Өнімнің өзіндік құнын есептеу және есептеудің түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2012 в 13:52, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының мақсаты: Өндіріс шығындарына тоқталатын болсақ, кәсіпорын шығындары – мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Өндіріс шығындарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығындарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т.т. функцияларымен тікелей байланысты.

Оглавление

КІРІСПЕ---------------------------------------------------------------------------------------3
1. ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ӘДІСТЕРІ
1.1 Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру-------------------5
1.2 Көмекші өндірістің шығындарының есебі----------------------------------------11
1.3 Негізгі өндіріс шығындарының есебі----------------------------------------------11
1.4 Үстеме шығындардың есебі---------------------------------------------------------13
2 ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ
2.1 Өнімнің өзіндік құнын есептеу және есептеудің түрлері---------------------15
2.2 Өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын есепке алудың
қарапайым әдісі-----------------------------------------------------------------------------17
2.3 Өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын есепке алудың тапсырыстық әдісі--------------------------------------------------------------------------19

ҚОРЫТЫНДЫ------------------------------------------------------------------------------22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР--------------------------------------------------24
ҚОСЫМШАЛАР----------------------------------------

Файлы: 1 файл

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.doc

— 831.50 Кб (Скачать)

    Негізгі өндіріс шығындары  бухгалтерлік  есептің типтік шоттар жоспары бойынша 8 – бөлімшеде есепке алынады. Оның құрамына мынадай шығындар элементтері  жатады:

    8012 – негізгі өнімдегі материалдық  шығындар,

    8012 – негізгі өнімнің жұмысшылардың еңбекақысы,

    8013 – еңбекақыдан есептелетін аударымдар,

    8014 – үстеме шығындар.

    Бухгалтерлік  еспте негізгі өндіріс шығындары  бойынша мынадай корреспонденциялық шот қойылады:  

  Дт Кт
1 Негізгі өндіріске  материалдық құндылықтар есептен шығарылады 8012  
2 Негізгі өндіріс  жұмыскерлерінің еңбек ақысы  есептелінеді. 8013 4230
3 Есептелінген  еңбекақыдан әлеуметтік салық есептелінеді. 8013 3140
4 Өз меншігіндегі көмекші өндірісінің қызметі  қабылануы 8014 8024
5 Жыл соңында шығындар элементтері жинақтаушы 8010 8012-8014
6 Жыл соңында  құн бойынша негізгі өндідістен дайын өнім алынады. 8010 1210
 

    Көмекші өндіріс дегеніміз – негізгі  өндірістегі өнімдер үшін, қызметтер  үшін қолайлы жағдай жасайтын өндірісті  айтамыз, бұларға жататындар: электростанциялар, сумен жабдықтау, механикалық цех, автотранспорт т.б.

    Бұл шоттар активті 8030-шы шот бұл көмекші  өндірістің жинақтаушы шоты болып табылады., бұған мынадай шығын элементтері  жатқызылады:

        8031 – көмекші өндірістегі материалдық щығындар;

    8032 – көмекші өндіріс еңбекақысы;

    8033–  еңбекақыдан аударылатын аудырымдар;

    8034–  үстеме шығындар;

    8035–  басқалары. 

    Үстеме  шығындар дегеніміз – негізгі  өндірісте және көмекші өндірісте  жұмыстарды ұйымдастыру мен басқарумен байланысты шығындар жатады. Үстеме шығындар типтік шоттар жазғанда 9 – шы есептелінеді. 8410 шот – бұл жалпылама шот, бұның құрамына мына шығындар элементтері кіреді:

    8041 – материалдық үстеме шығындар;

    8043 – еңбекақыдан аударымдар;

    8044-  негізгі құралдарды жөндеу;

    8045 – негізгі құралдардың тозуы. 

    8046–  тұрғын үй қызметі;

    8047–  жалдық төлемдер;

    8048 – басқалары. 

    Кәсіпорын — түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан (негізгі, көмекші, қосымша, қосалқы  және эксперименттік) тұратын күрделі  механизм.

    Кәсіпорынның  жекелеген өндірістік буындары бойынша жоспарлау және шығындарды есепке алу мақсатында өндірілетін өнімнің атқаратын қызметіне қарай барлық өндірістер негізгі және қосымша өндірістер болып екіге бөлінеді.

    Негізгі өндіріске кәсіпорын шығаратын өнімдер, сондай-ақ өнімді сатуға және зауыт ішінде тұтынуға (желілік, ұсталық, престеу — машина жасау зауыттарында) арналған шалафабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады.

    Көмекші өндіріс негізгі өндірістің өнімін әзірлеуге қатыспайды, бірақ өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді (жөндеу-механикалық және аспаптық цехтар, электр-көліктік, сумен жабдықтау және т.б.).

    Қосымша цехтар (мақта қалдықтарынан тазартылған мақта өндіру жөніндегі цехтар) негізгі өндіріс қалдықтарын кәдеге жаратуға септігін тигізеді.

    Қосалқы цехтар (ыдыстар мен буып-түю материалдарын дайындаумен айналысатын цехтар) негізгі материалдардан емес, бірақ негізгі және көмекші өндірістерде пайдаланатын материалдардан өнім өндіреді.

    Бұдан басқа кәсіпорында қызмет көрсететін өндірістер мен кәсіпорын ұжымының тұрмыстық қажеттілігін қанағаттандыратын шаруашылықтар (тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, моншалар, кір жуатын орындар) болады. Бұл кәсіпорындар өнімді дайындауға, сондай-ақ басқа да тарапта жұмыстарды атқаруға немесе қызмет керсетуге өз септігін тигізеді.

    Өндірістік  есепті дұрыс ұйымдастырдың кез-келген кәсіпорын үшін маңызы зор.

    Өндірістің  бухгалтерлік есебін ұйымдастыру көбіне өндірістің тұрпатына (типіне) байланысты болады. Өндіріс жеке-дара, сериялық және жаппай өндіріс болып үш топқа (тұрпатқа) бөлінеді.

    Шешімді қабылдау үшін ақпараттарды жинаған  кезде белгілі бір шешім типтерін қабылдау үшін белгілі бір шығын  түрлері маңызды болуы, ал кейбіреулері үшін сол шығындар ескерілмеуі мүмкін. Шын мәнінде, өндірістік шығындар көптеген белгілері бойынша жіктелуі мүмкін:

    -шығындардың туындайтын (пайда болатын) орындары (өндірістер, цехтар, учаскелер) бойынша; өндіріс тізбесі (соның ішінде өндеуі) бойынша, ал олар шығындарды есепке алу мен жоспарлау кезінде субъектінің есеп саясатында анықталғандай етіп бөлінеді;

    -қызметтер, жұмыстар және өнім түрлері бойынша; өндіріс шығындары жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнына немесе біртектес өнім топтарына енеді;

    -шығындар өнімнің өзіндік кұнына ену тәсілі бойынша; тікелей — өнімнің өзіндік құнына тікелей жатқызылатын, яғни жекелеген өнім түрлерін өндірумен байланысты болып; жанама — өнімнің өзіндік құнына таратылып бөлінетін, яғни бірнеше өнім түрлерін өндірумен байланысты болып бөлінеді;

    -өндіріс шығындары өнімнің көлеміне қатысты екіге бөлінеді: айнымалы

    -шығарылған өнімнің көлемі өзгеруімен шығынның да өсуі немесе азаюы мүмкін (негізгі материалдар мен шикі заттың шығысы, технологиялық энергия мен отын, өндіріс жұмысшыларының жалақысы және т.б.); тұрақты

    - өнімнің шығару көлемі өзгерген кезде, деңгейі өзгермейтін шығындар (өндіріс ғимараттарын жарықтандыру мен жылытуға кеткен шығыстар, негізгі кұралдардың амортизациясы);

    -шығыстар түрі бойынша (баптары және элементтері бойынша); экономикалық элементтер бойынша шығындарға: материалдық шығындар; еңбек ақы шығындары; еңбек ақыдан аударылатын аударымдар; негізгі құралдардың амортизациясы (тозуы); басқа да шығыстар кіреді.

    Шығындар  басқару қызметі (функциясы) бойынша:

    -өндірістік (өндіріс процесінің барысында пайда болады);

    -коммерциялық (сатумен байланысты);

    -әкімшілік (баскару процесімен байланысты).

    Коммерциялық  және әкімшілік шығыстар кезең шығыстарына  жатады, ал олар өндірістік калькуляциялауды есептеудің негізі болып табылады, олардың сызбасын (схемасын) мынадай  етіп салуға болады: 

      

    1 сызба. Өндірістің өзіндік кұны 

    Келтірілген сызбадан байқағанымыз өзіне активтердің  азаюын енгізетін шығындар (материалдар, ақша қаражаты және т.б.) немесе міндеттемелердің өсуіне (көбінесе кредиторлық қарыздар) әкелетін шығындар жаңа активтерді жүзеге асырады, ал ол ресурс ретінде анықталып, өткен оқиғалардың нәтижесі ретінде одан болашақта табыс алынатын болып күтіледі.

    Өндіріс шығындарының талдамалық (аналитикалық) есебі калькуляция (есеп) объектілерінің және цехтар мен өндірістер бойынша  шығын баптарының белгіленген номенклатурасы бойынша калькуляциялық (көпжазбалық) карточкаларда немесе ведомостарда жүргізіледі.

    Өндіріске жұмсалған шығындарды олардың құжаттары  бойынша қандай калькуляциялау объектісіне  жататындығын белгілеу үшін, есеп объектілерін, шығын баптарын кодтайды және үстеме шығыстарын ажыратады. Ал бұл үстеме шығыстарды баптары бойынша және шығындарды калькуляциялау объектілері бойынша дұрыс топтастыруға мүмкіндік береді.

    Өндіріс шығындарының бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың схемасы Қосымша 1-де келтірілген.

    Орташа  және ірі кәсіпорындарда өндіріс  шығындарын есепке алу және өнімнің  өзіндік құнын калькуляциялау үшін кәсіпорынның бухгалтериясы құрамында, біртұтас болып келетін екі бухгалтерия, яғни қаржылық және баскару бухгалтериясы  болуы мүмкін.

    Қаржылық  және басқару бухгалтериясының арасындағы өзара қарым-қатынастар мына төмендегі 6-сызбада көрсетілген.

    Кәсіпорынның  қаржылық бухгалтериясында аяқталмаған өндірісті есептеу үшін 1340-"Негізгі өндіріс", 1340 "Өз өндірісінің жартылай фабрикаттары", 1340-"Көмекші өндіріс", 1350 - "Басқа да" шоттары пайдаланылады. Бұл шоттардағы топтастыру транзиттік болып табылады, онда бір-екі күнде аяқталмаған өндіріс қалдығы есептеліп, яғни есептік кезеңнің соңында өндірістік бухгалтериядан қаржылық бухгалтерияға беріледі (демек, 1340-1350 шоттары дебеттеліп, 8010, 8020, 8030, 8050 шоттары кредиттеледі), содан соң келесі жылдың басында қайтадан қаржылық бухгалтериядан өндіріс бухгалтериясына беріледі (демек, 8010, 8020, 8030, 8050 шоттары дебеттеліп, 1340-1350 шоттары кредиттеледі). (Қосымша 2)

    Жалпы алғанда, өндіріс есебін төрт негізгі  кезеңге бөлуге болады

    -өндіріс түрлері бойынша "транзиттік" шоттарда субъекттің есепті кезеңнің барысында тікелей шығыстар туралы ақпараттарға шолу жасалады (негізгі, көмекші т.б. өндірістері бойынша).

    -"Үстеме шығыстардың" шоттары бойынша субъекттің үстеме шығыстары жинақталып, олардың жалпы деңгейі туралы ақпараттар беріледі;

    -үстеме шығыстарын белгіленген тәсіл (шаруашылық жүргізуші субъекттің есептік саясатында қаралған әдісі) бойынша негізгі, көмекші өндірістерге таратады;

    -"Транзиттік" шоттардағы жинақталған шығыстарды дайын өнім шотына есептен шығарып, дайын өнімнің нақты өзіндік құны қалыптасады, сондай-ақ аяқталмаған өндірістің де үлесі анықталып, тиесілі саласына жатқызылады. 
 

    1. Көмекші өндірістің шығындарының есебі
 

    Негізгі өндіріс тұтынатын өнімді шығарып  жұмыс жасайтын және қызмет көрсететін өндіріс көмекші өндіріс деп  аталады. Бұл — қазандық, электр станциялары, сумен жабдықтау, жөндеу-механикалық  цехы, автотранспорт және т.б. Көмекші өндірістің шығындарын есептеуге 920 шоты арналған және ол "Цехтардың шығындары" деп аталатын ведомоста жүргізіледі, онда әрбір өндіріс (цехтар) үшін жеке талдамалық шот (тіркемелі парақтарда) ашылады.

    Көмекші өндірістің шығындарын есепке алу үшін мына шоттар арналған:

    8024- "Кемекші өндірістер (қорытушы  шот)";

    8031  - "Материалдар";

    8032 - "Қызметкерлердің еңбегіне ақы  төлеу";

    8033- "Еңбекақыдан қаржы бөлу";

    8034 - "Амортизациялық қаржы бөлу";

    8035 - "Басқа да шығыстар".

    Көмекші өндірістердің әрбір цехтары бойынша шығындарды есепке алу "цехтар шығындары" деп аталатын ведомоста жүргізіледі. Ведомосқа жазбалар талдамалық кестелерден немесе бастапқы құжаттардан алып жазылады.

    Көмекші өндірістің талдамалық (аналитикалық) есебі әрбір цехта, өнім түрлері (егер олар әрқилы болса) және шығын баптары бойынша жүреді. Шығын номенклатурасы өндірістің күрделілігі мен сипатына тәуелді болып келеді. Әдетте, ол өзіне: негізгі материалдарды, көмекші материалдарды, отын-энергетикалық және технологиялық шығыстарды, электр энергиясын, өндіріс мақсаты үшін пайдаланатын буды және суды, негізгі және қосымша жалақыны, жалақыдан аударылатын аударымдарды, үстеме шығыстарды қосады.

Информация о работе Өнімнің өзіндік құнын есептеу және есептеудің түрлері