Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 11:00, курсовая работа
Республикалық бюджет — салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры болып табылады. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен бекітеді
Кіріспе _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 3
1 Бюджеттердің орындалуы туралы есептерді толтыру және қалыптастырудың тәртібі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _5
1.1 Бюджеттердің орындалуы туралы есептерді толтырудың түрлері_ _ _ _ _5
1.2 Мемлекеттік бюджеттің орындалуы туралы есептерді қалыптастыру тәртібі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _7
2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің ақша қаражаттары мен касса операцияларының есебі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 13
2.1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің ақша қаражаттарының есебі_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 13 2.2 Мемлекеттік бюджеттің кассада жүргізілетін операцияларының есебі _ 18
Қорытынды _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _24
Қолданылған әдебиеттер тізімі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 26
3) бюджетті атқару
жөніндегі орталық уәкілетті
органның құзыреті шегінде
Бюджеттердің атқарылуы туралы айлық (жылдық) есеп бюджеттік бағдарламалар / ішкі бағдарламалар бойынша түсімдер атқарылуының және / немесе төленген міндеттемелердің деректерін пайдалана отырып жасалады.
Бюджеттердің атқарылуы туралы айлық (жылдық) есеп мемлекеттік және жергілікті бюджеттерді атқару туралы есептер үшін осы Ережелерде белгіленген мерзімде жасалады және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган оны Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, бюджеттік жоспарлау және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органдарға электрондық түрде және қағаз тасушыда ілеспе хатпен, қол қоюды растамай береді.
Бюджеттің атқарылуы туралы есептілік жасалған операциялардың тұпнұсқалығын және есепке алуда оларды көрсеткен кезде қателердің болмауын білдіретін анықтық, Қазақстан Республикасының бюжет заңдарында көзделген барлық талап етілетін аппараттың көзделуін білдіретін толықтық, Салық Кодесінің және басқа нормативтік құқықтық актілердің есептілік жасау жөніндегі ережелерінің сақталуын білдіретін сәйкестік сияқты сапалық сипаттамаларға сәйкес келуі тиіс.
Бюджеттің орындалуы
туралы есептілікте алынған
Бюдеттің орындалуы туралы есептілік есептердің мынадай түрлерін:
3. бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның есептерін:
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті атқарушы органның есептерін:
Есептіліктің нысандарын, кезеңділігін, оны жасаудың және табыс етудің мерзімдері мен тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.
Республикалық бюджеттің орындалуы туралы есепті жасаудың және табыс етудің тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
Бюджеттік және экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдар өз құзыреті шегінде есептіліктің қосымша нысандарын және оларды жасау мен табыс ету тәртібін белгілеу құқылы.
Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер есептілікті жасау және табыс ету жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алуға міндетті.
Бюджетті орындау туралы орталық уәкілетті орган ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірінші күнгі жағдай бойынша республикалық бюджеттің орындалуы туралы есепті, сондай – ақ Бюджет Кодекстің 121 – бабының 3 тармақшасында көзделген басқа да есептерді Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Републикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне, бюджеттік жоспарлау және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органға табыс етеді. [5. 312б]
Бюджетті атқару жөніндегі
орталық уәкілетті орган есепті
жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен
кешіктірмей өткен қаржы
Республикалық бюджеттің орындалуы туралы жылдық есеп бекітілген, нақтыланған, түзетілген республикалық бюджетті, тіркелген міндеттемелерді, орындалмаған міндеттемелерді және республикалық бюджеттің кассалық орындалуын көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей өткен қаржы жылындағы республикалық бюджеттің орындалуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен бірге Қазақстан Республикасының Парламентіне және Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне табыс етеді. [6. 5б]
Қазақстан Республикасының
Парламенті өткен қаржы жылы ішінде
республикалық бюджеттің
Республикалық бюджеттің орындалуы туралы жылдық есепті қараған кезде Қазақстан Республикасының Парламенті:
Республикалық бюджеттің орындалуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Парламентінде қараған кезде республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептері тыңдалуы мүмкін
Есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің орындалуы туралы жылдық есеп Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатында қаралғаннан кейін Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында бекітіледі.
Қазақстан Республикасының Парламенті есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің орындалуы туралы жылдық есепті бекіткен кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың республикалық бюджеттің орындалуы нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылдауы қажет екендігі туралы шешім шығаруға құқылы. [3. 242 – 243б]
Жергілікті бюджетті орындау туралы жергілікті уәкілетті органы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірі күнге жағдай бойынша облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің орындалуы туралы есепті, сондай – ақ Қазақстан Республикасының Бюджет кодекстің 121 – бабының 3 тармақшасында көзделген басқа да есептерді әкімдікке, мәслихаттың тексеру комиссиясына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органға табыс етеді.
Жергілікті бюджетті орындау туралы жергілікті уәкілетті органы есепті жылдан кейінгі жылғы 1 сәуірінен кешіктірмей өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органға табыс етеді.
Жергілікті бюджеттің орындалуы туралы жылдық есеп бекітілген, нақтыланған, түзетілген жергілікті бюджетті және жергілікті бюджеттің кассалық орындалуын көрсетеді.
Өткен қаржы жылындағы жергілікті бюджеттің орындалуы туралы жылдық есепте:
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі жыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей өткен қаржы жылындағы жергілікті бюджетінің орындалуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен қоса облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатына табыс етеді.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы ай сайын және жыл қорытындылары бойынша жергілікті бюджеттің орындалуы туралы есептерді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға табыс етеді.
Мәслихат өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінің орындалуы туралы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің жылдық есебін облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің орындалуы туралы мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарайды.
Есепті қараған кезде мәслихат:
Мәслихатта есепті қараған кезде жергілікті бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептері тыңдалуы мүмкін.
Жергілікті бюджетінің орындалуы туралы есеп мәслихатының тұрақты комиссияларында қаралғаннан кейін, мәслихаттың сессиясында бекітіледі.
Есепті қаржы жылындағы жергілікті бюдеттің орындалуы туралы жылдық есепті бекіткен кезде мәслихат жергілікті атқарушы органдардың жергілікті бюджеттің орындалуы нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылдауы қажет екендігі туралы шешім шығаруға құқылы. [7. 68 – 70б]
2 Қазақстан
Республикасындағы мемлекеттік
бюджеттің ақша қаражаттары
2.1 Қазақстан
Республикасының мемлекеттік
Бұл бөлімнің шоттарында бюджеттік ұйымдар бюджеттік және бюджеттен тыс шоттардағы, кассадағы қаржылардың, сондай – ақ өзге ақшалай құжаттардың қозғалысын есептейді.
09 «Бюджет бойынша ашылған лимиттер» шоты
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаменті Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекітетін республикалық бюджет шығыстарының кестесіне сәйкес, сондай – ақ қолда бар қаржылық ресурстардың шегінде ұйымдарға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1995 жылғы 18 қыркүйектегі № 239 «Қаржылық жоспарларды жасау және қолма - қол ақшаның ағысын болжау жөніндегі» Нұсқаулығында айқындалған және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1996 жылғы 5 маусымдағы № 130 бұйрығымен енгізілген өзгерістердің тәртібімен ұйымдарға қазынашылық рұқсаттар береді.
Республикалық бюджет бойынша шығыстарға арналған қазынашылық рұқсаттарды ұйымдарға беру Бірыңғай қазынашылық шоттағы бос қаражаттардың қалдығын және пайдаланылмаған лимиттердің қалдығын ескере отырып жүргізіледі.
Қазынашылық ұйымдарында министрліктің 2 — үлгідегі шешімнің және төменде тұрған бюджеттік қаржыларды басқарушының 2 — үлгідегі шешімінің негізінде ұйымдардың шығыстарына және орталықтандырылған шараларға бір бюджеттік шот ашылады.
Бюджеттік шоттардан шығыс операцияларын жүзеге асыруды ағымдағы қаржылық жыл үшін ашылған, лимиттердің шегіндегі шығыстардың экономикалық сыныпталу ерекшеліктері бойынша қазынашылық органдары жүргізеді.
Республикалық бюджеттің қаржыларын пайдалану қатаң арнаулы мақсат бойынша жүзеге асырылады.
09 «бюджет бойынша ашылған лимиттер» шоты бойынша қалдықтар ұйымдардың бюджеттік шоты бойынша лимиттердің қалдықтарына сәйкес келуі керек.
09 шоты бойынша бухгалтерлік
жазбалардың дұрыстығын
Ұйымдардың бюджеттік
шоттарындағы қаржылардың қозғалысы
жөніндегі операциялардың есебі
н. 381 жинақтау ведомосында (2 – мемориалдық
ордер) жүргізіледі. Жазулар тұлғалық
шоттардан алынған көшірмелерді
Информация о работе Бюджеттердің орындалуы туралы есептерді толтыру және қалыптастырудың тәртібі