Бюджеттердің орындалуы туралы есептерді толтыру және қалыптастырудың тәртібі

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 11:00, курсовая работа

Краткое описание

Республикалық бюджет — салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры болып табылады. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен бекітеді

Оглавление

Кіріспе _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 3

1 Бюджеттердің орындалуы туралы есептерді толтыру және қалыптастырудың тәртібі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _5
1.1 Бюджеттердің орындалуы туралы есептерді толтырудың түрлері_ _ _ _ _5
1.2 Мемлекеттік бюджеттің орындалуы туралы есептерді қалыптастыру тәртібі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _7

2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің ақша қаражаттары мен касса операцияларының есебі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 13
2.1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің ақша қаражаттарының есебі_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 13 2.2 Мемлекеттік бюджеттің кассада жүргізілетін операцияларының есебі _ 18

Қорытынды _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _24

Қолданылған әдебиеттер тізімі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 26

Файлы: 1 файл

Мемлекетт бюджет.doc

— 228.00 Кб (Скачать)

Кассадағы операциялар  есебі 10 – «Кассадағы қолма – қол ақша» бөлімшесінің активті жинақтаушы шоттарында:

1010 – «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма – қол ақшаның» және 1020 – «Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма – қол ақша» шоттарында жүргізіледі.

«Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма – қол ақшаның» есебі Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкісі бекіткен  кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі .

Кассаға ақша қабылдау кассаның кіріс ордері бойынша жүзеге асырылады, оған бас бухгалтер мен кассир қол қояды. Кассаға ақша салған жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны қабылдағаны  туралы түбіртек (квитанция) (ордердің қиынды бөлігі) беріледі. Төлемдерге ақша қабылдаған кезде кассир «Төлем таңбаларын анықтау тәртібін» басшылыққа алуға міндетті. Кассаға қабылданған  теңге сомасы жазумен жазылып, тиын сандармен (цифрмен) жазылады.

Кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерлерімен немесе басшы  мен бас  бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен ақша беруге жазылған өтінішпен, шоттармен  және басқа да құжаттармен рәсімделеді. Егер касса шығыс ордерлеріне қоса тіркелген құжаттарда субъект басшысының рұқсат берілген қолы болса, ордерге оның қол қою міндетті емес. Жекелеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен нөмірін, оны кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетеді. Алушы касса ордеріне қол қояды және алған сомасын: теңгені – жазумен, тиынды – сандармен көрсетеді. [16]

Сенімхат бойынша берілген ақша жағдайында касса шығыс ордерінде ақшаны алуға сенім білдірген адамның тегі, аты мен әкесінің аты көрсетіледі. Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол тізімдемеге: «Сенімхат бойынша» деген жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс ордеріне немесе ведомостқа (төлем тізімдемесіне) қоса тіркейді.

Кіріс және шығыс касса  ордерлері мен оның орнына жүретін  құжаттарды бухгалтерия дәл әрі  айқын етіп сиямен немесе түтікше  қаламмен жазып береді.

Жазылған касса ордерлері  немесе олардың орнына жүретін құжаттар кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналына тіркеледі, ол кіріс және шығыс касса құжаттарына жеке – жеке ашылады. Онда мыналар көрсетіледі: кіріс және шығыс ордерінің толтырылған күні мен нөмірі, кассаға түскен және жұмсалған ақшалардың (жалақы, сыйақылар, стипендиялар, іссапарға төленген және басқа да шығыстар) нысаналы мақсаты көрсетіледі. Егер ақша қаражаттарының нысаналы мақсаты туралы деректерді машинограмма түрінде алатын болса, кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тек құжаттың толтырылған күні, нөмірі мен сомасы көрсетіледі.

Касса ордерлері бойынша  ақшаны қабылдау мен беру тек олардың  рәсімдеген күніне ғана жүргізіледі. Ордерді  алған кассир басшы мен бас  бухгалтердің қолдарын; олардың дұрыс  рәсімделуін; ордерлерде көрсетілген  қосымшалардың  болуын тексеруге міндетті. Операциялар жүргізіліп болғаннан кейін ордерге кассир қол қояды, ал оған тіркелген қосымша құжаттарға  штамп басылады немесе жазумен: күнін, айы мен жылын көрсете отырып, «Алынды» немесе «Төленді» деп белгі соғады. [17. 357б]

Касса операцияларының есебін кассир Касса кітабына (ү. № КО – 4) жүргізеді, ол нөмірленуге, тігілуге және оған сүргі салынуға тиіс; ондағы парақтар санын басшы мен бас бухгалтер қол қойып куәландырады.

Касса кітабының әрбір  парағы тең екі бөліктен тұрады. Олардың бірін (көлбеу сызықпен) кассир бірінші дана ретінде толтырады және ол кітапта қалады; екіншісі (көлбеу сызықсыз) көшіргі қағаз арқылы бергі және сыртқы бетін толтырады. Ол кассирдің есебі ретінде парақтың жыртпалы бөлігі болып табылады.

Касса бойынша операциялардың, яғни 1010 шоттың кредиті мен дебеті есебін кассир жүргізеді. Регистрлерге жазулар бухгалтерияға кассир есебінің түсуіне қарай жүргізіледі. Бірыңғай корреспонденцияланған шоттардың сомалары біріктіріледі. Айдың аяғына есепті айдан кейінгі бірінші жұлдызына регистрлердегі қалдық шығарылады, ол кассирдің есебіне және Бас кітаптағы 1010 шоттың қалдығына сәйкес келуге тиіс.

Касса ақша кірістелген  кезде 1010 - «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма – қол ақша» шоты дебеттеліп, мына төмендегі шоттары кредиттеледі:

1040 – «Есеп айырысу шотындағы қолма – қол ақша» шоты – кассаға есеп айырысу шотынан алынған сомаға;

1251 – «Қызметкерлердің және басқа да адамдардың қарыздары» қызметкерлердің есебіндегі сомалар, жалақы, жетіспейтін сомалар, талан – таражға түскен сомалар және тағы басқалары бойынша кассаға өткізілген қарыздар;

6010 – «Дайын өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен табыс»;

Кассадан ақша берілген кезде 1010 – шоты кредиттеледі және мына төмендегі шоттары дебеттеледі:

3350 – «Персоналдармен еңбек ақысы бойынша есеп айырысу» шоты – кәсіпорын қызметкерлеріне берілген еңбек ақысының сомасына;

1251 –«Қызметкерлер мен басқа да адамдардың қарыздары» шоты – кәсіпорын қызметкерлерінің есебіне берілген сомаға;

1040 – «Есеп айырысу шотындағы нақты ақша» шоты – кәсіпорынның есеп айырысу шотына өткізілген, депозитке салынған жалақы және басқа да түсімнің сомасына. [14. 223б]

Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма – қол ақшаның» есебі

Шетел валютасымен есеп айырысуды жүргізген кезде субъектілер 1020 - «Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма – қол ақша» шотын ашады. Валюта кассасындаға есеп субъект кассасындағы операцияларға ұқсас жүргізіледі, тек оның айырмашылығы мынада: кіріс және шығыс ордерлеріне, касса кітабында құжаттар сомалары шетел валюталарымен және теңгеге айналдырылған түрінде көрсетіледі.

Валюта кассасы үшін жеке касса кітабы ашылады. Валюта операциялар  үлкен көлемде жүргізілген кезде  жеке машинаграммалардың және басқа  да есеп регистрлерінің жүргізілуі мүмкін.

Валюта түскен кезде 1020 – шоты дебеттеледі де және мына төмендегі шоттар кредиттеледі:

1050 – «Ел ішіндегі валюталық шоттағы қолма – қол ақша» шоты – валюта шотынан валюта түскен кезде;

1210 – «Алынуға тиісті қарыздар» шоты – кассаға алынған валюта түсімінің сомасына;

1251 – «Қызметкерлер мен басқа да адамдардың қарыздары» шоты – есеп беретін адамдардың кассаға өткізілген валюта түріндегі сомаларына.

Валюта кассасынан валюта берген кезде –1020 – шот кредиттеледі және мына төмендегі шоттар дебеттеледі:

1251 – «Қызметкерлер мен басқа да адамдардың қарыздары» шоты – есебіне берілген шетел валютасының сомасына;

1050 – «Ел ішіндегі валюталық шоттағы қолма – қол ақша» шоты – валюта шотына өткізілген валюта сомасына; [18]

12 «Касса» шоты

120 қосалқы шотында  бюджеттік ұйымның кассасындағы ақшалай қаражаттардың қозғалысы және бар – жоғы есепке алынады.

Бюджеттік ұйымдардың кассаларында кассалық операцияларды жүргізу  және нақты ақшалардың лимитін анықтау  тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1997 жылғы 8 қыркүйектегі № 298 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік ұйымдарда кассалық операцияларды жүргізудің уақытша тәртібімен» анықталған.

Бюджеттік ұйымның кассирі  немесе оны ауыстыратын адам нақты  ақшаларды қазынашылықтың атаулы шегі бойынша уәкілеттігі бар банкіден алады.

Банкіде алынған қолда бар ақшалар сол күні кассалық кіріс ордері (н. N KO  - 1) бойынша кіріске алады. Кіріс және шығыс кассалық ордерлер кассаға берілгенге дейін бухгалтерияда кіріс және шығыс кассалық ордерлерін (N KO – 2 үлгісі) тіркеу журналында тіркеледі. [19. 167б]

Бюджеттік ұйымдардың кассалары  нақты ақшаларды қабылдауды бас  бухгалтер немесе оның уәкілеттігі  бар адам қол қойған, кассирдің  мөрімен (штампымен) куәландырылған соңғының және кассирдің қолы қойылған түбіртекті бере отырып кассалық кіріс ордерлері бойынша жүзеге асырылады. Кассадан нақты ақшаларды беру мақсатқа сай кассалық шығыс ордері немесе тиісті ресімделген басқа құжаттар бойынша кассалық шығыс ордерлерінің реквизиттерімен қоса осы құжаттарға штамп басу арқылы жүзеге асырылады.

Кассирді жұмысқа тағайындау туралы бұйрық  шығарылғаннан кейін бюджеттік ұйымның басшысы кассирге қол қойғызып, жоғарыда аталған Уақытша тәртіппен таныстыруға міндетті, бұдан кейін кассирмен немесе оны ауыстыратын адаммен оның толық және материалдық жауапкершілігі туралы шарт жасасады.

Жұмыс істейтіндер саны аз, штатында кассир жоқ бюджеттік  ұйымдарда кассирдің міндеттердің бюджеттік ұйымның басшысының жазбаша  өкімімен өзінің толық материалдық  жауапкершілігі туралы шарт жасасқан басқа қызметкер атқаруы мүмкін.

Егер бюджеттік ұйымдарда бюджеттік және бюджеттен тыс шоттар бойынша ақшалай операциялар бар болса, бюджеттік ұйымдарда кассалық операцияларды есепке алу н. КО – 4 немесе н. 440 кассалық кітапта жүргізіледі.

Кассир кассалық кітапта  әрбір кассалық ордер немесе ауыстыратын басқа құжат бойынша ақшаны алғаннан немесе бергенннен кейін жазба жасайды. Кассир жұмыс күнінің аяғында күн сайын бір күнгі операцияның  қорытындыларын есептейді,  кассадағы келесі күнге  қалдырылған ақша қалдығын шығарады және кассалық кітапта  қолхатпен кіріс және шығыс құжаттарымен бірге кассирдің есеп беру ретінде жыртылатын парақты (бір күнгі кассалық кітаптағы жазбалардың көшірмесін) бухгалтерияға өткізеді. Сонымен бірге кассир кассадағы нақты ақшалардың қалдығын нақты ақшалардың бар – жоғымен салыстырады.

Кассалық кітаптарды дұрыс жүргізуге бақылау жасау  бюджеттік ұйымдарда бухгалтерлік есепті жүргізуді қамтамасыз ететін бас бухгалтер немесе бөлімшені  басқаратын адамға жүктеледі.

Уәкілдігі бар банкте нақты ақшаны алу үшін аумақтық қазынашылық  қолма- қол ақшаның өткінішті шотына (889) қаражаттар аударған кезде мынадый: 178 «Басқа да дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу» дебетіне 090, 100, 110, 111, 112 кредитіне  бухгалтерлік жазба жасалады. Қазынашылықтың атаулы шегі бойынша қолма – қол ақша алған кезде мынадай: 120 «Касса» дебетіне және 178 «Басқа да дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу» кредитіне бухгалтерлік жазба жасалады. [20. 68 – 71б]

 

Кесте № 1

Ақша қаражаттарымен байланысты кассалық операциялар есебі

 

 

Операциялар есебі

Дебет бойынша нөмірі

Кредит бойынша нөмірі

1

 

 

Қолма-қол ақша алу  үшін қазынашылықтың аумақтық органының  транзиттік шотына (889) қаражаттарды аудару.

 

 

178

090, 110, 111, 112,

2

Касадан чектер бойынша  қолма-қол ақша алу

120

178

3

Жаңа құрылыс және көрсетілген қызметтер үшін материалдық құндылықтар, жабдықтар, құрылыс материалдары үшін тапсырыс берушілер шотының ақы төлеуі

150, 178, 179,

090, 093, 096

4

Мердігерге күрделі  құрылы жұмыстарын орындағаны үшін бюджеттік  шоттан сомалр аудару

Бір уақытта екінші жазба жасалады

150

 

 

203

093, 103

 

 

150

5

Ұсталған салықтардың  және т.б. сомасын бюджетке аудару

173

090, 093

6

Кредитке, банкке жұмысшылар мен қызметкерлердің салымдарына, мүшелік кәсіподақ ұйымдарына және және т.б. сатылған тауарлар үшін бюджеттік шоттардан сомаларды аудару

182-187

090

7

Салықтар мен төлемдерді төлеу жөнінде ұйымдардың берешегін  өтеу есебінен оларға көрсетіген қызмет көрсетулер бойынша бюджеттік ұйыдардың  берешегін есептеу жүргізу

094

145, 111

8

 Қаржыландыру және  кредиторлық борышты өтеу шотына есеп берудің көрсетілуі

178

094

9

Жыл афяғында рұқсат етілген  лимитті жабу

140, 142, 143, 230-232

090, 093, 096

10

Тапсырыстар бойынша  бюджеттен тыс шоттарға қаражаттардың  түсуі

110

176


 

 

  Кесте № 2

Текелі қаласы бойынша  Салық комитетінің кассалық операцияларының кірістері мен шығыстары

 

2003

2004

2005

2006 (11ай)

кіріс

шығыс

кіріс

шығыс

кіріс

шығыс

кіріс

шығыс

15130000

17873200

19108000

21018200


 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Текелі қаласы бойынша  Салық комитетінің кассалық операцияларының кірісі 2003 жылы 15130000 теңгені құрады, 2004 жылы ол 118,1%-ға ұлғайды. Ал 2005 жылы бұл көрсеткіш 19108000 теңгеге өсті, яғни ол 126,3%. 2006 жылы базистік жылға қарағанда 138,9%-ға өсті. Мұндай кезең – кезеңмен өсу Текелі қаласының тұрғындарының өсуіне, өндірістің ұлғаюымен, кәсіпкерлердің көбеюмен байланысты.

 

Қорытынды

 

Қазақстан Республикасы Парламенті тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті бекітіп, оған өзгерістерді енгізеді, сонымен бірге Қазақстан Республикасының заңына сәйкес оның орындалуына бақылау жасайды.

Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, мемлекеттік мекемелер, ведомстволар және басқарманың жергілікті атқарушы органдар арқылы республикалық бюджеттің орындалуын ұйымдастырады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бюджет бойынша көзделген барлық табыстардың түсуін және бюджет құралдарын эффективті тағайындалуын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының республикалық бюджеттің кассалық орындалуы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен жүзеге асырылады. Бюджеттік құралдарды қабылдау, беру және сақтау кассалық орындалуын білдіреді және кассаның бірыңғайлық принципі негізінде құралады, яғни жоғарыда айтылып кеткен функциялар бір орталықтан өтетінін білдіреді.

Жергілікті бюджеттің кассалық орындалу үрдісі республикалық бюджеттің орындалуына сәйкес келеді.

Мәслихат тиісті бюджеттің  орындалуын ұйымдастырылуын, бюджет бойынша көзделген барлық табыстардың түсуін, әкімшілік арқылы бюджет құралдарын эффективті тағайындалуын қамтамасыз етеді.

Жергілікті бюджеттің  орындалуы туралы есебі басқарманың  атқарушы органдарымен жүзеге асырылады

Информация о работе Бюджеттердің орындалуы туралы есептерді толтыру және қалыптастырудың тәртібі