Қазақстан Республикасының қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесіндегі пластикалық карточкалар

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 08:38, реферат

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының төлем системасының ұйымдастырылуы жетілдіріліп келеді. Төлем системасындағы есеп айырысу операциялары экономикадағы ақша массасы мен оның қозғалысын реттеуге және оған бақылау жасауға ықпал етеді. Есеп айырысу операциялар банктік операциялар ішінде ең көп қолданылады. Төлем құр 26

Оглавление

КІРІСПЕ...................................................................................................................
3


1 БАНКТІК КАРТОЧКАЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫК НЕГІЗДЕРІ

1.1 Банктік карточкалар ұғымы және оның түрлері............................................
4
1.2 Банктік карточкалардың мүмкіндіктері мен артықшылықтары..................
7

2 БАНКТІК КАРТОЧКАЛАРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ

2.1 Қазақстан Республикасындағы төлем карточкалар нарығы және оның қазіргі жағдайы.......................................................................................................
12
2.2 Банктік карточкаларды шығару және қолдану тәртібі................................
13
2.3 Банктік карточкалар бойынша операциялар ................................................


18
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................

Файлы: 1 файл

Копия Қазақстан Республикасының қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесіндегі пластикалық карточкалар.doc

— 191.50 Кб (Скачать)

Күн сайын өтетін клиринг сеансынан кейін және оның нәтижесіне байланысты төлем жүйесінің есеп айырысу банкінде төлем ұйымы эмитенттер мен эквайрерлердің шоттары бойынша ақша аударымдарына  тапсырысты рәсімдейді. Есеп айырысу банкі көрсетілген шоттар бойынша қаржыны аударады және шот иелеріне кредиттеу немесе дебеттеу туралы жазба жібереді.

Егер несиелік ұйым – эмитент бір мезгілде өзі шығарған карточканың эквайрері де болса, келтірілген есеп айырысу кестесі сәл қысқарады. Аталған эжағдай карточка ұстаушы банкоматтан қолма-қол ақша қаржысын алған кезде немесе эмитент кассасынан, не болмаса эмитентке қызмет көрсетілетін сауда мекемесінен банктік карточканы қолданып сауда жасаған кезде жүзеге асады. Бұл кезде аталған операция төлем жүйесіне жіберілетін төлемдер тізіміне қосудың қажеттігі жоқ. Несиелік ұйым бір жағынан сауда ұйымымен еркін есеп айырыса алады, екінші жағынан керекті сомаға ұстаушы шотын дебеттейді.

Клиринг өз алдына операицяға қатысушы тараптардың өзара талап ету міндеттемелерін есептеуге негізделген қолма-қол емес есеп айырысу жүйесін ұсынады. Техникалық клиринг барлық есеп айырысулар өткізілетін арнайы шот ашуды білдіретін бірыңғай шоттар жүйесі бойынша жүзеге асырылады.

Кез келген бизнестің басты міндеті – пайда табу. Бақылауды сақтауда қаржылық қызметті сипаттайтын есептілік маңызды орын алады. Қаржылық операцияларды орындау және пайданы есептеу қаржылық есеп берусіз мүмкін есем.

Карточкалық операциялардың есебі есептің автоматтандырылған көмекші есеп деп аталатын жүйесінің көмегімен жүргізіледі. Оны клиенттердің көмекші есебінің – карточка ұстаушылардың және сауда нүктелерімен жүргізілетін операциялардың көмекші есебіне бөлугее болады.

Клиенттер шоттарының көмекші есебі карточка ұстаушылардың шоттары бойынша барлық ақпаратты тіркейді. Аталған шоттар бухгалтерлік есеп талаптарына сәйкес бас бухгалтерлік кітапта және соған сәйкес банк балансында бейнеленетін жеке карточкалық шоттарға топтастырылады.

Сауда нүктелері өткізетін операицяларға көмекші есебінде сауда нүктелерінің барлық жеке шоттардың жалпы сомасы бас бухгалтерлік кітаптағы сауда нүктесінің есеп айырысу шотымен сәйкестендірілуі тиіс.

Үрдістік орталықта тіркелген ақпаратқа сәйкес бухгалтерия үш жұмыс күні ішінде авторландырудың автоматтандырылған режимінде өткізілген карточкалық операцияларды қалпына келтіру сомасын клиенттің банктік шотына қосады.

Карточканы дамыту бойынша бөлім қызметкері клиент сұрауымен жазба әзірлейді, карточкалық операциялар бойынша өзара есеп айырысуды реттеуге қатысады.

Операцияны бақылау есебі бойынша бастапқы құжат операция мазмұны, формасы, референс нөмірі, авторланыру коды және клиент қолы бар чек болып табылады. Егер аталған операция бойынша чектің түпнұсқасы болмаса (яғни мынадай деректемелері бар чек жоқ болса – карточка нөмірі, операция типі, валюта, сома, авторландыру коды және референс нөмірі), «операция көшірмесі» деген жазуы бар чектің операция бойынша кәдімгі чек сияқты күші болады. Бірдей деректемелері бар барлық чектер қаржылық операциялардың құжаты болып табылады. POS – терминалдан кезекті жабу кезінде берілген құрама чек анықтамалық құжат болып табылады және штат өткізген операцияларды салыстыруға қолданылады.

Қолмен авторландырудың автоматтандырылған режімінде ALTYN,VIZA, Eurocard\Master Card карточкаларын қолданып, клиринг және карточкалық операциялар бойынша есепайырысу бөлімінің қызметкері мыналарды орындайды:

- келісім жасаған клиенттерден слиптерді қабылдайды және өңдейді;

- банктің үрдістік орталық деректер базасына файл хабарламаларды енгізеді;

- банктің мөлшерлемесіне сәйкес сыйақыларды ұстай отырып клиенттің банктік шотына ақша сомасын қосады;

- банктің мөлшерлемесіне сәйкес сыйақыны банк кірісіне қосады.

Төлем жүйесіндегі мүшелік ережесіне сәйкес есеп апйырысу аталған жүйенің клиринг және есеп айырысу жүйесі арқылы өтеді. Төлем жүйесінің шоттарды құру бөлімшесінің хабарлауы клирингте қатсушы банк үшін шоттар құрудың әр кезеңінің соңында пошта арқылы қатысушы банк (КҚБ) атына түседі.  Хабарлауда күні көрсетіледі; ол бойынша клирингтік банктегі банктің клирингтік шоттары, карточкалары бойынша қызмет көрсетілнег эмитент банктердің атына төлем жүйесімен есептелген сыйақы ескеріле отырып дебеттеледі немесе кредиттеледі.

Клиринг және КҚБ есеп айырысу бөлімі алынған шоттар мен жазбалар негізінде банктің кірісі мен шығысының тиісті баптарына қаржылай өтем жасайды.

Карточкалық операциялар сауда ж»нге қызмет көрсету кәсіпорындары арқылы жүргізіледі.

Сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары арқылы операцияларды жүзеге асыру кезінде келесі өткізбелер құрылады:

• Слиптерді алғанда және өңдегенде карт-шоттан сома транзиттік шотқа жазылады.

Карточкалық операицялар теңгеде, сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары арқылы жүргізілсе (аталған банк эмитент-банк болмайтын жағдайда (Eurocard\Master Card, Uisa карточкаларымен), шоттардың келесі корреспонденциясы құрылады.

Мобильді банкинг – бұл  Халық бантің жаңа қызметі. Бұл қызметті қолдана отырып, сіз өзіңіздің ұялы телефонына SMS-хабарларды жіберу арқылы өзіңіздің карточкалық шоты туралы әрдайым хабар ала аласыз.

Мобильді банкинг арқылы келесі мүмкіндіктерді жүзеге асыруыңызға болады:

Ұялы телефон арқылы  банкке жоламай-ақ, тәуліктің кез келген уақытында өзіңіздің карточкалық шотындағы ақша қаражаттарының қалдығы  туралы оперативті ақпарат алу.

Автоматты режимде ұялы телефон дисплейіне карточкалық шотына қаражаттын түсуі және шығуы туралы хабар алу.

Егер карточка жоғалған немесе ұрланған жағдайда өзіңізге және дәл уақытта  карточканы  бұғаттауға болады.

«Мобильді банкинг»  қызметінің қолданушысы болып Халық банктің кез келген ұялы телефоны бар төлем карточкасының ұстаушысы табылады.Тек ұялы байланыс операторының Халық банкімен  бұл қызметті ұсыну туралы келісім бар болғанда. «Мобильді банкинг»  қызметіне сіз Халық банктің банкоматы арқылы, немесе банк офисіне жолығып қосылуыңызға болады.

«Мобильді банкинг»  қызметіне  банкомат арқылы қосылу үшін сізге мына әрекеттерді орындауыңызға қажет:

Банкоматқа карточканы салу;

Банкомат экранында   «Мобильді банкинг»  қызметін таңдау;

Ары қарай, банкомат нұсқаулықтарын орындап, тіркеу процедурасын өту.

«Мобильді банкинг»  қызметіне банк офисінде қосылу үшін сізге келесілер қажет:

Сәйкес өтінішті толтыру;

Банк менеджеріне өзіңіздің жеке басын куәландыратын құжатты және «Мобильді банкинг»  қызметіне қосылатын төлем карточканызды ұсыну.

 

«Мобильді банкинг»  қызметіне қосылу барысында пайдалынатын қызмет режимінің бірін таңдаңыз:

1.Тек қана SMS-хабарлар түріндегі сұраулар  жіберу арқылы, банктен ақпарат алу.

2. SMS-хабарлар түріндегі сұраулар  жіберу арқылы, банктен ақпарат алу, сонымен қатар  әрбір операция бойынша автоматты түрде хабарландырулар алу.

«Мобильді банкинг»  қызметіне қосылатын  карточкалар саны шексіз. Қызмет барлық  төлем карточкалар бойынша жеке тұлғаларға беріледі. «Мобильді банкинг»  бойынша қызмет көрсету тәулік бойы және демалыс күндерінсіз ұсынылады. Сонымен қатар, егер сіз өзіңіздің операторыңызда роуминг қызметін пайдалансаңыз, онда Қазақстаннан тыс елдерде де  «Мобильді банкинг»  қызметін қолдана аласыз.

Берілген  қызметке қосылу, банк офисінде  өтінішті  тапсыру күннен бастап  үш  жұмыс күн ішінде жүргізіледі.

Карточкалық шот бойынша әрбір операциядан кейін сіз SMS-хабарлар түріндегі  ақпарат аласыз, мұнда келесі мағлұматтарды құрайды:

карточка нөмірі;

карточкамен операцияның түрі мен  нәтижесі.

операция сомасы;

      операцияның  өткізілу орны;

операцияның  орындалу  уақыты;

Сіздің төлем карточкаларында орнатылған лимит шегінде карточкаларда  ақша қалдықтары.

«Мобильді банкинг»  қызметтерінен сіз қандай таңдағаңызға қарамастан, банк  келесі анықтамалық хабарлар қатарын ұсынуы мүмкін.

Карточканың әрекет ету мерзімі туралы;

карточка  бойынша күмәнді операциялардың орындалуы туралы;

несиені  жабу мерзімінің  өтелуі туралы.

   карточка  бойынша қызметтердің немесе  жаңа тарифтердің енгізілуі туралы;

   басқа да  анықтамалық хабарлар.

Карточка ұстаушылардың мобильдік телефондарында SMS-хабарлар түсіру арқылы төлем карточкалары бойынша жасалған операциялар туралы мағлұмат беру. Қазіргі заманғы технологиялар Сіздің банкпен қатынасыңызды жайлы және жинақы етеді. Жаңа «SMS-банкинг» қызметінің көмегімен Сіз банк бөлімшесіне келмей-ақ өз төлем карточкаларыңыз бойынша жасалған операцияларды бақылай аласыз. Жаңа «SMS-банкинг» қызметі Сіздің карт-шотыңызға ашылған барлық карточкалар бойынша жүргізілетін операцияларға толық бақылауды қамтамасыз ететін карточкалық шот бойынша шығын операциялары туралы Сізге мәтіндік SMS-хабарлар хабарлар түрінде уақтылы мағлұмат беріп отырады.

              Сіз келесі операциялар бойынша SMS-хабарландыруды таңдай аласыз:

                        қолма-қол ақша алу;

                        сауда операциясы (сатып алу);

                        Көрсетілген қызметтер үшін төлемдер (Алматы-ТВ, К-Mobile, K’Cell);

                        Карточканың қолданылу мерзімінің аяқталуы (аяқталу мерзіміне бір ай қалғанда автоматты түрде хабарлау).

Дистанциялық қызмет көрсету Сізге жүргізілген операция жөніндегі барлық ақпаратты алуға мүмкіндік береді: операцияны жүргізу сомасы, валютасы, орны, күні, уақыты, төлем карточкасы нөмірінің соңғы төрт саны және карточкалық шот бойынша қол жеткізуге болатын қалдық ақша.

Сіздің мобильдік телефоныңызда роуминг болған жағдайда, Сіз шетелде жүрсеңіз де хабарландыру ала аласыз.

Негізгі карточканың ұстаушысы келісім берген жағдайда, осы аталған қызмет түріне қосымша карточка ұстаушылар да қосыла алады. Қызметке қосылу үшін Сіздің өтініш беруіңіз және  SMS-хабарлар алу туралы шартқа қол қоюыңыз қажет.

Кредит лимиті жалақысы кемінде 15000 теңге болатын және осы Халық банкінің карточкасы бойынша үш айдан астам уақыт алып жүрген кәсіпорындар мен ұйым-мекемелердің (оның ішінде-бюджеттік) қызметкерлеріне ашылады.

Кредитті алу үшін банкоматтағы менюден «Кредит лимиті» деген батырманы басасыз. Одан әрі өз шешіміңізді нұсқаулыққа сәйкес растайсыз. Кредит лимитін қалауыңыз бойынша пайдалануға болады: қолма-қол ақшамен аласыз, аударым немесе төлем жасайсыз не болмаса сауда орындарымен есеп айырысасыз. Карт-шоттан қома-қол ақша алғанда немесе тауарлар мен қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз ақы төлегенде бірінші кезекте Сіздің өз ақшаңыз есептен шығарылады.

Кредит лимиті Сіздің жалақыңыздың 70 пайызына дейінгі мөлшерде белгіленеді. Мсыалы, егер Сіздің жалақыңыз 15000 теңгені құраса, кредит мөлшері 10500 теңге болады (15000*70% =10500).

Банк берешек өтемін карточкаға жалақы немесе басқа ақша түскенде автоматты түрде ұстап қалады. Берешек өтелген кезде кредит лимиті автоматты түрде қайта жаңартылады, Сіз оған банкомат арқылы қосымша растамасыз қол жеткізе аласыз.

Сонымен қатар кредит лимитін пайдаланған жағдайда Халық банкінің басқа кредиттерін де алуға мүмкіндігіңіз шектелмейді.

Visa төлем карточкалары

Бұл төлем жасаудың және қолма-қол ақша алудың әмбебап құралы. Төлем карточкасын пайдалану сізді қолма-қол ақша алып жүру қажеттігінен босатады, ал бұл сіздің қауіпсіздігіңізді, сондай-ақ сауда және сервис орындарында қызмет көрсетудің ыңғайлылығын қамтамасыз етеді. Төлем карточкалары өзіңіздің қай елде жүргеніңізге қарамай, карточкалық есепшотыңыздағы  ақшаны тәулік бойы әрі жедел алуыңызға мүмкіндік береді. Карт-есепшоттың заңсыз пайдаланудан жоғары деңгейде қорғалуы қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Барған елдің валютасымен сауда жасаған кезде, сома тиімді бағаммен карт-есепшот валютасына автоматты түрде айырбасталады.

Сіз Карт-есепшотқа/карт-есепшоттан оңай әрі жылдам ақша аудара аласыз. Сіз сенімді тұлғаларыңыздың бірінің атына қосымша карточка ашып, оған өзіңіздің карточкалық есепшотыңызды басқару құқығын бере аласыз. ЦетрКредит Банкінің халықаралық картасын алып шетелге шыққанда, карт-еспшотыңыздағы қаражатты декларациялаудың қажеті жоқ, кез келген  қажетті сома ешқандай қиындықсыз барлық шекарадан өте береді.

Картамен бірге біздің Дербес Сәйкестендіру Нөмірін (PIN-код) аласыз. Оны сете сақтап, ешкімге айтпаған жөн, қандай жағдай болса да ДСН үшінші тұлғаға жарияланбауы қажет. ДСН бойынша жүргізілген барлық операцияларға сіздің дау айтуға құқыңыз жоқ.

Тауарлар мен қызмет көрсетулерге төлем жасау үшін картаны  Visa төлем жүйесінің эмблемасы орналасқан кез келген сауда немесе сервис орындарында пайдалана аласыз. Visa карточкасы бойынша қызмет көрсететін кез келегн банкоматта немесе банк бөлімінен қолма-қол ақша ала аласыз. Төлем карточкасын пайдаланушылар несие лимитін ресімдеп, карточка бойынша несиеге есеп айырыса алады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесіндегі пластикалық карточкалар