Каржы қаражаттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 15:03, реферат

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: қазіргі таңда кәсіпрындардың ұзақ және қысқа мерзімді стратегияларын жасауда, өздерінің мақсаттары мен жоғары табыстылыққа жету үшін қаржылық жоспарлану мен болжамдаудың маңызы артып отыр. Сондықтан да кәсіпорын қазіргі нарықтық жағдайға тәне қаржылық жоспар мен болжамдар жүйесін әзірлеу керек.

Файлы: 1 файл

9 каржылық жоспарлау мен болжамдау.docx

— 163.65 Кб (Скачать)

Экономикалық ғылымдар докторы, профессор  С.Д.Ильенкованың зерттеулерінде келесі мәліметтер көрсетілген. «Ақша адамдардың 30-50% іс-әрекетке итермелейді. Қалған адамдарды көтеріңкі қажеттіліктер итермелейді: білім, абырой, шығармашылық. Адамдарды  іс-әрекетке адамгершілікті идеалдар, ұлы мақсаттар, моральды сенім, әдет, дәстүр, сән және т.б. итермелейді».

Сонымен қатар, қаржылық жоспар дұрыс  жасаланып, бірақ та оның орындалуына  қадағалануы жоқ болғандықтан, кәсіпорын  бөлімшелерінің топ менеджерлері өндірілген өнім ассортиментіне, жұмыс уаөыттарына, сату бағаларының деңгейіне т.б. түзетулер енгізіп, қаржылық жоспардың  маңызы жоғалады. Сондықтан нақты  көрсеткіштер болжамдалған көрсеткіштерден  өзгеше болады.

Осындай түзетулер керек болса  бөлімшелердің топ менеджерлердің өз еркімен және бақылаусыз емес, компанияда белгілеген нормаларға сай жасалануы  қажет. Олар қатал қадағаланып, орталықтандыруы  қажет. Осы проблеманы жоспардың  орындалу процесінің үздіксіз және тиісті қадағалануы ғана шеше алады.

Қаржылық жоспар үшін үлкен проблема – ақпарат беру мен алмастырудың нақты жүйесінің болмауы. Сондықтан да оперативті шешілетін проблемалар мезгілсіз шешіледі. Жоспардың орындалуы өз уақытында жүргізілуі керек. Келетін ақпарат бұрыс болуы мүмкін, сондықтан жоспардың орындалуына кедергі келтіріледі. Мәліметтердің оперативті келуі бекітілген жоспарларға түзету енгізуіне де кедергі келтіріп, төтенше және форс-мажорлық жағдайларда басқаруды қиындатады. Осындай жағдайда кемшіліксіз жасалған жоспар сәтсіздікке ұшырайды.

Кәсіпорының қаржылық жағдайын жақсарту, өнімнің бәсекелестік деңгейін қазіргі  нарық жағдайында жоғарлату инвестицияларды  тарту арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл өз кезегінде қаржылық нарық  инфрақұрылымының дамуын, кәсіпорынның инвестициялық қызметінің жоспарлау  әдістерінің дамуын  талап етеді.

Қаржылық жоспарлаудың арасында маңызды  проблемалардың бірі – қаржыландыру көздерінің оптималды құрылымы мен  қаржыландырудың оптималды графигін анықтау. Бірінші проблема екінші проблемаға қарағанда жақсы зерттелген. Жоба тәуекелдерінен туындайтын зақымдарды азайту, сондай-ақ құралдарды тартумен байланысты шығындарды азайту қажеттілігі туады. Бұл ең негізгі проблема.

Бұл проблеманы шешу үшін келесі методиканы қолдануға болады. Ұсынылған методика бойынша алдымен игерілетін құралдар көлемі мен игерілу графигін анықтау  қажет. Кейін тәуекелдер анализі  жасалады (жобаны қаржыландыру кезінде  жағымсыз жағдайлардың пайда болу ықтималдығы).

Сапалы анализ үшін жобалық тәуекелдер классификациясын (жоба қызметінің фазалары мен кезеңдері бойынша классификация; қауіп-қатерге ықпал ету мүмкіндігі бойынша классификация; тәуекелдерден сақтану бойынша классифкация) қолданып, нақты жобаға тиесілі тәуекелдерді анықтау керек. сондай-ақ ешқандай классифкациялар сипатына сай келмейтін «әдетте» кездесетін тәуекелдер жиі кездеседі (3-сурет).

 

  1. Игерілетін құралдардың көлемін  анықтау

  •  


    2. Құралдардың игерілу графигін анықтау



     


    6. Капиталдың оптималды құрылымын қалыптастыру


    3. Бар тәуекелдердің анализін жасау



     

     


     

    7. Капиталдың орта бағасын бағалау  (WACC)


    4. Оқиғалар ағашын құрастыру





    5. Зақым мөлшерін есептеу



     


     

    8. қаржыландыру көлемінің оңтайландыру критерийлерін құрастыру



     


    9. жобаны қаржыландыру көлемін мен графигін динамикалық бағдарламалау негізінде анықтау



     

     


     

    10. қаржыландырудың оптималды графигін таңдау



     

     

    3-сурет.  Тәуекелдер классификациясы

     

    Тәуекелді бағалауға келетін болсақ, бағалау  әдістерінің бірі жағымсыз жағдайлардың басталу ықтималдылығын бағалау  болып табылады. Ұсынылған методикада бұл бағалауды жүргізу үшін «оқиғалар  ағашын» құру әдісі беріліп отыр. Ол мүмкін болатын оқиғаның реттілігін график арқылы бейнеленуі. Бұл «оқиғалар  ағашы» арқылы шығындар сомасын болжауға болады. «Ағаш» инциденд деп аталатын оқиғалардан баталады, кейін дамудың  мүмкін жолдары себеп-салдар тізбегі  арқылы зерттеледі. [10]

    Тәуекелдің  салдары қаржыландырудың жоспарланған деңгейінен ауытқып кетуі болып  табылады. Қаржыландырудың құрылымына сүйене отырып, әр оқиға үшін мүмкін болатын ауытқушылықтарды, ал кейін  – жалпы ауытқушылық пен оның болу ықтималдылығын анықтаймыз. Ауытқушылықи пен ықтималдылықты шығару әр «бұтақ»  үшін ауытқушылықтар мен олардың  болу ықтималдығын есептеуге мүмкіндік  береді. Математикалық күту бүкіл «бұтақтарды» ескере отырып жасалатын ауытқушылықтардың сомасы. 

    Ауытқушылықтар  құралдардың жетіспеушілігіне әкеледі. Дефицит мөлшері кәсіпорын қандай құралдардың қорларын иемденетімен байланысты болады: дефицит – қор  мен ауытқушылық арасындағы айырма. Егер қор нольге тең болса, дефицит  ауытқушылыққа тең болады. Дефицитті  біле тұра залалдың мөлшерін анықтауға  болады.

    Залал мен  дефицит арасындағы байланысты анықтау  қиын процесс болып табылады, себебі залал әр түрлі факторларға байланысты болады: мысалы, 100%-дық қаржыландыру, тұрып қалуды болдырмау, кәсіпорын  тұрып қалуын уақыт бойынша шектеу т.б. ұсынылған методика бұның бәрін  ескеруге көмектеседі.

    Ауытқушылықтар, дефицит пен залалдар  жоспарланған әр период үшін анықталады. Осыдан кейін  капиталдың оптималды құрылымы анықталады.  Оптималды құрылымға сүйене отырып,  уақыттың әр кесіндісінде каржыландыру көздерінің бағасы орнатылады. Бұл  теория жағынан қаржыландыру көздерінің бағасын төмендету мен төлемқабілеттіліктің қажетті деңгейімен қамтамасыздандыра  алады.

     

      1. Кәсіпорында қаржылық жоспарлауды жетілдіру жолдары

     

    Мақсатты  кешенді бағдарламалар бойынша  шығындардың тиімділігін анықтау кезінде жалпы тиімділіктен басқа жеке шаралар мен тапсырмалардың тиімділігі де есептелінеді. Мұнда жалпы тиімділік көрсеткіштері нәтиже алудың және шығындарды жұмсаудың есептік мерзімдеріне негізделе отырып, анықталады. Соңғы өнім - халық шаруашылығының соңғы өнім өсімінің элементі болып табылатын, сол мақсатты кешенді бағдарламалар бойынша құндық және табиғи көріністегі бағдарламаның ақырғы өнімінің бағдарламаны жасауға кеткен толық (ілеспелі салаларды ескергендегі) шығындарға қатынасы тиімділіктің маңызды көрсеткіші болып табылады.

    Шығындардың жалпы және салыстырмалы экономикалық тиімділігінің есептері жоғарыда көрсетілген қорытынды көрсеткіштерімен шектелмеуі тиіс. Шығындардың экономикалық тиімділігін жан-жақты негіздеу және талдау, олардың тиімділігін арттыру жолдарын айқындау үшін қорытынды шешімді қабылдау кезінде алынатын нәтиженің жеке жақтарын сипаттайтын қосымша көрсеткіштерді пайдаланған дұрыс: еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, меншікті күрделі салымдар, шикізат, материалдар, отын, энергияның үнемделуі, өндіріс шығындарының төмендеуі, әлеуметтік нәтижелер.

    Қаржылық  жоспарлау кәсіпорынның стратегиялық және тактикалық міндеттерін атқару үшін қаржылық ресуртарын тиімді пайдалануды  көздейді.  Осы мақсатпен жүргізіліп отырған қаржы саясатына талдау мен анализ жасалады, оның кемшіліктері мен осы кемшіліктерді жою  жолдары, сыртқы ортаның әсерінен өзгеретін қаржылық жоспарды жетілдіру жолдары анықталады.  Ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарға жету үшін қаржылық стратегия құрылады. Ол қаржылық тактикамен байланысты болып келеді. Стратегия кәсіпорынның тұрақтылығын, капиталдың оптималды құрылымын, пайданың өсуін, инвестициялық тартымдылықты, несиенің жоғары рейтингін, акция бағасының өсуін қамтамасыз етеді. Тактикалық міндеттер салық салу режимінің өзгерістерінен туындайтын ауытқуларды, нарық жағдайын есепке алатын кәсіпорын стратегиясына сай жасалады.

    Қаржылық  жоспарлардың тиімділігі ірі кәсіпорындарда оңай жетіледі. Ал орта мен шағын  бизнес иелерінің қаржылық жоспарларының  тиімділігін бірқатар факторлар  азайтады:

    • Қоғамдық және экономикалық қатынастардың оперативті және глобалды реформалау;
    • Құқықтық нормалардың тиімділігінің төмен болуы;
    • Қаржылық стратегияны талқылау мен зерттеуге арналған қаржылық ресурстардың тапшылығы.

    Стратегиялық  қаржылық жоспардың тиімділігін  жоғарылату кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштерін болжамдалған көрсеткіштерге жақындату. Қаржылық жоспарды жетілдіру үшін бірқатар шаралар жасалану тиіс:

    • Нарықтың баға бойынша активтерді бағалау;
    • Бартерлік және т.б. ақшасыз есеп айырысудан бас тарту;
    • Стратегиялық дамаудың барлық этаптарында кәсіпорынның тұрақтылығына анализ жасау;
    • Материалдық құндылықтардың инвентаризациясын және оның құрылымын нормативтік көрсеткіштерге сай жасау;
    • Меншікті және қарыз құралдарының арақатынасына талдау жасап, оңтайландыру;
    • Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін қаржылық ресурстарға деген қажеттіліктерін оңтайландыру;
    • Несие пайдаланудың рентабельділігіне анализ жасау;
    • Әр түрлі несиелік ұйымдардың несиелеу шарттарын талдап, жарамды нұсқаны талдау.

    Дебиторлық  пен кредиторлың берешектің анализін жасау арқылы қаржылық қызмет нормативтік  нормаға сипатқа сай өзара  есептеуді жүргізе алады, үмітсіз  қарыздарды есептен шығарады, наразылық  пен соттық дауды ресімдейді. Бухгалтерлік, аналитикалық және салықтық есепті қатесіз  және дәл жүргізу өнімнің өзіндік  құнының жанама шығындары нұсқасын, тұрақты және аралас шығындары, амортизациялық аударымдарды есептеу әдісі таңдау арқылы салық салу мөлшерін азайтуға болады. Есепті ұйымдастыру салық салу базасын азайтып, ағымдағы және перспективалы қызметтің операционды, функционалдық-бағалық анализін жүргізуді жеңілдетеді.

    Қаржылық саясаттың аналитикалық зерттеулерінің мәліметтерін түзету ұйымның  тиімді қаржылық жоспарын құруға көмектеседі. Бұл стратегиялық даму үшін ресурстарға деген қажеттілік пен қаржылық мүмкіншіліктермен, шығындар баптары бойынша қаржылық құралдарды рационалды бөлумен қамтамасыз етеді. Бұл процесс максималды тиімділікпен бар ресурстарды қолдануға мүмкіндік береді: қаржылық, еңбек пен материалды ресурстар.

    Сонымен қатар қазіргі нарықтық жағдайдағы қаржылық жоспарлардың кең  пайдалануына басқа да факторлар  әсер етеді. Олардың негізгілері:

    1. Қоғамдық өмірдің барлық сфераларында өтетін глобалды өзгерістерге байланысты, Қазақстан Республикасы нарығындағы белгісіздіктің жоғары деңгейі (олардың болжамсыздығы жоспарлауды қиындатады);
    2. Ірі қаржылық жоспарларды жасай алатын кәсіпорындар санының аз болуы;
    3. Отандық бизнестің дұрыс нормативтік-құқықтық базаның болмауы.

     Тиімді қаржылық жоспарды  жүзеге асыру мүмкіндігін ірі  компаниялар иемденеді. Олардың қаржылық ресурстары кеңмасштабты жоспарлық жұмысты орындау үшін жоғарыбілікті мамандарды шақыруға жеткілікті болады. Шағын кәсіпорындарда бұл үшін құралдар жеткіліксіз болады да, бірақ та олар ірі кәсіпорындарға қарағанда сапалы қаржылық жоспарда қажетсінеді. Шағын кәсіпорындар өзінің шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін қаржылық ресурстарды жұмылдыруға көп көңіл бөледі де, сол уақытта осындай кәсіпорындардың сыртқы ортасына бақылауды қиындатады. Сондықтан шағын компаниялардың ірі компанияларға қарағанда келешегі болжанбайтын және белгісіз болады. [16]

    Қазақстандық кәсіпорындар үшін жоспарлауды  керек ететін екі сфераны бөліп  көрсетуге болады:

    1. Жаңадан ашылған жеке фирмалар. Капиталдың қарқынды қорлану процесі көптеген жаңа фирмалардың қызметінің шиеленісуіне әкеліп, ағымдағы нарық жағдайына сай қаржылық жоспарды құру қажеттілігіне әкелді. Осы сферада жоспарлауды пайдаланудың негізгі проблемасы – формальды жоспарлануға сенімсіздігі. 
    2. Мемлекеттік және бұрынғы мемлекеттік меншігінде болған жекешелендірілген кәсіпорындар. Оларға жоспарлау функциясы дәстүрлі болып табылады. Бірақ та олардың тәжиребесі орталықтандырылған экономика жағдайына жатқызылады. Осыдан осы кәсіпорындарда жоспарлау қосымша, екінші ретті сипатқа ие болып, жоспарлық қызметті орталық пен салалық деңгейде көрсетті.

    Сондықтан бұл екі типтегі фирмалар үшін ішкі қаржылық жоспарды қайта  игеру керек.

    Тиімсіз қаржылық жоспардың себептерін зерттей отыра, жоспарлауды жасаудың келесі принциптері анықталды:

    1. Жоспарлау жүйесінің өзгеру процесі қосылу, құрылымдағы, басқару жүйесіндегі болып жатқан өзгерістердің артынан өзгеру қажет;
    2. Жоспарлау (түзету мен нақтылау) «мақсаттар ағашы» принципімен «жоғарыдан төмен», яғни жүйелу жүргізілуі керек, сонда ғана жоспарлау комплексті және жеткілікті болады.
    3. Сыртқы орта, сыртқы және ішкі тәуекелдердің өзгеруіне байланысты сценарийлік жоспарлау жүргізілу керек;
    4. Бәсекелестерден туындайтын қауіп-қатерлерден қорғану әрекеттер мен контрәрекеттерді жоспарлау;
    5. Меншік иесінің мүддесін ескере отыра, жоспарлар мен өндірістік бағдарламаларды экономикалық және инвестиционды критерийлерге байланысты оңтайландыру;
    6. Жоспарлау жүйесі кәсіпорындағы жауапкершілік, өкілеттілік, контроллинг жүйесі  орталықтарына сай болуы керек, әйтпесе оны жүзеге асыру иімсіз болады;
    7. Міндетті шарт – жоспарлау жүйесі өзіне «топ менеджерлердің», басқарушы мен мамандардың ынталандыру жүйесін қосу керек.

    Информация о работе Каржы қаражаттары