Банк қарыздарының жалпы сипаттамасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2012 в 22:34, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының коммерциялық банкі өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді.
Коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымы олардың мамандануы, әмбебаптығы және қызметінің ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді.

Оглавление

КІРІСПЕ................................................................................................3

І. БАНК ҚАРЫЗДАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ТҮРЛЕРІ.

1.1.Банк қарыздарының жалпы сипаттамасы.............................................5
1.2. Банк қарыздарының түрлері мен ерекшеліктері................................11
1.3. Банктегі қысқа мерзімдегі қарыздармен несиелер есебін жүргізу........16

ІІ. БАНКТЕГІ ҚЫСҚА МЕРЗІМДЕГІ ҚАРЫЗДАРМЕН НЕСИЕЛЕР ЕСЕБІН ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1. Қарыздарды қайтару тәртібі................................................................19
2.2.Қысқа мерзімдегі қарыздармен несиелер есебін жүргізу әдістер........24
2.3. Банктегі қысқа мерзімдегі қарыздармен несиелер есебін жетілдіру...33

ІІІ. БАНКТЕГІ ҚЫСҚА МЕРЗІМДЕГІ ҚАРЫЗДАРМЕН НЕСИЕЛЕР ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ

3.1. Қысқа мерзімдегі қарыздармен несиелер есебінің аудитін жүргізу.......39

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................43
ПАЙДАЛАНЫЛғАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................44

Файлы: 1 файл

БАНКТЕГІ ҚЫСҚА МЕРЗІМДЕГІ ҚАРЫЗДАРМЕН НЕСИЕЛЕР ЕСЕБІ.docx

— 106.72 Кб (Скачать)

Ақша-несие саясатын іске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі мынадай операция түрлерін жүзеге асырады:

1) қарыздар беру;

2) депозиттер қабылдау;

3) валюталықинтервенциялар;

4) Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару;

5) Мемлекеттік және басқа да бағалы кағаздарды сатып алу және сату, оның ішінде кері сатып алу құқығымен;

6) коммерциялык вексельдерді қайта есепке алу;

7)Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасынын шешімі бойынша басқа да операциялар.

Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие  саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес банктердін карыз алуының  жалпы көлемін реттейді.

Банктерге берілетін карыздарды беру мен өтеу тәртібін, талаптарын, түрлерін, мерзімдерін және лимиттерін Қазақстан Ұлттық Банкі айқындайды.

Қазақстан Ұлттық Банкі қарыздарды өтімділігі жоғары және кауіпсіз бағалы қағаздармен және басқа активтермен  қамтамасыз ете отырып та, қамтамасыз етпей де бір жылдан аспайтын мерзімге береді. Бұл мерзімді Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы ұзартуы мүмкін. Бұл орайда Қазақстан Ұлттық Банкі соңғы инстанциядағы қарыз беруші ретінде банктерге қарыздарды Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген тәртіппен, шарттарда және мерзімдерде беруге құқылы.

Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік қүқыктык актілерінде  көзделген мүлік Қазақстан Ұлттық Банкінің қарыздары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін кепіл  заты бола алады.

Депозиттерді тарту мен  өтеу тәртібін, талаптарын, мерзімдерін  және тарту лимиттерін Қазақстан  Ұлттық Банкі айкын-дайды. Қазақстан  Ұлттық Банкі Ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де депөзиттер тартуға құқылы.

Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие  саясаты мақсатында қысқа мерзімді ноталарды ұлттық та, шетелдік те валюталарда шығаруға құқылы.

Қысқа мерзімді ноталарды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және отеу тәртібі мен талаптарын Қазақстан Ұлттық Банкі айкындайды. Қазақстан Ұлттық банкінің қысқа мерзімді нотасы - Қазақстан Ұлтық Банкі шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар.

Мемлекеттік және өзге де бағалы қағаздарды сатып алу және сатуды Қазақстан Ұлттық Банкі жалпы  ақша-несие саясаты шеңберінде жүзеге асырады.

Қазақстан Ұлттық Банкі коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу тәртібін және Қазақстан Ұлттық Банкінің коммерциялык вексельдерді қайта есепке алуға қабылдауы үшін койы-латын талаптарды белгілейді.

Қазақстан Ұлттық Банкінің валюталык интервенциясы жалпы ақша-несие шеңберінде жүргізіледі. Валюталық нарықта интервенцияны Қазақстан Ұлттық Банкі кез келген банктер мен валюталық биржалар арқылы кез келген валюталық мәмілелерді пайдаланумен дербес жүзеге асырады.

Валюталық реттеу саласындағы  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыреті «Қазақстан Республикасындағы  валюталык қатынастарды реттеу туралы».

Қазақстан Ұлттық Банкі Ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында банктерге несие беру тәрізді ақша-несие саясатының құралын да пайдалануға құқылы.

Банктерге несие берудің тәртібін, шартын, түрін, мерзімі мен лимитін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айкындайды. Қазақстан банкі несие берудің соңғы сатысының несие берушісі ретіңде банктерге несиені ұлттық және шетелдік валюталармен, Қазақстан Ұлттық Банктің Ережесімен белгіленген тәртіпте және мерзімде, қамтамасыз етіп те, қамтамасыз етпей де ұсынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. БАНКТЕГІ ҚЫСҚА  МЕРЗІМДЕГІ ҚАРЫЗДАРМЕН НЕСИЕЛЕР ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ

 

3.1. Қысқа мерзімдегі қарыздармен несиелер есебінің аудитін жүргізу

 

Әрекетін қамтамасыз ету  үшін субъекті құру кезінде қатысушылардың мүлікке салымдарының жиынтығы болып  табылатын жарғылық капитал меншік капиталдың (МК) негізгі элементі болып  табылады.

ЖК тексерудің негізгі  процедуралары:

ЖК қалыптасуының дұрыстығын тексеру (құрылтай келісім, заң);

құрылтайшылар салымдарының уақытында және толықтығын тексеру;

ЖК өзгеоуінің негізделгендігін және оны уақытында құрылтай құжаттарына  енгізілуін тексеру;

мүлікті және салым ретінде  енгізілген басқа мүліктік құқықтарды түгендеу;

әрекеттегі заңдар жиынтығымен  салыстыру бойынша ЖК есебінде анықталған ауытқуларды жою бойынша ұсыныстарды  дайындау және негіздеу.

ЖК аудитінің негізгі  сатысы – бұл қалыптасудың дұрыстығын тексеру. Сонымен қатар қашан  және қай ауданда субъект тіркелгендігін, оның құрылтайшыларын, олардың ЖК-ғы үлесін, оның қалыптасу тәртібін анықтау  қажет.

Бюджеттен бөлінген қаражаттар есебінен қалыптасқан мемлекеттік  субъектілердің ЖК құқықтық формасының ұйымдасуы мен меншік формасына  байланысты, қатысушылар енгізген (ақшалай  және материалды) қаражаттар есебінен қалыптасқан мемлекеттік емес коммерциялық құрылымдар бірнеше заңды немесе жеке тұлғалардың коллективті қабілеті болып табылады. Ақшалар мен құнды  қағаздар, мүліктік құқықтар, соның  ішінде жерді пайдалану құқығы және интеллектуалды әрекет нәтижелеріне құқық  жарғылық капиталға салым бола алады. ЖК-ға құрылтайшылардың табиғи формадағы  немесе мүліктік құқық түріндегі  салымдары барлық құрылтайшылардың келісімімен немесе жалпы жиналыстың шешімімен ақшалай формада бағаланады. Егер осындай салымның құны 20 000 АЕК эквивалентті сомасынан жоғары болса, онда бағалауды тәуелсіз эксперт өткізуі тиіс.

ЖК-ға салымдардың фактілік түсу моменті ақшалай қаражаттар үшін – есеп шотқа немесе кассаға  ақшаларды есепке алу күні, негізгі  қаражаттар үшін (материалды және материалды емес активтер) - негізгі қаражаттар мен басқа растайтын құжаттардың  қабылдау-беру актісін құру күні. Қабылдау-беру актісінің мәліметтері бойынша  аудитор салымдардың толық және уақытында кірістірілгендігін тексеру  керек (ТТН, кіріс кассалық ордерлер). Тіркеуге дейін салымдардың бекітілген мөлшерін барлық құрылтайшылардың енгізгенін, құрылтай құжаттарымен сәйкес ЖК толық  қалыптасқандығын, салымдар ретінде  құрылтайшылар нақты не енгізгендігін, мүлікті тек пайдалануға беретін  қатысушы салымының мөлшері қалай анықталатыны, құнды көріністе қатысушының салымы қалай бағаланатыны және қандай жағдайларда тәуелсіз сарапшының бағасы қажет екендігін анықтау қажет.

ЖК тексерудің негізгі  процедуралары – ЖК өзгеруінің негізделгендігін тексеру, оның өзгеруі бойынша шешім  қатысушылардың жалпы жиналысында  оның толық төлемінен кейін ғана қабылдануы мүмкін.

ЖК тексерудің сапасын  жоғарылату үшін аудитор салымға  енгізілген мүліктік және басқа мүліктік құқықтарды түгендеуді жүргізуі тиіс.

Аудиттің аяқтаушы процедурасы  – бұл жою бойынша ұсыныстарды  жалпылау.

Қосымша төленген капиталдың аудиті бойынша (номиналды құннан меншік акцияларды сату құнын ҚТК-арттыру). Сонымен қатар ДОК мөлшерін анықтаудың дұрыстығын тексеру қажет, 531 шоттың мәліметтерімен осы бап бойынша баланстағы қалдықтарды және ж/о №13 шоттың кредиті бойынша салыстыру қажет.

Қосымша төленбеген капитал  – қайта бағалау нәтижесінде  негізгі қаражаттар мен ұзақ мерзімді инвестициялардың алғашқы құнын  арттыру сомасы. Сонымен қатар  қайта бағалаудың дұрыстығы тексеріледі.

Резервтік капитал қарастырылмаған  шығындарды жабу үшін және негізгі  кірістің қаражаттары жетпеген жағдайда инвестордың құжаттарын төлеу үшін түзіледі.

Бөлінбеген кіріс (жабылмаған шығын). Сонымен қатар ж/о №13 және 561, 562 шоты бойынша бас кітаптың мәліметтерімен жыл басындағы және жыл соңындағы  қалдықтарды салыстыру қажет.

Бөлінбеген кірістің көлемін  бағалау алда өткен есеп беру кезеңімен  салыстыру арқылы жүргізіледі.

Кассадағы ақша қаражаттарының аудиті. Банктегі және басқа да щоттардағы ақша қаражаттарының аудиті. Есеп беруге міндетті сомалардың аудиті. Аудит  жұргізілгенде тексерілітін негізігі аудиторлық тұжырымдар. Бақылау құралдарын тексеру тестері.

Ақшалай және кассалық-банктік  операцияларды жүргізу заңнамалық, жалпы мемлекеттік, ведомствалық және басқа нормативті актілерімен жеткілікті түрде қатан реттелген. Сондықтан  төлеу циклі аудиттін өткізуге дайындық кезінде қабылданған заңдардың, стандарттардың, бухгалтерлік есептің, аудиттің, ақша тасуын, қолданылуын, қаржылық бақылаудың нормалары мен ұйымдастыру  ережелерінің талаптарын мұқият оқып-білу қажет.

Ақша жалған құжатсыз тікелей  ұрлау ісі кассаны тексергенде  кассадағы барды түгендеу жолымен  анықталады. Кейде ол шын мәнінде  кассир, не болмаса басқа лауазымды  қызмет адамы жасаған ысырапты жасыратын  лауазымды қызмет адамының қолхатымен бүркемеленеді. Сондай-ақ, қылмыстың  ең қарапайым түрі болып саналатын  қаражатты қымқырудың бүркемеленбегендері  де болуы мүмкін.

Ақшаны касса бойынша  кіріске алмау алынған соманы тікелей шығыстарға есептен шығармаумен  немесе кірістік операцияларды жасырумен байланысты. Есеп шоттан алынған ақшаны кассаға кіріске алмау жағдайлары жиі кездеседі.

Аудитор банктен чек бойынша  алынған ақшаны кіріске алудың толықтығы  мен уақыттылығын чек түбіртектерінде  жазылған ұқсас сомамен, банк көшірмелерімен және кірістік кассалық ордерлермен  салыстыру жолымен тексеруі тиіс. Кейбір аудиторлар банктен алынған  қолма-қол ақшаны кіріске алудың түгелдігін тек қана чек түбіртектері бойынша тексергенде қате жібереді. Мұны сондай-ақ банк көшірмелері бойынша  да жасау қажет. Егер көшірмелерде тазартып өшіру, түзеу іздері бар болса, сондай-ақ қалдықтар айырмасында банктен  ағымдағы немесе есеп шоттан көшірмелер алып, тексерілетін кәсіпорынның бухгалтериясындағы жазбаларды көшірме мәліметтерімен салыстыру керек. Қатаң есептегі құжат деп саналатын банктегі шоттан көшірме мұқият бақылауды  талап етеді.

Материалдық емес активтердің  аудиті ретінде қалыптасуды, іс-жүзіндегі  нақты қолда бар, құжаттарда көрсетілудің анық сенімділігін, пайдалы қызмет ету құны мен мерзімін бағалаудың шынайылығын, маортизациялық есептеуді, істен шығарудың негізділігін, есепті ұйымдастыруды, оларды кәсіпорында  қолданудың тиімділігін ішқі бақылауды  тексеру түсіндіріледі.

Ең алдымен, аудит бағдарламасына сай Бас кітаптің мәліметтеріне  баланс көрсеткіштерінің сәкестігі  зияткерлік меншік объектілерінің бар  екндігі және оның жағдайы, алу фактісін растайтын материалдық емес активтердің  қабылдау-тапсыру актілері, бұл объектілер сипатталған немесе кесімді белгіленген  жердегі ақпарат көздері мен  өзге құжаттар тексеріледі.

Объектілерді кәсіпорынның пайдалануына жарамды жағдайға келтттіруге  қажетті шығындар көлемін айқындаудың  аңықтығы мен материалдық емес активтердің  құн бағалаудың дұрыстығын айқындау керек. Аудитор материалдық емес активтердің алғашқы бағалаудың әр түрлі тәсілдермен анықталатындығын ескергені жөн:

жарғы капиталына санаткерлік  меншік салынған жағдайда тараптардың  келісімдері бойынша;

бұл объектілерді иелікке  алу мен дайын жағдайға келтіру  бойынша нақты шығындарға негізделе  отырып;

басқа кәсіпорындардан және тұлғалардан өтеусіз алу күйінде  сараптама жолымен.

Негізгі құралдардың қолда  барының, сақталуы және пайдалану аудиті бағдарламасының құрамдас элементтері  болып келесі тексерістер табылады:

негізгі құралдардың бар  болуын сипаттайтын баланс баптарының Бас кітаптың мәліметтерімен сәйкестігі;

негізгі құралдардың қолда  бары мен сақталуы;

негізгі құралдарға жатқызудың, оларды жіктеу бойынша топтастырудың, өндірістік процеске қатыстылығы;

негізгі құралдардың түсуі  мен істен шыгуы жөніндегі  операциялардың есебінде бағалаудың, ресімдеудің және көрсетудің дәлдігі;

негізгі құралдардың тозуы  мен жөндеуін есептеу мен көрсетудің мақсатқа сәйкестігі;

бухгалтерлік есеп пен  есептілік регистрлерінде негізгі  құралдардың бар болуы мен  қозғалысы туралы мәліметтерді дұрыс  көрсетудің жүйелігі.

Негізгі құралдардың аудитінің  негізгі процедуралары:

Бас кітаптағы мәліметтермен  баланс көрсеткіштерінің сәйкестігін  тексеру;

негізгі қаражаттардың синтетикалық және аналитикалық есебін жүргізудің дұрыстығын тексеру;

эксплуатациялау мен сақтау орындарындағы негізгі қаражаттардың  болуы мен сақталуын бақылауды  қамтамасыз етуді тексеру;

негізгі қаражаттар қозғалысы  бойынша бастапқы кірістерді рәсімдеудің  дұрыстығын тексеру;

негізгі қаражаттардың жіктелуін  жүзеге асырудың дұрыстығын тексеру;

негізгі қаражаттарды бағалау  мен қайта баға берудің дұрыстығын тексеру;

негізгі қаражаттарды кірістірудің дұрыстығын тексеру;

есепте тозудың дұрыс  көрсетілуін тексеру;

жөндеуге шығындардың  негізделгендігін тексеру және олардың  шоттарда дұрыс көрсетілуі;

жалға беру бойынша операциялары мен жалға беру төлемінің шоттарда көрсетілуі және дұрыс есеп айырысуын  тексеру;

есепте негізгі қаражаттардың  кетуінің дұрыс көрсетілуін тексеру;

негізгі қаражаттарға қатысты  салық есебінің дұрыстығын тексеру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазақстан Республикасындағы  барлық шаруашылық субъектілердегі  табыстар есептеу тәсілінен айқындайтындықтан  күдікті борыштар бойынша резерв құру қажет. Олар тәуекел қоры болып  табылады және  борыштық өтелмей  қалуынан сақтандырады. Бухгалетрлік баланста дебиторлық берешек күмәнді  борыштар бойынша резервті есептен  шығару үшін көрсетіледі. Салық Кодексіне  сәйкес   күмәнді талаптар Қазақстан  Республикасының заңды тұлғалары  және жеке кәсіпкерлері Қазақстан Республикасында  тұрақты мекеме арқылы іс-әрекет жасайтын заңды тұлғалар тауар өткізу, жұмыс  орындау, қызмет көрсету нәтижесінде  пайда болатын сәттен бастағанда 3 жыл ішінде  қанағаттандыратын  талаптар, Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес салық төлеуші  дебиторды банкрот деп тануға байланысты қанағаттандыратын талаптар күмәнді деп танылады. Күмәнді  дебиторлық борышты шотта көрсету  қажет салыстыру принципі бойынша  дебиторлық борыштың есепті кезеңді  күмәнді шығындары мойындалуын  талап етеді. Болжанатын дебиторлық борыш  операциялық іс-әрекеттен  болған шығыс күмәнді борыштан шығыстары  ретінде көрсетіледі. Егер күмәнді  дебиторлық борыш күтілмесе, онда крістер  мен алынуға тиісті шоттарға ешқандай түзетулер  талап етілмейді.

Информация о работе Банк қарыздарының жалпы сипаттамасы