Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы отын-энергетика кешенінің даму мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 12:49, реферат

Краткое описание

Диплом тақырыбының маңыздылығы, көкейкестілігі. Қазақстанның әлемдік мұнай нарығына шығуы мұнай нарығын дамытудың негізгі бағыт – бағдарын мұнай экспорттаушы – мемлекеттер мен алдыңғы қатарлы мұнай компанияларының негізгі заңдылықтарын, халықаралық мұнайгаз жобаларын жүзеге асырудың негізгі шарттарын, мұнай саласын қаржыландыру мен инвестициялау мәселелеріне елдің қатысуының саяси және экономикалық салдарының зерттеу қажеттілігі мен өзектілігін тудырады.

Оглавление

Кіріспе.................................................................................................................2
1 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай өнеркәсібі саласының дамуы
1.1 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай саласы........................... 3-4
1.2 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай өндірудің болашағы............................................
1.3 Көмірсутекті шикізатты тасымалдау мәселелері..............8-10
1.4 Көмірсутекті шикізат өндірудің тиімділігін арттыру............................11-13
1.5 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай өңдеу мен мұнай химиясының өзекті мәселелері
2 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы газ өнеркәсібі
2.1 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы газ өнеркәсібі дамуының жалпы бағыт бағдарлары............................ 18-20
2.2 Батыс Қазақстан аймағындағы газ өнеркәсібін реттеу мәселелері
2.3 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы газ өндіруді дамытудың болашағы мен мәселелері
Қорытынды....................................................................................................60-62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................

Файлы: 1 файл

аймактык реферат.doc

— 594.50 Кб (Скачать)

        Республиканың табиғи газға деген қазіргі таңдағы сұранысы жылына 7-8 млрд. м3.

        Сонымен, Қазақстан өте ірі мұнай – газ әлеуетіне иелік етеді, оның ішінде сұйық және газ түріндегі көмірсутектердің барланған қорының  мол үлесімен сипатталады. Мұның өзі мұнай мен газды өндіру деңгейін арттырып қана қоймай, мұнай – газ өндіру өнеркәсібінің шикізат базасын жаңадан ашылған, соның ішінде Каспий теңізінің қазақстандық секторынан табылған жаңа кен орындар есебінен нығайта түсуге де мүмкіндік береді.

Газ өнеркәсібі моноөнімдік сала болып табылмайды. Табиғи газдың магистральды құбырөткізгіштері бойынша жіберілімдерімен (жоғары көмірсутектердің шамалы қоспасы бар метан) қатар, мұнай, конденсат, күкірт, сығылған газдар, машинақұрылыс және ауылшаруашылық өнімдері және т.б. өндіріледі /40/.

Соңғы жартығасырда газжабдықтау жүйесі дамудың бірнеше фазасынан өтті. Бұрынғы КСРО-да ол жалпыодақтық халық шаруашылық кешенін көрсетті. Осыған байланысты оны қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін қарастырайық.

Бірінші кезең (40–60-жылдар басы) саратовтық, краснодарлық, ставропольдік, шығыс-украиндік (Шебелинки ауданы), батысукраиндік (Дашавы-Львов ауданы) және басқа да бірқатар газ кен орындарының, сонымен қатар мұнайлы кен орындарының (Волгабойы және Кавказ маңы аудандары) ілеспе газының бөлек топтарын игерумен байланысты. Бұл салыстырмалы түрде көлемі бойынша үлкен емес және мүмкін тұтынушыларға жақын орналасқан газдың қайнар көздері. Әрбір жағдайда газ тұтынушыларымен байланыстыратын бөлек газөткізгіш (газөткізгіштер тобы) жобаланды және салынды: Саратов-Москва, Дашава-Минск, Дашава-Киев-Брянск-Москва, Солтүстік Кавказ-Орталық (Ставрополь-Москва газөткізгішінен бастап), Шебелинка-Курск-Смоленск-Брянск, Шебелинка-Полтава-Киев, Шебелинка-Днепропетровск-Одесса газөткізгіштері и басқалар.

Диаметрі 820 мм (соңынан 1020 мм), жылдық өнімділігі 5-8 млрд м3, ұзындығы 700-1000 км дейін болатын бұл газөткізгіштер, әдетте бір біріне тәуелсіз қызмет атқарды. Газбен жабдықтау жүйесінің бұндай жағдайына бөлек газөткізгіштерді жоспарлау, жобалау және басқару сәйкес келді. 1960 ж. газ өндіру және тұтыну деңгейі 45 млрд м3  жетті, ол елдегі жалпы отын өндіру мен тұтыну деңгейінің 8%-ын құрады.

Екнші кезеңде (60-шы жылдары) жасақтауға ірі газды аудандар енгізіле бастады – ең алдымен Орта Азия, содан кейін Коми Республикасының ресурстарын қолдану күрт көбейді. Бірақ бұл газ көздерінің Орал, елдің еуропа бөлігінің орталық және батыс аудандарында орналасқан қуатты тұтынушылардың негізгі бөлігінен біршама қашықтығына байланысты алғашқы өте қашық Бұхара-Орал, Орта Азия-Орталық газөткізгіштерін салу қажет болды. Оларда енді үлкен диаметрлі (1020-1220 мм) және жоғары  өнімді (жылына 10-15 млрд м3, ал Орта Азия-Орталық газөткізгішінде – 25 млрд м3 дейін) құбырлар қолданылды. Газөткізгіштердің сенім қызмет атқаруы үшін көпжіпті жүйелер құрылысы қажет болды, ал газ жіберудің өіп отырған көлемі бұл үшін объективті алғышарттар құрды. Газөткізгіштер схемасының күрделенуінің басты салдары Москва қаласы ауданы мен Украинадағы жүйелердің өзара бірін-бірі қиып өтуі болды. Сөйтіп, газөткізгіштер жүйеінің өзараәрекеттесуі және олар бойынша ағындарды қайта бөлу үшін, яғни елдің газбен жабдықтаудың ортақ жүйесін құру  мүмкіндігі пайда болды. Газ өндірудегі, сонымен бірге тасымалдаудағы қуаттарды шоғырландыру, құрылыс индустриясының алға жылжуы, халық шаруашылығының күнделікті қажеттілігі газ өнеркәсібінің қарқынды дамуына ықпал етті – 60-шы жылдары газ орташа жылдық өндіру 45-тен 200 млрд м3-қа дейін өсті, ал оның елдің отын балансындағы үлесі -18-19%-ға дейін жетті /41/.

70-ші жылдар басында Батыс Сібір, ең алдымен Надым-Пур-Таз ауданында газдың ерекше қоры ашылды, сонымен қатар Орта Азия мен Оренбург ауданындағы барланған газ қорлары біршама өсті, бұл оның көлемдерін халық шаруашылығында қолдануды күрт арттыру үшін сенімді негіз қалады. Газ өнеркәсібін дамыту мен Газбен жабдықтаудың ортақ жүйесін құру кезеңі туды, ол қашық және өте қашық магистральды газөткізгіштер құрумен сипатталады, себебі жасақтауға енгізілген кен орындары әдетте, тұтынудың негізгі аудандарынан біршама қашықта (2500-3000 км) орналасқан; барынша озық техникалық шешімдер қолдану – жұмысшы қысымы 7,5 МПа және бірлік өнімділігі жылына 30 млрд м3 болатын диаметрі 1420 мм құбырлар қолдану, индустриальды технология мен құрылысты ұйымдастыруға көшумен; ГОЖ құрылымының күрт күрделенуімен; әртүрлі газкөлік жүйесінің көптеген байланыстарының барлығымен; газ ағындарын бұру мүмкіндігінің кеңеюімен сипатталады.[86, 134-135 б.]

Жалпы 1960-1980 жж. газ өнеркәсібінің дамуын үш кезеңге бөлуге болады:

-         1965 ж. дейін – газ өндірудің өсу қарқынының тұрақты артуы;

-         1966-1972 жж. – газ өндірудің өсу қарқынының төмендеуі;

-         1973-1980 жж. - газ өндіру қарқынының күрт өсуі және ең жоғары өсімдер.

Газ өнеркәсібі және әсіресе газдың магистральды транспорты – ең қаржыкөлемді салалардың бірі. Сондықтан газдың магистральды транспортының көлемді көрсеткіштерін көбейту бойынша негізгі тиімділікті газөткізгіштердің қашықтығын арттырумен шартталған қаражат салынымдарының біршама дәрежеде газ айдау қашықтығын арттыруды компенсациялаумен байланысты өсуі жағдайында магистральды газөткізгіштердің негізгі қорларының сапалық көрсеткіштерін немесе олардың қарқындандыру шараларын жақсарту есебінен ғана алуға болады. Бұндай қарқындандыруды газтранспорты жүйесінің өткізгіштік қабілетін күрт көтеру үшін жағдай жасайтын және газ транспортының орташа қашықтығының біршама өсу жағдайында саланың дамуына жоғары қарқындылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін техникалық алға жылжу бойынша шаралар енгізу арқылы қамтамасыз етуге болады [53,74].

1960-1980 жж. салынған газөткізгіштердің диаметрін үлкейту газтранспорттық жүйелердің өткізгіштік қабілетін күрт арттыруға және газ транспорты процесін қарқындандыруға мүмкіндік берді /42/.

80-ші жылдардың екінші жартысында ГОЖ маңызының артқандығы сондай, оның қызмет атқаруының тұрақтылығы мен тиімділігінен көптеген ірі тұтынушылардың, салалар мен аймақтардың жұмысы тәуелді болды. Жоспарлы экономика газ өнеркәсіпті «кез келген құрал» принципімен жалпы өсімнің жоғарғы шекті қарқынына бағдарлады. Бірақ сол уақытта тұтынушы тұрғысынан газбен жабдықтаудың сапалық көрсеткіші – жіберілімдердің сенімділігі, жұмыс жағдайының өзгеруіне жауап беру басты болды. Бұл қызмет атқару режимдерін қиындатты және газбен жабдықтауды реттеу және резервілеу ролін арттырды.

Жаңа аудандарды өсуі мен жаңа ірі газтранспорттық магистральдар құрылысы жағдайында газөндіру аудандарының бірқатар кен орындарының өндіру деңгейінің кему кезеңіне ауысу нәтижесінде бұрынғы қуаттардың ролі мен қызметін өзгерту қажеттілігі туындағанынан жүйенің жетілгендігін байқауға болады. Жалпы шығындарды азайту мақсатында бұл қуатты жүзеге асыру ГОЖ қайта құру мен дамуын моделдеудің мәнін арттырды, ол шешім қабылдаудың тиімді әдісі болуы үшін оның жұмысының барлық негізгі факторларын кешенді ескеруі қажет.

ГОЖ жаңа функцияларын қамтамасыз етудің маңызды құралы газбен жабдықтауды реттеу және резервілеу жүйешесі болып табылады, ол табиғи газдың ірі қоймаларына сүйенеді. Бұл жүйешенің 60-шы жылдардағы дамуы газбен жабдықтаудың өсім қарқынынан ұзақ уақыт бойы артта қалды. Мысалы, жыл бойы газбен жабдықтаудың қалыпты жұмысы үшін жылдық тұтынудың (экспортты есептегенде) 10-11 % көлемінде қорлар қажет болды. Бұндай жағдайда тепе-теңсіздікті компенсациялау көбіне электростанциялардағы буферлік реттеудің үлкен көлемі есебінен қамтамасыз етілді /43/. Бірақ 80-ші жылдары электростанциялардың отынды тұтынуында газ үлесінің күрт артуы мен мазут қорларын жылдам қысқаруы буферлік реттеу мүмкіндігін төмендетті. Сол жылдары газдың жерасты қоймалары жүйесін дамытуды қарқындандыру бойынша шаралар қабылданды, ол сақтау көлемін жылдық тұтынудың 10,6%-ына дейін жеткізуге, яғни кезеңдік қорлар деңгейіне шығуға мүмкіндік берді.

80-ші жылдар соңында бұрынғы КСРО-ның ГОЖ әлемдегі ең ірі газбен жабдықтау жүйесіне айналды және КСРО-ның отындық қажеттілігінің 40%-ынан астамын, Шығыс Еуропа елдері мен көптеген батысеуропалық мемлекеттерінде отын тұтынудың біршама үлесін қамтамасыз етті [86, 135 б.].

Сол кездегі экономикадағы дағдарыс құбылыстары 80-ші жылдар аяғында газ өнеркәсібіне де әсер етті. Ол инвестицияның жетіспеушілігімен (сол уақытты орталық), оның қарқынының күрт төмендеуімен пайда болған сұраныстың тұрақсыздығының алғашқы белгілерімен байланысты болды. Дегенмен де процесстің үлкен екпінділігі мен бұрын жинақталған даму қуаты 1985-1990 жж. саланың гүлденуіне ықпал етті.

Газ өнеркәсібіне салынған жалпы инвестиция 80-ші жылдар ортасында жылына 10-11 млрд рубльге жетті, ал негізгі қорлар 1991 ж. басында тек 65 млрд. рубльге бағаланды. Бірақ бұл шамаларды қазіргі мәніне немесе долларлық эквивалентіне тікелей қайта есептеу өте қиын, себебі инвестицияның басым бөлігі импорт есебінен, ең алдымен үлкен диаметрлі құбыр түрінде жүзеге асырылды, ал оларға ел ішінде есеп жүргізу тауарлар мен жабдықтардың әртүрлі топтары үшін жеке алынатын жасанды аудару коэффициентін қолдану арқылы жүргізілді.

Сөйтіп, ГОЖ қарқынды дамытуға кез келген бағалау бойынша орасан зор қаражаттар жұмсалды. Біздіңше, газбен жабдықтау жүйесін құру  экономиканың азаматтық секторында жүзеге асырылған ең қаражаткөлемді бағдарлама болды.

90- жылдар басында ГОЖ газтранспорттық жүйесі негізінен аяқталды.

1990-1991 жж., саяси-экономикалық тұрақсыздық кезеңінде ГОЖ даму процесі тоқтап қалды және газ өнеркәсібінің дағдарысы басталды, ол келесілермен байқалды:

- саланың қызметін ұйымдастыру түрлерінің анықсыздығы, ГОЖ-нің басқа одақтық республика территориясында орналасқан бөліктерінің  «тәуелсіздігі»;

- саланың қаржыландырудың негізін құрайтын орталықтан инвестициялаудың тоқтатылуы, содан кейінгі жоғары инфляция – саладағы бар ішкі қаражаттардың құнсыздануы;

- ТМД елдерінен жабдықтар жеткізулермен байланыстың ажырауы.

Тәуелсіз Қазақстанда табиғи газ өндіру мен жеткізудің өзіндің өндірістік-технологиялық кешені қалыптаса бастады. Бірақ газ өнеркәсібінің республикадағы өзгеріп отырған экономикада жаңа статусты алуы әлі де аяқталған жоқ және аяғына тұру кезеңінде жатыр. Әлі күнге дейін сала қызметінің көптеген мәселелері шешілмеген, жеке алғанда сала қызметін өркениетті реттеуге көшу және оны либерализациялаудың мүмкін шаралары шешілмеген.

2.2 Батыс Қазақстан аймағындағы газ өнеркәсібін реттеу мәселелері

  Қазір Қазақстан Республикасындағы газ өнеркәсібін реттеу үзікті сипатқа ие, сондықтан әлемдік тәжірибені жалпылау белгілі бір қызығушылық танытады.

Газ өнеркәсібі – өте ерекше сала, ол үшін стандартты бағыт қолдану қиын. Батыстың дамыған елдерінде, соның ішінде газ өнеркәсібі дамудың ұзақ жолынан өткен елдерде оның статусына қазіргі түсінік соңғы 10-15 жылда қалыптасты немесе қазіргі уақытта ол өткір пікір-талас тақырыбы болып отыр.

Газ саласын либерализациялау мәселелері жаңа газтранспорты жүйелерін құру үшін ірі қаржы қаражаттарын тарту қажеттілігімен объективті байланысты, олардың қайтарымдылық кепілі осы жүйелер бойынша оның жеткізілуі үшін арналған газдың расталған біршама қорлары мен газ жеткізу бойынша тұтынушылармен алдын-ала келісімдердің бар болуы болып табылады. Бірақ осы келісімдерге қол жеткізу үшін талап етілген мерзімде жүйенің салыну нақтылығы мен газ жеткізілімдерінің сенімділігін қамтамасыз ету мүмкіндігін растау қажет.  Бұның барлығын кіші коммерциялық құрылымдардың қуатты консорциумынан гөрі көбіне мемлекеттік қолдауға сүйенетін ірі біріккен компаниялармен жүзеге асырған оңай.

Саланы реттеу, біздің көзқарасымызша, әлемнің әртүрлі елдерінде газ өнеркәсібін реттеудің әдістерін біріктіру және паралельді дамытумен жүзеге асырылады. Соңғы жылдары газдың әлемдік нарығы бір-бірімен аз байланысты – еуропалық, солтүстік американдық және шығыс-азиаттық үш сегменттерге бөлінді, оларда болатын оқиғаларды әрқашан болжау мүмкін емес 44/.

Әсіресе бұл Азиаттық-Тынықмұхиттық аймаққа қатысты, онда соңғы мәліметтер бойынша сығылған табиғи газдың негізгі айналымы (әлемдегі алпы сауданың 75-77%) жүреді. Индонезияның 1997 ж. әлемдік көлемнің 34,8%-ын берген сығылған табиғи газ қуаты, ал Малайзиядағы екі қондырғының әлемдік ұсыныстың 17%-ына жуығын берген қуаты қайда қолданылар екен?

Жақын уақытқа дейін тіпті осындай көрсеткіштер өзі осы елдердің негізгі көршілері – Жапония, Қытай, ҚХДР, Оңтүстік Корея, Таиланд және Тайвань елдерінің өндірістік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткіліксіз деп есептелінді, олардың 2015 ж. нарық сыйымдылығы 250-320 млрд м3 деп бағаланып отыр. Газ шикізатына жоғары сұраныс Қытайда сақталады, онда 1988 ж. жоспарлау бойынша Мемлекеттік комиссия құрылды және Қытай ұлттық мұнай корпорациясы ресей жеткізушілеріне бағдарланған елді газдандыру бағдарламасын жасақтады. Осы ресурсқа қажеттіліктерді және үлкен дағдарыстағы басқа да шығысазиялық мемлекеттерді ескере отырып, 1997 ж. FPCI деп аталатын алдын ала салқындату және араластырудың пропанды циклді процесі технологиясын енгізу аяқталған Индонезиядағы бар қондырғылардың әрі қарай дамуына күмәндануға болады.  

Азия нарығындағы жаңа экспортерлері – 1999-2000 жж. сығылған газ бойынша жаңа жобалар (Катар – 11,8, Оман – 6,6 млн т/жылына) құрылысын аяқтауды жоспарлап отырған Орта Азия елдерінің ұзақ мерзімдік мүдделері үлкен зардап шегуі мүмкін. Белгілі болып отырғандай, бұл елдер Жапония, Оңтүстік Корея мен Тайваньды таңдап, еуропалық ұсыныстардан бас тартты. Бірақ Азиядағы сығылған газ бағасының деңгейі 1 т. үшін 163,2 мен 183,6 долл. аралығында өзгеріп, 1980 ж. бастап әлемдегі ең жоғары баға болып қалып отыр, сол кездегі Еуропадағы оның бағасы 112,2 және 137,7 аралығында ауытқыса, АҚШ-та әрбір 1 т. газ үшін 112 және 127,5 долл. аралығында өзгереді.

Табиғи газ нарығында жеткізушілердің табысы мен тұтынушыларды үздіксіз жабдықтау кепілдігі үшін көптеген келісімдер ұзақ мерзімдік шарттар (20-25 жылға) бойынша жасалынды, бірақ кейде қысқа мерзімдік (1-3 жыл) және «спот»-шарттар бойынша қосымша газ жеткізілуі мүмкін.

Азия мен Еуропада сығылған табиғи газ бағасы мұнай мен мұнайөнімдерінің (мазут, дизельді отын), сонымен бірге отынның альтернативті түрлерінің шекті бағаларымен байланысты.  Газдың жетекші нетто-импортерлері – ЕО елдерінде қабылданған қатаң экологиялық стандарттарды ескере отырып, бұл аймақ сығылған табиғи газдың ең сыйымдылығы үлкен сауда нарығы болып табылады.

WEC Әлемдік энергетикалық кеңес мәліметтері бойынша газды жаққанда күкірт оксиді мен азоттың қалдықтары болмайды, ал көмірқышқыл газының қалдығы пайдалы қуат бірлігіне есептегенде басқа отын түрлерін жаққандағыдан 20-45 %-ға аз. Әрине, бұған ортақ еуропа газбен жабдықтау станцияларын құру бойынша кең таралған компанияда байланысты.

Информация о работе Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы отын-энергетика кешенінің даму мәселелері