Сұраныс пен ұсыныстың теориясы және әдіснамалық және тәжірибелік рөлі

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 10:17, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының экономика саласындағы ерекшеліктер мен бағаны тұрақтандырудың математикалық модельдеу әдістерін талқылау, нарықтық экономиканың негізгі элементі ретінде ұсыныс пен сұраныстың әдіснамалық және тәжірибелік рольіне аса ден қойып, зерттеп, ондағы тиімді модельдеу әдістерін таңдап алу, мемлекеттің баға тұрақтылығын қалыптастырудағы және оны реттеудегі өзіндік ұстанымдарына тоқталу болып табылады.

Оглавление

Кіріспе .............................................................................................................................
І. Ұсыныс пен сұраныс теориясының негіздері
1.1 Ұсыныс пен сұраныс теориялары
1.2 Сұраныс, ұсыныс қисығы, олардың баға емес факторларының өзгеруі..
1.3 Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекет етуі, рыноктық тепе-теңдік.
ІІ. Ұсыныс пен сұраныстың әдіснамалық-тәжірибелік рольі
2.1 Икемділік түсінігі, Сұраныс пен ұсыныстың икемділігі........................
2.2 Сұраныс пен пайдалалық.......................................................................
2.2 Ұсыныс және өндіріс шығындары
ІІІ-ТАРАУ. Сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігі туралы жалпы теорияның түйіні

3.1 Сұраныс пен ұсыныстың уақытша тепе-теңдігі
3.2 Қалыпты сұраныс пен өскелең қайтарым заңы тұрғысындағы ұсыныстың тепе-теңдігі
3.3 Тұтынушылық мінез-құлық теориясының негіздер
Қорытынды..................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................

Файлы: 1 файл

СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ТЕОРИЯСЫ курс.doc

— 502.50 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасы білім және ғылым  министірлігі


 

 

 

                                                              

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

           

 

 

Тақырыбы:

«Сұраныс  пен ұсыныстың теориясы және әдіснамалық және тәжірибелік рөлі »

 

 

 

 

 

                                                                             

                                         

                                                                  Орындаған: Болысбек Айгерім

                                  Қабылдаған: Ауелбекова Айгүл

 

 

 

          

 

 

 

 

 

 

Астана-2011 ж

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе .............................................................................................................................

 

І. Ұсыныс пен сұраныс теориясының негіздері 

 

1.1 Ұсыныс пен сұраныс теориялары

1.2 Сұраныс, ұсыныс қисығы, олардың баға емес факторларының өзгеруі..

1.3  Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекет етуі, рыноктық тепе-теңдік.

ІІ. Ұсыныс пен сұраныстың әдіснамалық-тәжірибелік рольі

 

2.1 Икемділік түсінігі, Сұраныс пен ұсыныстың икемділігі........................

2.2 Сұраныс пен пайдалалық.......................................................................

    1. Ұсыныс және өндіріс шығындары

 

ІІІ-ТАРАУ. Сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігі туралы жалпы    теорияның түйіні

 

 

3.1 Сұраныс пен ұсыныстың уақытша тепе-теңдігі

3.2 Қалыпты  сұраныс пен өскелең  қайтарым заңы  тұрғысындағы ұсыныстың  тепе-теңдігі

3.3 Тұтынушылық мінез-құлық теориясының негіздер

 

Қорытынды.................................................................................................. 

Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................

 

 

  

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 

 Қазақстан  Республикасы  өз  тәуелсіздігін  алғалы  бері  өзі  қатарлы  ТМД  мемлекеттері  арасында  экономикалық,  әлеуметтік,  саяси  және  мәдени  салаларында  көш  басшы  атанып  келеді.  Бұл  еліміздің  қай  саласын  алып  қарасақ  та  халықтың  әлеуметтік  жағдайын  жақсарту  мақсатында  жасалынып  жатқан  игі  істер  мен   экономикалық  жағдайды  көтеруде  алдыңғы  қатарлы  озық  ойлар  мен  пайдалы  қадамдар  жасалынып  жатқандығын  көрсетеді.

Тәуелсіздік алғанға дейін  Қазақстан да нарық  қатынастарының дамуын тежейтін шаруашылық болды. Оның себептері: жалғыз мемлекеттік  меншікті  пайдалануға  бағытталған көпсубькетілік шаруашылық жүйесі; макродәрежедегі өндірістік-экономикалық процесстердің тым қатал реттелуі; микродәрежедегі шаруашылық өмірде экономикалық бостандықтың шектелуі; барлық шаруашылық құрылымдарды материялдармен бір орталықтан қамтамасыз ету.

Егемендігін алғаннан кейін Қазақстан, нарықтық экономикаға көшіп, жаппай жекешелендіру процесстерін бастан кешірді.  Қазақстан  нарықтық экономикаға өту арқылы нарықтық экономикалы ел ретінде халықаралық деңгейде танылды.

Нарықтық  экономикалық жүйе  жалпы түрде экономиканың негізгі мәселелерін шешу мақсатында өндірушілер мен тұтынушылырдың өзара әрекет ететін шаруашылықтарды үйымдастыру формасы деп анықтауға болады. Нарық – қоғамдық еңбек бөліндісі негізінде оқшауланған өндірушілердің арасындаңы үстемдік етуші жіне анықтауышы байланыс әдісі ретінде көрінеді.

Тауар өндірісі жағдайында  нарықтық байланыстар  экономикалық қатынастардың  барлық жүйесін және барлық субьектілерін  қамтиды. Нарықтың құрамына өз жұмыс күшін сатушы кәсіпкерлер де, еңбеккерлер де, соңғы тұтынушылар да, қарыз капиталының және бағалы қағаздардың иелері де кіреді. Осыған сәйкес, қазірігі нарықтық экономика рыноктардың бүгінгі бір жөйесі тауар мен қызметтер, жұмыс күші, қарыз капиталдарының, бағалы қағаздардың, волюталық рынок және басқаларының маңыздылығы ерекше. Алайда, қандай нарық болса да, оның нақты түріне байланыссыз 3 негізгі элементке: бағаға, сұраныс пен ұсынысқа, бәсекеге негізделеді.

Сұраныс пен ұсыныстың  жалпы жағдайларындағы  өзгерістерді ерекше оқиғасы ретінде  қарастырылатын салықтың салдарын ең бастапқы зерттеудің өзі-ақ, сұраныс пен ұсыныстың тепе-тең жағдайы -бұл барынша қанағаттану жағдайы, тек сол тар мәнінде дұрыс, егер екі мүделлес жақ-тардың жиынтық қанағаттануы тепе-теңдіктің өзіне қол жеткізгенше және егер тепе-теңдік жағдайы деңгейінен жоғары кез келген өндіріс көлемін тұрақты ұстап тұру мүмкін болмаса, сатып алушылар мен сатушылардың әрқайсысы жеке адам ретінде өз мүделлері тұрғысынан әрекет етеді.

 

 

  Тақырыптың  өзектілігі: мемлекет  өзінің  ішкі  экономикасын  біршама  тұрақтылықта  дамытуда. Бағаны   тұрақтандыру  әр қашан  алдын  ала  өз  жоспарлары  арқылы  есептелінетін  елдің  экономика  саласындағы  ұтымды  қадамдарымен  қамтамасыз  етіледі.  Осы  орайда  баға  мен  елдегі  инфляция  шараларының  арасындағы  байланыстарды  жүйелі  түрде  шешу  мен  мемлекеттің  игілігіне  қызмет  жасауын  қадағалау  негізгі  бағыттардың  біріне  саналады.  Тауардың бәсекелік рыногына сұраныс пен ұсыныстың әрекет ету механизмі және сұраныс пен ұсыныс тең болған деңгейде нарықтық бағаның қалыптауы ел экономикасының тұрақты дамуының негізгі көрсеткіші.   

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан  Республикасының   экономика саласындағы ерекшеліктер мен бағаны  тұрақтандырудың   математикалық  модельдеу әдістерін  талқылау, нарықтық экономиканың негізгі элементі ретінде ұсыныс пен сұраныстың  әдіснамалық және тәжірибелік рольіне аса ден қойып, зерттеп, ондағы  тиімді  модельдеу  әдістерін  таңдап  алу, мемлекеттің  баға  тұрақтылығын қалыптастырудағы және оны реттеудегі  өзіндік  ұстанымдарына  тоқталу  болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеті: Қазақстан Республикасының  ұсыныс пен сұраныстың әдіснамалық-тәжірибелік рольіне  талдау жасау арқылы  ондағы  модельдеудің  жеке  үлгілеріне  назар  аудара отырып тақырыптың мақсатына жету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Ұсыныс пен сұраныс теориясының негіздері

 

1.1 Ұсыныс пен сұраныс теориялары

 

Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері. Сұраныс ақшалай камтамасыз етілген тұтынушының қажеттілігі немесе сұраныс төлем қабілеттілігі бар қажеттілік. Құндық тұрғыдан сұраныс осы қажетті  тауарлардың санасын құрайды

Сұраныс заңы – тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі, яғни тауарға баға  төмендегенде  тұтынушы оны көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныс азаяды.

Сұраныстың  қисығы – бұл сұраныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтағы нүктемелер белгілі бір уақыттағы тұтынушының тауарды қандай бағамен және қанша мөлшерде сатып алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. 7.1. графиктегі  көлденең осьте сұраныс көлемі (Q), ал тікелей осьте (Р) – тауардың бағасы, сұраныстың  қисығы (Д).

1. графигі . Сұраныстың қисығы

2. графигі. Сұраныс қисығының жылжуы

 

        Р

 

   Р1                       А

 

   Ро                                      

 

                                            В

                                                   

                                                              

                                                               D

 

 

      

                              Q 1           Qо                Q         

 Р

                                       

 

                                                       D1

                                               

                                                     D  

 

                                                 Do

 

                                                 

                                                                  

                                                                    Q

Бағаның өзгеру әсерінен сұраныс көлемінің өзгеруі сұраныс қисығының өз бойымен жылжуынан көрінеді.

Бағасыз факторлардың әсері сұраныстың өзгеруіне әкеледі,ол қисық сыздықтың орнынан жылжуынан көрінеді: оңға - жоғары (өсуі); солға – төменге (азаюы).




 

 

 

 

 

Біз қандай да бір тауар рыногында қалыптасушы ситуацияны қарастырсақ, тауар бағасы мен сатылған (өткізілген) тауар саны арасында белгілі бір байланыс бар екенін оңай байқаймыз. Тауар бағасы төмен болған сайын сатып алушыар сатып алғысы келетін оның көлемі де көп болып, оған деген сұраныс жоғары болады. Мысалы, бағасы 60 теңге болғанда сатып алушылар Х игілігінің бір бөлігін ғана сатып алғысы келсе, бағасы 30 теңге болса – үш бірлікті, 20 теңге болғанда – 4 бірлікті және т.б.алғысы келеді. Баға мен сұраныс шамасыарасындағы кері тәуелділік сұраныс заңы деп аталады

Cұраныс қызметі(demand function) –сұранысты оған әсер ететін әртүрлі факторларға байланысты анықтайтын қызмет. Оның ішінде ең маңыздысы осы кездегі игілік бірлігінің бағасы болып табылады. Баға төмен болған сайын сұраныстың жоғарғы және керсінше болады. Баға өзгеруі сұраныс

 қисығы бойынша  қозғалысты көрсетеді.

Экономикалық теорияда сұраныс қисығында тәуелсіз өзгерушіні (баға) тігінен, ал тәуелдіні (сұраныс) көлденен осьіне қою қабылданған.

Бейнеленген қисық белгілі бір уақыт кезіндегі баға жағдайы мен Х өнімнің сатып алынған көлемін сипаттайды. Одан теріс еңкеюді байқауға болады, бұл сатып алушылардың өз бағасы кезінде игіліктің көп санын сатып алғысы келетінін білдіреді. Жалпы түрі:

 

Qd=F(P)   Q-сұраныс шамасы(demand); P-бағасы;

 

Ұсыныс – бұл өндірушінің белгілі бір уақытта, белгілі бір бағамен нарықта сатуға дайындаған тауарларының саны.

Ұсыныс тарапынан рынокқа  қалыптасушы жағдайды қарастырсақ,, ұсыныс шамасының бағаға тәуелділігі  тікелей екенін байқау оңай, баға жоғары болған сайын, сатушылар ұсынуға дайын тауарлар саны көп болады. Мысалы, бағасы 20 теңге болғанда өндірушілер Х игілігінің тек 2 бірлігін, баға 30теңге болғанда төрт бірлікті, 50 теңге бағада алты Х игілігі бірлігін сатуға келіседі. Жалпы түрі:

Qs=f(P)   Q-ұсыныс шамасы(supply); P-бағасы;

 

Ұсыныс заңы – бұл баға  мен сатылатын тауар санының арасындағы тікелей қатынас, яғни тауардың  бағасы өскен сайын оның сатуға дайындаған саны да молаяды (басқа жағдайлар тұрақты болғанда) және де керісінше.

Ұсыныстың қисығы – бұл ұсыныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтың нүктелері бағалардың белгілі бір мерзімде  өзгеруінен сатушылардың нарықта қанша тауар ұсынатынан көрсетеді.

Ұсыныс қызметі (supply function) ұсынысты түрлі факторлар әсеріне байланысты анықтайды. Біз анықтап алғанымыздай, осы уақыт ішіндегі игілік бірлігі бағасы маңыздылардың бірі болып табылады. Баға өзгеруі ұсыныс қисығы бойынша қозғалысты білдіреді.

 

 

1.2  Сұраныстың баға емес факторларының өзгеру

 

Нарықтық  сұраныс көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады. Сұранысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

Сұранысқа әсер ететін факторлар

 

Сұраныстың  бағалық емес детерминанттары  


 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Тұтынушылардың  табысы. Табыс өскен сайын  тұтынушылардың сұранысы да өседі.
  2. Тұтынушылардың саны. Тұтынушылар саны молайған сайын  сұраныс та өседі.
  3. Тұтынушылардың талғамы (ұнатуы, ұнатпауы, жаңа үлгідегі  тауарлар)
  4. Бірін бірі  алмастыратын және бірін - бірі  толықтыратын тауарлардың бағаларының өзгеруі. Егерде тауарлар бірін - бірі  толықтыратын болса (автомобиль және бензин), онда бір тауарлардың (автомобиль) бағасының өсуі екінші тауарға (бензин) деген сұраныстың азаюына әкеледі.

Информация о работе Сұраныс пен ұсыныстың теориясы және әдіснамалық және тәжірибелік рөлі