Банк қарыздарының жалпы сипаттамасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2012 в 22:34, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының коммерциялық банкі өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді.
Коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымы олардың мамандануы, әмбебаптығы және қызметінің ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді.

Оглавление

КІРІСПЕ................................................................................................3

І. БАНК ҚАРЫЗДАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ТҮРЛЕРІ.

1.1.Банк қарыздарының жалпы сипаттамасы.............................................5
1.2. Банк қарыздарының түрлері мен ерекшеліктері................................11
1.3. Банктегі қысқа мерзімдегі қарыздармен несиелер есебін жүргізу........16

ІІ. БАНКТЕГІ ҚЫСҚА МЕРЗІМДЕГІ ҚАРЫЗДАРМЕН НЕСИЕЛЕР ЕСЕБІН ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1. Қарыздарды қайтару тәртібі................................................................19
2.2.Қысқа мерзімдегі қарыздармен несиелер есебін жүргізу әдістер........24
2.3. Банктегі қысқа мерзімдегі қарыздармен несиелер есебін жетілдіру...33

ІІІ. БАНКТЕГІ ҚЫСҚА МЕРЗІМДЕГІ ҚАРЫЗДАРМЕН НЕСИЕЛЕР ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ

3.1. Қысқа мерзімдегі қарыздармен несиелер есебінің аудитін жүргізу.......39

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................43
ПАЙДАЛАНЫЛғАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................44

Файлы: 1 файл

БАНКТЕГІ ҚЫСҚА МЕРЗІМДЕГІ ҚАРЫЗДАРМЕН НЕСИЕЛЕР ЕСЕБІ.docx

— 106.72 Кб (Скачать)

Халыққа берілетін ипотекалық несиені үш түрге бөлуге болады:

тұрғын үй құрылысына арналған жерді сатып алуға берілетін  ипотекалық несиелер;

түрғын үй құрылысына және қайта құруға берілетін ипотекалық несиелер;

тұрғын үйді сатып алуға  берілетін ипотекалық несиелер

Овернайт несиесі —  өтімділікті қолдау мақсатында бір  түнге берілетін банкаралық несиенің түрі.

Онкольдық несие — кредитордың  алғашқы талабы бойынша өтелетін қыска мерзімді несие.

Банкаралық несие—банктердің бір-біріне беретін несиесі.

Овердрафт (ағылш. оvеrdraft —  жоспардан жоғары) — клиенттің  ағымдық шотындағы қаражат қалдығынан төлейтін төлемдер сомасы жоғары болған жағдайда банктің беретін қысқа  мерзімді несиесінің ерекше нысаны.

Мұндай жағдайда клиенттің  шотынан қаражатты толық көлемде  шегеріп тастап, банк, шоттағы қалдықтан  асатын сомада клиентке автоматты түрде  несие береді. Овердрафт нәтижесінде, бухгалтерлік тілмен айтқанда банкте дебеттік қалдық түзіледі. Овердрафты келісімшарт бойынша банктің  сенімді клиенттері ғана пайдалана  алады, ол келісімшартга овердрафтың  ең жоғарғы сомасы, овердрафт бойынша  несие беру және оны қайтару шарты  көрсетіледі. Овердрафтың басқа  қарыздардан ерекшелігі, несиені  қайтарудағы барлық сома клиенттің  ағымдық шотында есепке алынады.

Маусымдық несие — жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді  алу мерзімі арасындағы уақыт  бойынша алшақтықты жабуға арналған несие. Маусымдық несие көбіне ауыл шаруашылығы өндірушілеріне егін салып, одан табыс алғанға дейінгі шығынды  жабу мақсатында беріледі.

Лизингтік несие—банк клиенттерінің  қүрал-жабдықтарды және техниканы  жалға алумен байланысты берілетін  несие.

Сенім несиесі — банктің  сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары корпоративтік клиенттерге берілетін  несие. Мұндай несиелер қамтамасыз етусіз беріледі.

Консорциалдық несие —  ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердін өзара қосылып беретін  несиелері. Мұндай несиелер негізінен  ірі жоабалрды несиелеуде бір  банктің несиелеу шегінен асқан  жағдайда қолданылуы мүмкін.

Инвестициялық несиелер —  жаңа өндіріс орнын ашуға, ендірісті  қайта құруға және кенейтуге арналған ұзақ мерзімді несие.

Инновациялық несие— банк клиентгерінінөндіріске озық технологияларды  немесе нау-хауды игеруімен байланысты берілетін ұзақ мерзімді несие.

Вексельдік несие —  банктің сенімді клиентеріне  вексель нысанында берілетін  қысқа мерзімді несиесі. Мұндай вексельдерді банктер шағарады және олардың номиналдыұ құны болады, сондай-ақ олардың бағасы жай банктік несиеге қарағанда  біршама арзан.

Рамбурстық несие—шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат және дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланылатын несие.

Контокорренттік несие —  клиенттің барлық түсімдері мен  төлемдері есепке алынатын банктегі бірыңғай ағымдық (контокорренттік) шоты бар, өзінің тұрақты клиенттеріне банктің  беретін несиесі.

Ломбардтық несие —  тауарлы-материалдық құныдылықтар мен мүліктік құқықтарды, бағалы металдарды, бағалы қағаздарды және т.б. кепілге  ала отырып, қысқа мерзімге несие  берушінің қатаң тіркелген сомада беретін несиесі.

Форфейтингтік несие—сыртқы сауда операцияларында қолданылатын коммерциялық вексельді сатып алу  жолымен экспортерлерді немесе сатушыларды  қысқа мерзімді (180 күнгедейінгі) несиелеу нысаны. Банк (форфейтор) экспортердан (сатушыдан) сатқан тауары үшін импортердің (сатып алушының) берген ақшалай  міндеттемесін (векселін) сатып алуы аркылы экспортердің сатқан тауарының  құнын толық немесе жартылай төлейді. Кейіннен им- портер (сатып алушы) форфейтордың көрсеткен міндеттемесі бо- йынша  ақшалай соманы оған төлейді. Тез  арада төлегені үшін фор- фейтор-банк экспортерден пайыз ұстап қалады.

Факторингтік несие—жабдықтаушынын, немесе банк клиентініңжабдықтаған  тауары мен көрсеткен қызметгері үшін төленбеген төлем талабын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты несиелік операция.

Экспорттық несие —  экспорты колдау құралы ретінде өнімді сатуды қаржыландыру мақсатында сатып  алушыға немесе оның банкіне берген несие. Фирмалық экспорттық несие экспортер  тарапынан беріледі де банктен қаржыландырмайды. Банктік экспорттық несие банктен  шетелдік сатып алушыларға тікелей  беріледі.

Несиелік желі — келісілген лимит шегіндегі белгілі бір  уақыт ішіндегі қарыз алушығы  несие беріп отыруға несиелік мекеменің оған берген заңды түрде  рәсімделген міндеттемесі.

Несиелеу объектісіне  қарай:

меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға;

материалдық запастар жиынтығы мен өндіріс шығындарына;

сыртқы экономикалық қызметке байланысты тауарларды экспорттау мен  импорттауға;

азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, материалдар, құралдар және басқа да мүліктер алуына;

ломбардтық, кепілдік және ссудалық операцияларға;

театрлар және демалыс  үйлерінің кірістері мен шығыстары  арасындағы маусымдык үзілістерге;

күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;

тез әтелетін тиімділігі жоғары шараларға.

Ссудалық пайыз

Ссудалық пайыз тауар  өндірісі мен несиелік қатынастардың  даму жағдайында пайда болады. Ссудалық пайыз несиесіз өмір сүре алмайды.

Ссудалық пайыз — уақытша  пайдалануға берілген құнның бағасын  білдіреді.

Ссудалық пайыз:

несиені пайдаланғаны үшін төлем;

несиеге есептелетін үстеме ақы; несие берушінін, шығыстарының орнын толтыру тәсілі.

Ссудалық пайыз банк пайдасының көзі болып табылады. Сондықтанда  банктер пайыз сомасын толық  және уақтылы алғанды қалайды. Ссудалық пайыз есебінен банктер депозиттерге пайыз төлейді. Несиеден алатын ссудалық пайыз бен депозитке төлейтін пайыздың арасындағы айырма банктің  маржасын білдіреді.

Ссудалық пайыз екі  қызмет атқарады:

бөлу;

ссудалық капиталды өсіру.

Бөлу қызметі жаңадан  құрылған кұнды не пайданы бөлуді сипаттайды.

Пайыз арқылы пайданы бөлу меншік иесінің ауысуын баяндайды, яғни қарыз алушы өзінің тапқан пайдасының бір бөлігін кредитордың пайдалануына береді.

Ссудалық капиталды өсіру  қызметі банктің несие беруші ретіндегі несиелік әлеуетін арттыруды  көздейді.

Ссудалық пайыздың мынадай  түрлері болады:

Базалық мөлшерлеме — мұндай пайызбен несиені банктер өздерінің  сенімді қарыз алушыларына, не бірінші  класты клиенттерге береді. Іс жүзінде  базалық мөлшерлемені несиелік ресурстардың құнына байланысты аныктайды. Мұндай факторларға  мыналар жатады:

Инфляция қарқынын ескере отырып және несиелік ресурстарға сұраныспен ұсыныс негізінде белгіленген номиналдық мөлшерлеме;

Инфляция қарқынын шегеріп  тастау арқылы есептелетін нақты  мөлшерлеме;

Несиелік шарттың мерзімі  ішінде өзгермейтін тұрақты пайыз  мөлшерлемесі;

Экономиканың жағдайына  байланысты өзгеріп отыратын өзгермелі  пайыз мөлшерлемесі;

ҚҚА және ҚҰБ-нің ықпалымен  реттелетін пайыз мелшерлемесі;

Пайызды есептеу тәсіліне карай ссудалық пайыздың мынадай  түрлері қолданылады:

жай пайыз мөлшерлемесі —  несиенің мерзімі ішінде бір капитал  сомасына есептелетін пайызды есептеу  әдісі;

күрделі пайыз мелшерлемесі — әрбір есептік мерзімді алдағы мерзімнің капиталына есептелетін  пайыздық төлем.

Қазіргі уақытта банкаралық қатынастардың дамуы тұсында  банктер бір-бірінен несие алу  және бір-біріне несие беру қатынастары  дамып отыр. Осындай ссудалық пайыздың түрлеріне ЛИБОР — лондон банкаралық мөлшерлемесі, ПИБОР — париж банкаралық мөлшерлемесін жатқызуға болады. Ішінде еңтанымалы ЛИБОР - лондон банкаралық мөлшерлемесі. Мұндай жағдайда ЛИБОР  мөлшерлемесіне маржа қосылып несиелік мәміле жүзеге асырылады.

АҚШ тәжірибесінде ПРАМ-РЕЙТ банкаралық мөлшерлеме қолданылады. Бұл  ресми банкаралық мөлшерлемеден  өте жоғары, бірақ ұсақ және орта фирмаларға беретін несие бағасынан  темен.

Ссудалық пайыз қарыз  алушының қаржылык жағдайына тікелей  байланысты белгіленеді, егер ол тұрақты  болса онда оның мөлшері төмен  не керісінше.

Іс жүзінде барлық елдерде  пайыз саясатын реттеуге мемлекет араласады. Мұндағы максат несиеге деген  бағаны төмендету, инфляцияны тежеу, ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Тұтыну несиесі

Тұтыну несиесінің басты  тағайындалуы халыққа тауарлар сатуды ынталандыруға бағытталады. Тұтыну несиесі бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан тауар айналымының  ұлғаюына сай несиенің көлемі өседі, сонымен қатар, тауарды несиеге  алу сұранысы туындайды; екінші жағынан, халықты несиелеудің өсуі, сұраныстың төлем қабілетгігін ұлғайтады. Мұндай тәуелділік, әсіресе бүгінгі тауарлар нарығын толтыру жағдайында пайда  болуда.

Тұтыну несиесінің дамуы  әр түрлі елдерде әр қалай дәрежеде қалыптасуда. Италия мен Жапонияда  халықтың қарызының жалпы сомасы, сол елдің ішкі жиынтық енімінің 10%-ын, Германия мен Францияда — 30%-ын, ал, Ұлыбритания мен АҚШ-та 60%-ын құрайды  екен. Бұл елдердің тәжірибелерінде  тұтыну несиесін ен. қымбат тауарларды: автомобиль, электр тұрмыстық құралдарды, жиһаздарды және т.с.с. сатып алу  барысында жиі пайдаланады.

Бұл елдердің тұтыну несиесінің жартысынан көп бөлігі автомобилдерді сату үлесіне тиеді. Экономикалық мазмұны  жағынан тұтыну несиесі банктік  несиенің бір бөлігі ретінде, оның басты  бағыты тек жеке тұлғалармен тікелей  байланысты болып келеді. Сондықтан  да, несиенің бұл нысанының экономикасы  дамыған елдерде кеңінен пайдалануының  екі түрлі себебі бар: біріншісі, субъективті, яғни бұл несие халыққа  ең жоғарғы деңгейде материалдық  игіліктерге қол жеткізуге қолайлы  жағдай жасаса; екіншісі, объективті, яғни кез келген қоғамның дамуының басты  бір экономикалық мәселесі — бұл  дайын өнімді өткізу десек, ендеше тұтыну несиесін қолдану аталған мәселені шешуге мүмкіндік береді. Тұтыну несиесі  көптеген елдердің экономикасында маңызды  рөл атқарады, сондықтан да, оны  мемлекеттік ұйымдар тарапынан  белсенді түрде реттеп отыру қажет. Мұндай реттеуді екі түрге бөледі: берілу және пайдалану деңгейінде реттеу. Берілу деңгейінде мемлекет тұтынушыларды  ынталандыруға тиіс.

Қазіргі кезде Қазақстанда  тұтыну несиесі кеңінен дамып  отырған несиеге жатады.

Екінші деңгейдегі банктер  тәжірибесінде тұтыну несиесінің мынадай  түрлері қолданылуда:

автомобилдік несие;

ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарлар сатып алуға берілетін  несие;

тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына  берілетін несие;

кейінге қалдырмайтын қажеттіліктерге (оқу, емделу, демалу және т.с.с.) берілетін  несие.

Мұнда автомобильдік несие  бойынша жаңа және жүрілген автомобильдерді  банк несиесі көмегімен алуға  болады.

Ұзак мерзімде пайдаланылатын тауарларға мыналар жатады:

жиһаз;

сантехника;

аудио-видео-және түрмыстық  техникалар;

компьютер және оргтехника;

басқа да тұтыну тауарлары.

Тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына: үйдің ішінде және сыртында құрылыс  және басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізу  жатады.

 

 

1.3. Банктегі қысқа мерзімдегі қарыздармен несиелер есебін жүргізу

 

Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді беру қазақстан Республикасы банкісі бекіткен қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелендіруді ережелеріне  сәйкес жүргізіледі.

Несие беру және оның  операцияларын  жүргізу лицензиясы берілген ұлттық банктің шешімімен айқындалған  ресми статусы бар банкілер арқылы жүзеге асырылады. Несие негізінен  оны өтеу қабілеті бар кәсіпорындарға беріледі.  

Несие өтеу қабілеттілігі  кәсіпорынның өзінің борышты міндеттемелерін  толығымен және уақытында есептесе алуын айтамыз. Кәсіпорындарға несие, негізінен, өнеркәсіптің тиімділігін  арттыруға және оның ғылыми техникалық деңгейін көтеруге, тиімділігі жоғары жаңа өнім түрлерін шығаруға,ынталандыруға, халыққатүрлі қызметтерді көрсетуге, халық үшін экспортқа тауар шығаруға байланысты шаралар мен мақсаттарға  беріледі. Олардың ішінен жеке көңіл  бөлетіндері өз міндеттемелерін  дер кезінде орындайтын клиенттерге, өз қаржыларын осы банктің дипозиттерімен және шоттарына сақтайтын банк акционерлеріне, кәсіпорындарға және ұйымдарға беріледі.

Несие мерзімділік, қайтарымдылық  және төленетін жағдайында коомерциялық  және келісім шарт негізінде беріледі.

  2)Несие беру банктердің өздерінде бар несие қорларының көлемінде жүзеге асырылады. Банк қарыздары (ссудасы) бұрындары берілген ссуда бойынша қайтару мерзімі өтіп кеткен қарыздары жоқ болса ғана беріледі.Банк мекемесі табысы төмен кәсіпорындарға несие беру үлкен қауып туғызатындықтан, ондай кәсіпорындармен несие қатынастарын орнату мәселесі жан-жақты зерттеледі.

Кәсіпорын несие алу үшін несиенің сомасы және пайдалану мақсаты, өтеу мерзімі, сондай-ақ несиеленетін шараның қысқаша сипаттамасы  және оның жүзеге асырудың экономикалық тиімділігі дәлелденген жағдайда жазбаша  түріндебанкке өтініш беріледі. Банк жасалған өтініштің негізінде, егер кәсіпорынның қарызы жоқ болса, және бұрындары аталмыш кәсіпорын  олардың берген несиесін оқтын-оқтын  пайдаланып отырған болса, онда кәсіпорынның берген өтінішінің оң шешімін табу мүмкін.

Информация о работе Банк қарыздарының жалпы сипаттамасы