Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 12:49, реферат
Диплом тақырыбының маңыздылығы, көкейкестілігі. Қазақстанның әлемдік мұнай нарығына шығуы мұнай нарығын дамытудың негізгі бағыт – бағдарын мұнай экспорттаушы – мемлекеттер мен алдыңғы қатарлы мұнай компанияларының негізгі заңдылықтарын, халықаралық мұнайгаз жобаларын жүзеге асырудың негізгі шарттарын, мұнай саласын қаржыландыру мен инвестициялау мәселелеріне елдің қатысуының саяси және экономикалық салдарының зерттеу қажеттілігі мен өзектілігін тудырады.
Кіріспе.................................................................................................................2
1 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай өнеркәсібі саласының дамуы
1.1 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай саласы........................... 3-4
1.2 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай өндірудің болашағы............................................
1.3 Көмірсутекті шикізатты тасымалдау мәселелері..............8-10
1.4 Көмірсутекті шикізат өндірудің тиімділігін арттыру............................11-13
1.5 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай өңдеу мен мұнай химиясының өзекті мәселелері
2 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы газ өнеркәсібі
2.1 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы газ өнеркәсібі дамуының жалпы бағыт бағдарлары............................ 18-20
2.2 Батыс Қазақстан аймағындағы газ өнеркәсібін реттеу мәселелері
2.3 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы газ өндіруді дамытудың болашағы мен мәселелері
Қорытынды....................................................................................................60-62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................
Теңіз мұнайгаз өнеркәсібін дамыту бағдарламасының екінші кезеңі концепциясын жасақтау жұмысы аяқталды. Каспий түбіндегі мұнай кен орындарының техникалық параметрлері «Shevron» американдық компанияның қатысуымен игерілетін Теңіз кен орны (Батыс Қазақстан) параметрлеріне ұқсас екендігі анықталды. Каспий түбіндегі мұнай қабаттарының орналасу тереңдігі 5000-7500 м, қысымы 840-860 атм., көмірсутектер мен көмірқышқыл газының құрамы 25%.
Қазақстан Үкіметімен «Қазақстанкаспийшельф» АҚ-ына Каспий теңізі жағалауында инфрақұрылым нысандарын дамыту бойынша шетелдік компаниялармен келіссөздер жүргізу құқығы берілді. «ККШ» МК екі жыл ішінде «МакДермет» американдық сервистік компаниямен бірге көмірсутекті шикізат өңдеу бойынша жаңа күштер салу қажеттігін анықтау және бар күштерді бағалау мақсатында Қазақстан, сонымен бірге Азербайжан, Ресей жағалаулары инфрақұрылымын зерттеуді аяқтады. 2003-2004 жж. Республика Үкіметімен Каспий теңізінің қазақстандық секторында 5 млн.т., ал 2013-2014 жж. – 50-60 млн.т. мұнай өндіру жоспарланды. Келтірілген болжамды мәліметтер көрсетіп отырғандай, бұл сала қазір де және болашақта да Қазақстан Республикасына экономикалық тұрақтылық және басқа да мүмкіндіктер беруге қабілетті стратегиялық сала болып қала береді /5/.
Мұнай бір жағынан экономикалық стратегиялық ресурс, ал екінші жағынан – экономикалық кепілдің, яғни мемлекеттік саяси тәуелсіздігінің объективті элементі. Бұнда Қазақстанда инвесторларды таңдау мәселесіне мемлекеттік бағдар көрсетілген. Еліміз макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау, ақша жинақтауларын қолдау және еркін саудаға ықпал ету қажет. Өндіріс пен ауыл шаруашылығын қайта құру және қызметкерлердің бір саладан екіншісіне ауысу мүмкіндігін қамтамасыз ету керек. Мұнай мен газ байлығын мұқият және ұқыпты жұмсау қажет. Бұл көрсетілген ережелер жас мемлекет үшін, жаңа туындап келе жатқан нарық экономикасы үшін ерекше өзекті болып табылады /6/. Меншік бөлінісі аяқталмаған жағдайда сыбайластық қаупі өте жоғары, сондықтан мемлекеттік сақтандыру, салада жүріп жатқан жекешелендіру және қажетті шегінде жеке қаражаттарды тартумен қатар, нарық процестеріне мемлекеттік бақылау қажет.
Тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстанда мұнай секторында ешқандай мемлекеттік немесе басқа да құрылымдар болған емес, сондықтан өнеркәсіпті басқарудың әр түрлері қолданылды: корпорация, ұлттық компания, энергетика министрлігі, арнайы министрлік, холдингтер, ұлттық компаниялар құрылды /7/.
Мемлекет негізгі салаларда батыл жекешелендіруді жүргізе отырып, бұл салаларға әсер етудің белгілі бір құралдарын сақтап қалуы қажет. Қазақстандағы осында құрал бақытына орай, модельдерді біршама байқап көруден кейін ұлттық компания – үкіметтен және оның институттарынан белгілі бір құзыр алған, бірақ әкімшілік емес, коммерциялық ұстанымдармен жұмыс жасайтын, өздігімен шешім қабылдайтын және міндеттері бойынша жауап беретін құрылым болып табылады.
1.3. Көмірсутекті шикізатты тасымалдау мәселелері
Республикадағы мұнайды тасымалдау жүйесінің қалыптасуы мен тұрақтануы өнеркәсіптің мұнай өндіру және мұнай өңдеу салаларының дамуымен тығыз байланысты. Тасымалдау жүйесінің негізгі мақсаты - өндірілген мұнайды оны өңдейтін орынға немесе одан әрі экспорттық тұтынушыларға жеткізу.
Қазақстан Республикасының аумағында алғашқы мұнай құбыры 1911 – 1913 жылдары Доссор кәсіпшілігінен Ракуш жағалау аймағына жеткізілді, осында Ембі мұнайы баржаларға тиеліп, одан әрі Бакудің мұнай зауыттарына жөнелтілді. Алғашқы мұнай құбырының ұзындығы 60 км, оның 16 км Каспий теңізінің табаны арқылы өтті /8/.
Мұнай өндіру қарқынының артуы жаңа тасымалдау артерияларын тұрғызу қажеттілігін туындатты. Мұнай тасымалдау жылына 6,5 млн.т., ұзындығы 710 км осылайша Ембі мұнайы Орскінің мұнай өңдеу зауытына жеткізілді. 1970–жылдары Ақтөбе облысында мұнай өңдіру жолға қойылуына байланысты, Гурьев – Орск мұнай құбырының орнына Кенқияқ – Орск екі тарамды мұнай арнасы тартылды. Оның ұзындығы 450 км, өнімділігі жылына 8 млн.т. мұнай өткізуге есептелді. Қазіргі кезде Ақтөбе облысының жүк тасымалдауына өзгерістер енгізілді. 2003 жылы Кенқияқ – Атырау мұнай құбырының өндіріске берілуіне байланысты, осы өңірде өндірілген мұнай Қазтрансойл құрылыстар жүйесі бойымен Атырауға жөнелтілетін болды. Қазіргі кезде Кенқияқ – Орск бағытымен мұнай тасымалы жүргізілмейді /9/.
1936 жылы Мұнайды темір жол цистерналарына құю мақсатында Құлсары – Қосшағыл, Ескене – Байшонас және Ескене эстакада құбырлары салынды. 1942 жылы ұзындығы 47,6 км болатын мұнай өткізу қабілеті жылына 0,7 млн.т. Комсомольск – Мақат мұнай құбыры игеруге берілді /10/.
Республиканың құбырлық тасымал жүйесі, Маңғыстау түбегінің кен орындары игерілуіне байланысты, әсіресе 1960-70–жылдары қарқынмен дамыды. Мұнай өндірудің тез қарқынмен артуы мұнайды арналық мұнай құбырлары арқылы еліміздің мұнай өңдеу зауыттарына тасымалдау міндетін шешуді жүктеді. Маңғыстау мұнайын тасымалдауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету мақсатында 1965 жылы «Маңғышлақ мұнай» бірлестігінің жанынан арналық мұнай құбырларының басқармасы құрылды. Өзен мұнайын Ақтау теңіз порты арқылы тасымалдауды және оны танкерлер мен цистерналарға құю шараларын тездету мақсатында 1963-1966 жылдары салынған, диаметрі 520 мм, ұзындығы 141,6 км, өнімділігі жылына 8 млн. тонна Өзен – Жетібай – Ақтау мұнай құбыры пайдаланылды /11/. Бұл мұнайдың Ақтау портынан теңіз көлігі, ал Ақтау мен Жетібайдан темір жол көлігі көмегімен еліміздің өзге мұнай өңдеу зауыттарына жеткізілуіне мүмкіндік берді.
Өзен мен Жетібай мұнайын ол кездердегі негізгі тұтынушылар Атырау, Волгоград, Самара мұнай өңдеу зауыттары болды. Жаңа мұнай құбыры бойымен Маңғыстаудың алғашқы мұнайы Гурьевке (Атырауға) 1969 жылы жеткізіліп, одан әрі темір жол цистерналарымен мұнай өңдеу зауытына тасылды.
1986-1987 жылдары Прорва – Құлсары (ұзындығы 105,9 км, диаметрі 520 мм, өткізу қабілеті жылына 5 млн. тонна) және Мартыши – Атырау (ұзындығы 85,6 км, диаметрі 520 мм, өткізу қабілеті жылына 6 млн.тонна) арналы мұнай құбырлары іске қосылды.
Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарының тұрғызылуына байланысты, сол сияқты Ферғана мұнай өңдеу зауытын (Өзбекстан) шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында Омск – Павлодар – Шымкент мұнай құбырын тұрғызуға, болашақта оны әрі дамыта және кеңейте түсуге шешім қабылданды.
Шымкент – Чарджоу арналық мұнай құбыры Павлодар – Шымкент құбырының жалғасы болып табылады, ол 1988 жылы Сібір мұнайын Чарджоу мұнай өңдеу зауытына тасымалдау үшін салынды. Мұнай құбырының ең жоғары өнімділігі жылына 8 млн тонна. Қазір мұнай саласының өте қарқынды дамуы көмірсутек шикізатын тасымалдаудың жаңа экспорттық бағыттарын тұрғызуға және балама бағыттарды іздестіруге мәжбүрледі. Мұның нәтижесінде 1989 жылы Каспий құбыржүйелік консорциум (КҚК) құрылды, ол Теңіз кен орнынан Қара теңіз терминалдарына дейінгі арналық мұнай құбырын тұрғызу және оны игеру мақсатын көздеді /12/.
Қарашығанақ кен орнының мұнайын экспортқа шығару мақсатында 2003 жылы ұзындығы 610 км Қарашығанақ – Атырау мұнай құбыры іске қосылды.
Қазір КҚК жүйесін «Теңізшевройл» компаниясынан басқа Ембі және Ақтөбе мұнайларын, сол сияқты Қарашығанақ кенорынның мұнайын экспортқа шығару үшін «Қазтрансойл» пайдаланады. Келешекте КҚК жүйесіне Қашаған кен орнының мұнайы, өзге де мұнай берушілердің мұнайлары құйылуы тиіс. Жалпы алғанда, КҚК жүйесі – Ресей мен Қазақстанда өзге баламалары жоқ, өте қуатты, бүгінгі күн талабына сай жарақталған техникалық жүйе болып табылады.
КҚК компаниясы Теңізден Новороссийск терминалына дейін тартылған экспорттық мұнай құбырын игерумен, жаңадан жарақтаумен және кеңейтумен айналысады. Оның бас ғимараты Мәскеу қаласында, жергілікті орындарда оның 4 аймақтық бөлімшелері бар, олардың біреуі Атырау қаласында орналасқан (Шығыс аймақ). Бірлескен Қазақстан – Қытай құбырлық компания Қазақстаннан Қытайға мұнай құбырын салу жұмысымен айналысуда /13/. Бұрынырақ тұрғызылған мұнай құбырының Кенқияқ – Атырау бөлімшесі осы компанияның құзырында өзге де мұнайқұбырлық компаниялар құрылуы мүмкін.
Жақын онжылдықтарда республикада мұнай тасымалдау көлігі бірден – бірге артып отыратын болады, себебі мұнай өндіру күрт өседі деп күтілуде. Дамудың негізгі бағыттары мыналар: бұрыннан бар жүйелерді толықтыру және қайтадан жарақтау; жаңа экспорттық маршруттар тұрғызу. Өзен – Атырау – Самара мұнай құбырын техникалық жетілдіру және оның өнімділігін өсіру одан әрі жалғасатын болады. Ол қазірдің өзінде Құмкөл мұнайын қабылдап, Ақтөбе қаласына дейін тасымалдап отыр (Атырауға дейін темір жол цистерналары мен тасылады); тасымалдаудың негізгі бағыты – мұнайды Самара арқылы экспортқа шығару.
КҚК белсенді түрде дамып келеді, ол мұнайды экспортқа шығарумен ғана айналысады, ал бұл көрсеткіш 2010–2012 жылдары 67 млн.тоннаға жетуі мүмкін /14/.
2010–2015 жылдар аралығында негізінен теңіз табанында орналасқан кен орындарды игеру нәтижесінде елімізде мұнай өндіру қарқыны күрт өсетн болады, бұл кезеңге қарай мұнай айдаудың жаңа маршруттары мен бағыттары пайда болуы ықтимал.
2004 жылы ұзындығы 1000 км Атасу – Алашанкоу мұнай құбырының құрылысы басталды. Бұл бөлімше болашақ Батыс Қазақстан – Қытай арналық жүйенің екінші кезегі болып табылады. Алғашқы кезегі, жоғарыда атап көрсеткеніміздей, Кенқияқ – Атырау бөлімшесі. Барлық жүйенің құрлысы аяқталып болғаннан кейін (Кенқияқ – Құмкөл және Атасу – Алашанкоу бөлімшелері салынып біткеннен кейн) Атырау, Ақтөбе кен орындарының, Құмкөл мұнайларын Қытайға экспорттау мүмкіндігі жүзеге асатын болады /15/.
Каспий теңізі табанынан мұнай өндірудің күтіліп отырған өсіміне байланысты, бұдан былай мұнайды теңіз арқылы тасымалдау одан әрі дамитын болады. Қазір теңіз көлігімен тасымалдау мөлшері жылына 3-5 млн тонна шамасында болып отыр және бұл тасымал негізінен Баку, Махачкала және Иран портына бағытталған. Баку – Джейхан мұнай құбырын тұрғызу аяқталғаннан кейін мұнайды танкерлермен Бакуға дейін тасымалдауды өсіру келешегі бар. Мұнай экспортын Иран арқылы жүзеге асыру келешегі де қаралуда, бұл экономикалық тұрғыдан жүзеге асыруға болатын іс – шара, алайда кейбір өзге жайттар әзірге кедергі болып отыр /16/.
Сонымен, Қазақстан Республикасының мұнай тасымалдау жүйесі болашақта одан әрі кеңейе түседі және жетіле беретін болады. Ал бұл іс – шаралардың орындалу мерзімі мен көлемі мұнай өндірудің даму және кеңейе түсу сатыларына тәуелді. Мұнай тасымалының негізгі көлемі «Қазтрансойл» компаниясы тарапынан жүргізіледі. Ол ұзындығы 6300 км арналық мұнай құбырларын, 1100 км мұнай өнімдері құбырларын, 3400 км су құбырларын игеруде. Мұнай қоймалары мен қорқоймалық парктерінің жалпы көлемі 1243 мың м3 –ді құрайды. Компанияның негізгі нысандарына Атырау қаласындағы және Атырау облысындағы Мақат темір жол станциясындағы мұнай құятын темір жол эстакадалары да кіреді. Темір жол бойында мұнай құю және ол арқылы тасымалдау мөлшері жылына 10 млн тоннаны құрайды. Ақтау қаласындағы теңіз портын қайтадан жарақтау шаралары аяқталғаннан кейін теңіз көлігімен мұнайды экспортқа шығару жылына 4-5 млн тоннаға дейін артатын болады.
Су құбырларының жүйесі арқылы Атырау және Ақтау облыстарының мұнай өндіретін мекемелері мен елді мекендері тәулігіне 380 мың м3 су алады.
Республиканың батыс бөлігінде жақсы дамыған 19 60 - жылдары көктей өтетін газ құбырларының құрылысы басталған болатын, ол арқылы газ Батыс Қазақстаннан және Орта Азияның бұрынғы республикаларынан Ресейге жеткізілетінеді. Ақтөбе облысының аумағы арқылы Бұхара – Орал арналық газ құбырының екі тармағы тартылды. Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының аумағын Орталық Азия – Орталық газ құбырының 4 тармағы кесіп өтетін. Батыс Қазақстан облысының Солтүстігі арқылы «Одақ» немесе «Орынбор – Батыс шекара» газ құбырының 2 тармағы өтті /17/. Бұлар табиғи газды Шығыс Еуропа елдеріне жеткізу үшін тартылған болатын, құбырдан бір тармақ Орал қаласына дейін жеткізілді.
Оңтүстік Маңғыстау өңірінен Өзен – Бейнеу газ құбыры арқылы газ Орталық Азия – Орталық арналық газ құбырына жеткізіліп, одан әрі Еуропа елдеріне кетеді.
Солтүстік Үстірт өңірінің газы Бұхара – Орал газ құбыры арқылы Орал кәсіпорындарына берілді /18/.
Қазақстанның тұтыну – тұрмыс нысандары мен өнеркәсіптік кәсіпорындары газбен арналық газ құбырларының және оның тармақтарынан қамтамасыз етіледі. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының өнеркәсіптік түйіндері мен өзге де тұтынушыларына газ Бұхара газды алабынан Мүбәрәк – Ташкент – Шымкент – Бішкек – Тараз- Алматы газ құбыры арқылы жеткізіледі. Ақтөбе және Қостанай облыстарына газ Бұхара – Орал газ құбыры және оның Шалқарға, Ақтөбеге, Алғаға, Жітіқара мен Рудныйға, Қостанайға т.б. тартылған көптеген тармақтары арқылы жеткізілді. Ақтау қаласының газға деген өнеркәсіптік және тұрмыстық мұқтаждығын өтеу мақсатында Өзен кен орнынан Өзен – Жетібай – Ақтау және Теңге – Жетібай ішкі газ құбырлары тартылған. Ақтөбе облысында Бұхара - Орал газ құбыры арнасына жақын маңда Бозой жерасты газ қоймасы бар, ол газ тұтынудың маусымдық әркелкілігін реттеп отырады. 1981- 1985 жылдары Қарашығанақ кен орнының газ- конденсатын Орынбордың газхимиялық кешеніне тасымалдау мақсатында 2 газ құбыры тартылды /19/.
Тартылған газ құбырлары мыналар: Бейнеу (Маңғыстау облысы) – Александров Гай (Саратов облысы, Ресей Федерациясы); Бейнеу – Хиуа (Хорезм облысы, Өзбекстан Республикасы); Прорва (Маңғыстау облысы) – Атырау; Кенқияқ (Ақтөбе облысы) – Орск (Орынбор облысы, Ресей Федерациясы) т.б. Газдың мол өнеркәсіптік қорларының болуы, оны пайдаланудың жоғары тиімділігі және капиталды аз қажет ететіндігі қысқа мерзім ішінде республиканың отындық балансы құрылымын газдың пайдасына шешуге мүмкіндік береді.
Таяу жылдары Қазақстан газын ішкі және сыртқы рынокқа газ құбырлары арқылы жеткізу өзекті мәселеге айналады. Өйткені, Еуропалық газ рыногын ырықтандыру жүргізілген жағдайда, табиғи газды экспорттаушы елдердің бірлестігі нығая түседі. Келешекте Еуропа елдеріне табиғи газды негізгі жеткізушілер Ресей Федерациясы және Орталық Азия елдері болғалы тұр. Сондықтан тиімді экспорттық саясат жүргізуде газ өндіретін ТМД елдерінің арасында ортақ күш біріктіретін газ альянсын құрған жөн болып отыр. Бұған Қазақстан үкіметі мен Ресей үкіметі арасында Газ саласындағы ынтымақтастық туралы (2001 жылғы 28 қараша) келісім мысал бола алады. Аталған келісім бойынша өткен жылдың ортасында «ҚазРосГаз» Қазақстан – Ресей бірлескен кәсіпорны құрылды. Ал газ экспортын жандандыруда біздің мемлекетіміз үшін экономикалық әрі стратегиялық жағынан ең тиімді де өнімдісі – «Орта Азия – Орталық » газ құбыры саналады /20/.