Инвестицияның мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2011 в 10:31, реферат

Краткое описание

Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларын тарту макроэкономикалық сипаттағы стратегиялық және тактикалық міндеттерді шешуге бағытталған объективті қажетті үрдіс. Шетел инвестициялары экономикамыздың қарқынды өсуіне елеулі әсерін тигізеді. Қазақстан экономикасының даму жағдайларында инвестициялар әлеуметтік және өндірістік мүмкіншілігінің құрылымдық өзгеруінің маңызды құралы болып табылады.

Файлы: 1 файл

Кіріспе шетел инвестициясы.docx

— 15.41 Кб (Скачать)

    Кіріспе 

     Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларын  тарту макроэкономикалық сипаттағы  стратегиялық және тактикалық міндеттерді  шешуге бағытталған объективті қажетті  үрдіс. Шетел инвестициялары экономикамыздың  қарқынды өсуіне елеулі әсерін тигізеді. Қазақстан экономикасының даму жағдайларында  инвестициялар әлеуметтік және өндірістік мүмкіншілігінің құрылымдық өзгеруінің маңызды құралы болып табылады. Ұдайы  өндіріс қатынастары жүйесінде  инвестициялар маңызды құрылымдық пайда болу қызметін атқарады, халық  шаруашылығының қай салаларына инвестициялардың салынуына қарай экономиканың болашақ  құрылымы байланысты болады.

     Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі  алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез  – келген ұлттық экономиканың маңызды  да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру  өндірісті жетілдіріп, сатылатын  тауарлардың сапасын арттыру  онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен  қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың  өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық  процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне  жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз  керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.

      Экономиканың  нақты секторларының дамуы бiздiң  Қазақстанның болашағына зор ықпал eтeтiнi белгiлi. Әрбiр елдiң экономикалық өcyi жаңа ірі масштабты жобалардың көмегiнсiз, инвестиция және инновация, саяси тұрақтылықтан және қаржылық жүйенiң тұрақтануынан, инвесторлардың сенiмдiлiгiмен, ұлттық өндiрiстiң тиiмдi дамуынсыз қалыптасуы мүмкін емес. Олар үшiн:  жетілген саяси құрылым; кәсіпорындар үшін кешенді стратегияны өңдеу; бәсекелiк жағдайын ғылыми-техникалық прогреске сай орындау; елдiң қауiпсiздiгiн нығайту; адамның тұлғa екендiгiн көрсете бiлу;  инвестицияны дұрыс пайдалану қажет.

     Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап экономикалық жағдайын тұрақтандыру, ішкі экономикалық қауіпсіздікті  қамтамассыз ету және инвестициялар тарту жөніндегі  саясаты белсенді түрде жүзеге асырылуда шетел инвестициясын  тарту  республиканың инвестициялық процесінің жедел әрі тиімді дамуының бірден бір жолы болып табылады.                  Шетелдік инвестицияларды тарту отын энергетика, мұнай өндіру және өңдеу, алтын өңдеу өнеркәсіптері, көлік және коммуникация сияқты  басты салаларда құрылымдық -инвестициялық саясатты жүргізу қаржының жетіспеушілігімен ішкі нарықты тұрақтандырумен байланысты.

     Инвестициялық саясат елдің стратегиялық экономикалық мақсаттары мен мәселелерін анықтайтын ең маңызды элемент. Экономиакалық  реформаларға сәйкес халықаралық капиталмен инвестиция тартудың мемлекеттік саясаты дағдарыс пен инфиляцияны тежеуге, жеке инвесторлардың инвестициялық белсенділігін арттыруға және өндірістік құрылымдық өзгерістерге септігін тигізуде. Шетел инвестицияларының Кен өндіру өнеркәсіптеріне келіп түсуі Қазақстан экономикасының шикізат секторын дамытуға жағдай жасайды. Республиканың өнеркәсіп құрылымында шикізат кешенінің үлесі 65% -ті құрайды. Мемлекет саясаты осы сектордағы шикізат ресурстарын ұлғайту мақсатында инвестиция тартуды, қосымша ынталандыруды жақсартуға негізделеді.

     Шетел капиталын ұлттық экономикаға тарту  өте пайдалы процесс. Біріншіден  шетелдік инвестициялар елдің өндіріс  базасын жедел  жетілдіруге және оның өндірістік өндірістік мүммкіндіктерін  артыруға көмектеседі. Екішіден шетел  фирмалары жаңа өндірістік кәсіпорындар шаумен қатар капиталдық бәсекелестікте мыңдаған еңбекпен өндірісті ұйымдастыру  тәжірибесін ала келеді.

Информация о работе Инвестицияның мәні