Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 10:17, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының экономика саласындағы ерекшеліктер мен бағаны тұрақтандырудың математикалық модельдеу әдістерін талқылау, нарықтық экономиканың негізгі элементі ретінде ұсыныс пен сұраныстың әдіснамалық және тәжірибелік рольіне аса ден қойып, зерттеп, ондағы тиімді модельдеу әдістерін таңдап алу, мемлекеттің баға тұрақтылығын қалыптастырудағы және оны реттеудегі өзіндік ұстанымдарына тоқталу болып табылады.
Кіріспе .............................................................................................................................
І. Ұсыныс пен сұраныс теориясының негіздері
1.1 Ұсыныс пен сұраныс теориялары
1.2 Сұраныс, ұсыныс қисығы, олардың баға емес факторларының өзгеруі..
1.3 Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекет етуі, рыноктық тепе-теңдік.
ІІ. Ұсыныс пен сұраныстың әдіснамалық-тәжірибелік рольі
2.1 Икемділік түсінігі, Сұраныс пен ұсыныстың икемділігі........................
2.2 Сұраныс пен пайдалалық.......................................................................
2.2 Ұсыныс және өндіріс шығындары
ІІІ-ТАРАУ. Сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігі туралы жалпы теорияның түйіні
3.1 Сұраныс пен ұсыныстың уақытша тепе-теңдігі
3.2 Қалыпты сұраныс пен өскелең қайтарым заңы тұрғысындағы ұсыныстың тепе-теңдігі
3.3 Тұтынушылық мінез-құлық теориясының негіздер
Қорытынды..................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................
Егерде тауарлар бірін - бірі алмастыратын болса (май және маргарин), онда бір тауардың (май) бағасының өсуі екінші тауарға (маргарин) деген сұраныстың ұлғаюына әкеледі.
Сатыпалушылық сұранысқа әсер ететін факторлар
Ұсыныстың баға емес факторлары
Ұсыныстың бағалық емес детерминанттары
Ұсынысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:
1.3. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекет етуі, рыноктық тепе-теңдік
Рынокты дамыту барысында сатушылар мен сатып алушылардың өзара бейімделуі әске асырылады. Бұл кезде қажетті ақпараттың тез айырбасталуына көмектесетін бағалар маңызды рөл ойнайды. Олар айырбас шарттарын нарықтық экономикаға қатысушылардың бәрі үшін қарапайым, анық және стандартты жасайды. Тепе-Теңдік нүктесі Е-мен белгілейді (латынның Equilibrium сөзінен)
Тепе-теңдік нүктесінде Pe=Ps=Pd
Ондағы Pe – тепе-теғдік бағасы; Ps – ұсыныс бағасы, Pd – сұраныс бағасы;
3-графигі Тепе-теңдік баға және одан ауытқу |
Р Артықшылық S
Р2 PЕ
Р1
QЕ Q |
Бұл мынаны білдіреді: Qe=Qs=Qd Q=көлем
Тепе-теңдік баға-бәсеке күштер әрекеті нәтижесінде сұраныс пен ұсынысты теңестіруші баға. Тепе-тең бағаны құру –белгілі бір уақыт санын қажет ететін процесс. Жетілген бәсекежағдайында сұраныс бағасының ұсыныс бағасына, сұраныс көлемі мен ұсыныс көлеміне тезөзара бейімделуі жүреді. Тепе-теңдік орнау нәтижесінде тұтынушылар да, өндірушілер де ұтады.
4-графигі Cұраныс пен ұсыныс өзгерістерінің бағаларға әсер етуі
Р D’ S D
Р2 Е’ E PЕ Р1
Саны |
Р
Р2 Е’ PЕ Р1
|
|
Егер кейбір себептермен ұсыныстың қисық сызығы солға ығысса, теңдестіргіш бағаны айқындайтын қиылысу нүктесі ұсыныстың қисық сызығының бойымен жоғары ауысады да, Р көтерілуін және Q қысқаруын көрсетеді.
Егер сұраныстың қисық сызығы оңға ойысса, теңдік нүктесі ұсыныстың қисық сызығы бойымен жоғары ауысады.
5-графигі Сұраныс пен ұсыныстың қисық сызықтары
«Сұрқай» Оқу курсын Кепілхаттар Шетелдік
Тауар аяқтағандар немесе жер Валюта
P
P
P
D
D
S S
E
S
S
D Q Q S D
Q
Саны
саны
саны
Мұнда сұраныс пен ұсыныстың қисық сызықтарын қолданудың әртүрлі жағдайлардағы мысалдары келтірілді.Байқасаңыз,мына суреттерде алдыңғы суреттерден айырмашылығы-қисық емес,керісінше түзу сызықтар салынған.Басқа да диаграммалар сияқты,сұраныс ұсыныс кестелерін экономистер көбінесе оңайлатып жасайды,өйткені бұлай ету оларды көзбен көріп қабылдауды жеңілдетеді.Әйтсе де ондай кезде шын эмперикалық қисық сызықтарға әбден қолайлы жақындау мүмкін болады,кері жағдайда еш қиындықсыз-ақ бұл түзу сызықтарды түрлендіруге болады.
Мысалы:университет бітірген инженер-электриктердің еңбек ұсынысы салыстырмалы тұрақты көлем болып табылады.Ал ол екінші суретте ұсыныстың тік сызығымен берілген,дегенмен бұл бәрібір белгілі асыра көрсету,егер жалақыны елеулі төмендеткен жағдайда,оқу курсын бітірген инженерлердің бірқатары басқа салаларға жұмыс істеуге кетеді, ал кейбіреулері аспирантураға түседі. Сол себепті төменгі жалақы болғанда, SS қисық сызығы оңтүстік-батысқа қисаяды.
ІІ. Ұсыныс пен сұраныстың әдіснамалық-тәжірибелік рольі
2.1 Икемділік түсінігі, Сұраныс пен ұсыныстың икемділігі (эластикалығы)
Сұраныс пен ұсыныс көлемдерінің тауардың нарықтағы бағасына тәуелділігі нақты қарауды керек етеді. Әр түрлі рауарлар бір-бірінен сұраныс пен ұсыныстың бағаның өзгеруіне жауап беру деңгейімен ерекшелінеді. Икемділік - бұл белгілі бір фактордың 1% өзгеруіне жауап ретінде сұраныс пен ұсыныстың қанша процентке өзгергенін анықтайтын көрсеткіш. Ол көрсеткіш проценттік өзгеру қатынастарымен анықталады.
Сұраныстың бағалық икемділігі – тауар бағасының 1% өзгеруі сол тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінін көрсетеді, яғни бұл көрсеткіш сұраныс көлемінің осы тауар бағасының өзгеруіне сезімталдығын анықтау үшін қолданылады.
ЕPD = ∆ Q%
∆ Р%
Мұнда ЕPD – сұраныстың бағалық икемділігінің коэффиценті;
Q% - сұраныс көлемінің қатысты өзгеруі;
Р% - бағаның қатысты өзгеруі;
Сұраныстың табыстық икемділігі – бұл көрсеткіш тұтынушы табысының 1% өзгеруі осы тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінен көрсетеді. Бұл коэффициент тауардың сапалылығын анықтайды.
ЕіD = ∆ Q%
∆ I %
Мұнда: ЕіD – сұраныстың табыстық икемділігінің коэффициенті,
Q % - сұраныстың өзгеруі,
І % - табыстың өзгеруі.
Көптеген тауарларға ЕіD – оң сан, бірақ та қайсы бір жағдайларда ол теріс санда болуы мүмкін яғни табыс өскен сайын сатып алынған игіліктердің саны азаятын болса.
Бірін - бірі алмастыратын және толықтыратын тауарлардың болғандығынан, бір тауардың бағасының өзгеруі екінші тауардың сұраныс көлемінің өзгеруіне әсер етеді. Бұл байланысты анықтау үшін сұраныстың қиылысқан икемділігі деген көрсеткіш қолданылады. Бұл көрсеткіш У тауарының бағасы 1% -ке өзгерген кезде Х тауарынан сұраныс көлемі қанша процентке өзгеретінін көрсетеді және төмендегі формула арқылы есептеледі:
ЕхуД = ∆ Qх%
∆ Ру%
Мұнда: ЕхуД – қиылысқан икемділік коэффициенті;
∆ Qх% - Х тауарына сұранысына қатысты өзгеруі;
∆ Ру% - У тауар бағасының өзгеруі.
Информация о работе Сұраныс пен ұсыныстың теориясы және әдіснамалық және тәжірибелік рөлі