Бюджеттен тыс қорлардың мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2012 в 15:30, реферат

Краткое описание

Жалпы мемлекеттік (аумақтық) көлемде республикалық және жергілікті бюджеттер қаржылық ресурстарды ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып табылады.
Бірақ рыноктық қатынастарға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджеттік қаражаттар жеткіліксіз бола бастады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды. Бюджеттік қормен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар құрылып, жұмыс істей бастады.
Бюджеттен тыс қорлар мемлекет қаржыс

Файлы: 1 файл

Бюджеттен тыс қорлардың мәні.doc

— 107.00 Кб (Скачать)

Бюджеттен тыс қорлардың мәні

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу

Жалпы мемлекеттік (аумақтық) көлемде республикалық және жергілікті бюджеттер қаржылық ресурстарды ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып табылады.
Бірақ рыноктық қатынастарға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджеттік қаражаттар жеткіліксіз бола бастады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды. Бюджеттік қормен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар құрылып, жұмыс істей бастады.
Бюджеттен тыс қорлар мемлекет қаржысы жүйесінің маңызды буыны; мемлекеттің катаң белгілі бір максаттарға пайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақшалай ресурстардың жиынтығы. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекеттарапынан қаржылық ресурстарды қайта бөлу және пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылады. 1991 жылдан бюджеттен тыс қорлардың пайда болуы әлеуметтік-экономикалық дамудың қажеттіліктерінен туындады: қатаң функциялық мақсаттарға жұмсалатын мемлекеттің қаржылық ресурстардың бір бөлігін окшауландыру, мемлекеттік бюджеттерді оған тән емес шығыстардан жеңілдету, бір жағынан бюджет тапшылығын төмендету қажет болды. Белгілі бір дәрежеде Бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен тікелей байланысты емес шығыстардың ауыртпалығын шаруашылық орғандарына аударуды қажет етті; бұл максатқа Экономиканы тұрактандыру қоры (кейін Экономиканы жаңғырту қоры) сай болды. Басқа жағдайларда, рынокқа өту кезінде халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі жағдайында оны неғұрлым сенімді жәнетиімді қорғау мақсатымен әлеуметтік мүктаждарга жұмсалатын кейбір шығыстарды бөлу және оларды жабудың көздерін межелеу қажет болды. Бұл міндеттерді Зейнетақы қорының, Әлеуметтік сактандыру қорының, Халықты әлеуметтік қорғаудың бірыңғай одақтық-республикалық қорының, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қорының шешуін қажет етті. Бірқатар қорлардың - Жол қорының, Әскери өндірісті конверсиялау қорының, түрлі арналымның инновациялық қорларының және басқаларының өте-мөте тар максатты арналымы болды.
Бірқатар қорлар, мәселен, Экономиканы тұрактандыру қоры, Халықты әлеуметтік қолдаудың бірыңғай одактық-республикалық қоры уақытша қызмет етті - бұл экономиканың дағдарысты жағдайында мұндай қорлардың қаражаттарын қалыптастырудың белгілі бір иесізденуімен, бөлу кезінде ресурстарды қайтарусыз пайдаланудағы қорды қалыптастыру субъектілерінін мүдделіксіздігімен түсіндіріледі.
Қорларды қалыптастыру кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілерге қайтарусыз тәртіппен ақшалай қаражатгардың бір бөлігін салудың қосымша міндеттілігі жүктеледі. Егер мұндай бөлік қосымша өнім (пайда, табыс) күнының есебінен салынса, онда тікелей кәсіпорындардың экономикалық мүдделерін шалады - олардың ұдайы өндіріс пен түтынудағы мүмкіндіктерін тежейді (мысалы, 1995 жылға дейін жұмыс істеген Кәсіпкерлік пен бәсекені дамытуды қолдау қорында). Қорларга аударылған аударымдарды өнімнің өзіндік құнына жатқызған жағдайда, құнның бір бөлігі баға арқылы тұтынушыға аудара салынады және Бұл күшсалмақты жалпы қоғам көтереді. Сөйтіп, Бұл қорды қалыптастыру және пайдалану кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір бөлігі үшін белгілі бір уақыт межелдемесінде баламасыз болып табылатын қайта бөлгіштік үдерістер өрбиді, яғни олардың экономикалық мүдцелеріне қысым жасалады. Сонымен бірге бүкіл коғам ауқымында бюджеттен тыс қорлардың көмегімен әлеуметтік-экономикалық теңгерімділік пен тұрақтылық қолдап отырылады, өйткені халықтың жекелеген топтарын әлеуметтік қолдау жөніндегі жергілікті және жалпы мемлекеттік ауқымның мәселелерін, бүкіл экономиканың немесе өңірдің мүддесі үшін белгілі бір максатты бағдарламаларды орындауды, әлеуметтік-экономикалық дамуды теңестіруді шешу мүмкін болабастайды. Сөйтіп, бюджеттентыс қорлардың жұмыс істеуінде топтық және қоғамдық мүдделердің қарама-қайшылығы көрінеді. Жалпы бюджеттентыс қорлардыңжұмыс істеуі сайып келгенде, бүкіл қоғам мүддесі үшін жүзеге асырылады, оны нығайтуға бағытталған және қаржылық қатынастардың Бұл нысанының әлеуметтік-экономикалық мәні осында.
Бюджеттен тыс арнаулы қорлардың мемлекеттік бюджетпен бірге қосарлана қызмет етуі қаржылық қатынастарды саралауға, олардың бір бөлігін тармаландандырылған сфераларға бағыттауға, қаржылық қызметтің әр түрлі бағыттарында бұл қатынастардың өзіндік эртараптандыруына жетуге мүмкіндік береді.
Бюджеттен тыс қорлар мынадай белгілері бойынша сыныпталады: мақсатты белгісі бойынша бюджеттен тыс қорлар экономикалық және әлеуметтік, ғылыми-зерттеу, табиғат қорғау (экологиялық), көші-кон, құқықтық тәртіпке жәрдемдесу, мәдени арналым және басқа қорлар; басқару деңгейіне қарай мемлекетаралық, мемлекеттік және өңірлік (жергілікті) болып бөлінеді.
Экономикалық қорлар - экономикалық дамудың, ал әлеуметтік қорлар коғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге арналған қорлар болып табылады. Мемлекеттік қорлар - бұл мемлекеттік деңгейде, ал өңірлік қорлар өңірлік деңгейде қалыптасатын қорлар.
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен мемлекеттік емес қорларды ажырата білген жөн; соңғылары бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға, мысалы, мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары, әр түрлі ізгіліктік, соның ішінде халықаралық қорларға ұксас болғанымен өзінің мақсатты арналымы бойынша өте сан алуан болып келеді. Сондай-ак бюджеттен тыс қорлар және мақсатты қаржыландыру қоры болып ажыратылады, бұл қорлар 1996 жылға дейін (оны қоса) мемлекеттік бюджеттің құрамында болып келді: жер қойнауын қорғау және минералдық-республикалық қоры. Мұнда қаралған басқа да қорлар мезгіл-мезгіл, 1992-1996 жылдар ішінде мемлекеттік бюджетке еңгізіліп, одан шығарылды. Бұл қаржы жүйесінің қалыптасу үдерісін, оның құрылымының оңтайлы нұсқасын іздестіруді бейнелеп көрсетеді.
Барлық бюджеттен тыс және басқа қорлар, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорлары (жарғылық капитал, резервтік капитал, амортизаңиялық валюта, жөндеу, қорлану, тұтыну және басқа қорлар) үшін қабылдауға болатын «арнаулы қорлар» термині қолданылуы мүмкін, мұның өзі олардың максатты арналымын баса көрсетеді.
Ұйымдық жағынан қорлар арнаулы аппараттың немесе министрліктің қарауында болады, бұл қаржылық ресурстардың оқшауланған бөлігін басқару, оларды ұтымды, максатты пайдалануға бақылау жасау икемділігіне жәрдемдеседі. Бюджеттен тыс қорлардың болуы олардың қарауында шоғырландырылған мақсатты қаражаттарды жедел басқарып, ұйымдастыруға мүмкіндік береді: әлемдік практикада қорлар дербес - биліктің өкілетті орғандарының араласуынсыз басқарылады, бұл қорларды басқарудың мемлекеттік орғандарына максатты қаржыландыру мэселелерін тез шешуге, дер кезінде жағдаяттың өзгерісіне дер кезінде құлақ асуға мүмкіндік береді.
Бюджеттен тыс қорлар арқылы қаржылық ресурстардың едәуір көлемі қайта бөлінеді: Қазақстан Республикасында қайта бөлудің ауқымы 2005 жылдың басында елдің ішкі жалпы өнімінің 16%-ына, 2009 жылдың басында 18%-ына жетті (Ұлттық қор мен дамудың мемлекеттік институттарын есепке ала отырып).
Өтпелі кезеңдегі бюджеттен тыс қорлардың жалпы проблемасы төлеушілердің қаржылық жайсыз жағдайынан жобаланған көлемдегі олардың қаржысын қалыптастырудың қиындықтары: олардың көбісінің залалдығы, өзара берешектер, төлем қабілетсіздігі болып табылады. Нәтижесінде қордың бюджеттері теңгерімсіз болды және шұғыл әлеуметтік-экономикалық мұқтаждарды максатты қаржыландыру жөніндегі көптеген шаралар қамтамасыз етілмеді. Қазақстанда бюджеттен тыс қорлардың жүйёсі реформалауға жиі ұшырады: біраз уақыт олар өзін өзі биледі, мемлекеттік бюджеттің құрамында «Мақсатты қаржыландыру қоры» бөлімінде бөлек бөліп көрсетілді.
Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар 1998 жылдан бастап мемлекеттін қаржылық ресурстарын орталықтандыру саясатын жүргізуге байланысты максатқа сәйкес емес деп танылды: қорлардың қаражаттары Республикалық бюджетке шоғырландырылды. Алайда әлемдік практика қоғам тарапынан қаражаттардың жұмсалуына бақылауды қамтамасыз еткенде мемлекеттің қаржылық ресурстарын оперативті басқару мақсатымен оларды дербес қалыптастыруды орталықсыздандырудың және пайдаланудың тиімділігін растайды. Сондықтан болып жатқан әлеуметтік-экономикалық үдерістерге: зейнетақы жүйесін реформалауға (Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры, 1998 жыл), Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын орындауға (Қазақстандық инвестициялық қор, Ұлттық инновациялық қор, 2003 жыл), мұнайлық табыстарды қордалау қажеттігіне (Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, 2001 жыл), әлеуметтік сактандыру жүйесін ендіруге (Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қоры, 2005 жыл), шағын бизнесті дамытуға (Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры, 1997 жыл) байланысты бюджеттен тыс қорлар қайтадан бірте-бірте калпына келе бастады.[1]

Лекция 11. Бюджеттен  тыс қорлар

Жоспар
1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні
2. Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларының қолданылу ерекшеліктері.
3. Қазақстан республикасының ұлттық қоры.

Лекцияның мақсаты: бюджеттен тыс қорлардың мәнін зерттеу, олардың республикада қолданылу ерекшеліктерін үйрену.

Лекцияның мазмұны:
    Еліміздің қаржы жүйесіндегі  90 жылдардың басындағы реформаның жүзеге асырылуы бюджеттен тыс қоралрдың қалыптасуына жол ашты. Оның ішінде әлеуметтік бюджеттен тыс қорларды атап өтуге болады.
    Бюджеттен тыс қорлар – мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны; мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын қайта бөлу және пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылады.Бюджеттен тыс қорлардың қалыптасу көздері:
•    Арнайы салықтар мен алымдар
•    Жергілікті және аудандық бюджетті қаржыландыруы
•    Арнайы займдар
•    Ерікті аударымдар
    Бюджеттен тыс арнаулы қорлардың мемлекеттік бюджетпен бірге қосарлана қызмет етуі қаржы қатынастарын саралауға, олардың бір бөлігін тармаландырылған сфераларға бағыттауға, қаржылық қызметтің әр түрлі бағыттарында бұл қатынастардың өзіндік әр тараптандыруына жетуге мүмкіндік береді.
    Қызмет ету уақыты бойынша арнайы қорлар  тұрақты және уақытша арнайы қорлар бөліп бөлінеді.
    Қатыстылығы бойынша бюдеттен тыс арнайы қорлар мемлекеттік, мемлекетаралық және жергілікті қорларға бөлінеді. Мемлекетаралық арнайы қорларға Халықаралық валюта қорын, Халықаралық даму және қайта құру банкі жатады. Мақсаттары бойынша арнайы қорлардың келесі түрлерін атап өтуге болады:
v    Әлеуметтік қорлар
v        Жеке және мүліктік сақтандыру қоры
v    Экономикалық қорлар
v    Несие қоры
v    Ғылыми-зерттеу қоры
v     Инвестициялық қорлар
v     Экологиялық қорлар   
    Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар 1999 жылдан бастап мемлекеттің қаржы ресурстарын орталықтандыру саясатын жүргізуге байланысты мақсатқа сәйкес емес деп танылады: қорлардың қаражаттары республикалық бюджетке шоғырландырылды. Алайда дүниежүзілік практика қоғам тарапынан қаражаттардың жұмсалуына бақылауды қамтамасыз еткенде мемлекеттің қаржы ресурстарын оперативті басқару мақсатымен оларды дербес қалыптастыруды орталықсыздандырудың және пайдаланудың тиімділігін растайды.

2. ҚР бюджеттен тыс қорлардың қолданылу ерекшеліктері.
 
Қаржы институттарының – бюджеттен тыс қорлардың ақша қаражаттары қозғалысын 1995-1998 жылға дейін Қазақстан Республикасында жұмыс істеген кейбір қорлардың мысалында қарауға болады.
    Әлеуметтік бағыттағы бюджеттен тыс қорларға келесілер жатады:
    -Зейнетақы қоры ;
    -Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры;
    -Міндетті медициналық сақтандыру қоры;
    -Еңбекпен қамту қоры.
    Міндетті әлеуметтік сақтандыруға аударымдар сомасы келесі нормативтер бойынша бөлістірілді:
    -Зейнетақы қорына  - 10% (немесе еңбекақыдан  10 (ЕАҚ);
    - Міндетті медициналық сақтандыру қоры - 10% (3% ЕАҚ);
    -мемлекеттік сақтандыру қорына  - 5% (1,5% ЕАҚ).
    Еңбекпе қамту қорының қаржылары жұмыс берушілердің міндетті сақтандыру жарналары арқылы қалыптасады. Бюджеттік ұйымдарға, ауған соғысының мүгедектер қоғамы, Қызыл крест ұйымы  және басқа да ұйымдар үішін жарналар 1 пайыз көлемінде бекітілді. 
    Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қорынық қаржыландыру көздері:
    1) зейнетақылар және жәрдемақылар төлеу үшін қаражаттар жинау, сонымен бірге зейнетақы ісін ұйымдастыру;
2) аймақтық әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға қатысу.
    Еңбекпен қамту қоры  халықты жұмыссыздық бойынша жәрдемақымен қамтамасыз етумен, жұмысшыларды даярлау мен оқытумен,  қоғамдық шараларды ұйымдастырумен айналысады.     Әлеуметтік сақтандыру қоры уақытша жұмыс істей алмауы бойынша жәрдемақылар төлеумен, санаторлық-курорттық қызмет көрсетуді қаржыландырумен, кәсіподақтардың қызметін материалдық қамтамасыз етумен айналысады.
    Міндетті медициналық сақтандыру қорының қаржылары арқылы келісім шарттарына сәйкес сақтнушыларға медициналық қызмет көрсетеді.        Экономикалық мақсаттағы бюджеттен тыс қорлар  қоғамдық дамудың мақсаттары мен міндеттерінен құралады. Тәжірибеден көріп отырғандай әр уақытта елімізде атап айтсақ, Инвестициялық қор, Экономиканы тұрақтандыру қоры, Экономиканы қалыптастыру қоры, Кәсіпкерлік пен бәсеклестікті дамыту қоры қалыптасты.    Кәсіпкерлікті қолдау және бәсекелестікті дамыту қоры нарықтық экономика жағдайында баламалы экономикалық құрылымдарды құру, әр түрлі меншіктегі  кәсіпорындар мен ұйымдарға қолдау көрсету және монополиялық қызметті шектеу мен кәсіпкерлікті дамыту бойынша шараларды қаржыландыру мақсатында құрылған болатын. Қорлардың қаржыларының қалыптасу көздерінекелесілер жатады:
    -кәсіпорындар мен ұйымдардың меншігінде қалатын ұйымдардың пайдасының 1%  мөлшерінде жарналар алу;
    -республикалық бюджеттің кірісінен   1 % көлеміндегі қаражат негізінде;
    -кеңес беру, әдістемелік және баспа қызметінен түскен табыстар негізінде;
    - еркін жарналар негізінде.

4.    ҚР Ұлттық қоры
    ҚР Ұлттық қоры  мемлекеттің жинақтарын құру мақсатында және мемлекеттік және жергілікті бюджетке әлемдік бағаның әсерін төмендету мақсатында құрылады. Осыған сәйкес  қорлар екі функцияны атқарады: жинақтаушы және тұрақты.
    Қор  мемлекеттік және жергілікті бюджеттің атқарылуы үрдісінде оған шикізат секторы ұйымдарынан(заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбе бойынша) бюджетке түсетін салық және өзге де міндетті төлемдердің түсімдері  негізінде қалыптасады:
    -корпоративті табыс салығы
    -қосымша құнға салық
    -үстеме пайда салығы, бонустар,  роялти
    -ҚР келісілген келісім шарт негізіндегі өнімді бөлу бойынша үлесі.
   
Қор келесі түсімдер арқылы құралыды:
1) Республикалық және жергілікті бюджеттеттің жоспарланған түсімдерінің 10 %көлеміндегі арнайы трансферттер
2)Қорды басқарудан түскен  инвестициялық кірістер
3)ҚР заңымен шетелмеген басқада кірістер мен түсімдер.

Қордың қаражаттары келесі бағыттарға жұмсалады::
1)     Тұтас алғанда ағымдағы қаржы жыы бойынша шикізат секторы ұйымдарынан түсетін  түсімдердің бекітілген және нақты көлемдерінің арасындағы айырма түрінде анықталатын республикалық бюджет шығынын өтеу үшін
2)    Ұлттық қорда республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін мақсаттарға арналып берілетін арнаулы трансферттер.
3)    Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайын аудит өткізуге байланысты шығындарды жабуға.

Қорды басқаруды келесі  мемлекеттік билік органдары жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Президенті:
1) ҚР ұлттық банкін басқару бойынша Кеңес құрамын құрайды
2) қор мәселелері бойынша Кеңеске, Үкіметке және Ұлттық банкке орындау үшін міндетті нұсқаулар береді
3) қорды басқару жөніндегі қызметті бақылауды жүзеге асырады
4)  ұсыныстар беру үшін Кеңеске  қорды басқарумен байланысты  оған бекітілген  құжаттарды бағыттайды;
5)  қордың қызметімен байланысты басқа да өкілдіктерді атқарады. Лекция 11. Бюджеттен  тыс қорлар

5)  қордың қызметімеЛекция 11. Бюджеттен  тыс қорлар

5)  қордың қызметімен байланысты басқа да өкілдіктерді атқарады. н байланысты басқа да өкілдіктерді атқарады.

Информация о работе Бюджеттен тыс қорлардың мәні