Бухгалтерлік қызметтің жұмысын ұйымдастыру. Құжаттау және есептік регистрлер

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 07:31, реферат

Краткое описание

Экономиканың саласындағы мамандар, оның ішінде, бірінші кезекте, бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің барлық жүйесін жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, субъект қызметін бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін, нұсқауларын және басқа нормативтік актілерін қатаң сақтаулары керек.

Оглавление

КІРІСПЕ
1-тарау. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
§ 1. Шаруашылық етуші субъектілердің түрлері және олардың қызметін ұйымдастыру
§ 2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің есеп саясаты
§ 3. Бухгалтерлік қызметтің жұмысын ұйымдастыру. Құжаттау және есептік регистрлер
Пайдаланған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

курсовая.doc

— 158.00 Кб (Скачать)

Есептік регистрлер — есептік жазбаларға арналған, белгілі бір графалары бар қағаз парақтары, демек құжаттардан алынған есептік акпараттардың регистрлерге жазылуын тіркеу деп аталады.

Бухгалтерлік есепте регистрлер арналымы бойынша, мазмұндылығы немесе мазмұнының көлемі бойынша, сыртқы түрі мен сызықтық жолы бойынша жіктеледі (2 сызба).

Есептік регистрлер өз арналымы бойынша мына топтарға бөлінеді:

- хронологиялық — шаруашылық операцияларының жүзеге асуына қарап тіркеледі (бухгалтерияға келіп түскен құжаттардың кезектілігі бойынша). Мұндай регистрлерге касса кітабы, келіп түсетін жүктерді есепке алу журналы және т.б.;

- жүйелі регистрлерінде — шаруашылық операциялары экономикалық мазмұны бойынша топтастырылып тіркеледі. Мысалға, Бас кітапты, журнал-ордерлері атауға болады;

 

2 Сызба. Есептік регистрлердің жіктемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- құрастырылмалы — бұл хронологиялық және жүйелі жазбалары бірмезгілді өзара үйлесім табатын регистрлер. Бұлар неғұрлым оңтайлы нысана ретінде бағалы, сол себепті де ол кеңінен қолданылады. Құрастырылмалы регистрлерге журнал-ордерлер және ведомостер жатады. Құрастырылмалы регистрлер — есептік регистрлердің неғұрлым қолайлы экономикалық нысаны болып табылады. Оларды қолдану синтетикалық және аналитикалық есеп аралығындағы мәліметтердің жазбаларын салыстыруға көп уақыт жұмсауға деген қажеттіліктен арылады; есептеудің дұрыстығы мен көрнектілігі арта түседі. Бұған журнал-ордерлер мен машинограммалардың көп бөлігі жатады.

Регистрлер мазмұндылық көлемі бойынша аналитикалық, синтетикалық болып белінеді.

- аналитикалық регистрлер жекелеген талдау есептері (карточка, кітаптар, тізімдеулер) бойынша есеп жүргізуге арналған.

- синтетикалық регистрлер — бұл шаруашылық қаражаттарын және олардың көздерін жалпылама түрде анықтауға арналған регистрлер. Синтетикалық регистрлерге Бас кітап және синтетикалық есептері бойынша жазбалары жазылатын айналым ведомосы жатады.

Есеп регистрлері сыртқы түрі бойынша мына топтарға бөлінеді:

- карточкалар — бұл аналитикалық есептің бірдей форматтағы регистрі, олардың арнайы сызба жолдары болады. Ол әртүрлі объектінің есебін ұйымдастыруға арналған;

- кітаптар  — бұл да аналитикалык, есептің нөмірленген арнайы сызба жолдары бар регистр. Олар касса кітабы мен Бас кітап ретінде көп таралған;

- бос парақтар — жекелеген парактарда әзірленетін регистрлер және онда есептік жазулар (жазбалар) үшін арналған, олардың сызба жолдары мен нысаны парақтардың арналымына байланысты болып келеді;

- машинограммалар (басылған қағаздар) бухгалтерлік есептің іс жүзінде қолданатын бағдарламасы бойынша әзірленген аналитикалық және синтетикалық есеп регистрлері, оны толтыру (рәсімдеу) тапсырыс берушінің мүддесіне және берілген карточканың, журнал-ордердің параметрлеріне (көрсеткіштеріне) тәуелді болып келеді.

Кітаптарда аналитикалық есебін жүргізер кезде жазбалар жазбай тұрып, оның барлық беттерін беттеу керек, сосын оған мөр басып, бас бухгалтер қол қояды.

Регистрлерді ашқан кезде оларға регистрлерден өткен айдың бастапқы қалдықтары, ал қажетті жерлерде — аналитикалық есептің баптары бойынша жыл басынан бергі кезеңдегі айналымдар көшіріледі. Ай сайынғы операцияны регистрге жазу кезінде оның мазмұны, мерзімі және құжат нөмірі көрсетіледі. Операцияның сомасы өзінің сәйкес келетін есептеулердің графасына жазылады. Жалпылама сипаттағы операцияларды алдын ала дайындалған кестелерде (жинақтық ведомостілерінде) жинақтайды. Айдың соңында кестедегі мәліметтердің жиынтығы аналитикалық және синтетикалық есептің регистрлеріне жазылады.

Ай біткен соң барлық аналитикалық және синтетикалық шоттар бойынша дебеттік және кредиттік жиынтық есептелінеді.

Ай соңындағы жиынтық айналымы айналым ведомосын жасау үшін және ағымдағы бақылау үшін пайдаланылады.

Есеп регистрларының мәліметтері салыстырылады. Бұл үшін шоттар корреспонденциясы бойынша жазбалар жасалады, ал бұл балансты жасағанға дейін қатені табуды және түзетуді және олардың дұрыстығын қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік есептің регистрлеріндегі мәліметтер топтастырылған түрінде қаржылық есеп беруге көшіріліп жазылады.

 

 

 


Пайдаланған әдебиеттер

 

1.        Радостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы, 2003.

2.        Радостовец В.К., Радостовец В.В. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп: Өнделіп және толықтырылып 3-басылуы. Алматы: Қазақстан-аудит орталығы, 2002.

3.        Қ.К.Кеулімжаев, З.Н.Әжібаев, Н.А. Құдайбергенов. «Бухгалтерлік есеп принциптері» Оқу құралы Алматы 2003

4.        С.Т. Міржақыпова «Банктегі бухгалтерлік есеп», оқу құралы. Алматы 2004

5.        «Бухгалтерия и банки» журналы, 2005 жыл №5,6

6.        Ә. Әбдіманапов «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері» Алматы 2001,

7.        В.Л.Назарова «Шаруашалық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп», Алматы 2005

8.        В.Кирьянова, «Теория бухгалтерского учета» Москва, 1998

 

 

 

 



Информация о работе Бухгалтерлік қызметтің жұмысын ұйымдастыру. Құжаттау және есептік регистрлер