Жеке енбек шарты

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2011 в 10:00, реферат

Краткое описание

Еңбек келісім-шарты – бұл жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында, жұмысшының белгілі бір жұмысты атқаруға, еңбек тәртібі ережесін сақтауға мінделуіне сәйкес жасалатын келісімі. Жұмыс беруші Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері, ұжымдық келісім-шарт, жұмыс берушінің актілерінде қарастылыған еңбек шарттарымен қамтамасыз етуге, еңбек қызметінің шарттары бойынша жұмыс беруге, уақтылы және толық көлемде еңбек ақысын төлеуге міндетті.

Файлы: 1 файл

Жеке еңбек шарты.docx

— 39.05 Кб (Скачать)

13-бап. Қызметкердiң  еңбек қызметiн растайтын құжаттар      

 Қызметкердiң  еңбек қызметiн растайтын құжаттар: еңбек кiтапшасы (ол бар болған  жағдайда), жеке еңбек шарты не  жұмысқа қабылдау және жұмыстан  босату туралы бұйрықтардың үзiндiсi  немесе ұйымның басшысы (жұмыс  берушi) куәландырған (қол қойған) не  нотариатта куәландырылған қызметтiк  тiзiмi (қызметкердiң жұмыс, еңбек  қызметi туралы мәлiметтер тiзбесi) болып табылады. 
      Еңбек кiтапшаларының нысанын, оларды жүргiзу және сақтау тәртiбiн еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi. 
      Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.        

14-бап. Жұмыс  туралы және жалақы мөлшерi 
              туралы құжаттар беру     

 Қызметкердiң,  оның iшiнде бұрынғы қызметкердiң  өтiнiшi бойынша жұмыс берушi  оған бес күн мерзiмнен кешiктiрмей  оның мамандығы, бiлiктiлiгi, қызметi, жұмыс уақыты мен жалақысының  мөлшерi көрсетiлген анықтаманы, қызметкердiң бiлiктiлiгi мен оның жұмысқа көзқарасы туралы мәлiметтер жазылған мiнездеме-ұсынымды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жұмыс туралы басқа да құжаттарды беруге мiндеттi.      

15-бап. Жұмысқа  қабылдау кезiндегi сынақ     

1. Жеке еңбек  шартын жасасу кезiнде қызметкердiң  оған тапсырылатын жұмысқа сәйкестiгiн  тексеру мақсатында тараптардың  келiсiмiмен сынақ өткiзiлуi мүмкiн. 
      2. Сынақ туралы талап жеке еңбек шартында көрсетiлуге тиiс. 
      Бұл талап болмаған жағдайда қызметкер жұмысқа сынақсыз қабылданды деп есептеледi. 
      3. Сынақ кезеңiнде қызметкерлерге осы Заңның нормалары, жеке еңбек, ұжымдық шарттардың талаптары қолданылады. 
      4. Сынақ мерзiмiн үш айдан асыруға болмайды.  
      Қызметкер дәлелдi себептермен жұмыста болмаған кезең сынақ мерзiмiне есептелмейдi.       

16-бап. Жұмысқа  қабылдау кезiндегi сынақтың нәтижесi      

1. Тараптардың  бiреуi сынақ мерзiмi бiткенге  дейiн жеке еңбек шартын жазбаша  түрде бұзуға құқылы, бұл орайда  жеке еңбек шарты хабарландырылған  кезден бастап бұзылды деп  есептеледi.  
      2. Жұмыс берушi қызметкердi сынақ мерзiмi бiтпей тұрып жоғары қызметке тағайындаған жағдайда қызметкер жұмысқа қабылдау кезiндегi сынақтан өткен болып есептеледi.  
      3. Егер сынақтың мерзiмi бiтiп, тараптардың ешқайсысы екiншi тарапқа жеке еңбек шартын бұзу туралы хабарламаса, шарт одан әрi қолданылады және оны жалпы негiздерде ғана тоқтатуға жол берiледi. 
      Ескерту. 16-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.       

17-бап. Басқа  жұмысқа ауыстыру     

 Бiр ұйымда  басқа жұмысқа, не ұйыммен бiрге  басқа жерге ауыстыруға, осы Заңда  көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке еңбек шартына тиiстi өзгерiстер  енгiзiле отырып, қызметкердiң жазбаша  келiсiмiмен ғана жол берiледi.       

18-бап. Қызметкердi басқа жұмыс орнына ауыстыру     

 Қызметкердi сол ұйымдағы басқа жұмыс орнына, сол жердегi басқа құрылымдық  бөлiмшеге ауыстырған ретте, жеке  еңбек шартында келiсiлген мамандық, бiлiктiлiк немесе қызмет шегiнде  басқа механизмдегi немесе агрегаттағы  жұмысты тапсыруға, егер бұл  жеке еңбек шартының талаптарын  өзгертуге әкеп соқпаса, қызметкердiң  келiсiмi талап етiлмейдi. 
      Жұмыс берушi қызметкердi оның денсаулық жағдайы жарамайтын басқа жұмысқа ауыстыруға құқылы емес.  
      Ескерту. 18-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.             

19-бап. Еңбек  жағдайларының өзгеруi     

1. Ұйымдарда  өндiрiстiң өзгеруiне және жұмыс  берушiдегi жұмыс көлемiнiң қысқаруына  байланысты сол кәсiп (мамандық), бiлiктiлiк, қызмет бойынша жұмысты  жалғастыру кезiнде еңбек жағдайларын  өзгертуге жол берiледi. Еңбек  жағдайларының өзгеруi туралы қызметкер  бiр ай бұрын жазбаша хабардар  етiлуге тиiс.  
      2. Еңбек жағдайлары өзгертiлген жағдайда жеке еңбек және ұжымдық шарттарына тиiсiнше толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiледi. Егер қызметкер жаңа жағдайларда жұмысты жалғастыруға келiспесе, онымен жасалған жеке еңбек шарты осы Заңның 26-бабының 7) тармақшасына сәйкес бұзылады. 
      Ескерту. 19-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.       

20-бап. Өндiрiстiк  қажеттiлiк болған жағдайда 
              басқа жұмысқа уақытша ауыстыру     

 Өндiрiстiк  қажеттiлiк болған, соның iшiнде  жұмыста болмаған қызметкердi уақытша  ауыстыру керек болған жағдайда  жұмыс берушiнiң қызметкердi оның  келiсiмiнсiз бiр айға дейiнгi мерзiмге  еңбегiне атқаратын жұмысы бойынша,  бiрақ бұрынғы жұмысындағы орташа  айлық жалақысынан кем емес  ақы төлей отырып, жеке еңбек  шартында келiсiлмеген және оның  денсаулық жағдайына зақым келтiрмейтiн  сол жердегi, сол ұйымдағы басқа  жұмысқа ауыстыруға құқығы бар. 
     Мұндай ауыстыруға дүлей апаттың өндiрiстiк аварияның алдын алу немесе оларды жою немесе олардың зардаптарын дереу жою үшiн, жазатайым жағдайларды, мүлiктiң жойылуын немесе бүлiнуiн болғызбау үшiн жол берiледi. 
     Ескерту. 20-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.       

21-бап. Iркiлiске  байланысты уақытша басқа 
              жұмысқа ауыстыру     

 Жұмыс берушiнiң  iркiлiс жағдайында қызметкердi мамандығын, бiлiктiлiгiн ескере отырып, оның  денсаулық жағдайына зақым келтiрмейтiн  басқа жұмысқа өзiнiң келiсiмiнсiз  күнтiзбелiк жыл iшiнде бiр айдан  аспайтын мерзiмге ауыстыруға  құқығы бар. 
      Iркiлiске байланысты уақытша басқа жұмысқа ауысқан жағдайда еңбекке ақы төлеу талаптары жеке еңбек немесе ұжымдық шарттарында белгiленедi, бұл ретте ол қызметкердiң бұрынғы жұмыс орнындағы орташа айлық жалақысының үштен екi бөлiгiнен кем болмауға тиiс. 
      Егер қызметкер жаңа жағдайларда жұмысты жалғастыруға келiспесе, онда онымен жасалған жеке еңбек шарты осы Заңның 26-бабының 7) тармақшасына сәйкес бұзылады. 
      Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.       

22-бап. Бiлiктiлiктi керек етпейтiн жұмысқа уақытша 
              ауыстыруды шектеу     

Iркiлiс кезiнде  және жұмыста болмаған қызметкердi алмастырған жағдайда бiлiктi қызметкердi бiлiктiлiктi керек етпейтiн жұмысқа  қызметкердiң жазбаша келiсiмiнсiз  ауыстыруға жол берiлмейдi.       

23-бап. Денсаулық  жағдайы бойынша басқа жұмысқа  уақытша 
              ауыстыру 
  
      1. Белгiлi бiр жұмыс берушiде еңбек мiндеттерiн орындауға байланысты еңбекте мүгедек болуына, кәсiптiк ауруына немесе денсаулығына өзге де зақым келуiне байланысты, қызметкердi жұмыс берушi еңбек қабiлеттiлiгiн қалпына келтiргенше немесе мүгедектiгi айқындалғанша бұрынғы жалақысы мен жаңа жұмыстағы жалақысының айырмасын қосымша төлей отырып, неғұрлым жеңiл жұмысқа ауыстыруға мiндеттi.      

2. Қызметкер  неғұрлым жеңiл басқа жұмысқа  ауыстырудан бас тартқан жағдайда  онымен еңбек шарты бас тартқан  кезден бастап бұзылады. 
      3. Жүктi әйелдер медициналық қорытындыға сәйкес ауыр және қолайсыз өндiрiстiк факторлардың әсерi болмайтын басқа жұмысқа бұрынғы жұмысындағы орташа айлық жалақысы сақтала отырып ауыстырылады.     

24-бап. Мүлiктiң  меншiк иесi ауысқан немесе  жұмыс берушi 
             қайта ұйымдастырылған кездегi еңбек қатынастары     

1. Жұмыс берушiнiң  атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны (мәртебесi) не ведомстволық тиесiлiгi өзгерген  жағдайларда еңбек қатынастарының  қолданылуы тоқтатылмайды. 
      2. Мүлiктiң меншiк иесi ауысқан немесе жұмыс берушi - заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде еңбек қатынастары өзгерiстерсiз жалғастырылады.       

Ескерту. 24-бап  жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.       

25-бап. Жеке  еңбек шартын тоқтату мен бұзу  негiздерi     

1. Жеке еңбек  шарты: 
      1) мерзiмiнiң бiтуi бойынша; 
      2) тараптардың еркiне байланысты емес мән-жайлар бойынша тоқтатылуы мүмкiн. 
      2. Жеке еңбек шарты: 
      1) тараптардың келiсiмi бойынша; 
      2) тараптардың бiрiнiң бастамасы бойынша; 
      3) заң актiлерiнде көзделген өзге де негiздер бойынша бұзылуы мүмкiн.  
      3. Тараптар жасасқан жеке еңбек шарты тараптардың келiсiмi бойынша бұзылуы мүмкiн. Қызметкер мен жұмыс берушiнiң жазбаша келiсуi жеке еңбек шартын тараптардың келiсiмi бойынша бұзудың негiзi болып табылады.  
      4. Жеке еңбек шарты тараптардың бiрiнiң бастамасымен, егер бұл тарап екiншi тарапқа жеке еңбек шартында келiсiлген мерзiмде жазбаша ескертсе, бұзылуы мүмкiн. Бiр тараптың екiншi тарапқа ескерту мерзiмi жеке еңбек шарты бұзылған кезге дейiн бiр айдан кем болмауы керек.  
      4-1. Жеке еңбек шарты осы Заңның 26-бабының 8), 9), 10), 11), 12), 14), 15) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша бұзылған кезде қызметкердi алда шарттың бұзылатыны туралы ескерту талап етiлмейдi. 
      5. Жеке еңбек шартын бұзу және тоқтату жұмыс берушiнiң бұйрығымен ресiмделедi.  
      Ескерту. 25-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.       

26-бап. Жеке  еңбек шартын жұмыс берушiнiң  бастамасы 
              бойынша бұзудың негiздерi     

 Жеке еңбек  шарты:  
      1) ұйым (заңды тұлға) таратылған, жұмыс берушiнiң (жеке адамның) қызметi тоқтаған;  
      2) қызметкерлердiң саны немесе штаты қысқартылған;  
      3) жеке еңбек шартының қолданылу мерзiмi немесе сынау мерзiмi iшiнде қызметкердiң жеткiлiктi бiлiктiлiгiнiң болмауы не белгiлi бiр жұмысты жалғастыруға кедергi келтiретiн денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын қызметiне немесе орындайтын жұмысына сәйкессiздiгi аңғарылған;  
      4) жүктiлiгi және бала тууы бойынша демалыста болу уақытын есептемегенде, еңбекке уақытша жарамсыздығы салдарынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында сол ауру бойынша еңбекке жарамсыздықтың неғұрлым ұзақ мерзiмi белгiленбесе, жұмысқа қатарынан екi айдан астам уақыт бойы келмеген жағдайда бұзылуы мүмкiн. Аурулар түрлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Еңбек қабiлетiн еңбекте мертiгуiне немесе кәсiптiк ауруға байланысты жоғалтқан қызметкердiң жұмыс орны (қызметi) еңбек қабiлетi қалпына келгенге немесе мүгедектiк анықталғанға дейiн сақталады;  
      5) қызметкер ұйыммен бiрге басқа жерге ауысудан бас тартқан;  
      6) осы Заңның 23-бабының 2-тармағына сәйкес неғұрлым жеңiл жұмысқа ауыстырудан қызметкер бас тартқан;  
      7) еңбек жағдайларындағы өзгерiске байланысты жұмысты жалғастырудан бас тартқан;  
      8) егер қызметкер тәртiптiк жаза алған болса, ол еңбек мiндеттерiн дәлелдi себептерсiз қайталап орындамаған;  
      9) қызметкер еңбек мiндеттерiн бiр рет өрескел бұзған жағдайда бұзылуы мүмкiн. 
      Қызметкердiң еңбек мiндеттерiн бiр рет өрескел бұзуына: бiр жұмыс күнi iшiнде дәлелсiз себеппен қатарынан үш сағат және одан да көп уақыт бойы жұмыста болмауы; жұмысқа алкогольден, есiрткiден, уыттанудан масаң күйде келуi; жұмыс күнi iшiнде алкогольден, есiрткiден, уыттанудан (соларға ұқсас заттардан) масаң жағдайды туғызатын заттарды пайдалануы; қызметкердiң еңбектi қорғау немесе өрт қауiпсiздiгi не көлiкте жүру қауiпсiздiгi ережелерiн, жарақат алу мен аварияларды қоса алғанда, ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкiн болатындай бұзуы; жұмыс орнында заңды күшiне енген сот үкiмiмен немесе қаулысымен анықталған мүлiктi ұрлауы (соның iшiнде ұсақ заттарды) жатады; (Z970206 (7-бап 33)-34) тармақшаларды қараңыз) 
      10) егер iс-әрекетi оған жұмыс берушi тарапынан сенiмiнiң жоғалуына негiз болса, ақшалай немесе тауарлық құндылықтармен тiкелей қызмет ететiн қызметкер кiнәлi iс-әрекет жасаған;  
      11) тәрбиешiлiк мiндеттi атқарушы қызметкер аталған жұмысты жалғастырумен сыйыспайтын жат қылық жасаған; 
      12) қызметкерге еңбек мiндеттерiн атқаруымен байланысты белгiлi болған мемлекеттiк, қызметтiк, коммерциялық мәлiметтердi немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияларды жария еткен; 
      13) осы Заңның 21-бабына және осы баптың 5) тармақшасына сәйкес басқа жұмысқа уақытша ауыстырған жағдайда қызметкер жұмыстан бас тартқан;  
      14) Бұрын осы жұмысты орындап келген қызметкер сот шешiмiмен жұмысына қайта алынған; 
      15) қызметкерге мемлекеттiк құпияларға рұқсат беру тоқтатылған жағдайда жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша бұзылуы мүмкiн. 
      Ескерту. 26-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2001.12.06. N 260 Заңымен, 2004.12.23. N 20 Заңымен.      

27-бап. Жұмыс  берушiнiң бастамасымен жеке еңбек 
              шартын бұзу мүмкiндiгiн шектеу     

1. 26-баптың 1), 2), 5) және 7) тармақшаларында көзделген  негiздер бойынша жұмыс берушi  жеке еңбек шарты бұзылған  жағдайда қызметкерге жеке еңбек  шартының алдағы уақытта бұзылатыны  туралы оның бұзылуынан кемiнде  бiр ай бұрын жазбаша түрде  ескертуге мiндеттi. 
      Жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша жеке еңбек шартын: 
      1) осы Заңның 26-бабының 1), 5), 8), 9), 10), 11), 12), 14) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, жүктi әйелдермен, бiр жарым жасқа дейiнгi баласы бар әйелдермен (растайтын құжаты болған жағдайда); 
      2) осы Заңның 26-бабының 1) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкер еңбекке уақытша жарамсыз және жыл сайынғы еңбек демалысында болған кезде бұзуға жол берiлмейдi. 
      Қызметкердiң орындалатын жұмысқа денсаулық жағдайы бойынша сәйкес келмеуi салдарынан оның еңбек мiндеттерiн тиiсiнше орындауға кедергi жасайтын еңбек қабiлеттiлiгi ұдайы төмендеген кезiнде, не егер еңбек мiндеттерiн орындау қызметкердiң өзiне терiс әсер ететiн немесе айналасындағылар үшiн қауiптi болса, еңбек шарты бұзылуы мүмкiн. 
      Қызметкердiң денсаулық жағдайы бойынша еңбек мiндеттерiн орындауды жалғастыруға мүмкiндiгi болмауы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен медициналық-әлеуметтiк сараптаманың қорытындысымен расталуға тиiс.       2. Осы Заңның 26-бабының 1) және 2) тармақшаларында және 30-бабының 1) тармақшасында көзделген негiздер бойынша жеке еңбек шарты бұзылған жағдайда жұмыс берушi қызметкерге орташа айлық жалақысы мөлшерiнде өтемақы төлейдi.       

3. Жеке еңбек,  ұжымдық шарттарда өтемақылық  төлемдердiң басқа да жағдайлары  мен мөлшерi белгiленуi мүмкiн. 
      4. Осы Заңның 26-бабының 3) тармақшасына сәйкес қызметкердi жұмыстан шығаруға негiз болатын аттестаттау жүргiзген кезде аттестаттау комиссиясының құрамына мiндеттi түрде сол ұйым қызметкерлерiнiң өкiлдерiнен комиссия мүшесi енгiзiледi. 
      5. Кәсiподақ мүшесi болып табылатын қызметкермен еңбек шартын осы Заңның 26-бабының 2), 3), 8) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша бұзу, сол ұйымның кәсiптiк одақ органының дәлелдi пiкiрi ескерiле отырып жүргiзiледi. (Z931400 қараңыз) 
      Ескерту. 27-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.      

28-бап. Жеке  еңбек шартының қызметкердiң 
              бастамасы бойынша бұзылуы     

1. Қызметкер  жеке еңбек шартын бұзатындығы  туралы кемiнде бiр ай бұрын  жұмыс берушiге жазбаша түрде  ескерте отырып, оны бұзуға құқылы. 
      Ескерту мерзiмi бiткен соң қызметкер жұмысын тоқтатуға құқылы. Жұмыс берушi жұмыстың соңғы күнi қызметкердiң талап етуi бойынша еңбек кiтапшасын және оның басқа да құжаттарын беруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасы мен ұжымдық шартқа сәйкес оған тиесiлi барлық сомалар төлемiн жүргiзуге мiндеттi.      

Информация о работе Жеке енбек шарты