Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы отын-энергетика кешенінің даму мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 12:49, реферат

Краткое описание

Диплом тақырыбының маңыздылығы, көкейкестілігі. Қазақстанның әлемдік мұнай нарығына шығуы мұнай нарығын дамытудың негізгі бағыт – бағдарын мұнай экспорттаушы – мемлекеттер мен алдыңғы қатарлы мұнай компанияларының негізгі заңдылықтарын, халықаралық мұнайгаз жобаларын жүзеге асырудың негізгі шарттарын, мұнай саласын қаржыландыру мен инвестициялау мәселелеріне елдің қатысуының саяси және экономикалық салдарының зерттеу қажеттілігі мен өзектілігін тудырады.

Оглавление

Кіріспе.................................................................................................................2
1 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай өнеркәсібі саласының дамуы
1.1 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай саласы........................... 3-4
1.2 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай өндірудің болашағы............................................
1.3 Көмірсутекті шикізатты тасымалдау мәселелері..............8-10
1.4 Көмірсутекті шикізат өндірудің тиімділігін арттыру............................11-13
1.5 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай өңдеу мен мұнай химиясының өзекті мәселелері
2 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы газ өнеркәсібі
2.1 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы газ өнеркәсібі дамуының жалпы бағыт бағдарлары............................ 18-20
2.2 Батыс Қазақстан аймағындағы газ өнеркәсібін реттеу мәселелері
2.3 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы газ өндіруді дамытудың болашағы мен мәселелері
Қорытынды....................................................................................................60-62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................

Файлы: 1 файл

аймактык реферат.doc

— 594.50 Кб (Скачать)

Ресми мәліметтер бойынша, еуропалық қуат балансындағы экологиялық таза отын ретіндегі газ үлесі 19-дан 21%-ға өсті және өсудің тұрақты тенденциясын ұстанады: 2010ж. газтұтынудың өсу болжамы шамамен 415-435 млрд м3 бағаланып отыр.

Қазіргі уақытта Еуропада газ өнеркәсібінің қызмет атқаруы мен ұйымдастырудың біріктірілген моделі жоқ. Еуропалық елдердің газ нарықтары кейбір жағдайларда болмаса, жалпы либерализацияланбаған. Көптеген жағдайларда мемлекеттер отандық газөндіру салаларын (егер бұндай бар болса), сонымен қатар газдың магистральды транспортын бақылайды.

Газдың ірі экспортері болып табылатын Нидерланды мен Норвегияда табиғи газды өндіру және ұлттық ресурстарын коммерциялық қолдануды қатаң бақылау жүргізіледі.

Норвегияда газ өндірушілері біріккен қызмет туралы келісім құруы тиіс, соған сәйкес өндірілетін газды сату шарттары жөнінде келісімдерді арнайы орган – газ бойынша келісімдер жүргізу Комитетімен жүргізіледі, онда үш негізгі норвег газ компаниялары ұсынылған. Егер, комитет ортақ пікірге келмесе, ол ақырғы шешім үшін үкіметке жүгінеді. ГКК құруда ол норвег газының жалғыз экспортері ретінде болады және сөйтіп, газ сатып алушылардың ірі еуропалық консорциумының қысым дәрежесін төмендетуге мүмкіндік береді деп болжанған.

Нидерландыда барлық газды орталықтандырылған сатып алу мен қайта сату  жартылай мемлекетке жататын, ел заңдылығымен қызмет атқаратын «Ггазюни» компаниясы жүргізеді. Газ өндіру де заңды реттеу мен үкіметтің бекітуіне жатады.

Ұлыбританиядан басқа жерлердің барлығында газтранспорттық жүйеде үшінші тараптар жоқ немесе олардың қол жеткізуі өте қиын. Бірқатар елдерде, мысалы Германияда тәуелсіз газөткізгіштер салу үшін жеткілікті кең мүмкіндіктер ұсынылады. Бірақ сонымен бірге дәл сол Германияда соңғы тұтынушы үшін жеткізушілердің бәселестігіне кедергі болатын газ нарықтарын аймақтандырудың арнайы жүйесі қолданылады /45/.

Еуропалық комиссия ЕО мүше-елдерінде газ нарығы ұйымдастырудың ортақ ережелері және ұлттық модельдерден ортақ газ нарығы қызметіне көшу туралы мәселені шешуді бірнеше рет қолға алды. Мысалы, 1994 ж. лицензиялау жүйесі ашық саудаға негізделуі керек, жариялы және отаршылдық емес сипатта болуы керек деп бекіткен көмірсутекті шикізат жөніндегі директива қызметіне енгізілді. 1990-1991 жж. ЕО мүше-елдерінің тәуелсіздік құқығын қозғамайтын ішкі энергетикалық нарық құру туралы директива қабылданды. Бірақ 1992 ж. жарияланған және өндіру және тасымалдау функцияларын бөлуді ұсынған, сонымен қатар үшінші тараптардың қол жеткізуіне рұқсат беретін газ нарығын либерализациялау туралы директива жобасы үлкен талас туғызды және толықтай жүзеге асырылған жоқ. 1996 ж. соңында ЕО Кеңесінің Бас хатшысы газ өнеркәсібінің жұмыс принциптері туралы президенттік ымырашыл ұсыныс дайындады, ол да қатаң пікір-талас объектісіне айналды және әзірге түбегейлі қабылданған жоқ. Қарама-қайшы пікірлер негізінен жаңа енгізулер ЕО әртүрлі елдеріндегі жеткізушілер мен тұтынушылардың тепе-теңдігіне әкелмейді дешег қауіптен туындайды. Бұл түсінікті де, себебі еуропа елдеріндегі газ нарығының айырықша ұлттық қатысушыларының орны жақсы қорғалған, және ең басты қауіпті үлкен газ компаниялары халықаралық бәсекелестік пен нарықтың ашылуынан көреді.

АҚШ-тағы 80-ші жылдардағы газ өнеркәсібін қарқынды қайта құру көбіне бірқатар себептер бойынша болған газ сұранысының құлдырауымен туындалды. Олардың бастысы – түрі бойынша өте қатаң, дәстүрлі, бірақ аз бағдарланған экономикалық ынталандыру және бәселестікті дамыту, газ өндірудегі, тұтынушылардағы бағаны бақылауды қамтитын реттеу.  Бұған паралельді «ал да төле» принципі бойынша ұзақ мерзімдік шарттар жүйесі құрылған. Бұндай жүйе тек қана жеткілікті тұрақты немесе отындық-қуаттық ресурстардың альтернативті түрлеріне өскен баға жағдайларында болуы мүмкін. 80-ші жылдар басында мұнай бағалары төмендей бастады, АҚШ газ өнеркәсібіндегі баға қалыптастыру мен реттеу тәсілдерінің  иілгіштігінің жоқтығы оны бәсеке қабілетсіз етті, газға деген сұранысты қысқартты және ұзақ мерзімдік шарттардың орындалуын қиындатты. Жақын арада бұндай жағдай Канада газ өнеркәсібінде де туындады.

Қазір осы мәселелердің шешілуіне екі бағыт қалыптасты. Олардың біріншісіне сәйкес, басқа отындық-қуаттық ресурстарды жеткізушілермен газ өнеркәсібінің сыртқы бәсекелестігі толық жеткілікті. Бұндай бәсекелестікті көрсету үшін көп жағдайларда, соның ішінде импортты-экспорттық шарттарда газ бағасы үшін басқа ресурстардың (мазут, көмір, электр қуаты және т.б.) «баға кәрзеңкесі» қосындысы түріндегі формуланы қолданылатын болды. Келісім шарттарының бұл өзгерістері мұнай дағдарыстарынан кейін кең таралды. Бұнда шығындарды тұрақты құрайтын жоғары үлесін ескере отырып, көмір мен ядролық қуат компонентін енгізу газ келісімдерінде қажетті болатын тұрақтандыру факторы ретінде қарастырылады. Сыртқы бәсекелестікке иілгіш жауап қайтарумен қатар басқа да бағыт газ өнеркәсібінің оның тиімділігін көтеру ынталандыру үшін ішкі қайта құруларды қарастырады.

Солтүстік Америкада дағдарыстық құбылыстар 70-ші жылдар соңында екінші бағыттың жүзеге асуына ықпал етті. 1984 ж. АҚШ-та бір уақытта ұзақ мерзімдік келісімдерде кіші көлемдерді төлеу шарттары алынып тасталды (бұл сол уақытта газ сатушылары да болып табылатын құбырөткгізгіш компанияларының жағдайын жеңілдетті) және құбырөткзгіш транспорты желілеріне жеткізушілердің ашық қол жеткізу талабы енгізілді (бұнда ашық қол жеткізу принципін қабылдаған транспорт компаниялары газ жеткізу бойынша келісімдер бөлігін газ тасымалдау келісімдеріне алмастыруы қажет болды). Содан кейін өзгеріс енгізу логикасы біртіндеп қызмет түрлері мен ұсынылатын қызмет көрсету түрлерінің бөліну қажеттілігіне әкелді, 90-шы жылдар басында толық бәсекелестік нарықты қалыптастырды. Сөйтіп, АҚШ-тағы газ өнеркәсібінің нарықтық қатынастарын дамыту біршама деңгейде туындаған мәселелердің ушығуынан және алғы шарттардың – нарық субъектілерінің көп болуы (газ өндірушілер мен газ транспорттық компаниялар) болуымен, кең және өте тарамдалған газ трансопрттық желі мен басқа да күштердің (газ сақтау, газ өңдеу және т.б.) құрылуына әкелген дамудың алдыңғы кезеңінің ұзақтығымен анықталды.

Канадада дәл осы жағдайларда 80-ші жылдары баға қалыптастыруды либерализациялау және «ТрансКанада» компаниясының трансконтинентальды тасымалда монополиялық жағдайын сақтап қала отырып, магистральды құбырөткізгіштерге үшінші тараптардың қол жеткізуіне рұқсат беру бойынша шаралар қабылданды /46/.

 

2.3 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы газ өндіруді дамытудың болашағы мен мәселелері

1996 ж. әлімдік дәлелденген табиғи жанғыш газдардың қоры 141,3 трлн м3 құрады. Олардың ірі қорлары Ресейде, Иранда, Катарда анықталған. Соңғысы сығылған табиғи газ өндірісі бойынша әлемдегі ең ірі жобаны жүзеге асыру нәтижесінде Азиядағы энергетикалық нарықтың жетекші жеткізушілерінің біріне айналуы қажет. Әлемдегі табиғи газ қорлары бойынша үшінші орынды иемденген бұл ел оның жетекші жеткізушісі болуға үміттенеді. Жапония, Оңтүстік Корея және басқа да азиялық елдер 2000 ж. ұзақ мерзімдік келісімдер негізінде осы елдің сығылған газ жеткізілімдеріне тәуелді болады.

2 таблицада газ қорлары триллион куб метрден асатын елдер келтірілген.

Табиғи газды тұтыну жақын 15 жылда Батыс Еуропада (ЕО елдері, Норвегия, Швейцария, Исландия) «Ruhrgas AG» концерні болжамы бойынша 30-40%-ға өседі. Бұнда газды электр қуатын өндіруге қолдану орташадан жоғары қарқында өседі. (3 таблица)

 

3-кесте - Газ қолдану туралы болжамды мәліметтер

 

Қолдану бағыты

1995 ж.

2005 ж.

2010 ж.

Барлығы, млрд м3

370

460-490

490-515

Тұрмыс секторы және кіші тұтынушылар, %

45

42

41

Электр қуатына, %

18

26

27

Өнеркәсіп, %

26

24

24

Энергетикалық емес тұтыну, %

4

3

3

Басқалары, %

7

5

5

 

Қазақстан Республикасындағы табиғи газдардың қуатты ресурстары 10 трлн м3  бағаланып отыр, олардың құрамында 7,5 трлн м3 , немесе 71,6%-ын С2 +D1 +D2 болжамды категорияның қорлары құрайды. Ең қуатты қоралры 9,5 трлн м3 , немесе 90,2% Каспий маңы ойпатымен байланысты, ондағы оларды өсіру мүмкіндігі әлі де сарқылған жоқ. 2011 ж. барланған қорлар 3 трлн м3 дейін өседі деп күтілуде. 

1997 ж. 1 қаңтарында А+В+ С1 категориялы өндірістік жанғыш газдың есептелген қорлары 94 кен орындарында шоғырланған, олар 1850,7 млрд м3 құрады. Конденсат қорлары 42 кен орындарында есептелінген, онда А+В+ С1 категориясының қалған қорлары 688,08 млн. т. құрайды.

  Қазақстанның батысынан оңтүстігі мен шығысына табиғи газ жеткізілімдерінің өте қажеттілігін ескере отырып, негізгі газ кен орындарын қарастырайық (4-кесте).

 

4-кесте - Еркін газдың басты кен орындары, млрд м3

 

Кен орындары

1.01.1997 ж. қорлар

1996 ж. өндіру

1.01.1997ж

ГКЗ бекітілген А+В+С1 қорларының қалдығы

Барлығы А+В+ С1

қорлардағы %

С2

Республика бойынша

1850,7

100

152,4

3,33

1636,3

1.

Қарашығанақ

1303,1

70,4

6,99

1,66

1300

2.

Имашевское

128,7

7,0

43,39

-

100,5

3.

Жаңажол

100,5

5,4

-

-

19,2

4.

Теңге

19,7

1,1

0,57

0,13

39,8

5.

Ұрықтау

39,8

2,2

-

-

15,3

6.

Жетібай

16,6

0,9

-

0,5

21,5

7.

Жетібай Ю

10,3

0,6

-

0,9

10,3

8.

Қаламқас

20,8

1,1

0,07

0,18

15,0

9.

Шағырлы-Шум

20,5

1,1

-

-

20,5

10.

Чинаревское

17,7

1,0

47,23

-

-

11.

Батыс Прорва

16,2

0,9

-

-

16,2

12.

Тасболат

6,8

0,4

0,70

0,09

5,7

13.

Өзен

6,9

0,4

-

0,06

1,96

 

4-кесте мәліметтерінен белгілі болып отырғандай, Батыс Қазақстан облысында жатқан әлемдегі ірі Қарашығанақ мұнайгазконденсаттық кен орны көмірсутекті шикізаттың орасан зор қорларына ие.

Бұрынды Кеңес Одағынада Газбен жабдықтаудың ортақ жүйесі жоспарлы экономика жағдайында құрылды, онда табысты жұмыс критерийі газ өндірудің жалпы көлемін өсіру бойынша тапсырманы, сонымен қатар оны жеткізу бойынша жоспарлы тапсырманы орындау еді. Бұның барлығы жүйенің қарқынды дамуына және оны қызмет атқаруының жоғарғы сенімділігіне бағыттады. Бұнда шынымен тиімді және сенімді жабықтаумен қамтамасыз етушіні, ең жақсы тапсырыс алушыны таңдау мүмкіндігі және т.б., әдетте, шектелген болды. Бірақ қаражат салынымдары орталықтан және белгілі кезеңдерде негізделген қажеттіліктерге сәйкес бөлінетін. Бұндай жағдайларда резервті газ айдау агрегаттарының зор паркін құру, жаңа объектілерге күштерді жылдам енгізуді және т.б. қоса есептегенде, таза экономикалық тұрғыдан қарағанда артық резервілеуге сүйенуге тура келді. Қазір сала үшін ең өзекті мәселе жабдықтар мен қызмет көрсету түрлерінің ашық нарығының болуы мен қаржылық тәуелсіздігін ескере отырып, тиімді шешімдер іздестіру болып табылады /47/.

Қазіргі уақытта табиғи газбен Қазақстанның сегіз облысы қамтамасыз етіледі (Батыс-Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан). Қуаттық қажеттіліктерге газдың 60%-ы кетеді. Отындық тепе-теңдіктегі газдың үлесі 15%-ды құрайды. Табиғи газ 800 мың пәтерлерге (жалпы санының 10%) беріледі.

Қазақстан территориясы бойынша келесі магистральды газөткізгіштер өтеді (5-кесте).

 

5-кесте - Қазақстан территориясы бойынша өтетін магистральды газөткізшітердің сипаттамасы

 

Газөткізгіш

Тармақтар саны

Ұзақтығы, км

Өткізгіштік қабілеті,

млрд м3/жылына

Орта Азия- Орталық

5

821

67

Бухара-Орал

2

639

14

Оренбург-Новопсков

2

380

58,4

Газли-Шымкент

1

314

13,4

Бухара-Ташкент-Бишкек-Алматы

1

684

13,4

Мақат-Солтүстік Кавказ

1

371

25,5

Информация о работе Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы отын-энергетика кешенінің даму мәселелері