Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 12:49, реферат
Диплом тақырыбының маңыздылығы, көкейкестілігі. Қазақстанның әлемдік мұнай нарығына шығуы мұнай нарығын дамытудың негізгі бағыт – бағдарын мұнай экспорттаушы – мемлекеттер мен алдыңғы қатарлы мұнай компанияларының негізгі заңдылықтарын, халықаралық мұнайгаз жобаларын жүзеге асырудың негізгі шарттарын, мұнай саласын қаржыландыру мен инвестициялау мәселелеріне елдің қатысуының саяси және экономикалық салдарының зерттеу қажеттілігі мен өзектілігін тудырады.
Кіріспе.................................................................................................................2
1 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай өнеркәсібі саласының дамуы
1.1 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай саласы........................... 3-4
1.2 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай өндірудің болашағы............................................
1.3 Көмірсутекті шикізатты тасымалдау мәселелері..............8-10
1.4 Көмірсутекті шикізат өндірудің тиімділігін арттыру............................11-13
1.5 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай өңдеу мен мұнай химиясының өзекті мәселелері
2 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы газ өнеркәсібі
2.1 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы газ өнеркәсібі дамуының жалпы бағыт бағдарлары............................ 18-20
2.2 Батыс Қазақстан аймағындағы газ өнеркәсібін реттеу мәселелері
2.3 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы газ өндіруді дамытудың болашағы мен мәселелері
Қорытынды....................................................................................................60-62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................
Мұнайдың өзіндік құнын төмендету мәселесін шешуде оның тасымалдануы ерекше орын алады. Мұнайды мұнай айдау станциялары арқылы құбырөткізгіштер бойынша дәстүрлі тікелей айдау тәсілінің көптеген кемшіліктері бар: парафин шөгіндісінен мұнай өткізгіштігін қамтамасыз етудің қиындығы, жабысқақ мұнайды айдау үшін біршама қуаттың қажеттілігі, ағудан топырақтың ластануы.
Бұның барлығынан қашу сол құбырөткізгіштер бойынша арнайы герметикалы цилиндрлік контейнерлерде техникалық су көмегімен мұнай тасымалдаудың гидроконтейнерлік жүйесін енгізуде мүмкін болады. Жүк тасымалдаудың ұсынылған тәсілі өндірістік дамыған елдердің (АҚШ, Канада) көліктік жүйесінде маңызды орын алады. Мұнай тасымалдаудың гидроконтейнерлік тәсілінде жүк тиелген тасымалданатын контейнердің салмақсыздануы болады, соның арқасында қуаты шығындары біршама азаяды, құбырөткізгіштердің қызмет мерзімі ұзарады. Көтеретін сұйықтың құрамын құрай отырып, құбырдың ішкі тозуының алдын алуға болады. Гидроконтейнерлік тасымалдаудың басқа артықшылығы – табиғаты бойынша әртүрлі материалдарды: мұнай, дақыл, тұз, қазба концентраттарын біруақытта немесе бөлек тасымалдау мүмкіндігі. Бұл тәсіл скважинадан мұнай өңдеу зауытына дейін мұнай қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Шикі мұнай құны – басты, бірақ мұнай өнімдерінің ақырғы құнын анықтайтын жалғыз фактор емес. Оларды алу кезеңінде бұл көрсеткіш мұнай өңдеу тереңдігі мен мұнай өңдеу зауыты қуатын жүктеу дәрежесіне тікелей тәуелді. Егер, мұнай өңдеу тереңдігі 75%-ға дейін Павлодар МӨЗ-да өнім сапасы бойынша қазіргі талаптарға (АҚШ-та 90%-ке дейін) барынша жауап береді және ол Қазақстанда сұранысқа ие болса, ал сәйкес көрсеткіші 55% шегінде болатын Атырау МӨЗ өндірісті түбегейлі қайта қалпына келтірмей экологиялық нормалары бойынша аттестацияланбайды және сауда нарығындағы бәсекелестікті көтере алмайды. МӨЗ қуаттарын пайдаланбау мұнай шикізатының құнына тікелей әсер етеді, себебі оның өзінжік құнындағы энергиятасымалдағыштар үлесі 40%-дан жоғары.
Бұл мәселені нақты кен орны мұнайының құрамы мен қасиеттеріне бағдарланған техникалық сипатты аймақтық мұнай өңдеу зауыттары құрылысын салу жолымен шешуге болады. Қуаты бойынша ірі МӨЗ құрылысы орасан зор шығындарды талап етеді. Мұнай кен орындарында орналасатын азкөлемді, жылжымалы МӨЗ жасақтау және шығаруды ұйымдастыруға қаражаттар салу мүмкін болар еді. Бұл зауыттар ең алдымен сапа стандарттарына жауап беретін, жоғарыоктанды этилді емес бензин мен экологиялық таза дизельді отын шығаруы қажет.
Ресейде саланы түбегейлі техникалық қайта қарулану мақсатында «СибВПКНефтегаз-2000» бағдарламасы жасақталынды. Ресей мұнайшылары қорғаныс зауыттарымен шығарылатын өзіндік мұнайгаз жабдықтарына көшуді жоспарлап отыр. Бұл валюталық табыстың біршама бөлігін, 200 мың жұмысшы орындарын сақтап қалуға, мұнайды бәсекеқабілетті етуге мүмкіндік береді. Мұнай саласын түбегейлі техникалыұ қайта қаруландыру саласында өзіндік машина-құрылыс кешенін құру Қазақстан саласын түбегейлі техникалық қайта қаруландыру үшін де өзекті.
Қазақстан болашақ мұнай державасы ретінде өзін өзі алдыңғы қатарлы технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етуі қажет. Бұл үшін шетелдік техника әкелуін реттеу, ғалымдар мен машинақұрылысшыларының күшін ортақ техника-экономикалық саясат жүргізуге жұмылдыру қажет. Өзіндік мұнай жабдықтарын құру саясатынан бас тарту – бұл ғылыми-техникалық қуаттың дағдарысына, табиғи байлыққа айырбас ретінде импорттық техника жабдықталуынан тұрақты тәуелді болуға, жұмыссыздық пен әлеуметтік қиыншылықтарға әкеледі /35/.
Мұнай мен мұнай өнімдерінің өзіндік құнының қалыптасуын талдау Қазақстан Республикасының қорғаныс күші мен беделін нығайту, экономиканы дағдарыс жағдайынан шығару дәл осының өзіне тәуелді екенін көрсетеді.
1.5 Қазақстандағы мұнайхимиясы және мұнайөңдеудің өзекті мәселелері
Республикада мұнай мен газды өндірумен қатар, оларды өңдеу, сөйтіп әр түрлі отындар мен өзге де көмірсутек шикізаттарын шығару саласы да дамып келеді. Қазіргі кезде республикада 3 мұнай өңдеу зауыты және 3 газ өңдеу зауыты жұмыс істейді.
Отын – энергетикалық бағыттағы мұнай мен газды өңдеу саласы Қазақстанда 1940 жылдарында қалыптаса бастады. Республиканың мұнай өңдеу өнеркәсібінің тұңғышы – Атырау мұнай өңдеу зауыты, ол 1945 жылдан бастап Түрікменстаннан, Татарстаннан, Башқұртстаннан жеткізілген мұнайларды және Бакудың дизельдік дистиллятын өңдей бастады. Зауыт 1960 жылдан бастап Ембі кен орынының ауыр да шайырлы мұнайларын, 1965 жылдан бастап Маңғыстау мұнайын, ал 90 – жылдардың басынан бастап Теңіз кен орнының мұнайын өңдейді. Зауыттың жылдық қуаты 4,5 – 5 млн тонна. Өңдеу тереңдігі 63 % -ға жетіп отыр.
Зауытты қайтадан жарақтау шаралары жүзеге асырылуда, мұның өзі мұнайды өңдеу тереңдігін 85 – 92 % -ға жеткізуге және автомобиль бензиндері мен дизельдік отынды Евро – 2005 стандартына сай өндіруге мүмкіндік беретін болады.
Республиканың солтүстік және солтүстік – шығыс аймақтарының мұнай өнімдеріне деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында Павлодар мұнай өңдеу зауыты салынған, ол қазақстандық және ресейлік мұнайлардың аз күкіртті қоспасын отындық вариантта өңдей отырып, жылына 77,5 млн тонна өнім береді. Өңдеу тереңдігі 82 %-ға жетеді.
Еліміздің оңтүстік-шығыс және оңтүстік аймақтары мұнай өнімдерімен Шымкенттің бұрынғы «Мұнайоргсинтез» зауытымен қамтамасыз етіледі, бұл зауыт қазір «Петро Қазақстан Ойл Продактс» деп аталады. Зауыттың қуаты – жылына 6,5 млн тонна, өңдеу тереңдігі 78 %.
Атырау мұнай өңдеу зауыты қазіргі кезде ол «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы акционерлік қоғамының еншілес кәсіпорны болып табылады, ол Қазақстандағы жоғарыда аталған зауыттардың ішіндегі ең ежелгісі болып табылады. Ол Каспий теңізінің солтүстігінде, Гурьев (Атырау) қаласында 1945 жылы мұнайды отындық бағытта өңдеу мақсатында салынды.
Зауыттың құрылысы 2 жылға созылды, ол АҚШ-тан «ленд-лиз» арқылы алынған жабдықтар негізінде салынды. Зауыт негізінен парафині мол ауыр мұнайларды өңдейді. Зауыт өнімдерін шығару рыногы негізінен Қазақстан Республикасының батыс және оңтүстік аймақтарын қамтиды.
2003 жылдан бастап зауытты қайтадан жарақтау жұмыстары басталды, бұл науқан «Қазақойл» Ұлттық мұнай компаниясы мен «Марубени Корпорейшн» компаниясының арасындағы нысанды «толығымен дайын» күйде 2006 жылы тапсыруға міндеттелінген келісім-шартқа сәйкес жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 235 млн АҚШ доллары.
Зауыт қайтадан жарақтанғаннан кейін оның өңдеу тереңдігі 92 % -ға жететін болады, зауыт АИ – 95 автомобиль бензинін Евро – 2005 стандартына сәйкес өндіруге және қыстық дизельдік отынды қоспалар қоспай – ақ шығаруға қол жеткізеді /36/.
Қазақстандық көмірсутектер ресурстарын бағалау бұл қорлардың кем дегенде, 100 жылға жететінін болжауға мүмкіндік береді. Бұл 100 жыл ішінде мұнайгаз саласының мұнайгаз жабдықтарына, қызмет көрсету машиналары мен техникасына, құрылымдық және құрылыс материалдары мен химиялық реагенттерге, арнайы киімдерге тұрақты сұраныс болатынын көрсетеді. 100 жылы ішінде Қазақтан мұнайөңдеу және мұнайхимиясы үшін шикізатқа ие болады. Ал мұнайхимиясы полиэтиленді пакеттер, тіс жуатын пасталар, шампундар мен жиһаздардан бастап телекоммуникациялық жүйелерде, авиациялық-космостық техника мен басқа да жоғарыинтеллектуальды қызмет салаларында қолданылатын жоғары төзімді құрылымдың материалдарға дейін өнімдер береді. Озық технологияларды жасақтамай республика отаршылдық-шикізаттық мұрасынан құтыла алмайды, сондықтар осы жобаларға инвестиция салу өте пайдалы. Олардың дамуы үшін барлық алғы шарттар бар: шикізаттың бар болуы, маманданған еңбек ресурстары, өндірістік күштер.
Атап көрсетілгендей, мұнай өндіру көлемі әлі де арта түседі. Бұнда көмірсутекті шикізатты терең кешенді өңдеу бойынша күштерді күшейту қажеттілігі туындайды. Бұл қажеттілік сонымен бірге мұнайгазөңдеу деңгейі тек қана барлық халықшаруашылық кешенінің тиімділігімен анықталмайды, сонымен қатар көмірсутекті шикізат өндіру және дамыту стратегиясына әсер етеді /37/.
Бұрынғы КСРО мұнайөңдеу зауыттары әкімшілік бағыныштылық, яғни әкімшілік аудандар немесе облыстарды мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету принципімен емес, республикалық бағыныштылығынан тәуелсіз, географиялық аймақты қамтамасыз принципі бойынша салынғанын ескерту қажет. Мысалы, Павлодар зауыты Қазақстанның солтүстік облыстары мен РСФРС батыс облыстары қажеттілігін қанағаттандыру есебімен, ал Шымкенттік МӨЗ – республиканың оңтүстігі мен Өзбекстанның Ташкент облысын қанағаттандыру үшін салынған. Сол уақытта, Қазақстанның көптеген орталық, солтүстік және оңтүстік облыстары, яғни ең ірі тұтынушылар РСФРС мұнайөңдеу зауыттары өнімдерімен қамтамасыз етілді.
КСРО-ның құлауына байланысты Қазақстан Республикасының облыстарын мұнайөнімдерімен қамтамасыз ету тепе-теңдігі бұзылды. Бәрінен бұрын солтүстік-батыс және Қарағанды облыстары зардап шекті. Нәтижесінде тағы да екі мәселе туындады: біріншіден, Қазақстанның Ресейге тәуелділігінен мұнайөнімдері мен оларды тасымалдау бағалары қисынсыз өсті; екіншіден республикада негізінен майлы мұнайдардың өндірілуіне қарамастан, ешбір зауытта жағар май өндірісі ұйымдастырылмады. Майлы қазақстандық мұнай өңдеу үшін отынды-майлы схема бойынша Ярославльден Староменделеевтік зауытқа, кеңқияқ мұнайы – Орскі, маңғыстау зауыты – Новокуйбышев, Волгоград зауыттарына жеткзіледі, ал шығарылған майлар әлемдік бағалармен Қазақстанға сатылады.
Сөйтіп, тепе-теңсіздіктен Қазақстан орасан зор шығындарға ұшырап отыр. Мысалға, оның барлық мұнайлы майларға қажетілігі (530-610 мың т/жылына) сырттан әкелу есебінен толық қанағаттанады. Егер 1 т. жағар майға әлемдік баға 800-1000 АҚШ долларын құрайтынын ескерсек, шығындарды есептеу қиын болмайды /38/.
Осыны ескере отырып, жақын жылдары Атырау мұнайөңдеу зауытын қайта құру, Павлодар және Шымкент зауыттарын кеңейту және Маңғыстау, Ақтөбе облысы Алға қаласында отынды-майлы схемасы бойынша жаңа мұнайөңдеу зауыттарын салу қажет.
Басқа, тағы бір маңызды мәселе - өндірілетін мұнайөнімдерінің төмен сапасы мен өңдеудің төмен тереңдігі. Мұнайөңдеу зауыттары (Атырау, Павлодар және Шымкент) шикізатты өңдеудің төмен тереңдігі мен өндірілетін мұнайөнімдерінің төмен сапасынан жылына 15 млн. АҚШ долларына дейін шығынға ұшырайтыны есептелінген. Демек, ең бірінші ғылым және техника жетістіктері мен мұнайөнімдеріне халықаралық стандарттарын ескере отырып, жаңа қуаттарды енгізу стратегиясын жасақтау, көмірсутекті шикізаттарды өңдеудің екінші процесстері мен мұнайөнімдерінің сапасын біршама көтеретін жаңа технологияларды жасақтау және енгізу қажет.
Бұдан «Мұнай» МӨО АҚ-мен отынды-майлы схема бойынша қуаты жылына 1,5-2 млн. т. болып, жылына 2 млн. т. мұнайға дейін жеткізілетін Алға мұнайөңдеу зауыты құрылысы бойынша техника-экономикалық ұсыныс дайындалды. Құрылыс орнын таңдауда келесі жағдайлар ескерілді:
- құрылыс алаңының мұнай өндіру орындары мен өнімді тұтыну орындарына жақындығы;
- аймақтағы көлік желісінің жеткілікті даму деңгейі;
- мұнай өндіру мен мұнай өңдеуге бағдарланған дамыған инфрақұрылымның бар болуы;
- бос жұмыс күшінің барлығы;
- аймақ қажеттілігін тек қана отынның барлық түрлерімен ғана емес, сонымен бірге жағар май, құрылыс битумдарымен қанағаттандыру қажеттілігі.
Германдық «Лурги» фирмасы ТЭН аяқтады, ВНИИМұнайөңдеу (Москва қ.) – технологиялық көрсеткіштерді, НИИНМұнайхимжоба (Новгорд қ.) – зауыт құрылысының жобасын аяқтады. Жобалау, содан кейін құрылысын тұрғызу кезеңінде көптеген ғылыми-техникалық мақсаттарды шешу қажет, себебі бұндай профильді зауыт алғаш рет салынғаны отыр.
Қазіргі уақытта Қазақстанның мұнайхимиялық өнеркәсібі шикізаттың жетіспеушілігінен тұрып қалды. Бұрынғы КСРО-да барлық қазақстандық мұнайхимиялық кәсіпорындар басқа республикалардан келетін шикізат жеткізілімдерінің есебімен салынған болатын. Оларға Қостанай, Руднен, Лисаков химия зауыттары, Атырау химия зауыты (қазіргі «Полипропилен» АҚ), Ақтау пластмасса зауыты (қазіргі «АКПО» АҚ), газөңдеу зауыттары жатады. Мысалы, жобалық қуаты жылына 230 мың т. полистирол шығаратын Ақтау пластмасса зауыты бензол мен этанның жетіспеушілігінен әлімдік нарықта үлкен сұраныспен қолданылатын полистиролдің өндіріс көлемін жылдан жылға қысқартуға мәжбүр.
Қазақ, Қарашығанақ, Жаңажол және Теніз газөңдеу зауыттарында отынның, мұнайхимиялық өнімдердің көптеген маңызды түрлерінен бастап, құрылымдық материалдар мен дайын бұйымдарға өндірісіне дейін үлкен мұнайхимиялық процесстер жүзеге асырылуы қажет /39/.
Сөйтіп, өндіріс пен ғылым алдында өзіндік шикізаттан бензол, пропилен, этилен және мұнайхимиялық басқа өнімдер өндірісінің түбегейлі жаңа технологияларын жасақтау бойынша үлкен мақсаттар тұр.
Құжаттар жасақтау саласында да үлкен істер күтіп тұр. Қазіргі уақытта өндірістік объектілерді жобалау, құрылысын салу мен пайдалануға беруде бұрынғы КСРО мен Ресейдің нормативтік-техникалық құжаттарын қолдануға тура келеді, ол қазір ескірген, әрі Қазастан Республикасындағы жаңа заңдар, ережелер, концепциялар мен акітлердің бекітілуімен байланысты қазіргі ерекшеліктерді көрсетпейді. Кейбір жағдайларда қажетті НТМ тіпті жоқ, осыған байланысты өндірістің тиімділігін, экологиялық жағдайды жақсартуға, біршама экономикалық тиімділік алуға, өнеркәсіптік және өндірістік объектілерді жобалау, құрылысын салу және пайдалануға беру тиімділігін көтеруге бағытталған маңызды жасақтамаларды халық шаруашылығына енгізуді тежейді.
Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы газ өнеркәсібі
Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы газ өнеркәсібі дамуының жалпы бағыт бағдарлары
Газ негізінен Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында, азырақ мөлшерде Атырау және Ақтөбе облыстарында өндіріледі. Маңғыстау облысында газ 8 кен орнынан өндіріледі. Олар: Жетібай, Ақтас, Қарамандыбас және Өзен кен орындары т.б. Республикада өндірілетін газдың негізгі бөлігі (50%-дан астамы) соңғы жылдары Қарашығанақ кен орнының үлесіне тиіп отыр.