Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы отын-энергетика кешенінің даму мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 12:49, реферат

Краткое описание

Диплом тақырыбының маңыздылығы, көкейкестілігі. Қазақстанның әлемдік мұнай нарығына шығуы мұнай нарығын дамытудың негізгі бағыт – бағдарын мұнай экспорттаушы – мемлекеттер мен алдыңғы қатарлы мұнай компанияларының негізгі заңдылықтарын, халықаралық мұнайгаз жобаларын жүзеге асырудың негізгі шарттарын, мұнай саласын қаржыландыру мен инвестициялау мәселелеріне елдің қатысуының саяси және экономикалық салдарының зерттеу қажеттілігі мен өзектілігін тудырады.

Оглавление

Кіріспе.................................................................................................................2
1 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай өнеркәсібі саласының дамуы
1.1 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай саласы........................... 3-4
1.2 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай өндірудің болашағы............................................
1.3 Көмірсутекті шикізатты тасымалдау мәселелері..............8-10
1.4 Көмірсутекті шикізат өндірудің тиімділігін арттыру............................11-13
1.5 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай өңдеу мен мұнай химиясының өзекті мәселелері
2 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы газ өнеркәсібі
2.1 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы газ өнеркәсібі дамуының жалпы бағыт бағдарлары............................ 18-20
2.2 Батыс Қазақстан аймағындағы газ өнеркәсібін реттеу мәселелері
2.3 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы газ өндіруді дамытудың болашағы мен мәселелері
Қорытынды....................................................................................................60-62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................

Файлы: 1 файл

аймактык реферат.doc

— 594.50 Кб (Скачать)

         Ақтөбе облысында мұнай өндірудің ірі орталықтары Жаңажол, Кенқияқ, Кендісай) Қаратөбе, Ақжар т.б. орналасқан. Мұнайды тасымалдау үшін ұзындығы 416 км Жаңажол – Кенқияқ – Орск, оның ішінде Қазақстан  көмірсутегі шикізатының бірегей ресурстарына ие болып отыр. Оны ойдағыдай игеріп, экономиканың түрлі салаларындағы қажеттіліктерді қамтамасыз етуге мұнай – химия өндірісінің алатын орны бөлек. Ол үшін мұнай – химия өнеркәсібі кәсіпорындарын қалпына кетіру және оларды бәсекелестікке қабілетті тауарлар өндіруге сай дамыту қажет, 54 км Жаңажол – Кенқияқ, 362 км Кенқияқ – Орск мұнай тасымалдау құбыры тартылды.

      1 – кесте - Негізгі ішкі мұнай құбырларына сипаттама

 

Мұнай құбырлары

Іске қосылған жылы

Ұзындығы, км

Диаметр, мм

Жылдық өндірісі

жоба

Іс жүзінде асырылуы

Орталық Қазақстан жүйесі

Кенқияқ – Орск 1-ші линия

1968

400

325

1,7

1,9

Кенқияқ – Орск

2-ші линия

1986

400

530

5,0

толық

Шығыс Қазақстан жүйесі

Омск – Павлодар – Шымкент

1977

1983

1859

1020/800

25

20

Құмкөл-Қарақойын

1990

199

500/700

7/14

3,7 / 4,8

Батыс Қазақстан жүйесі

Өзен-Атырау-Самара

1974-78

1379

1020/720

12,3

10

Өзен-Жетібай

1966

68

500

8

3,26

Жетібай -Ақтау

1974-78

73,6

500

8

1,47

Қаламқас-Қаражанбас

1986

62,1

500

5

4,80

Қаражанбас-Ақтау

1979

202,4

720

8,5

6

Сарығамыс-Теңіз

1968

30

300

2

0,6

Прорва -Құлсары

1986

103

500

5

0,3

НПС №3 -Қосшағыл

1980

133

300

2

6

Искене-Погруз.док

1936 (1981)

18,75

200/250

1

0,16

Мартиши-Атырау

1972 (1986)

85,6

500

6,0

1,06

Комсомол-Мақат

1942(1985)

47,6

200/500

1,0

0,03

Мұнайшы-Қосшағыл

1950

66

250

2

0,01

Ақтау-Жетібай

1990

63,6

700/500

8,7

2,64

Доссор-Мақат

1991

34,3

200/25

1

1,6

 

 

 

Қазақстандық мұнайды түрлі көліктермен тасымалдау сызбасы

 

 

1-сурет

 

         Бұған қосымша тартылған Ақтөбе облысы бойынша 379 км және Ресейге қарай 37 км мұнай тасымалдау құбыры қосылады. Пайдалануға берілген диаметрі 1020 мм қос желілі магистральді газ құбырының ұзындығы 1175,2 км жобалық мұнай – газ тасымалдау мүмкіндігі 600 мм текше метрді құрайды. 1998 жылы ұзындығы 32 км Жаңажол – Ақтөбе газ құбыры пайдалануға берілді. Соның нәтижесінде облыс тұрғындарының 50 % -ы газбен қамтамасыз етілді. Газ құбыры бойынша тасымалдау мен жұмысты жүйеге келтіретін компрессорлық станса жұмыс істейді /21/.

       Көліктің бұл түрі облыста мұнай мен газды тасымалдауда соңғы жылдары қолданылып жүр. Облыс аумағында негізінен мемлекетаралық маңызы бар транзиттік газ құбыры Бұхара – Орал желісі. Құбыр көлігінің облыс бойынша ұзындығы – 1867 км. Оның ішінде мұнай құбыры – 416 км, газ құбыры – 1176 км-ге тартылып жатыр. Құбыр көлігінің жүк айналымы өсіп келеді, мәселен, ұзындығы 448 км, жылына 6 млн, тонна мұнай тасымалдау құбырының іске қосылуы. Бұл Ақтөбе облысының мұнай көздерін «Атырау - Самара» экспорттық магистралімен байланыстырып, Ақтау порты арқылы облыстың мұнайын тасымалдауға мүмкіндік береді.

Мұнайды экспорттаудың көбеюі оны әлемдік нарықтарға тасымалдау мәселесін бірінші орынға қойды /22/.

Мұнай шикізатын тауарлық өнімге айналдырудың технологиялық процесінің ажырамас бөлігі бола отырып, Қазақстанның мұнайөткізу көлігі өнеркәсіптік масштабта өндіру жұмыстарын алғаш жүргізе бастағанда бір уақытта дами бастады. Республикалық мұнайөткізгішінің ұзындығы 150 км болатын, Доссор мұнай кеніші ауданын Каспий теңізі жағалауымен байланыстырған бірінші торабы кеңес билігі кезінде салынған болатын.

Республика территориясынан өтетін магистральдық мұнайөткізгіштерін әрі қарай дамыту бұрынғы КСРО-ның бүтін мұнай көлігі жүйесінің құру концепциясына сәйкес жүргізілді, ол өз даму барысында өз принциптерін екң рет ауыстырды. Алғашында мұнай өңдеу зауыттары мұнай өндіру орталықтарына тікелей жақын тұрғызылды, бұл әрине, мұнайөткізгіштердің ұзақтығына әсер етті. Шартты түрде бұның аяқталуын 60-шы жылдар деп есептеуге болады /23/. Бұл кезеңде Қазақстандағы мұнай өндірудің негізгі орталығы Батыс Қазақстан болды, сондықтан Атырау МӨЗ (мұнай өңдеу зауыты) құрылысы мен іске қосу, сонымен қатар шикізат жеткізілетін сәйкес құбырөткізгіштер салу сол кезде қызмет атқарып тұрған принциптерге қайшы болмады.

Батыс Сібір (Ресей) мұнай кен орнын барлау және жасақтау жұмыстарының басталуымен жаңа мұнай өңдеу зауыттарын орналастыру принципі өзгерді. 70-жылдар басынан оларды өндірілетін мұнайөнімдерінің көп бөлігін тұтынатын өндірістік орталықтарға барынша жақын жерлерде салына бастады. Қазақстанда 70-жылдардың соңы – 80-жылдардың басында салынған негізгі мұнай құбырлары Павлодар-Шымкент мұнай құбыры, ол Батыс Сібір мұнай кен орындарын Орта Азия мұнай өңдеу зауыттарымен байланыстырды /24/.

Қазақстанның тәуелсіздік алған сәтінде оның территориясында бұрын ортақ мұнай көлігі жүйесіне енген 4,9 мың км. шамасында магистральды мұнай өткізгіштер өтіп жатты. (2-кесте).

 

2-кесте - Қызмет атқарған мұнай құбырларының негізгі техникалық сипаттамалары

 

Мұнайөткізгіш

Енгізілу жылы

Ұзақтығы, км

Диаметр, км

Өнімділігі млн.т/жылына

Саны

 

 

Өзен-Ақтау

1966

142

500

8

3,2

4

Өзен-Атырау

1970

683

1000

30

9,1

6

Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау

1979

62

500

8/15

8/5

4

Теніз-Грозный

1988-1990

678

1000

30

-

3

Прорва-Құлсары

1986

103

500

5

3

2

Кенқияқ-Орск

1968

400

300

5

3

4

 

 

1997 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы бойынша қазақстан және ресей мұнайын тасымалдау мұнайөткізгіштердің үш өзара тәуелсіз жүйелері бойынша жүргізілді:

1. Батыс Қазақстан мұнайөткізгіштері. Олардың шикізаттық базасы Теңіз, Құмкөл, Жетібай, Қаражанбас кен орындарында өндірілетін мұнай болып табылады. Мұнайды Қазақстан МӨЗ-ына және Ресей тұтынушылары мен экспортқа шығаруға тарату үшін Самаралық мұнай араластыру базасына тасымалдау жүргізіледі. Бұл мұнайөткізгіші бойынша айдау технологиясы өе күрделі, себебі ол бойынша тасымалдауда жылытуды қажет ететін Өзен және Жетібай кен орындарының жоғарыкүкіртті мұнайы тасымалданады. Бұдан басқа, 1993 ж. Теңіз кен орнында өндіру көлемін біршама өсіру басталғанда теңіз мұнайын алдын-ала меркаптансыздандыру мәселесі туындады. Кен орны маңынан меркаптансыздандыру станциясы құрылды.

2. Ақтөбе мұнайын Ресейде (Орскнефтеоргсинтез) өңдеуге тасымалдауды қамтамасыз ететін мұнайөткізгіштер. Мұнайөткізгіштің ұзақтығы 362 км, олардың 325 км Қазақстан аймағы бойынша өтіп жатыр. Мұнайөткізгіш құрамында диаметрі 377 және 529 мм болатын құбырөткізгіштердің екі тізбегі жүреді. Бұл аймақта өндірілетін мұнайлардың  сапалық айырмашылықтарынан бірінші тізбек Кеңқияқ кен орны мұнайын жылытумен тасымалдау үшін, ал екіншісі – Жаңажол кен орны мұнайын тасымалдау үшін арналған. Бірақ кеңқияқ мұнайын өндіру көлемінің азаюымен қазіргі сәтте құбырөткізгіш бойынша жылытуды қажет етпейтін екі кен орны мұнайының қоспасы тасымалданады.

Қазақстан Республикасының мұнайөткізгіш көлігін дамытудың алдағы стратегиясы өз МӨЗ-ына жеткізілімдердің тұрақтылығы мен жеткіліктілігін қамтамасыз ететін жаңа мұнайөткізгіштерін тұрғызу, сонымен қатар қазақстан мұнайын сыртқы нарықтарға өздігімен жеткізу болып отыр.

Батыс Қазақстан - Құмкөл мұнайөткізгіші құрылысын салу жоспарланған. Жоба авторының ойы бойынша ол қазақстандық мұнайды Павлодар және Шымкент зауыттарына жеткізілуін қамтамасыз етеді. Мұнайөткізгіштің жобалық күші жылына 20 млн. т. мұнай, ал ұзындығы 1200 км құрайды. Құрылысты екі кезеңде жүргізу жоспарланған:

- бірінші – Атырау-Кеңқияқ участкесінде диаметрі 700 мм мен өнімділігі жылына 7 млн т. мұнай болатын мұнайөткізгіші құрылысы;

- екінші – Кеңқияқ-Құмкөл участкесінде диаметрі 900 мм болатын мұнайөткізгіші құрылысын аяқтау.

Жобалық құжаттарға сәйкес мұнайөткізгішінің шикізаттық негізі Теңіз, Жаңажол және Маңғыстау облысы мұнайларынан құралған мұнай қоспасы болып табылады.

Өзіндік қуаттық тәуелсіздік қалыптастырудан басқа Қазақстан үшін экспорттық мұнайөткізгіштер жобалары да өте маңызды. Олар қазақстандық мұнайдың халықаралық нарықтарға шығуын, бәсекелестік бағасына дейін тасымалдау құнын азайту, көлік жүйесінің сенімділігін арттыруды  қамтамасыз етуі қажет.

Экспорттық мұнайөткізгіштердің бірнеше варианттары қарастырылады. Жаңа кен орындарын ашу қосымша мұнайөткізгіштердің құрылысын талап етуіне байланысты мүмкін варианттарды зерттеу жалғаса беруі қажет.

Қазақстан үшін экспорттық мұнайөткізгіштер жобаларын зерттеуде жақын орналасқан мемлекеттер – Қазақстан көршілерінің геосаяси және геоэкономикалық мүдделерін де ескеру қажет. Қырғызстаннан басқа Қазақстанды қоршаған барлық республикалар мұнай өндіруші мемлекеттер болуы республикадан шығатын мұнай экспортын қиындатады. Сондықтан осы барлық республикалар өз экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында мұнай экспортына мүдделі.

Қазақстан мұнайы үшін мүмкін болатын экспорттық маршруттарды түбегейлі қарастырайық, себебі 2003-2010 жж. өндірілген мұнайды экспорттау мәселесі өндіруді тежейді. Жаңа экспорттық құбырөткізгіштердің мүмкін маршруттарын шартты түрде  батыс, шығыс және оңтүстік бағыттар деп бөлуге болады. Олардың әрқайсысы өзінің оң және теріс жақтары бар.

Ең «бастысы» батыстық бағыттағы құбырөткізгіштер тобы болып табылады, оны екі маршрутқа бөлуге болады.

Қазақстан (Теңіз кен орны) – Ресей (Тихорецкая-Кропоткин-Новороссийск солтүстігінің жаңа терминалы) трассасында экспорттық мұнайөткізгіш салу жобасына бірқатар жылдар бойы ерекше көңіл бөлініп отыр. Оны жүзеге асыру үшін 1992 ж. «Кэспиен Пайплэйн» - Каспий құбырөткізгіш консорциумы (КТК) құрылды, оның құрамына Қазақстан, Ресей, Оман кіреді. Инвестициялаудағы қатысу үлесі алғашында келесі түрде бөлінді: Қазақстан және Ресей – әрқайсысы 25%; Оман – консорциумның 50% акциясын иемденді. Мұнайөткізгішінің жалпы ұзындығы 1600 км құрайды, ол оның бөлек участкелеріне құрылыс салынған. Инвестициялау көлемі әртүрлі бағалаулар бойынша 1,2-1,5 млрд. долл. құрайды.   

Новороссийскіге дейінгі мұнайөткізгішінің бірінші кезегін аяқтау Ресей мен Қазақстаннан жылына 15 млн.т. шикі мұнайды экспорттауға мүмкіндік береді, ол ағымдық бағамен 1.5 млрд. долл. құрайды. Батыс Қазақстаннан, Ресей, және мүмкін Азербайжаннан (Каспий маңы аймағындағы кен орны) шикізат тасымалдау бойынша екінші кезектегі объектілерді іске қосқаннан кейін жылына 60-тан 70 млн. т. дейін мұнай экспорттау мүмкіндігі ашылады. Айдалатын шикізаттың осындай үлкен көлемі болжамдар бойынша каспий маңы құрғақ жерлерінде, сонымен бірге шельфтегі жаңа кен орындарын игеру есебінен қамтамасыз етіледі /25/.

1992-1995 жж. КТК негізін қалаушылармен консорциумға жаңа инвесторлар тарту бойынша үлкен жұмыстар жүргізілді. 1996 жылдың наурызында Москвада қ. өткен КТК директорлары отырысында оның қатысушылары үшін жаңа квоталар анықталды: Ресей мен Қазақстан соммасында 43%, Оман – 7%, ал қалғандары – олар үшін бөлінген 50%-тен әрқайсысы 5-7% алды. Консорциум құрамына кіруге дайындықты әлемнің ірі мұнай компаниялары – «Mobil», «British gaz», «Ajip», «Арко», «Лукойл», «Транснефть», «Роснефть» білдірді. 1996 ж. мамырында қол қойылған «КТК қайта құру келісімінде» (Алматы қ.) консорциум акцияларына қатысу үлесін алу құқығына оның келесі мүшелері ие деп белгіленді: Ресей (24%), Қазақстан (19%), Оман (7%), «Шеврон» (15%), «Лукойл» (12,5%), «Mobil»(7,5%), «Роснефть» (7,5% ), «Ajip»(2,4%), «British gaz»(2%), «Мұнайгаз» және «Орикс» (1,75) %. Оператор болып қатысу үлесінсіз «Транснефть» компаниясы анықталды. Сөйтіп, бұл жобаның мұнайды Новороссийскіге айдаумен байланысты бөлігінде өмірге келтіру үшін нақты алғышарттар қаланды /26/.

Информация о работе Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы отын-энергетика кешенінің даму мәселелері