Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 08:38, реферат
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының төлем системасының ұйымдастырылуы жетілдіріліп келеді. Төлем системасындағы есеп айырысу операциялары экономикадағы ақша массасы мен оның қозғалысын реттеуге және оған бақылау жасауға ықпал етеді. Есеп айырысу операциялар банктік операциялар ішінде ең көп қолданылады. Төлем құр 26
КІРІСПЕ...................................................................................................................
3
1 БАНКТІК КАРТОЧКАЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Банктік карточкалар ұғымы және оның түрлері............................................
4
1.2 Банктік карточкалардың мүмкіндіктері мен артықшылықтары..................
7
2 БАНКТІК КАРТОЧКАЛАРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ
2.1 Қазақстан Республикасындағы төлем карточкалар нарығы және оның қазіргі жағдайы.......................................................................................................
12
2.2 Банктік карточкаларды шығару және қолдану тәртібі................................
13
2.3 Банктік карточкалар бойынша операциялар ................................................
18
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................
Altyn жергілікті дебет карточкасы - банк шығарған алғашқы жергілікті карточка. Шетелге саяхатқа шығуды жоспарламайтын жалпы көпшілікке арналған. Altyn карточкасы бойынша тек Қазақстан Республикасы аумағында қызмет көрсетіледі.
АҚ «Цеснабанк» еңбекақы үшін жергілікті төлем карточкаларынұсынады. Жергілікті төлем карточкалары ҚР – ның территориясында электронды түрде, яғни банкоматтарда және POS – терминалдарда қолма – қол ақшаны алуға мүмкіндік береді.
1.2 Банктік карточкалардың мүмкіндіктері мен артықшылықтары
Пластикалық карточканы ашу
Visa International, MasterCard International, American Express, Diners Club жүйелерінің карточкаларын ашқысы келген әрбір адам «Маған карта не үшін керек?» деген сұраққа жауап беруі керек. Егер:
Жалақы алу үшін болса – онда Сізге Жалақы карточкалары керек;
Шетелден аударым алу үшін - Visa Electron/ Cirrus Maestrо жеке карточкалары керек;
Шетелге ақша әкету, тауарлар мен қызметтерге төлеу үшін - Visa Classic/ MasterCard Mass жеке карточкалары керек;
Ақшаны валюта бағамының күрт ауытқуынан сақтау үшін – Мультивалюталық карточка керек;
Несие алу және бонустар жинақтау үшін - Бонустық карточка керек;
Интернеттегі тауарлаар мен қызметтерге төлеу үшін - Виртуалдық карточкалар керек;
Іссапар, жөнелту және өкілдік шығыстарға төлеу үшін - Корпоративтік карточка керек;
Менің American Express карточкасын алғым келеді,
Diners Club карточкасын алғым келеді.
Пластикалық карточканы ашу үшін:
Салық қызметі органы берген салық есебіне (СТТН) қойылу фактісін растайтын құжат ұсыну;
Жеке басын растайтын құжат ұсыну;
Өтінішке қол қою арқылы «Халықаралық дебеттік карточкалар шығару және оларға қызмет көрсету туралы шарттың стандартты талаптарына» қосылуға өз келісімін білдіру;
Қамтамасыз етуді ұсыну - сақтандыру депозиті немесе банкте ашылған депозит кепілзаты туралы шарт -кепілдік хат;
Өтініш (сауалдама) толтыру;
Пластикалық карточкалардың мүмкіндіктері:
Төлем карточканы ұстаушы өзінің карточкалық шотына тәулік бойы кіре алады;
Кез келген мемлекетте қолма – қол ақшаны алу мүмкіндігі;
Халықаралық карточкалар әлемнің әр елінде 30 миллионнан астам сауда орындарында, 820000 банкоматтарда және 410000 банк бөлімшелерінде қабылданады;
Сауда және сервис кәсіпорындарында жеңілдіктер алу мүмкіндігі;
Әуе көлік билетіне тапсырыс беру, қонақ үйіндегі нөмірлерді брондау және автокөліктерді жалға алу мүмкіндігі;
Қолма-қол ақшаларға қарағанда, төлем карточка, клиенттің қалтасында көп орын алмайды;
Төлем карточка банкомат арқылы ұялы байланыс операторының қызметін қолма-қолсыз төлем және коммуналдық қызмет жасауға рұқсат береді;
Төлем карточканы ұстаушы өзінің карточкалық шотынан бірнеше минут аралығында банкомат арқылы жақындары мен туыстарының карточкалық шотына ақша аудару мүмкіндігі;
Корпоративтік төлем карточкалары
Корпоративті төлем карточкасы келесі жағдайда қолайлы болып табылады:
Іс сапар және басқа да шығындарды төлейді;
Кедендік төлемдер жүзеге асырылады;
Компанияның ағымдық шаруашылық төлемдерді жүзеге асырады;
Авиа және темір жол билеттерін сатып алуға мүмкіндік береді;
Қолма – қол ақша алуға қолайлы;
Сіздің компанияңыздың басқа да төлемдерін жүзеге асырады;
Корпоративтік төлем карточкаларды қолданудың пайдалылығы:
1.Уақытты үнемдеу:
Іс сапарды хаттаумен байланысты құжат айналымын айтарлықтай азайтады;
POS – терминал арқылы карточкалық шотқа ақша аударымын тездетеді (15 мин);
2. Бақылау:
Кредиттік лимтті белгілеу мүмкіндігі;
Ай сайын карточкалық шот бойынша көшірмелер алу;
Әр қызметкрлерге жеке шығын лимтін белгілеу мүмкіндігі;
Карточкалық шотты қолдану кезеңінде операция түрлерін азайту мүмкіндігі;
3. Ыңғайлылық:
Жедел жағдайлар кезінде қызметкерлер корпоративтік карточкаларды қолдана алады;
Компанияның ағымдық төлемдердің процедураларын жүзеге асырудың жеңілдетілуі;
Мемлекеттік бюджетке төлемдерді және кеден төлемдерін төлеу процедураларын жеңілдетеді;
Пластикалық карточкалардың артықшылықтары:
Үлкен таңдау. Сіз төлем жай «электрондық» карточкадан – мәртебелі «алтын» карточкаға дейінгісін аша аласыз;
Жаңа ұсыныстар мен мүмкіндіктер. Коммерциялық банктер төлем карточкаларының иелеріне арналып жасалған жаңа бағдарламаларды Visa карточкалары клиенттердің сұраныстарына және халықаралық жоғары стандарттарға жауап беретін жаңа өнімдер мен қызметтердлі ұсынуға дайын. Коммерциялық банктер төлем карточкаларының иелеріне көтермелеудің түрлі жүйелерін және өмірлеріңізді ыңғайлы да тартымды ететін көптеген басқа да қызықты ұсыныстарды енгізуді қарастырып отыр;
Қазіргі заман легіндегі төлем карточкалар. Коммерциялық банктер өз клиенттеріне VSDC (Visa Smart Debit Credit) технологиясына негізделген қазіргі заман легіндегі төлем карточкаларын ұсынады. Visa карточкалары ең жоғарғы талаптарды қанағаттандырады: пайдаланудың өте қолайлығы және өнімді кеңінен қолдану мүмкіндігі, сондай – ақ уақыт және жері бойынша шекетелмеген қаражатқа кіру. Коммерциялық банктер клиенттерінің карточкалық шоттарын қорғауға арналған бақылау механизмдерін енгізуге мүмкіндік береді;
Халықаралық деңгейде танылу. Коммерциялық банктер Visa халықаралық карточкаларының иесі болуды және әлемнің кез келген елінде Visa логотипі бар барлық сауда – сервистік кәсіпорындарда тауарлар мен қызметтер үшін қорлма – қол ақшасыз ақы төлеу мүмкіндігін ұсынады. Бұдан басқа карточкалық шотыңыз болса, сіз барғани еліңізде валютада теңге немесе АҚШ долларының қолма – қол ақша ала аласыз;
Қарапайымдылық пен ыңғайлылық. Коммерциялық банктер төлем карточкасына қатысты сізде, бар борлғаны қолма – қол ақшаны алумен, сақтаумен және аударумен байланысты мәселе туындамайтын болады. Сізге шет елге кетерде карточкалық шоттағы ақшаны мәлімдеудің керегі де жоқ;
Visa төлем карточкаларының пайдасына бірнеше салмақ дәлелдер:
Күллі әлем бойынша банктерді біріктіретін Visa International ғаламдық төем жүйесінің микропроцессорлық карточкаларының 68 миллион иесінің бірі болуға мүмкіндік;
Visa карточкалары әлемнің түрлі елдерінде 30 миллион сауда нүктесінде қабылданады;
Visa карточкаларын әр әлемнің түрлі елдеріндегі 820000 банкомет пен 410000 банк бөлімшелері қабылдайды;
Қажеттілікке қарай ақшалай қаражатты қарызға алу мүмкіндігі;
Ай сайынғы көшірмелер жеке қаражатты бюджеттеу мен қаржылық бақылауды жеңілдетеді;
Ыңғайлы, жеке қаражатыңызға тәулік бойы қол жеткізуінізді қамтамасыз етеді;
Шотыңызға бекітілп берілген қосымша карточкалар, жанұя мүшелеріне арналған және банктің көрсететін өзге де арнайы қызметтері;
Карточка қолма – қол ақшадан гөрі қауіпсіздеу;
Авиабилетті, қонақ үйдегі бөлмені күні бұрын алып қою және автокөлікті жалға алу үшін Visa карточкасын пайдаланыңыз;
Қауіпсіздік шаралары:
Карточкаңызға ұқыпты қараңыз. Карточканы пайдалануға құқығы бар жалғыз тұлға болып табыласыз және жүргізілетін барлық опреациялар үшін жауаптылықта боласыз. Карточкаңызды ешқандай жағдайда үшінші тұлғаға беруге болмайды. Карточкаға бөгде адамдардың қолы жетуіне жол бермеу, оны қауіпсіз жерде сақтаңыз. Бөгде адамдардың карточка нөмірін және қолтаңбаңыздың үлгісін түсіріп жаза алатын жерде карточкаңызды қалдырмаңыз;
Сатып алған заттарыңызға ақыны төлем карточкаңызбен төлей отырып, онымен барлық операциялардың өзіңіздің қатысуыңыз арқылы іске асырылуына ұмтылыңыз. Сатушының карточкаңызды басқа үй – жайға алып кетуіне рұқсат етпеңіз және оны көз алдыңыздан кетіріп алмаңыз;
Чектерді сақтаңыз және карточкалық шот бойынша көшірмесімен салыстырыңыз. Егер көшірмедле есіңізде жоқ төлем жазылған болса немесе қандай да болмасын басқа сәйкестіксіз пайда болса, банкпен дереу байланысыңыз;
Сатып алудан бас тартсаңыз немесе чекті рәсімдеу кезінде қателер жіберілген болса, онда бөлінген чекті өзіңіздің көзінізше жоюды сұраңыз, ал екінші данасын өзіңізбен бірге алып, бір ай ішінде сақтаңыз;
Отбасыңыздың мүшелерінің қосымша карточкаларды қолданғанын бақылаңыз. Карточкаңыз бойынша және қосымша карточкалар бойынша жүргізілген барлық опреациялар бойынша сіз толық жауаптылықта боласыз;
Төлем карточкаңыз жоғалған немесе ұрланған кезде бұл туралы дереу хабарлаңыз. Сізге рұқсат берілмеген пайдаланушының жүзеге асырған транзакциялары үшін жауапкершілік жүктелуі мүмкін. Сондықтан, егер сіз төлем карточкаңызды жоғалтып алсаңыз немесе оны ұрлап алса, банкпен дереу байланысыз;
Төлем карточкаңызхдың барлық нөмірлері және банктің байланыс телефонын шұғыл жағдай үшін жазып алыңыз;
ПИН – кодыңыз өзіңізге ғана белгілі болуы тиіс. ПИН – кодыңызды басқа адмға соның ішінде, банк қызметкерлеріне ешуақытта тапсырмаңыз. ПИН – кодыңызды жұртқа жаю мен басқаға беруді сізден талап етуге ешкімнің құқығы жоқ. Оны естеи қалдырыңыз және қандай да болмасын қосалқы таңбаларсыз жазып қойыңыз және мүмкіндігінше өзіңіз қолыңыз жететін жерде сақтаңыз. Жазылған жеке теңдестіру нөмірді (ПИН – код) төлем карточкасымен бір жерде ешуақытта сақтамаңыз;
Карточка операция жүргізу кезінде ПИН – кодын енгізу сәтінде ПИН – кодыңыздың бөгде адамға белгілі болып қалмауын қадағалаңыз;
2 БАНКТІК КАРТОЧКАЛАРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ
2.1 Қазақстан Республикасындағы төлем карточкалар нарығы және оның қазіргі жағдайы
Бірінші көпшілік төлем карточкаларын пайда болу тарихы жарты ғасырдан астам болып саналады. Қазақстанның тұрғындары олардың күнделікті өміріне сеніммен кірген төлем құралының осы түрінің ыңғайлы екендігін өткен он жылдың ортасында ғана бағалай алды.
Әлемдік карточка индустриясын дамытудағы маңызды кезең 2000 жылдардың бірінші жартысы - чиппен жабдықталған төлем карточкаларын тарату уақыты болды. Уақыт көшіне ілесе отырып, Қазақстандық банктер 2005 жылы магниттік жолағы бар карталарды біртіндеп ауыстыра отырып, «чиптік» карталар шығаруға кірісті.
Қазіргі уақытта төлем карточкаларының нарығында қызмет көрсетудің үлкен ассортименті көрсетілді және түрлі карточкалық бағдарламалардың елеулі саны ұсынылады. Мәселен, төлем карточкасының көмегімен дүкендер мен мейрамханаларда тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін төлем жасауға, коммуналдық қызмет көрсетулерді, байланыс қызметін, салық және кеден төлемдерін төлеуге, кредиттерді өтеуге, карточкадан карточкаға ақша аударуға, Интернет немесе телефонды пайдалану арқылы тауарларға және қызмет көрсетуге тапсырыс беруге болады.
2010 жылдың 4–ші тоқсанында екінші деңгейдегі банктер және «Қазпочта» АҚ № 1 Кестеде ұсынылған төлем құралдарын пайдалана отырып 32 962.5 млрд. теңге сомаға 52 304.2 мың транзакция көлемінде транзакция өткізді. 2009 жылдың 4-ші тоқсанымен салыстырғанда төлемдердің жалпы саны 14.6%, ал төлемдердің жалпы сомасы 26.2% ұлғайды.
Ұсынылған төлем құралдарының жалпы санының ұлғаюы негізінен 4 511.8 мың транзакцияға төлем карточкаларын пайдалану операциясы санының ұлғаюына байланысты болды. Төлемдер көлемінің ұлғаюы негізінен 6 205.8 млрд. теңгеге төлем тапсырмаларын пайдалана отырып төлемдер көлемінің ұлғаюына байланысты болды.
Бұрынғыдай Қазақстанның аумағында төлем тапсырмалары және төлем карточкалары неғұрлым таралған төлем құралдары болып табылады. Бұл ретте, бір төлем тапсырмасының орташа сомасы 2010 жылдың 4–ші тоқсанында 2.3 млн. теңге құрады және 2009 жылдың 4-ші тоқсанымен салыстырғанда 3.5% ұлғайды. Сонымен бірге төлемдер саны бойынша төлем карточкаларының жоғары үлес салмағы және төлемдер көлемі бойынша төмен үлес салмағы осы төлем құралын негізінен шамалы қолма-қол ақша сомасын алу үшін пайдаланылатындығымен сипатталады (2010 жылдың 4–ші тоқсанында бір транзакцияның орташа сомасы 25.6 мың теңге болды).
2010 жылдың 4–ші тоқсанында төлем құралдарының ішіндегі төлем талаптары – тапсырмалар және инкассалық өкімдер аз пайдаланылады. Жалпы сан мен көлемдегі осы құралдарды шамалы пайдалану үлесі олардың ерекшелігіне байланысты.
Басқа құралдарға тауарлар мен қызмет көрсетуге есеп беретін чектер, банк шотын тікелей дебеттеу және орындалған аккредетив жатады.
2.2 Банктік карточкаларды шығару және қолдану тәртібі
Банктiк карточкаларды колдану бойынша қатысты негiзгi субъектiлсрi: эмитент, карточка ұстаушы, сауда ұйымы, эквайрер, төлем ұйьмы, есеп айырысу банкi.
Банктік карточка эмитентi — бұл банктiк карточканы шыгарған және ұстаушыға берген несиелiк ұйым. Банктiк карточканы ұстаушы - оны қолданушы жеке тұлга. Сауда ұйымы — заңды тұлга немссс жскс кәсiпкер, оларлың және эквайрсрдiц арасьндағы келiсiмге сәйкес, эквайрсрдiң тауар (кызмет) ұстаушыға банктік карточканы колданьп ксзсктi төлсу үшiн тапсырылған кұжаттары бойынша жауаптылықта болады. Эквайрер - банктiк карточканы колданып жургiзiлгсн операция бойынша сауда ұйьмдарымен есеп айырысатын және ұстаушыға қолма-қол ақша қаржыларын бсрстiн несиелік ұйым болып табылады.