Жеке енбек шарты

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2011 в 10:00, реферат

Краткое описание

Еңбек келісім-шарты – бұл жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында, жұмысшының белгілі бір жұмысты атқаруға, еңбек тәртібі ережесін сақтауға мінделуіне сәйкес жасалатын келісімі. Жұмыс беруші Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері, ұжымдық келісім-шарт, жұмыс берушінің актілерінде қарастылыған еңбек шарттарымен қамтамасыз етуге, еңбек қызметінің шарттары бойынша жұмыс беруге, уақтылы және толық көлемде еңбек ақысын төлеуге міндетті.

Файлы: 1 файл

Жеке еңбек шарты.docx

— 39.05 Кб (Скачать)

2. Тараптардың  келiсiмi бойынша жеке еңбек  шарты ескерту мерзiмi бiткенге  дейiн бұзылуы мүмкiн. 
      Ескерту. 28-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.       

29-бап. Жұмысқа  қайта алу     

 Жеке еңбек  шарты заңсыз негiзде бұзылған  не басқа жұмысқа заңсыз ауыстырылған  жағдайда еңбек дауын қарайтын  орган қызметкердi бұрынғы жұмысына  қайта алғызуға тиiс.      

 Жеке еңбек  шартының заңсыз бұзылуына байланысты  бұрынғы жұмысына қайта алынған  қызметкерге амалсыздан жұмыссыз  жүрген барлық уақыты бiрақ  алты айдан аспайтын уақыт  үшiн орташа табысы төленедi.       

Ескерту. 29-бапқа  өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.      

30-бап. Жеке  еңбек шартын тараптардың еркiне  байланысты 
              емес мән-жайлар бойынша тоқтату     

 Жеке еңбек  шарты тараптардың еркiне байланысты  емес мынадай мән-жайлар бойынша: 
      1) қызметкердi әскери қызметке шақырған кезде құжатын көрсеткенде үш күн мерзiмде; 
      2) қызметкер жазаға тартылған сот үкiмi заңды күшiне енген жағдайда бұрынғы жұмысты жалғастыру мүмкiндiгi болмағанда; 
      3) қызметкер қайтыс болған жағдайда, сондай-ақ сот қызметкердi қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеттi деп таныған жағдайда;  
      4) сот қызметкердi әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi, соның салдарынан қызметкердiң бұрынғы жұмысын жалғастыруға мүмкiндiгi жоқ деп таныған жағдайда тоқтатылуға тиiс.  
      Соттың үкiмi, шешiмi заңды күшiне енген күн немесе қайтыс болған күн осы баптың 2)-4) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша еңбек шартының бұзылған күнi болып табылады.       

31-бап. Жұмыстан  шеттету     

1. Нормативтiк  құқықтық актiлерде көзделген  жағдайларда уәкiлеттi мемлекеттiк  органдардың талап етуi бойынша  жұмыс берушi қызметкердi өз құзыретi  шегiнде сол органдар жасаған  қаулылар мен шешiмдер негiзiнде  жұмыстан шеттетуге мiндеттi.  
      2. Жұмыс берушi заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда:  
      1) жұмысқа алкогольден, есiрткiден, уыттанудан масаң күйде келген немесе жұмыс күнi iшiнде осындай масаң жағдайды туғызатын затты пайдаланған; 
      2) еңбек қорғау ережелерi бойынша емтихандар тапсырмаған;      

3) жеке басын  қорғаудың жұмыс берушi берген  керектi құралдарын пайдаланбаған; 
      4) егер ол заңдарға сәйкес мiндеттi болса, медициналық тексеруден өтпеген;      

5) авариялық  жағдайға ұшыратуға, еңбектi қорғау, өрт қауiпсiздiгiнiң не көлiктегi қозғалыс қауiпсiздiгiнiң ережелерiн  бұзуға әкеп соқтыруы мүмкiн  ic-әрекеттер жасаған қызметкердi жұмыстан шеттетуге мiндеттi. 
      3. Жұмыстан шеттету кезеңiне жалақы сақталмайды.  
      4. Қызметкердi жұмыстан шеттету оған негiз болған себептер анықталғанға және (немесе) жойылғанға дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылуы мүмкiн. 
      Ескерту. 31-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен. 
 

Информация о работе Жеке енбек шарты