Валюталық жүйе мәні элементтер

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 23:26, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстанның әлемдік экономикалық және валюталық қатынастарда басқа елдермен сауда, экономикалық қарым-қатынасқа түсуі үшін, шетелдермен экспорт пен импорта, әлемдік капитал ағымдарының іске асуына және шетел валюталырының еркін айналымын ұйымдастыруда, сонымен қатар халықаралық әр түрлі қарым-қатынасты іске асыру валюталық жүйе негізінде жолға қойылады.

Оглавление

КIРIСПЕ..................................................................................................................3


І ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ..................................................4
Халықаралық валюталық жүйесінің қалыптасуы және оның даму кезеңдері, мақсаты мен қызметтері .................................................................4
1.2 Валюталық қатынастың маңызы, қажеттігі және әдістері .........................10
1.3 Валюталық қатынастарды нарықтық және мемлекеттік реттеу ................17

ІІ ВАЛЮТАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ӘЛЕМДІК НАРЫҚТА ДАМУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ВАЛЮТА ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ДАМУ БАРЫСЫ ............................................22
2.1 Валюталық қатынастың даму жолдарының әлемдік тәжірибесі ..............22
2.2 ҚР-дағы валюталық қатынастың даму бағыттары ....................................26

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................

Файлы: 1 файл

Копия Валюталық жүйе және валюталық қатынастар КазГУ 2011-00.docx

— 86.13 Кб (Скачать)

    Егер  де, бұл жүйені құрғанға дейін экспорт-импортты түсімдердің қайтарылмау мөлшері  күтілетін түсімдердің 40-50%-ын құраса, ал соңғы жылдары бұл мөлшер біршама  қысқарды.

    Экономикалық  қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан, валюталық қатынас және қатынас  мәселесі өте маңызды болып отыр. Бұған дәлел ретінде Аргентина  елінде болған кезекті күйзелісті атауға болады.

    Егер  де, валюталық қатынастың даму перспективалары  туралы айтатын болсақ, 2003 жылдың 15 мамырындағы экономикалық саясат Кеңесінің  шешімі және 2003 жылдың 11 қыркүйегіндегі Ұлттық Банк Басқармасының Қаулысы негізінде Қазақстандағы валюталық режимді либерализациялаудың негізгі қағидаларын, алғы-шарттарын анықтайтын концепция жарық көрді. Концепцияны, экономиканың барлық секторларының ойларын есепке ала отырып шығарды. ҚРҰБ-нің валюталық режимді либерализациялауға қатысты негізгі іс-әрекеттері ХВҚ сарапшыларымен бірге талқыланды.

    Концепция, қазақстандық экономиканың дамуының ерекшеліктерін, сондай-ақ, экономикалық өсудің тұрақтылығын және Үкіметтің экономикалық саясатын анықтайтын ішкі және сыртқы факторларды ескере отырып, либерализациялаудың үш этапын қарастырады.

    Капитал қозғалысына валюталық шектеулерді  белгілеу қажеттілігі шетел валютасына деген ұсыныстың ішкі көздерінің тапшылығымен және де ұлттық валютаға деген сенімнің әлсіздігінің нәтижесінде  туындады.

    Соңғы жылдары Қазақстанда мұнай және газ өндіру екі есеге өсті де, 2003 жылы -40 млн. тонна, ал 2004 жылы -51 млн. тоннаны құрады. Сонымен бірге, консервативті  болжам бойынша оның мөлшері 2010 жылы 100 млн. тоннаға жетеді деп күтілуде.

    Қазақстандағы валюталық қатынас режимін либерализациялау келесідей қағидаларға негізделеді:

  1. Кезектілік қағидасы (принцип последовательности).    Валюталық қатынас режимін либерализациялау, ағымдағы және капитал шотының бөлек операцияларын жүргізуге қоятын талаптарды жеңілдетуге, кейіннен мүлдем алып-тастауға бағытталған. Шектеулерді алып тастау уақытша сипатта болмауы керек.
  2. Экономикалық мақсаттылық қағидасы (принцип экономической целесообразности). Валюталық қатынас режимін либерализациялау, өзіне тиесілі тәуекелді ақша-несие қатынас органдарынан сыртқы экономикалық операциялардың қатысушыларының, қаржы институттарының мойнына жүктейді. Сондықтан, ерекше режимді қолданатын операциялар шеңбері, төлем балансының жағдайымен, ішкі қаржы және капитал нарығының даму деңгейімен, ұлттық валютаның айырбас бағамының тұрақтылығымен

байланысты, экономикалық мақсаттылық қағидасы негізінде анықталады.

  1. Артықшылық қағидасы (принцип приоритетности). Елдің экономикалық қауіпсіздігі үшін, қысқа мерзімді капиталдың кенеттен сыртқа ағуына кедергі болатын, белгілі бір шектеулерді бекіткен жөн. Осыған байланысты, алдымен

ұзақ  мерзімді капитал операцияларына қойылатын  талаптар жеңілдетілуі қажет, содан  кейін қысқа мерзімді сипаттағы  операциялар (қысқа мерзімді несиелер, ақша нарығының құралдары, туынды қаржы  құралдар).

  1. Симметрия қағидасы (принцип симметрии). Капиталдың сыртқа ағуының ішке келуден жоғары болу мүмкіндігін ескере отырып, біртіндеп асимметриялық қатынасден маңызды сыртқы экономикалық операцияларға қатысты валюталық режимді біртіндеп түзетуге көшу қажет.
  2. Тең шарттар қағидасы (принцип равных условий). Валюталық  режим, ішкі валюталық нарықтағы резидент еместер үшін, резиденттерге қарағанда жеңілдеу болмауы қажет.
  3. Келісімділік қағидасы (принцип согласованности). Қаржы институттары жүргізетін операцияларды либерализациялау, пруденциалды қатынас және қадағалау процедурасымен, әсіресе, тәуекелді басқарудың ішкі жүйесіне қатысты талаптармен бір уақытта жүргізілуі қажет.

      7. Қаржылық тұрақтылық қағидасы (принцип финансовой устойчивости). Қаржылық емес секторға қатысты кәсіпорындарға шетел валютасындағы қарыздық міндеттемелер бойынша ауыртпашылық түспеуі қажет, сондықтан мәмілеге қатысушыға қойылатын қаржылық тұрақтылық және төлем қабілеттік талаптары валюта режимін либерализациялаудың қажетті шарты болып табылады.

       8. Статистикалық мониторинг қағидасы (принцип статистического мониторинга). Валюта режимін либерализациялау сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың санының көбеюімен байланысты болады. Осыған байланысты, кейінгі либерализация есеп беру және мониторинг жүргізу мүмкіндігінің кеңеюі арқылы жүргізілуі қажет. Сонымен бірге, шаруашылық субъектілерінің экономикалық еркіндігін шектемейтін, статистикалық мониторинг жүйесін жетілдіруге қатысты шаралар қолданылуы қажет.

      9. Қағидасы (принцип прозрачности). Валюталық қатынас жүйесі екі жақты болмауы керек, ол, валюталық қатынас агенттері үшін де, сондай-ақ операцияның қатысушылары үшін де түсінікті болуы қажет.

      10. Ерекшелік қағидасы (принцип исключительности). Ұлттық Банктің, елдің сыртқы  төлем қабілеттігіне және ішкі  валюталық нарықтың тұрақтылығына  қауіп төнген жағдайда, алдын-ала  қарастырылған шектеулерді енгізуге  құқы бар.

      Кесте  №1. 

    Қазақстан Республикасындағы  валюталық режимді  либерализациялау Концепциясын жүзеге асыру этаптары* 

  1 этап 2 этап 3 этап
Өту алғы шарт

Тары 

  1. Орта мерзімді перспективадағы төлем балансының қатысты тұрақтылығы.
  2. Валюталық нарықта қатысты тұрақтылыққа жету.
1. Қаржы жүйесінде  тәуекелдер ді басқару жүйе  сінің тиімділігін жоғарлату.

2. Қаржы  құрал дарын дамыту ж-е бағалы  қағаздар нарығының капитализациялануын  жоғарлату.

3. Сыртқы  экон. операциялар тур. статистикалық  ақпарат жинау жүйесін күш-у. 

1. Төлем балансының ағымдағы шотының тұрақты про фицитке жетуі.

2. Ішкі  және әлем дік пайыз мөлшерлемесінің  қатысты пайыздық паритетіне  жету.

 

Төлем балан сындағы  жағдай ларды анықтайтын факторлар  1. Солт. Каспий  жерінде белгіленген, тікелей  шетел инвестицияларының одан  арғы ағымы.

2. Инвестициялық  тауар им порты, халықар. қызмет  көрсету және тікелей инвестор  табысы мен ағымдағы шот дефицитін  сақтаудың өсуі.

3. Әлемдік  баға деңгейіне қатысты белгісіз  жағдайда мұнай өндіру көлемінің  өсуі.

1. Солт. Каспий  жерінде жаңа ірі өндіріс жұмыстарын  бастау.

2. Тікелей  шетел инвестицияларының ішке  ағуын қысқарту.

3. Резиденттердің  шетелдегі тікелей және портфельдік  инвестициялары нәтиже сіндегі  ішкі жиналымды көбейту. 

1. Мұнай өндірудің ең жоғарғы көлеміне жету.

2. Ішкі  жиналымдардың ішкі инвестициялардан  асып түсуі. 

Валюта  режимін либера лизациялаудың негізгі мақсаты мен міндеті. 1. Резидент еместердің  бағалы қағазға салған инвестицияларын  валюталық қатынас режимін жеңілдету  арқылы, инвест. портфельді диверси  фикациялауға жағдай жасау.

2. Шетелге  тікелей инвест. операцияларын ынталан-ру  есебінен резиденттің өндіріс  тік       потенциалын  кең-у. 

3. Экспорт-импорт  валюталық қатынас тиімділігін  жоғарлату және сыртқы сауда  операцияларын жүргізу  кезіндегі  әкімшілдік кедергілерді болдырмау.  

4. Капитал  ағымымен бай-ты тәуекелдерді  төмендету. Ол мынаған әсер  етеді:

- консолидаци.  негіздегі пруденц-ды қадағалауды  жет-ру.

- банкке, ЖЗҚ, сақтан-у компаниясына тәуекелді  басқарудың ішкі жүйесін енгізу.

- операцияның  статистикалық есеп беруін жетілдіру. 

1. Мәміле сипаты  критериіне байланысты, қысқа мерзімді  сипаттағы капитал операци ясына  қатысты валюталық режимді түзету.

2. Нарықтық  тәуекелді хеджир леу мақсатында  қолд-тын туынды қаржы құралдары  арқылы мәмілені валюталық қатынасді  жетілдіру. 

1. Ұлттық валютаның  толық кон вертациялануынажету.

2. Қысқа  мерзімді сипаттағы резидент  еместердің мәмілесін валюталық  қатынас режимін либерализациялау.

3. Елден  тыс жердегі шетел банкі шотындағы  қаражаттарды қолдануға және  шот ашуға қойылатын шектеуді  алып тастау.

4. Ішкі  валюталық нарықта шетел валютасымен  жүр гізілетін операцияларға  қойылатын шектеулерді алып тастау.

 

        Қаржы институттарында тәуекелді  басқарудың ішкі жүйесінің тиімділігін  жоғарылату, бағалы қағаздар нарығын  және нарықтық тәуекелдерді хеджирлеу  құралдарын дамыту, ақпарат жинау  жүйесін және операциялар бойынша  есеп беруді жетілдіру либерализациялаудың  келесі этапына көшуге қажетті  алғы шарттарын құрайды.

    Бірінші этапта лицензиялаудан келесі операцияларды  босату қарастырылған:

  • Минималды талап етілетін рейтингі бар, жеке тұлғалардың шекарадан

    тыс ЭБДҰ елдерінде шоттар ашуы;

  • резиденттердің шекарадан тыс жерде инвестицияны жүзеге асыруы, бірақ оның нәтижесінде олар, ЭБДҰ елдерінде және ҚР-мен бірге  инвестицияны қолдау және қорғау туралы келсімге қол қойған елдерде         тіркелген, кәсіпорынның жарғылық капиталына 50% көлемінде қатысу үлесіне ие болуы қажет;
  • инвестициялық сапалы (А рейтинг) бағалы қағаздарға инвестиция жұмсау.

             Қазіргі таңда бұл позиция  өте қолайлы. Жаңа заңнаманың  мақсатында, операцияны жүргізу  үшін рұқсатты қажет ететін  капитал операцияларының тізімін  қысқарту қажет. 

     1993 жылы ұлттық валютамыз теңгенi айналысқа шығарып, экономикада жаппай етек алған инфляцияға төтеп бердiк. Ұлттық валютаның тиiмдi жолға түскенiн және ұлттық экономика дамуына тиiмдi жол ашып отырғандығын көруге болады. Ал 1999 жылы ұлттық валютамызды ұлттық және әлемдiк валюталық қатынастарды еркiн айналымға және қалқымалы айырбасқа жiбердiк. Бүгiнгi таңда ұлттық валютамыз күннен-күнге нығайып, елiмiздiң тұрақты экономикалық өсуiне даңғыл жол ашуда. Оған себеп болып отырған ҚР Ұлттық банкінің бүгінгі таңға дейінгі тиімді жүргізіп келген ақша-несие саясатының құралдары болып табылады. Бұл саясатты іске асыруда Ұлттық банк өзінің іске асыратын шаралары туралы мемлекеттік қаржы жүйелерімен біреге отырып анықтайды.  Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының басты мақсаттарына ұлттық экономиканың даму деңгейіне қарай ол 2002 жылға дейін банк жүйесінің қызметтерін реттеуге, несиелеуді дамытуға,  яғни қайта қаржыландыру пайыз қойылымын кеміту болса, ал 2002 жылдан бастап ұлттық экономикада ақша массасының және несиелік қатынастардың артық мөлшерде өсіп кетуіне байланысты алдағы үш жылға негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің шамасын анықтау, яғни инфляциялық таргеттеу саясатына өте бастады. Бұл саясаттың басты қолға алатын объектісі ұлттық ақша бірлігінің тұрақтылығын және шетел валюталарына қарағанда нығаюын қамтамасыз ету болып табылады. Осы ақша жүйесін реттеудегі ақша-несие саясатының алдын ала белгіленген шамалары бойынша 2007-2010 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асырды және ол бағдарлама бүгінде өзінің нәтижесін көрсетуде.  

Кесте-1 - Қазақстан Республикасының төлем балансы

(млн.АҚШ  доллары)

  2007 2008 2009 2010
Ағымдағы  есеп -1024,34 -272,6 454,9 -485,7
Сауда балансы 1987,14 3679,00 6785,55 10321,8
     Экспорт 10026,91 13232,63 20603,14 28300,6
     Импорт -8039,77 -9553,63 -13817,59 -17978,8
Қызмет  балансы -1024,34 -272,6 454,9 -485,7
     Экспорт 1540,42 1712,29 1999,1 2251,0
     Импорт -3538,28 -3752,69 -5026,2 -7466,4
Табыстар  балансы -1127,37 -1746,6 -2815,3 -5179,7
Несие және қарыз бойынша төлемдер -213,07 -277,5 -410,0 -817,9
Тікелей инвесторлар табысы -1014,80 -1448,3 -2331,8 -4611,5
Резервтер бойынша сыйақы 127,70 123,6 140,21 228,2
Ұлттық  қордың активтері бойынша сыйақы 72,58 68,10 118,25 181,8
Тағы  басқалары -99,77 -212,5 -331,8 -160,3
Ағымдағы  трансферттер 113,74 -164,67 -488,16 -412,4

Информация о работе Валюталық жүйе мәні элементтер