Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы отын-энергетика кешенінің даму мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 12:49, реферат

Краткое описание

Диплом тақырыбының маңыздылығы, көкейкестілігі. Қазақстанның әлемдік мұнай нарығына шығуы мұнай нарығын дамытудың негізгі бағыт – бағдарын мұнай экспорттаушы – мемлекеттер мен алдыңғы қатарлы мұнай компанияларының негізгі заңдылықтарын, халықаралық мұнайгаз жобаларын жүзеге асырудың негізгі шарттарын, мұнай саласын қаржыландыру мен инвестициялау мәселелеріне елдің қатысуының саяси және экономикалық салдарының зерттеу қажеттілігі мен өзектілігін тудырады.

Оглавление

Кіріспе.................................................................................................................2
1 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай өнеркәсібі саласының дамуы
1.1 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай саласы........................... 3-4
1.2 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай өндірудің болашағы............................................
1.3 Көмірсутекті шикізатты тасымалдау мәселелері..............8-10
1.4 Көмірсутекті шикізат өндірудің тиімділігін арттыру............................11-13
1.5 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай өңдеу мен мұнай химиясының өзекті мәселелері
2 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы газ өнеркәсібі
2.1 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы газ өнеркәсібі дамуының жалпы бағыт бағдарлары............................ 18-20
2.2 Батыс Қазақстан аймағындағы газ өнеркәсібін реттеу мәселелері
2.3 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы газ өндіруді дамытудың болашағы мен мәселелері
Қорытынды....................................................................................................60-62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................

Файлы: 1 файл

аймактык реферат.doc

— 594.50 Кб (Скачать)

Бірақ бұнда экономикалық, және саяси сипаттағы негізгі қиындықтар бар.  Қандай да бір жоба ең алдымен, құбырөткізгіштің «иесі» кім, соның тұрғысынан қарағанда бағаланады. Дәл осыған көптеген жылдар бойы айдалатын шикізат көлемі, оны тасымалдауға өзара бекітілген тарифтерден түсімдердің өлшемі, ресурстардың бөлігін өзінің ішкі қажеттілігі үшін қолдану мүмкіндігі тәуелді болады.

Қазақстаннан Новороссийскіге дейін экспорттық мұнайөткізгіш құрылысы туралы келісімге қол қлю кезеңінің жылжуына байланысты каспий маңы мұнайына мүдделі кейбір мемлекеттер, жеке алғанда Түркия, Иран көмірсутекті шикізаттар ағымын тасымалдау бағытын өзгертуге әсер етудің өз тәсілдерін қолдануға көшті. Мысалы, Түркия Босфор арқылы танкерлердің өтуін шектейтін шешім қабылдады, бұны мұнай тасымалдары көлемі күрт өскенде қауіптің күшеюімен байланыстырды. Бұндай шара тасымалдаудың Түркия ұсынған және Каспий маңы мемлекеттерінің біреуімен де қайтарылмаған басқа жобаның жүзеге асуы үшін жасалғаны айқын. Бұл жобаның мәні Қазақстан, Азербайжан және Түркменияның каспийлік мұнайы Азербайжан-Грузия (қызметтегі) мұнайөткізгішіне және одан әрі қарай жаңа трасса бойынша Түркия арқылы Жерорта теңізі (Жейхан) порттарының біріне жеткізілуінен тұрады. Жаңадан салу қажет болатын трасса бөлігін түрік жағы инвестицияның бар көлемін қоса есептегенде, өз күшімен жүзеге асыруды қолға алып отыр. Бұл жобаның құны алғашқы мәліметтер бойынша 3,3 млрд. долл. деп бағаланып отыр. Бұнда мұнайөткізгіштер трассасы тектоникалық әсерлер тиетін көптеген тау участкелерінен өтеді, бұл тәуекел дәрежесін ұлғайтады және жобаға құрылысты да, ол өтетін аймақты да мүмкін болатын қиындықтардан қорғауға қабілетті қосымша техникалық шешімдер енгізуге тура келеді.

Бұл жобада өзарақатынастардың басқа саласы – саяси салаға жататын тағы бір маңызды қиындық бар. Мұнайөткізгіштің түрік вариантының трассасы саяси тұрақтылығына ешкім кепіл бере алмайтын аймақтар бойынша өтуі қажет: Таулы Қарабах, Абхазия, курд тұрғындары шоғырланған Түркия аудандары. Сондықтан, мұнай құбырларын жүргізу жобасын талдауда оның жүзеге асырудағы негізгі тежеуші фактор осы аймақтардағы саяси тұрақсыздық болады /27/.

Экономикалық көзқарас тарапынан мұнайөткізгіштің өз құрылысынан басқа қажетті инфрақұрылым құруға қосымша қаржы салынымдары қажет болады: Бау мен Ақтауға мұнай айдау және қабылдау терминалдары, Каспийдің шығыс жағалауынан батысына шикізатты тасымалдау үшін танкерлік флот қалыптастыру. Мысалға, Новороссийск қ. жанына шығару нүктелік айлақ құрылысының болжамды құны 640 млн.долл. құрайды.

Түбегейлі коммерциялық жасақтау өткізуді талап ететін тағы бір жағдай – осы жоба бойынша келісімдік қатынасқа түскен әрбір серіктестің қатысу үлесін бөлу. Егер түрік жағы Грузиядан Жерорта теңізіне дейінгі мұнайөткізгіш құрылысын түгелдей қаржыландыратын болса, онда ол құрылыстың иесі болып шығады, бұдан экономикалық, саяси, әлеуметтік және басқа да салдарлар шығады. Соңғы қорытындысында, каспийлік мұнайды тасымалдаудың осы мүмкіндігін қарастыра отырып, мұнай өндіру және теңіз арқылы (1999 ж. қарашада Баку-Жейхан мұнайөткізгіші құрылысы туралы келісімге қол жеткізілді) тасымалдаудағы үлкен шығындарды қоса есептегенде, бұл бағытта көмірсутектерді экспорттау қаншалықты пайдалы болатынын да анықтау қажет /27/.

Босфор арқылы танкерлердің өтуін шектеу туралы ескерту КТК мүшелерін оның құрамына кіретін мемлекеттердің экспорттық мүмкіндігіне әсер етуге қабілетті, жағдайдан шығудың басқа жолын іздестіруге мәжбүр етті. Ең нақты вариант шикізаттар ағымдарын мына трасса бойынша: Новороссийскіге дейін экспорттық мұнайөткізгіш арқылы, әрі қарай танкерлермен Қара теңіз арқылы болгар порты Бургасқа дейін, содан кейін грек порты Александруполиске дейінгі жаңа салынған үшжүзкилометрлік трасса бойынша бағыттау болып табылады. Жоба құны сараптамашылардың пікірі бойынша түрік бағытынан шамамен 20 есе аз болады. Бұдан басқа бұл жағдайда трассаның барлық территориясы бойынша саяси тұрақтылық факторы, қолданысы қолайлы техникалық шешімдер мен шикізаттың үлкен көлемдерін экспорттау мүмкіндігі де ескеріледі.

Жобаны ақырғы таңдау және үкіметтік деңгейде шешім қабылдау барлық техника-экономикалық негіздерге сараптама экономикалық тұрғысынан қаншалықты әділетті жүргізілетініне байланысты.

Оңтүстік бағыт екі принципиальды маршруттармен көрсетілген: Ауғаныстан-Пәкістан арқылы және Иран арқылы /28/.

Ауған бағыты Түркменстан және «Юнонал» американдық мұнай компаниясы мен «Дельта Ойл» сауд компаниясымен құрылған консорциуммен ұсынылды. Бұл маршрут газөткізгіш құрылысын, содан кейін Орта Азиядан Ауғанстан арқылы Пәкістанға мұнайөткізгіш құрылысын қарастырады, бірақ бұл идея Ауғанстандағы қарулы қайшылықтардан көбеюінен жүзеге асырылмайтын болып қалды.

Қазақстан - Иран - Парсы шығанағы  –бұл қазақстан мұнайы экспорты үшін ашық қарулы қайшылықтар жоқ, қауіпсіз аймақтардан өтетін ең қысқа жол. Мұнай тасымалдау Каспий теңізімен Ақтау портынан Иран порты Энзелиге дейін Тегеран, Тебриз, Арака және Исфахан мұнайөңдеу зауыттарына жеткізілу арқылы мүмкін болады. Иран өз кезегінде мұнайдың эквивалентті көлемін Парсы шығанағына түсіруіне болады.

Басқа жоба – Түркіменстан аумағы арқылы Иранда мұнай құбыры құрылысы. Бірақ бұл жобалардың, әсіресе Қазақстан мен Түркіменстан мұнайын жеткізуді көздейтін екінші жобаның жүзеге асуы АҚШ саяси мүдделеріне байланысты қиындатылып тұр. Армения мен Таулы Қарабахты айналып, Иран аумағынан өтетін Азербайжан Республикасынан түрік порты Жейханға дейінгі мұнай құбырының құрылыс жобасы да Стамбулда өткен саммитте (1999 ж. қарашада) құрылысы туралы шешім қабылданғанынан қарамастан осы себептерге байланысты қиындатылып тұр /28/. 

Біздің көзқарасымыз бойынша осы жоба Каспий бассейні мемлекеттері үшін қызықты жобалар қатарына жатпайды және ең алдымен бұның себебі Парсы шығанағы көмірсутекті шикізат қорларының орасан зор көлемі шоғырланған аймақ болып табылатынына байланысты. Оған жақын орналасқан мемлекеттер мұнайдың әлемдік қорларының 2/3 бөлігіне ие және олардың жылдық соммалық өндіру көлемі 900 млн. т. құрайды. Сондықтан бұндай күшті экспорттық қуаттың қасында ирандық вариант бойынша экспорталатын 10-20 млн.т. қазақстандық мұнайы үлкен бәсекелестік  тудырмауы мүмкін.  

Осыған байланысты мұнайгазөндіру қызметіне жататын Түркия, Иран және Түркменстан арасындағы өзара қатынастардың кейбір жақтарын ескермей кетуге болмайды. Бұл мемлекеттер арасында сонымен бірге көмірсутектер экспорты бойынша ұсыныстарға қатысты үкіметтік деңгейде келісімдер жүргізілді. Құны 8 млрд.долл. болатын Иран және Түркия арқылы өтетін маршрут бойынша жобаны жүзеге асыру мүмкіндігі талқыланды. Дегенменде 1995 ж. соңында Түркменстан «Газпром» ресей компаниясымен республиканың газ кен орындарын пайдалануда техникалық көмек көрсету туралы келісімге қол қойды, бұл көптеген тұрғыдан, соның ішінде экспорттық, бұрынғы серіктеспен жақындасуды және әрі қарай барлық мұнайгаз кешені бойынша байланыстарды қалпына келтіруді білдіреді.

Қазақстанның Каспий маңы аймағында мұнайгаз өндірудің болашағы мен экспорттық мұнайөткізгіштердің құрылысының мүмкін жобаларын зерттей келе тағы бір жобаны (қазақстандық мұнайды тасымалдаудың шығыс бағыты) көрсетіп кету керек.

1997 ж. шілдеде қазақстан үкіметі Ақтөбе кен орындарындағы 60% үлесіне ең ұзақ созылған тендердің иегері Қытай ұлттық мұнай компаниясы (КННК) деп жариялады, ол 20 жыл ішінде 4 млрд.АҚШ долл. көлемінде ақша қаражатын, соның ішінде 1998-2003 ж. – 585 млн.долл. салу міндетін алды. Бұдан басқа, келісім шартында қоршаған ортаны қорғауға жыл сайын 500 мың.АҚШ долларын (20 жыл ішінде 10 млн.) салу, үкімет бонусы – 320 млн.долл. және қол қою бонусы – 5 млн. долл. деп белгіленген. Бірақ бұл келісімнің ең назар аудартатыны қытай жағының Қазақстан батыс бөлігінен қытай шекарасына дейін жалпы ұзындығы 3000 км болатын құбыр өткізгіш салу міндеті болып табылады. Жобаның болжамды құны Өзен кен орнын қайта қалпына келтіру бойынша қаражат салынымдарын қоса есептегенде 10 млрд. АҚШ долл. құрайды. Қазіргі уақытта Қытай жыл сайын 13 млн.т. мұнай сатып алуға дайын, 2005 ж. олар 90 млн.т., ал 2010 ж. – 140 млн.т. дейін мұнай сатып алады.

Сол уақытта Тынықмұхит аймағындағы жағдай 2005 ж. кейін көмірсутектер нарығы біртіндеп кен орындары ресурстарымен қаныға түсетінін көрсетеді, олардың жақын орналасуы (мысалға, Сахалин шельфі), қорлар көлемі мен өндіру мен тасымалдаудың техника-экономикалық параметрлері мұнай тасымалдау бойынша серіктес, табиғи және сығылған газдардың импортер-елдерін  таңдауда шешуші роль ойнауы мүмкін. Осыған байланысты жақын жылдарда Каспий маңының қазақстандық кен орындарынан Қытайдың тынықмұхиттық портына дейін мұнайөткізгіш құрылысы вариантының тиімділігін анықтау қажет /29/.

Сөйтіп, мұнай нарығындағы біздің республикамыздың мүмкіндіктері орасан зор. Бұнда, тек қана экономикалық емес, сонымен бірге мұқият ескерілетін саяси тәуекелді де есепке алу қажет. Авторитаризмнің туындауының көршілерде байқалатын тұрақты белгілерінен гөрі демократиялық институттарын қалыптастырудың кезеңдігіне сүйенген Қазақстандағы саяси тұрақтылықта соңғы мәнге ие емес. Бұған меншік құқығын сақтау кепілін, тіке инвестицияларды қорғау және көршілердегі қара валюталық нарықпен қатар тотальды мемлекеттік реттеу билігі аясында нарық реформаларының алға жылжу дәрежесін қосайық.

 

 

1.4. Көмірсутекті шикізат өндірудің тиімділігін арттыру

 

Өкінішке орай, барлық қазақстандық мұнайлар өз қасиеттері бойынша аномальды және сондықтан оларды өндіру, дайындау, тасымалдау және өңдеу жаңа ғылыми-техникалық және экономикалық шешімдерді талап етеді. Мысалы, 1899 ж. Ембіде алынған алғашқы қазақстан мұнайы нафтендік негізді болған. Маңғыстау жартылай аралында (Өзен, Жетібай) 60-шы жылдар басында ашылған біршама парафин құрамды жаңа кен орындары әлем ғылымы мен практикасы алдына олардың өндіру, тасымалдау және өңдеудің жаңа мақсаттарын қойды. 70- жылдар басында Бұзашы жартылай аралында асфальті-шайырлы заттар, металлдар, әсіресе ванадий мен никельдің жоғары құрамды кен орындары (Қаражанбас, Қаламқас, Солтүстік Бұзашы) ашылды. Оларды өндіру, тасымалдау және өңдеу үшін де жаңа техникалық шешімдер қажет болды. 70- жылдар аяғында Қарашығанақ, Жаңажол және Теңіз кен орындарының ерекше, бұрын белгісіз ерекшеліктерге ие тұзды мұнайлары мұнайшылар алдына жаңа ғылыми-техникалық мақсаттар қойды /30/.

Мұнаймен байланысты барлық жұмыстардың ішінде геофизикалық тәсілдермен жүргізілетін іздестіру ең шығынды болып табылады. Шығындар теңіз континентальды шельф жағдайында бұрғылауда бірнеше рет өседі /31/. Мысалы, судағы бұрғылау платформасының құны азербайжан мұнайшыларының мәліметтері бойынша Каспий теңізінде шамамен 1 млрд. АҚШ долл. тұрады.

  Мұнай өндірудің қазіргі технологиялары қажет, сондықтан скважинаны сағасынан соңғы тереңіне дейін бір диаметрмен бұрғылауға тырысу және құбырлардың бір пайдалану колоннасын қолдануға немесе оны қолданбауға тырысу керек, ол материалдық құралдарды, қуатты, уақытты біршама үнемдеуге әкеледі /32/. Скважинаны мұнайға дейін осы талаптарға сәйкес бұрғылау техникасы бар және онымен Ресей Федерациясында бірнеше жүздеген скважиналар бұрғыланған.

М.Цыферовпен ұсынылған ракеталық-бұрғылау құрылғысы көмегімен кез келген геологтық құрылымдарды өткізу концепциясының әлемдік аналогтары жоқ. Бұл тәсіл бойынша өтетін материалдар балқыту, эрозия және жұмысшы зат көзімен жалғанған бұрғылау басының саптамасынан шығатын газ ағынымен морт сындыру жолымен бұзылады /33/. РБҚ тиімділігі бұрғылаудың дәстүрлі тәсілдерімен салыстыру бойынша 5-12 экономикалық коэффициетпен бағаланады. Бұнда скважинаның бастапқы диаметрі соңғы тереңдігіне дейін өзгеріссіз қалады.

Мұнай өндірудің әлемдік статистикасы көрсетіп отырғандай, жылдан жылға жоғары жабысқақ мұнай өндіру көлемі ұлғайып келеді. 2000 ж.дейін тығыздығы 0,865-0,893 г/м3 мұнай үлесі шамамен 30-40%-ке өседі. Одан кейінгі жылдары бұл тенденция күшейеді. ХХІ ғ. ауыр, яғни жоғары жабысқақ мұнай, табиғи битум мен битуминозды жыныстар өндіру мен өңдеу ғасыры болады. Бұл жағдай көмірсутекті шикізаттың осындай түрлерінің қоры кәдімгі мұнайлардан гөрі екі есе көптігімен, сонымен қатар фонтанды, яғни жеңіл мұнайлар қорының таусылуы және халық шаруашылығының отын, жағар май мен мұнай химиялық өндірістің басқа түрлеріне деген қажеттілігінің өсуімен түсіндіріледі /34/.

Жоғары жабысқақ мұнайлар, табиғи битумдар мен битумды жыныстар геологиялық орналасуы, генетикалық шығу тегі мен физикалық жағдайымен кәдімгі мұнайлардан гөрі ең алдымен өндірудің еңбек көлемділігімен ерекшеленеді. Бұл мұнайлардың көмірсутекті құрамы олардан ұмнай өнімдерінің кең спектрін, сонымен қатар жол-құрылыстық битумдар, электртехникалық, лакты бояу материалдарын алуға мүмкіндік береді. Оларда ванадий, никель және басқа да құнды материалдардың болуы халық шаруашылығының сәйкес металлургия саласын құруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, жоғарыжабысқақ мұнайларда көптеген тапшы гетероорганикалық қосылыстар болады.

Қазақстандық мұнай негізінен жабысқақ және ауыр мұнайлар қатарына жатады. Республикада жоғары жабысқақ мұнай кен орындарынан (Өзен, Жетібай, Кеңқияқ, Қаламқас, Қаражанбас және т.б.) басқа табиғи бутимдардың, мұнайбитумды жыныстардың 140 кен орындары мен байқалу көздері ашылды.

Әлемдік практика көрсетіп отырғандай, бұндай мұнайларды өндіру үшін қабатқа термикалық әсер ету барынша тиімдірек, бірақ Қазақстанда олар шектелген көлемде мына кен орындарында қолданылады: Кеңқияқ – бужылулық әсер ету, Өзен – ыссы суды сатылық-термальдық айдау, Қаражанбас – бужылулық және ішкі қабаттық жану. Соңғы жылдары түрлі себептерге байланысты қабатқа жылу тәсілін қолданып әсер ету көлемі төмендеді, және сөйтіп, мұнай өндіру деңгейі де азайды.

Қазақстан мұнайы жабысқақ және ауыр мұнай қатарына жататын болғандықтан, ол төмен шығымдылық – анықталған қорлар көлемінің 20-30%-ін көрсетеді. Мысалға, АҚШ-та бұл көрсеткіш 55-60%-тен шамалы асады. Мұнайдың төмен игерілуі оның өзіндік құнына әсер етеді, себебі жалпы шығындар өндіру көлеміне жатқызылады. Осы шығын жағдайында қабаттардың мұнай беруін көтеру және игерілу деңгейін 40-50%-ке жеткізу бірнеше ондаған миллион мұнай алуға және оның ақырғы құнын төмендетуге мүмкіндік берер еді.

Қабаттардың мұнай шығымын көтерудің барлық белгілі тәсілдерінен ең қолайлысы скважинаның тармақты-горизонтальды діңінің өнімдік қабатты ашуы және бу жасау және оны мұнай горизонттарына жіберу мақсатында әрбір скважинаның сағасына орнатылған жылжымалы плазмалық бу генераторларын қолдану болып табылады. Соңғы тәсіл жақсы танымал, бірақ әлі еш жерде қолданылған жоқ. Скважинаның горизонтальды діңдерімен бұрғылау сүзу алаңын кеңейтеді және төмен енетін коллекторлар үшін, сонымен қатар пайдаланудың соңғы кезеңінде өнімділікті қалпына келтіру үшін ерекше тиімді. Бұнда вертикальдымен салыстырғанда горизонтальды скважиналар дебиті 2-4 және одан көп есе көбейеді. Бұл бағытта қазір Ресей – Волга маңы, Сахалин, Батыс Сібір, Татарстан мұнайшылар белсенді жұмыс жасайды. Алыс шетелде (Канада, АҚШ) горизонтальды скважинамен бұрғылау пайдалылығын ұғынды және діңі 100 м және одан да ұзын горизонтальды скважиналармен бұрғылау жүргізуге мүмкіндік беретін арнайы техника мен технология жасақтады. Скважиналар бойынша орталықтан бу тарататын тұрақты бу генераторы құрылғыларына тән орасан зор материалдық шығындарды мұнай өндіру процесіне жылжымалы плазмалық бу генераторларын енгізу минимумға қысқартады.

Информация о работе Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы отын-энергетика кешенінің даму мәселелері