бұл үлкен  тұрақты шығындардың  болымсыз өндіріс  көлеміне бөлінуіне  байланысты. Өндіріс  өскен сайын тұрақты  шығындар бұрынғыдай әр уақытта көп өнімге бөлінеді де орта шығындар тез төмендеп, ең төменгі деңгейі М нүктесіне жетеді. Өндіріс өскен сайын орта мөлшеріне тұрақты шығындар емес, өзгерсмелі шығындар әсер етеді. Сондықтан табыстар азаю заңының әсер етуіне байланысты қисық сызығы жоғары қарай көтеріледі.  Көңіл аударатын нәрсе, орта шығындар қисық сызығы орта тұрақты шығындар және орта өзгермелі шығындар қисық сызықтарына тікелей тәуелді. Орта шығындар қисық өндіріс көлемінде бір өнімге жұмсалған шығындар ең аз болатынын анықтауға мүмкіндік береді. Бір салады бірдей емес, әр түрлі фирмалар әр түрлі көлемдерімен, ұйымдасу дәрежесімен және өндірістің техникалық негізімен байланысты шығындардың әр түрлі деңгейімен әрекет етеді. Орта шығындардың  деңгейімен теңесуі бұл фирманың рыноктағы жағдайын бағалауға мүмкіндік береді.

Жетілген  бәсеке жағдайында бағаның  қандай да болса,қалыптасқан  деңгейінде өндірушілер  сол салаға енетін немесе одан ығыстырып  шығаратын «сыртқы  шек» деген болады. Бағаның көтерілуі  жаңа фирмалардың  пайда болуын, ескілердің сақталуын қамтамасыз етеді. Бағаның төмендеуі жоғары деңгейлі шығындары бар кәсіпорындар  зиянды етіп, оларды бұл саланы тастап кетуді мәжбүр етеді. 12-суретте фирманың нарықтағы үш жағдайы көрсетілген. Егер Р баға сызығының орта шығындар қисық сызығы ең төменгі М нүктесін жанап қана өтсе, онда шектік фирма дегенмен ісіміз болады да, ол бағаның осы деңгейінде тек өзінің ең төменгі орта шығындарын ғана жаба алады және оған осы салада қала ма жоқ па бәрібір М нүктесі бұл жағдайда нөлдік пайда нүктесі болады. Ерекше ескеретін жағдай, нөлдік пайда біз шекті фирма ешқандай пайда алмайды емес. Өндіріс шығындарына, әдетте, тек қана шикізаттарға, саймандарға, жқмыс күшіне жұмсалған шығындар ғана емес, сонымен бірге фирма өз капиталын басқа салаларға салса, одан алатын процент қосылады. Басқаша айтқанда «қарапайым пайда» тәуекел деңгейі бірдей барлық салалардағы бәсеке жолымен аяқталатын капиталдың қарапайымдылық қайтарымдылығы немесе кәсіпкерлік факторының сыйы ретінде шығындардың құрамдас бөлігі болып табылады. Әдетте кәсіпкерлік факторы  тұрақты фактор ретінде  қаралады. Осыған байланысты «қарапайым пайда» тұрақты шығындарға жатқызылады.

  12-графигі                    

С                                       C                                         C


 

                             АС                                        AC


                                                                                                                   AC

                                                                                                      M


Р           М                         P                M                      P


 

 

 


O                             Q         O     Q2    Q1 Q3                 O   Q

    1.                                      б)                                       в)

 

 Егер орта  шығындар бағанадан төмен болса ( 12, б-сурет), онда фирма тепе-теңдік жағдайында бола тұра «Қарапайым пайдадан» жоғары пайда алады, яғни үстеме пайда немесе «квазирента» алады.

  Егер фирманың  орташа шығындары өндірістің қандай көлемі болса да нарықтық бағадан жоғары болса ( 12, в-сурет), онда бұл фирма зиян шегеді және тарап кетеді, егер қайта құрылмаса немесе нарықтан кетпесе, орта шығындардың өсуі фирманың нарықтағы жағдайын сипаттайды, бірақ өзінен ұсыныс сызығын және өндірістің үлесімді көлемін анықтамайды. Шынында егер орта шығындар бағанадан төмен болса, (12, б-сурет), онда осының негізінде, Q1 ден Q2 дейін аралығында өндірістің пайдалы аймағы орналасқан, ал өндірістің Q1 көлемінде, ең төмен орта шығындар сәйкес келетін, фирма жеке өнімге шаққанда ең жоғары пайда алады. Алайда, Q1 нүктесін – фирма өзінің тепе-теңдігіне жететін өндірістің үйлесімді көлемінің нүктесі АС деуге бола ма? Өндірушіні жеке өнімге шаққандағы пайда емес, оның ең жоғары деңгейдегі жалпы көлемі қызықтырады. Орта шығындар сызығы бұл жоғары деңгейіне қай жерде жететінін көрсетпейді.

Осыған  байланысты шекті  шығындар дегенді, яғни барынша арзан  әдіспен өнім өндіруге байланысты қосымша  шығындарды қарау  қажет. Шекті шығындар – n, бірліктік өндірістің шығындарының айырмашылығы ретінде табылады.

МС=TCn - TCn -1

13-суретте шекті шығындардың өсіңкілігі көрсетілген. Шектік шығындардың қисық сызығы тұрақты шығындарға тәуелді емес, өйткені тұрақты шығындар қосымша өнімдер өндіре ме жоқ па бәрібір. Алдымен орташа шығындардан төмен деңгейде шекті шығындар азаяды.  Шекті шығындар орташа шығындардан төмен қалыпта қалады. Бұлай болатын себебі, егер жеке өнімнің шығындары азайса, әрбір келесі өнім өзінің алдындағы өнімнің орта шығындарынан аз тұрады, яғни орта шығындар шектіден жоғары болады. Сонымен, шекті шығындарсызығы орта шығындар сызығын, оның ең төменгі М нүктесінде қиып өтеді.

13-сурет

C              MC  AC   AVC



 

 

 

 

 

 

 

O                                   


                                       Q

Сонымен бірге  қосымша өнім өндіру, қосыша шығындар шығара отырып, басқа жағынан  қосымша табыстар әкеледі. Бұл қосымша  немесе шекті табыстың көлемі n және n – 1 өнімдерін сатудан түскендерінің айырмашылығын көрсетеді. Еркін бәсеке жағдайында өндіруші нарықтық бағаның деңгейіне әсер ете алмайды, сондықтан өз өнімдерін бәр ғана бағамен сатады. Бұл мынаны білдіреді: еркін бәсеке жағдайында қосымша өнімді сатудан алынған қосымша табыс өндірістің барлық көлемінде бірдей болады, яғни шектік табыс бағаға тең болады MR-R.

Шекті шығындар және шекті  табыс ұғымдарын  кіргізе отырып, фирманың тепе-теңдік нүктесін, немесе пайданың барынша  мүмкін көлеміне жеткеннен  кейін өндірісті  тоқтату нүктесін дәл анықтауға  болады. Ақиқаты, фирма  әрбір қосымша өндірілген өнім, қосымша пайда әкеліп тұрған кезде өндірісті ұлғайта береді. Басқаша айтқанда шекті шығындар шекті табыстан аз болған кезде, фирма өндірісті ұлғайта береді. Егер шекті шығындар шекті табыстан көп болса, онда фирма зиян шегеді. 14-суретте өндірістің ұлғаюына байланысты шекті шығындар қисық сызығы (МС) жоғары көтерілетіні және өндірістің көлеміне сәйкес М нүктесінде нарықтыө Р1 бағаға тең шекті табыстың көлбеу сызығын сызып өтетіні көрсетілген. Бұл нүктеден қандай да болмасын ауытқу, фирмаға өндірістің үлкен көлемінде не тікелей шығын ретінде немесе өнімдерді өндіруге кемітуге байланысты пайда көлемінің  азаю нәтижесінде залал әкеледі.

 

14-сурет


Р(с)

 

                                    МС


  Р1                           М           МR


 

 О                              Q1     Q


 

 

 

Сонымен фирма  тепе-теңдік шартын былай сипаттауға болады: МС=МР=Р. Пайдаға қолы жеткен әрбір бәсекелестепе-теңдіктің осы шартысақталатын өндірістің көлемін орнықтыруға ұмтылады. Шекті шығындар мен шекті табыстың ара қатынасы  кәсіпкерге үйлесімді –нд3р3ске 0ол жеткенін, әлде пайданың әрі қарай өсуін күту керек екенін хабарлайтын жүйесі. Алайда, фирма алатын пайданың көлемін шекті шығындар өсіңкілігінің негізінде дәл анықтауға болмайды, өйткені олар тұрақты шығындарды есепке алмайды. Фирма алатын  жалпы пайда жалпы саудадан түсіргені (ТР) мен шығындарының (ТС) арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. Өз кезегінде жалпы саудадан түсірген өнімнің санының бағаға көбейтіндісі (ТР=QxP) ретінде, ал жалпы (TC=QxAC) шығындар санының өнімдер санының орта шығындарға көбейтіндісі ретінде есептеледі. Сонымен,  бұрын жүргізілген шекті шығындар мен шекті табысты талдауды орта шығындар өсіңкілігін талдаумен жалғау арқылы ғана алынатын пайданың көлемін дәл анықтауға болады.

Мүмкін болатын нарықтық жағдайды қарайық. Егер баға сызығы мен шекті табыстың қайсы бір аралығында орта шығындардың жоғары қисық сызығы орналасса (15, а-сурет), онда М тепе-теңдік нүктесінде фирма «квазирента», яғни «қарапайым пайдадан» жоғары пайданы алады. Өндірістің үйлесімді Q1 көлемінде     C1 орта шығындар тең болады, сондықтан жалпы шығындар OCLQ1 тік бұрышының ауданын құрайды. Саудадан түсіргені тік бұращы) көп болады, ал торланған   C1P1VL тәк бұрышынығ ауданы үстеме пайданың жалпы көлемін көрсетеді.

Информация о работе Сұраныс пен ұсыныстың теориясы және әдіснамалық және тәжірибелік рөлі