Өнімнің өзіндік құнын есептеу және есептеудің түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2012 в 13:52, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының мақсаты: Өндіріс шығындарына тоқталатын болсақ, кәсіпорын шығындары – мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Өндіріс шығындарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығындарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т.т. функцияларымен тікелей байланысты.

Оглавление

КІРІСПЕ---------------------------------------------------------------------------------------3
1. ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ӘДІСТЕРІ
1.1 Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру-------------------5
1.2 Көмекші өндірістің шығындарының есебі----------------------------------------11
1.3 Негізгі өндіріс шығындарының есебі----------------------------------------------11
1.4 Үстеме шығындардың есебі---------------------------------------------------------13
2 ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ
2.1 Өнімнің өзіндік құнын есептеу және есептеудің түрлері---------------------15
2.2 Өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын есепке алудың
қарапайым әдісі-----------------------------------------------------------------------------17
2.3 Өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын есепке алудың тапсырыстық әдісі--------------------------------------------------------------------------19

ҚОРЫТЫНДЫ------------------------------------------------------------------------------22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР--------------------------------------------------24
ҚОСЫМШАЛАР----------------------------------------

Файлы: 1 файл

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.doc

— 831.50 Кб (Скачать)

    Кәсіпорынның  экономикалық қызметінің қызметкерлері жекелеген және кіші сериялық өндіріс жағдайында өндірістегі шығындарды есепке алудың нормативтік әдісінің элементтерін мүмкін болатын жерде қолдануды ұсынуы тиіс.

    Бүгінгі таңда «Старт»» ЖШС - Қазақстандағы жаңа әрі қарқынды дамып келе жатқан компаниялардың бірі. Ол ел экономикасының ең маңызды секторларының бірін қамтығандықтан ғана емес, өзінің сыртқы және ішкі сындарлы саясатының стратегиясы нәтижесінде өзін көрсете білді.  Компания «Старт»  АҚ  энергетикалық ресурстардың тиімді және ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ететін, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның әлемдік экономикаға табысты интеграциялануына жәрдемдесетін Қазақстанның мұнай-газ саласын кешенді дамыту мақсатында құрылды.

    «Старт» ЖШС-ін жетілдіру Компанияның инвестициялық бағдарламасы бойынша келесідей шараларды орындауға алдын ала қарастыруда:

    -Каспий теңізінің бойынша және жерде де жоғары перспективті құрылымды барлау және бағалау жұмыстарды бақылау;

    -Лауазымды мемлекеттік органдардың тапсырмасы бойынша республиканың мұнайгаз ресурстарын тиімді және рационалды меңгеруді қамтамасыз ету;

    Компания  өз дамуын аяғына дейін жеткізу үшін келесідей мақсаттарға сүйенеді:

    -Шикізатты тауып, шикізат базасын дамыту;

    -Шикізат ресурстарын тиімді пайдалану,

    -Мұнай операцияларына көмек көрсету үшін инфрақұрылым мен мұнайгазтранспорт жүйесі, мұнайгазөндіру саласын дамыту;

    -Солтүстік-Каспий жобасын кеңейтуге компанияның көмегі қамтамасыз ету керек;

    -Каспий теңізінің Мемлекеттік бағдарлама бойынша шаралар мен функцияларды орындау керек;

    -Қазақстан Республикасының Индустриалды-инновациялық стратегиясы бойынша шараларды жүзеге асыру;

    -Мұнайгаз саласына ұлттық кадрларды дамыту;

    -Қоршаған ортаны қорғау және өндірісте қауіпсіздік қамтамасыз ету;                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

    «Старт» ЖШС АҚ көптеген халықаралық және ішкі геофизикалық жобаларында мемлекеттің мүдделерін білдіретін Өкілетті орган болып табылады. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі жұмыс органының мұнай және газды кейінге сақтап, көліктің басқа түрлеріне ауыстырып тией отырып, арналы мұнай құбырлары бойынша тасымалдауға байланысты мұнай-газ тасымалдау инфрақұрылымының объектілерін жоспарлау, жобалау және салу мәселелері бойынша құрылыс қызметінің саласындағы кейбір функциялары Компанияға жүктелген.

    Гудвилл материалдық емес активтердің бұл  түрі бүтіндей жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың немесе олардың  құрылымдық бөлімдерінің бір тобын  сатып алғанда пайда болады. Гудвиллдің пайда болу себептері әрқилы болып  келеді. Әдетте, мұндай кәсіпорындардың (бөлімшелердің) баланстық құнымен емес, аукционда (конкурста), кәсіпорынның болашақтағы табыс әкелу мүмкіндігіне, оның өнімді шығару нарығындағы беделіне және басқа факторларға байланысты анықталған бағасына сатылатыны немесе сатып алынатыны нарықтық қатынастар жағдайында пайда болатын заңды құбылыс.

    ҚОРЫТЫНДЫ 

    Барлық  ұйымдар мен қызметтер өз қызметінде белгілі бір мақсатты көздейді. Оларға жету үшін өндірістік есепті ұйымдастыруды  басқару  жөніндегі мамандар –  бухгалтер-талдаушылар ұсынатын қажетті  ақпаратты білуі керек. Есептің бұл түрі- кәсіпорынның ақпараттық жүйесінің бөлігі, ол басқаларға қарағанда жуықта пайда болуы, дәстүрлі қаржылық есеппен ортақ белгілері бар, алайда соңғысына қарағанда, міндетті болып табылмайды. Ол үшін жалпы қабылданған есептік принциптер маңызды емес, оның мәліметтері сыртқы пайдаланушыларға емес, мүдделері жеке-жекеленген және бұрыннан белгілі болуы мүмкін, ақпаратты ішкі пайдаланушылар үшін арналған.

    Басқарудан  айырмашылығы, қаржылық есептің мәліметтерін ақпаратты сыртқы пайдаланушылар қолданады, сондықтан олар стандартталған және жалпы ережелер бойынша жүргізіледі. Басқару есебінің мәні-объектілер мен мәлімдемелердің өндірісті басқарудың толық процесіндегі жиынтығы.

Өндірістік  есепті ұйымдастыру  объектілері- ұйымның  шаруашылық қызметінің шығындары мен қорытындылары; баға белгілеу, бюджеттеу мен ішкі есептілік.

    Өндірістік  есепті ұйымдастырудың  міндеттері мыналар болып табылады: есеп, жоспарлау, ұйымның және оның құрылымдық бөлімшелерінің шаруашылық қызметінің шығындары мен  нәтижелері туралы мәліметтерін жоспарлау мен бағалау; қажетті басқару шешімдерін шұғыл қабылдау үшін ақпарат ұсыну.

Талдауды  өңдеу үшін өндірістік есепті ұйымдастырудың  және ақпараттық жүйеде жиналатын мәліметтер мынадай талаптарға сай болуы  тиіс: атаулылық, оперативтілік, дер кезінде, айқын сенімділік, пайдалылық, мерзімінен бұрын, талдамалылығы, түсініктілік, икемділік, бастамашылдық, үнемділік, жүйелі түсу.

    Сонымен, өнім өндіру өнеркәсібі бірнеше кезеңнен тұрады: дайындық жұмыстары, өнім алу, сатып алушыға дейін тасымалдау және сыртқа (жоғарыға) шығару, сорттау, өндеу, вагонға тиеу. Міне сондықтан бұл жердегі шығындарды есептеу мен калькуляциялаудың жай әдіс, процесстік деп аталуы да осыдан шыққан. Мұнда кәсіпорын барлық шығындарды өндірілетін өнімнің бір түріне, ал аяқталмаған өндіріс болмаған жағдайда — шығарылған өнімге жатқызады, ал біртекті өнім шығарылатын жерде калькуляциялаудың барлық баптары бойынша өндірістегі шығындарды негізделген нормалау арқылы оңайлатады.

    Бірінші нұсқа кезінде тікелей және жанама шығындар бүкіл өнімді шығаруға жұмсалған шығындардың белгіленген баптары бойынша есепке алынады. Өнімнің бір өлшемінің өзіндік құны барлық өндірістік шығындарды дайын өнімнің санына белумен айқындалады.

    Екінші  нұсқаны аяқталмаған өндірісі бар  кәсіпорындар колданады. Бұл арада дайын өнім мен аяқталмаған өндіріс арасында шығындарды бөлудің қажеттілігі туындайды. Бұл нұсқа текше метр ағаштың өзіндік құнын калькуляциялау кезінде ағашты дайындау өнеркәсібінде қолданылады.

    Үшінші  нұсқа бір мезгілде өнімнің бірнеше түрлерін шығаратын немесе өндіретін: жылу мен электр энергиясын шығаратын, мұнай мен газ өндіретін, балық аулайтын кәсіпорындарда қолданылады. Мұндай жағдайларда шығындар тұтас алған өндіріс бойынша, яғни қарапайым әдіспен есепке алынады, ал өнімнің өзіндік құны үйлестірілген әдіспен калькуляцияланады.

    Қарапайым әдістің төртінші нұсқасын өнімнің  өзіндік құнын анықтамай-ақ шығындар есебін бөлістік немесе процесстік бойынша  жүргізетін кәсіпорындар пайдаланады. Бұл нұсқаны химия мен құрылыс  материалдарын шығаратын өнеркәсіп қолданады. Бұл арада шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым және бөлістік әдістері үйлесімді пайдаланылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР 

1. Назарбаев  Н. Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы.- Алматы - Білім, 1998 .-94 б.

2. Ыдырысов  Ә. Бағдарымыз - өркениет өрісі.Алматы, Атамұра - 2000 ж.

3. Родостовец  В.  Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп, Алматы – 2003

4. Бухгалтерлік  есеп және аудит, Алматы –  2001

5. Бухгалтерлік  ақпарат жүйелері // 2004

6. Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі Бухгалтерлік есеп // Алматы – 2006

7.Басқару  есебі, 2006

8.Төлгенов  Е.Т. Бухгалтерлік ақпарат жүйелері// Алматы – 2003

9. Инвестициялық  институттардағы бухгалтерлік есеп// Алматы – 2005

10. Өнімнің  өзіндік құнын калькуляциялау//Бюллетень  бухгалтера, №7-2007

11. Кеулімжаев //Бухгалтерлік есеп принциптері// Алматы – 2004

12. Кәсіпорындағы сауданы ұйымдастырудағы бухгалтерлік есеп, Бухгалтерлік есеп және аудит // N 8, 2005

13. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы N 234 Заңы

14. Корреспонденция  счетов//Алматы, 2007

15. Өнімнің өзіндік құнын бағалау әдісі//Қаржы – қаражат-2006 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Қосымша 1. Өндіріс шығындарының бухгалтерлік есебін ұйымдастыру 

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

(Қосымша  2) 
 

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қосымша 3  "Үстеме шығындар" бөлімшесінің шоттары  

р/н

Шаруашылық операцияларының мазмұны сомасы, теңге  Шоттар  корреспонденциясы 
дебет кредит
  А. Негізгі және көмекші өндірістердің үстеме шығындауын есепке алу   
 
   
1 Негізгі және көмекші  өндірістер цехтарының жалпы цехтың мұқтаждықтарына босатылған материалдар  1420000 8041 1311-1315, 1317
2 Цех қызметкерлерінің еңбек ақысы есептелінді  300000 8042 3350
3 Еңбекақыдан әлеуметтік салық есептелген (100000-(10% жиынтық  зейнетақы қорына міндетті жариясы)) х 21 % 56700 8043 3140 «Әлеуметтік  салық» субшоты
4 Сыртқы ұйымдардың көмегімен негізгі құралдарды жөндеумен  байланысты шығыстары есептен шығарылды  1206000 8044 4140
5 Өндірістік  арыналымдағы негізгі құралдар бойынша  тоз сомасы есептелінді  1129260 8045 2421-2429
6 Сыртқы ұйымдардың тұрғы-үйге көрсеткен қызметінің құны есептен шығарылды 282000 8046 4140
7 Негізгі құралдардың  ағымдағы жалғаға берілген жалға  ақысының сомасы көрсетілді, ағымдағы кезеңге қатыстысы  12000 8047 4170, 1620
8 Сақтандырылған  мүліктері бойынша сақтандыру төлемі есептелінді 1720000 8048 4210
  Жиыны 6236060    
  Б.Шығындарды жинақтаушы шотқа есептен шығару      
9 Жинақтаушы  шотқа есептен 

шығарылды :

-матеиалдық  шығындары

-еңбекақы шығындары 

-еңбекақыдан  аударылған аударымдары 

-жөндеуге кеткен  шығындары 

-негізгі құралдың тозу сомасы

тұрғын-үй қызметінің қатқан шығындары

-жалға бойынша  жасалған шығындары 

-сақтандыру  бойынша есептелінген шығындары 

 
 
1420000

300000

57700

1206000

129380

232000 

112000

1720000

 
 
8040

8040

8040

8040

8040

8040 

8040

8040

 
 
8041

8042

8043

8044

8045

8046 

8047

8048 

  Жиыны 6236060    
  в. Үстеме шығыстарын тарату      
10 Негізгі өндіріс 4098448 8010 8040

Информация о работе Өнімнің өзіндік құнын есептеу және есептеудің түрлері