Каржы қаражаттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 15:03, реферат

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: қазіргі таңда кәсіпрындардың ұзақ және қысқа мерзімді стратегияларын жасауда, өздерінің мақсаттары мен жоғары табыстылыққа жету үшін қаржылық жоспарлану мен болжамдаудың маңызы артып отыр. Сондықтан да кәсіпорын қазіргі нарықтық жағдайға тәне қаржылық жоспар мен болжамдар жүйесін әзірлеу керек.

Файлы: 1 файл

9 каржылық жоспарлау мен болжамдау.docx

— 163.65 Кб (Скачать)

Бірақ та қаржылық жоспар тәуекелдерді азайта алмайды. Керісінше, ол қандай тәуекелдерді қабылдауға болады, ал қандай тәуекелдерді қабылдауға болмайтынын анықтайды. Ол үшін қаржылық менеджер «что будет, если» («what if» analysis) анализін қолданады. Қазіргі заманда бұл әдіс ЭЕМ және қолданбалы программалар (Excel, Lotus, Quattro Pro) негізінде жұмыс істейді

 

 

 

2. «Восток» ЖШС-нің қаржылық жоспарлау мен болжамдау жүйесін талдау

 

2.1 «Восток» ЖШС-тің қызметіне сипаттама

 

ЖШС мемлекеттік  тіркеуден бастап заңды тұлға  болып табылады, өзіңдік баланс, банктік мекемелерде есептесу шотты  бар және өз атынан сотта жауап  береді. «Шығыс-Нан комбинаты» ЖШС бұл жекеменшік  экономикалық субъект болып табылады, ЖШС-нің банктерде өзінің есептесу шоттары бар.

  «Восток» нан комбинаты «Нан» АҚ құрамында 1980 жылы құрылды. «Шығыс-Нан комбинаты» кәсіпорны Шығыс Қазақстан облысы бойынша юстиция басқармасында 2000 жылдың 20 желтоқсанында жауапкершілігі шектеулі серіктестік  нысанында Семей тамақ өнімдері комбинаты болып тіркелді.  Құрылтайшылары және қатысушылары болып Юсупов Нұрлан Темирбекұлы және Қазбекова Қарлығаш Темирбекқызы табылады. 2009 жылы бұл кәсіпорын «Восток» Нан комбинаты болып атауын өзгертті.

Қызметтің негізгі мақсаттары:

-    ҚР-ның өндірісін дамыту;

-    Әлемдік тәжірибесімен ҚР өндірістік  механизмдерді ұлғайту;

  • Салынған капиталдың және басқа салымдардың табыстылығын қамтамасыз ету;

-    Тұрғындарды сапалы өніммен камтамасыз  ету;

-    Облыстың   және   қаланың   әлеуметтік   және    экономикалық   дамуын қамтамасыз ету. 

Кәсіпорының барлық қаржыландыру қайнар көздері  меншікті, қарыздық және тартылған  кайнар көздеріне бөлінеді. Олар кәсіпорынның негізгі және айналым капиталды  кұрауына бағытталады. Меншікті қаражаттар қорлардың айналымын ұйымдастыруында  негізгі рольді атқарады, өйткені, кәсіпорын  коммерциялық есептесу негізімен жұмыс  істесе, өзінің ісін рентабельді жүргізу  үшін және қабылданатын шешімдерге жауап  беру үшін, ол белгілі бір меншіктік  және оперативтік өздігімен иелену керек. Айналым қаражаттарды қалыптастыру, кәсіпорынның құру негізінде асырылады, яғни оның жарғылық қоры құрылған кезде. Бұл жағдайда қалыптастыру қайнар көздері  болып, кәсіпорынның құрылтайшылардың инвестициялық қаражаттары табылады.

«Восток»  ЖШС нан комбинаты ҚР-ның зандылығы бойынша заңды тұлға болып табылады, өз өзің қаржыландыру негізімен жұмыс істейді, ерекшеленген мүлігімен иеленеді. «Восток» ЖШС нан комбинаты зауытының меншікті капитал жарғылық қордаң, косымша төленген капиталдаң, резервтік капиталдаң және таратылмаған капиталдаң тұрады.

Әр ай сайын комбинат жалпы массасы 800 тоннаға дететін азық түліктің 500 түрін шығарады.

«Восток» ЖШС-тің азық түліктердің келесі түрлерін шығаратын 9 цехтары бар:

  1. нан-тоқаш өнімдерін шығаратын цех – тәулігіне 12 тонна;
  2. макарон өнімдерін шығаратын цех – тәулігіне 30 тонна;
  3. кондитерлік өнімдерді шығару - тәулігіне 3 тонна;
  4. печенье шығаратын цех - тәулігіне 17 тонна;
  5. пряниктерді шығаратын цех - тәулігіне 4 тонна;
  6. ұн шығаратын цех – 30 тонна өңделген дән;
  7. сүт өнімдерін шығаратын цех – тәулігіне 8 тонна;
  8. балмұздақ мен түйіртпекте сүт өнімдерін шығаратын цех:
    • балмұздақ шығаратын итальяндық линия – сағатына 300 кг;
    • түйіртпекте сүтті шығаратын линия – тәулігіне 2 тонна

Аталғандардан басқа, кәсіпорында ұнның және жарманың қапшықтарға қаптау цехы әрекет етеді. 2005 жылы зауытпен қантты печенияларды шығаратын итальяндық линия қосылды. Бұл цех толықтай автоматтандырылған және қол жұмыстарын қажет етпейді. Нан шығаратын цехтың соңғы жаңалығы – «Линепак» аппараты. Бұл аппарат 2008 жылы сатып алынды және  нан  өнімдерін қаптауға арналған  болып  табылады. Кондитерлік цехтың қазіргі  көпфункционалды глазирлеу аппараты кондитерлік өнімдердің бүкіл түрлерін глазурмен өрнектей алады. Кондитерлік  цехтың пайдаланатын шикізаттың 30% Бельгия, Франция мен Англияның өнімдері болып табылады.

Өнімдердің  жоғары сапасына байланысты, кәсіпорын  технология жағынан жоғары дәрежеге жетіп, Қазақстан Республикасының  экономикасына оң әсер етіп отыр. Нан  комбинатының өнімдері Қазақстанның басқа  қалаларына да жеткізіліп жатыр: Павлодар, Астана, Қарағанды, Талдықорған, Алматы мен Өскемен. Өндірілген өнімді сату нүктелеріне, басқа қалалар мен  региондарға тасымалдау үшін комбинаттың  арнайы автомашиналар паркі қолданылады.  «Восток» ЖШС нан комбинатының өнімдері тек қана Қазақстан Республикасында  ғана емес, сонымен қатар Орта Азия мен жақын шетелге танымал.

Қазіргі таңда нан комбинатының өнімдері 700 астам сату нүктелерінде өткізіледі. Сату каналдары - өзінің жеке фирмалық дүкендері мен қала дүкендеріндегі фирмалық бөлімдердің кең жүйесі болып табылады.

Бүгінгі күнге «Восток» ЖШС нан комбинатының артықшылықтары болып мына жағдайлар аталып отыр:

  • Кәсіпорынның 700 адамнан тұратын тәжірибелі командасы;
  • Қазіргі жаңа құрал-жабдықтар;
  • Жоғары технология;
  • Өнімдерді мемлекеттік стандарттар талаптарына сай өндіру және ISO сапа жүйесін енгізу;
  • Өндірісте ешқандай консервантсыз тек натуралды шикізатты пайдалану

   Серіктестіктің мүлігі келесіден құрылады:

-    Өзінің меншік қызметінен түскен  пайдасынан;

  • Заңмен шек қойылмаған басқа кірістерден.

Кәсіпорынды  басқарма  төрағасы  басқарады.  «Восток» ЖШС нан комбинатында әр қызметшінің өз міндеті және тікелей бастығы бар. Басқарма төрағасы кәсіпорынды басқаруды өз орынбасарларының, өндірістік бөлімше бастықтарының көмегімен жүзеге асырады, олардың әрқайсысына жеке салалар мен жұмыс бөлімшелерін бекітіп береді, әрбір тапсырған жұмыс үшін құқығын, жауапкершілігін және міндеттерін айқындайды, штатты, құрылымдық бөлімшелер жөніндегі ережені, басқару аппараты жұмысшыларының қызмет бабына байланысты нұсқауларын және барлық жұмысшылардың міндеттерін бекітеді. Мемлекеттік бюджет, банк, жеткізушілер мен тапсырыс берушілер алдындағы тапсырманың, жоспардың толығымен орындалуын қамтамасыз етеді. Ұйымдастырушылық-шаруашылық, жылдық және ағымдағы жоспарлардың уақытында жасалуын қамтамасыз етеді. Өндірістік бөлімшелердің қызметін өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру мен дамудың жоғары қарқынына жетуге, өнімділік пен сақтықтың артуына бағыттайды және үйлестіреді.

Техникалық  директордың функционалдық міндеттері: барлық бөлімшелердің тоқтаусыз  жұмыс істеуін қамтамасыз ету, жабдықты уақтылы және   сапалы   жөндеу,   негізгі   қорларды  тиімді   пайдалану.   Өндіріске кәсіпорындағы  негізгі өндіріс мамандандырылуға негізделе ұйымдастырылған. Сонымен  қатар мұнда өндіріс бөлімшелері  цехтарға бөлініп қарастырылады. Әр цех арнайы бір өнім түрін немесе оның құрамдық бөлігін дайындауға мамандандырылған. Бұл цехтарда құрылғылар технологиялық операциялар жүргізу кезегі бойынша орналастырылған.

Бухгалтерлiк  есеп пен қаржылық есептiлiктiң мақсаты  мүдделi тұлғаларды дара кәсiпкерлер  мен ұйымдардың қаржылық жағдайы, қызметiнiң  нәтижелерi және қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы толық және дұрыс  ақпаратпен қамтамасыз ету болып  табылады. Есеп саясаты Қазақстан  Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына, халықаралық немесе ұлттық стандарттарға және бухгалтерлiк  есеп шоттарының үлгi жоспарына сәйкес, олардың қажеттiлiктерi мен қызмет ерекшелiктерi негiзге алына отырып, бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есептiлiктi жасау үшiн дара кәсiпкер немесе ұйым қолдануға қабылдаған нақты  принциптердi, негiздердi, ережелердi, тәртiп  пен практиканы бiлдiредi.

Компаниядағы  басқарудың негізгі қағидалары: профессионализм  мен жоғары сапа. Өз алдында мен  басқа серіктестер алдындағы  адалдық, компанияның жоғары беделін  қастерлеу сияқты қасиеттер бүкіл  коллективке жоғары сапалы өнімдерді  өндіруге көмектеседі.

Комбинат  ешқашан өз жұмысын тоқтатқан  емес, әрдайым жаңа цехтар, өгдірістік пен қоймалық бөлмелер салынып тұрды. Компания тарихында үлкен өзгерістер 2009 жылы болды. Компанияның басшылығына  жас талантты мамандар келіп, комбинаттың  бәсекеге қабілеттілігін мына жағдайларға байланысты жоғарылатып жіберді:

  • Өндірістің жаңа техникалық деңгейінің енгізілуі;
  • Шикізат көздерін дұрыс таңдау.

Қазіргі таңда өнімдерді жаңа қазіргі  заманға сай, шетелдік қаптамалардан  кем емес  қаптамаларда шығаруға көп көңіл бөлініп жатыр. Ал серіктестер үшін бизнес себеп болып компания шығаратын өнімдердің халықтың әр түрлі деңгейіне негізделген ассортименттің кеңдігі мен әмбебептылығын атап кетуге болады.

 

2.2 «Восток»  ЖШС-тің қаржылық көрсеткіштерін  бағалау

 

Нарықтық  қатынастары жағдайында кәсіпорынның қарылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардыі  тәуелсіздікке ие болуымен сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестертіктер және де басқа контрагенттер алдында  өзінің өндірістік-коммерциялық қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте  болуына байланысты. 

«Восток»  ЖШС нан комбинатының өндірістік көрсеткіштерін 1-кестеден көруге болады.  Жалпы өнім көлемінің  жоспары 25056 мың теңге немесе 15,8 %-ға артығымен орындалған, оның ішінде:

а) жұмыскерлер  санының 24 адамға (12 %) жоғарылауынан, жалпы  өнім көлемі 19008 мың теңгеге өсті;

ә) жылдық еңбек  өнімділігінің 27 мың теңгеге (34 %) жоғарылауынан  жалпы өнім көлемі 6048 мың теңгеге өсті (2-кесте).

 

2-Кесте. Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-нің 2011 жылдағы өндірістік көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

Көрсеткіш деңгейі

Ауытқуы (+;-)

жоспар

нақты

абсолютті

%

Жалпы өнім, мың тг.

158400

183456

+25056

+15,8

Орташа жылдық жұмыскерлер саны, адам.

200

224

+24

+12,0

Жылдық еңбек өнімділігі, мың тг

792

819

+27

+3,4

1 жұмыскер орындаған адам-күндер

220

225

+5

-2,3

Жұмыс күнінің ұзақтығы, сағат

8

7

-1

-12,5

Сағаттық еңбек өнімділігі, тг

450

520

+70

+15,6

Ескерту: www.vostokproduct.kz сайтынан алынған


 

Мұндай  жіктеудің мақсаты жылдық  еңбек  өнімділігінің деңгейі не себепті  өзгергендігін анықтау. Нәтижелік  көрсеткішке әр фактордың әсерін есептеу үшін кейінгі есептеуден алдыңғы есептеуді алып тастау қажет.

Жылдық  еңбек өнімділігі жоспарлағаннан 27000 теңгеге артығымен орындалды. Оның ішінде:

а)   1  жұмыскер орындаған жұмыс күндерінің 5 күнге өсуінен жылдық еңбек өнімділігі 18000 теңгеге өсті:  - 810000 - 792000 = + 18000 тг.

б) жұмыс  күнінің ұзақтығының 1 сағатқа кемуінен, жылдық еңбек өнімділігі 101250 теңгеге  кеміді:  708750-810 = -101250 тг.

в)  сағаттық еңбек өнімділігінің 70 теңгеге өсуінен, жылдық еңбек өнімділігі 110250 теңгеге  өсті: 819000 - 708750 = 110250 тг.

Үш фактордың  әсері жалпы ауытқуға тең: 18000 + 110250 - 101250 = 27000тг. Осылайша, жалпы өнім көлемінің  өзгерісіне 4 фактордың әсерін анықтау  қажеттігі туындайды.

Ол үшін тізбекті алмастыру тәсілін қолданамыз.

 

3-Кесте. «Восток» ЖШС нан комбинатының еңбектің қормен қарулану деңгейіне факторлардың әсерін есептеу үшін мәліметтер

 

Көрсеткіштер

Жоспар

Нақты

Абсолютті ауытқуы (+;-)

1.Негізгі   өндірістік   қорлардың  орташа жылдық құны, мың тг

60000

62720

+2720

2. Жұмыскерлер саны, адам

200

224

+24

3. Қормен қарулану, мың тг (1*2)

300

280

-20

Ескерту: www.vostokproduct.kz сайтынан алынған


 

Қормен  қарулану деңгейі жоспармен салыстырғанда 20 мың теңгеге немесе 6,7%-ға төмендеген. Оған екі фактордың әсерін табу үшін жоғарыдағы ескертуді ескере отырып, қормен қаруланудың шартты деңгейін анықтау қажет.

Негізгі қорлар құнының 2720 мың теңгеге өсуі, еңбектің қормен қарулану деңгейін 13,6 мың теңге өсірсе (313,6 - 300); жұмыскерлер санының 24 адамға өсуінен оның деңгейі 33,6 мың теңгеге төмендеген (280-313,6).

13,6-33,6 = -20 мың тг.

Осылайша, тізбекті алмастыру тәсілін пайдалану  факторлардың байланысын, тәуелділігі  мен жіктелуін білуді қажет етеді.

Жоғарыда  айтылғанындай кәсіпорынның табыстылығы  абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштермен  сипатталады. Талданып отырған кәсіпорынның табыстылығының негізгі абсолютті  және салыстырмалы көрсеткіштері қосымшада  бейнеленген. Қосымша мәліметтері бойынша табыстылықтың абсолютті көрсеткіштері жоғары карқынмен өсіп отыр. «Шығыс-Нан комбинаты» ЖШС-нің жалпы табысы 32491 мың теңге не 70,5 %-ға, таза табыс 10496 мың теңге не 99,9%-ға жоғарылаған.

Информация о работе Каржы қаражаттары