Саралау. Миокардитті
перикардиттен, эндокардиттен және
миокарцоздан ажырата білу керек.
Аурудың болжамы. Миокардитте
болжам, көбінесе аурудың смпаты
мен өту жайына байланысты. Кей
уақытта, негізгі ауруды ерте
анықтап, нәтижелі ем қолданса,
миокардиттен толық сауығып кетеді.
Кей жағдайда негізгі аурудан
емес, миокардиттің ауыр өтетін
түрінен өліп қалуы мүмкін. Көбінесе,
миокардит миокардиогенерацияға, миокардиофиброзға
(миокардиосклерозға) айналып, малдың
өнімділігі мен жұмысқа қабілеттілігін
азайтумен бітеді.
Емі. Ауру малға толық
тыныштық жағдай жасалады. Аурудың
алдыңғы кезеңінде жүректің қызметін
жақсартуға арналған дәрі-дәрмектерді,
әсіресе, жүрек қызметін күшейтетіндерін,
жүректің оларсыз да зорланып
істеп тұрғанын еске алып, қолдануға
асықпау керек. Олай болмаған
жағдайда жүрек тез арада салданып
жұмысын тоқтатып қалуы мүмкін.
Осы кезеңде жүрек тұсына суықтық-резіңке
қапқа салынған мұз, немесе
суық су тартқан жөн. Ауыр
жағдайда оттегін дем арқылы (ингаляция)
ендіреді (80-120 литр ірі және 10-15 литр жылдамдықпен)
немесе тері астына енгізеді (6-10 л ірі
және 0,5-1 л ұсақ малдарға). Аурудың екінші
кезеңінде, жүрек етінің жиырылу күші
әлсірегенде, қан тамырына 30-40% глюкоза
ерітіндісін кофеинмен араластырып енгізсе,
жақсы нәтиже береді. Жүрек соғысы тездетілген
жағдайда камфора, коразол, кордиамин
қолданған жөн. Камфораны аузы арқылы
беруге беруге болады, ірі малға 5-10г, ұсақ
малға 0,5-4 г немесе иньекция (құюға) әдейі
арналған 20% майлы ерітіндісін теру астына
енгізеді, ірі қаралар мен жылқыларға
20-40 мл, ұсақ мал мен шошқаларға 3-6 мл, 1-2
мл иттерге, түлкілерге 0,5-1 мл.
Коразолды тері астына,
ірі қара мен жылқыларға 0,5-2 г,
ұсақ мал мен шошқаларға 0,05-0,1
г енгізеді. Оны қан тамырына
да енгізуге болады (ірі малдарға
0,5-1 г).
Кордиаминді қан тамырына,
ірі қара мен жылқыларға 10-15 мл,
ұсақ мал мен шошқаларға 2-3 мл
немесе тері астына: ірі малға
15-20 мл, ұсақтарына 2-4 мл енгізеді.
Артерия қысымы күрт
төмендегенде қан тамырына 1:1000 қатынасында
ерітілген адреналинді (ірі малдарға
2-3 мл) немесе тері астына 1% мезатон
ерітіндісін (ірі малдарға 10 мл, ұсақтарына
1 мл-ге дейін) енгізеді. Миокардитте
жүрек қызметін күшейтіп, соғуын
тездететін, сөйтіп оны тез арада
шаршатып, салдандыруға дейін апаратын
наперстянка препараттарын қолдануға
болмайды.
Миокардитті нәтижелі
емдеу үшін әсіресе, аурудың
бастапқы кезінде организмнің
тітіргенгіштік қабілетін басатын
(десенсебилирующие, противоаллергические)
дәрі-дәрмектерді – натрийдің
салицилатын, амидопиринді, кальцийдің
хлоридын, димедролды, супрастин және
кейбір гормональды препараттарды
(кортиокотропин, кортизон және соның
ұқсастары) қолданады. Антибиотиктер
мен сульфаниломидтерді де пайдаланады.
Кейбір аса бағалы
малдарды (асыл тұқымды, спорт
бағытындағы жылқыларды, қызметке
қолданатын иттерді т.б.) емдеуге
ногокаинамид, кокорбаксилаза, курантил
(дипиридамол) немесе интенкардин
(карбокромен), феникаберан, обзидан
(пропранололгидрохлорид) өте жақсы
нәтижелер береді.
Миокардитті емдеуде
ауруларға дәрі-дәрмектерден басқа
азықты ретпен (диета), құнарлы да
жақсы қорытылатын азықтар беру
керек.
Сақтандыру шараларының
мақсаты – аллергияға қарсы
қолданатын дәрі-дәрмектерді пайдаланып,
негізгі ауруларды дер кезінде
айықтыруға әрекет жасау.
Жүрек етінің зат
алмасуының бұзылуы
Жүрек етінің зат
алмасуының бұзылуы (Myocardosis –
миокардоз) малда бұл ауру екі
клиникалық түрде – жүрек етінің
зат алмасуының өзгеруі оның
құрылымын онша бұзбай (миокардиодистрофия)
және жүрек етінің зат алмасуының
өзгеруі оның құрылымын байқаларлықтай
бұзып (миокардиодегенерация) өтеді.
Себептері әр түрлі,
өйткені миокардоз, көбінесе, түрлі
негізгі аурулардан туатын қосалқы
дерт болып есептелінеді. Бұл
ауру, әсіресе, жалпы зат алмасуының
бұзылуынан туады. Ірі, арнайы
бағыттандырылған шаруашылықтарда
миокардоздың пайда болуына үрейлену
(стресс) себеп болады.
Дамуы. Аурудың дамуы
жүрек еттеріндегі қан айналымының
бұзылуының нәтижесінде, оның
қоректенуінің өзгеруіне негізделінеді.
Жүрек еттерінде, алдымен биохимиялық
және биоэнергетикалық процестері
өзгеріп, сонан соң оның құрылымы
бұзыла бастайды. Мұндай өзгерістер
жүрек етінің жиырылу күшін
әлсіретеді. К.И.Вертинскийдің, В.И.Шишковтың
және басқа да зерттеушілердің
мәліметтері бойынша жүрек етімен
бірге оның импульс өткізетін
жүйке жүйелері де қосыла дерттенеді.
Соның салдарынан, жүрек пен қан
тамырларының қызметтерінің кемістіктерін
білдіретін жалпы белгілер пайда
бола бастайды. Артерия қысымы
төмендеп, вена қысымы көтеріледі
де қан айналымы баяулайды.
Веналарда, әсіресе, бауыр мен
бауыр арқылы өтетін тамырлар
жүйесінде (портальная система)
қан іркіледі. Біраз ағзалар мен
жүйелердің қызметтері бұзылады.
Өлекседегі өзгерістер.
Аурудың бастапқы кезеңінде, жүрек
еттерінде өзгерістер тек биохимиялық
және биоэнергетикалық деңгейлерде
өтеді: бұлшық ет тармақтарының
коллоидтық-химиялық (қоймалжыңдылық)
құрылысы өзгереді. Содан арғы
кезеңде жүрек етінің құрылымы
бұзыла бастайды: бозарады, кескенде
өзінің суретіне тән кескіні
жойылады, божырап кетеді. Миокардоз
ауыр өткен кезде жүрек еті
асылған еттің түріне ұқсап,
жұқарып жеңіл ыдырағыш келеді.
Гистологиялық әдіспен тексергенде
жүрек еті көбінесе ағзатталынған
не майланған өзгерістерге ұшырайды.
Белгілері әр түрлі
болады, клиникалық түрлері мен
ауру кезеңдерінің өтулеріне
байланысты анықталынады. Ауру жеңіл
түрде өтсе, жүрек пен қан тамырлары
қызметтерінің кемістігі, денеге
күш түсіру жұмысынан кейін
ғана, ал ауыр өткен жағдайда
тыныштық қалпында тұрса да
білінеді. Осы ауруға тән жалпы
белгілер мыналар: а) жалпы
әлсіздік, азыққа зауықтың нашарлауы,
өнімділіктің, жұмысқа қабілеттіліктің
төмендеуі; б) бұлшық еттердің
күш-қуатының әлсіреуі (астыңғы еріннің
салбырауы, мұрын шеміршектерінің,
құлақтарының қимылдауының шенелуі,
көздерінің толық жабылуы т.б.);
в) сырт тамырлардағы қан айналымының
бұзылуы (артериядағы қан қысымын
азайып, венадағы қысыиның көбеюі),
соның салдарынан аяқтарын жиі-жиі
алмастырып, қайшылап тұруы, терінің
серпімділігінің әлсіреуі, қан айналымы
бәсеңдеп, венада іркілінуі; г)
ентігу; д) кернекті кілегей қабығы
мен терінің көгеруі; е) ісінулер,
алғашында артқы аяқтарында, ұма,
күйек, желін тұстарында (ірі қара
малдарда – жақ сүйектерінің
арасында), сонан соң әукесінде,
іш жағында, алдыңғы аяқтарында;
ж) жүрек соғуының жиілігі мен
ырғағындағы өзгерістер (жүрек соғуының
жылдамдығы көбейеді немесе жоғарғы
физиологиялық көрсеткіштер шегінде
болады, жиі-жиі құлақшалар мен
қарыншалардың арасындағы өткізгіштерде,
ГИС тармағының аяқтарында бөгелістер
болып тұрады).
Құрылымы бұзылмаған
кездегі жүрек еті дистрофиясына
тән белгілер мынадай болады:
жүрек соғуы онша жиілемейді,
жүрек түрткісі әлсірейді, жүрек
дыбысының бірінші үні алдымен
күшейеді, сонан соң жарықшақтанады
не екіге бөлінеді, екінші үні
көмескіленеді (жиырылу қан көлемінің
азаюы мен артериядағы қысымның
төмендеуіне байланысты); импульс
өткізетін жүей дерттенгенде
– оның өткізгіш қызметі бұзылады:
артериядағы қысым төмендейді, венадағы
көтеріледі, қан айналымы бәсеңдейді.
Жүрек еті дистрофиясының
бастапқы кезінде Т кертешінің
табаны жалпақтанып, түрі өзгереді,
STбөлігі білік бойы аздап жылжиды,
сонан соң PQ және QT аралықтары
ұзарады, ST бөлігі қалыптағы жолақтан
(изоэлектрическая линия) көп
жылжиды, ЭКГ-ның барлық кертештері,
әсіресе QPs кертештер жиынтығы
аласталынады.
Құрылымы байқаларлықтай
бұзылған кездегі жүрек еті
дистрофиясына тән белгілер мынадай
болады: жүрек соғуы анағұрлым
жиіленеді, импульс өткізетін
жүйенің қызметі айқын бұзылады;
жүрек түрткісі әлсірейді, жайылып кетеді
(дерттенген жүрек етінің кеңейіп кетуінен);
жүрек дыбыстары бәсеңделінеді, көмескіленеді;
артериядағы қысым азайып қысым азайып,
венадағы көтеріледі; қан айналымы күрт
бәсеңдейді. Электрокардиограммада кертештер
аласарады, QPs кертештер жиынтығы жалпақтанып,
түрі өзгереді, PQ және QT аралықтары көп
ұзарады.
Барысы миокардтың
ұзақ өтуіне, әсер еткен себептердің
күштілігіне және аурудың түрі
мен даму кезеңдеріне байланысты
болады.
Анықтау миокардоздың
әр түрлі клиникалық түрде
өту барысында анықталған өзіндік
белгілеріне, электрокардиография
(жүректің биотогын жазу), фонокардиография
(дыбыстарын жазу), қан қысымын
өлшеу және қан ағысының жылдамдығын
табу үшін қолданылған әдістердің
нақты нәтижелеріне негізделінеді.
Саралау. Миокардит
пен миокардиофиброзды (миокардиосклероз)
айыра білу қажет. Миокардозды
миокардиттің екінші даму кезеңінен
ажырату өте қиынға түседі. Миокардозбен
ауырғанда, миокардиттен айырмашылығы,
ауру малдардың жалпы күйі
көп өзгермейді. Дене қызуы қалыптағыдан
өзгермейді, жүрек тұсын тексергенде
ауырсынбайды, жүрек соғуының жиілігі
жоғарғы физиологиялық көрсеткіштер
шегінде, не миокардитте анықталынатын
қатты жиілікпен салыстырғанда
көп төмендеу болады. Миокардитке
жүректің қозғыштық қызметінің
өзгеруіне байланысты (қосымша жиырылу,
біркелкі емес ырғақсыздық) ырғақсыздық
тән болса, миокардозға – импульс
өткізгіш жүйесінің бұзылуынан (құлақшалар
мен қарыншалардың арасындағы
өткізгіштер бөгелістері, Гис
тармағының аяқтарында болатын
бөгелістер) пайда болатын ырғақсыздық
тән болады. Миокардитте қан іркілісінен
болатын ісінулер тез арада
дамиды, ауыр өткен жағдайда белгілері
бәсеңдеу және ауытқымалы түрде
өтеді.
Болжамы шүбәлі, себебі
ол аурудың клиникалық түріне
байланысты болады.
Емі – ең алдымен,
ауруды тудырған себептерді жоюға
бағытталады. Малдарды тынықтырып,
жеңіл жұмысқа ауыстырады. Азық
рационын мөлшері және қатынастары
жақтарынан, витаминдер мен минералдық
заттардың үйлесімділіктерін теңестіріп,
толық құнды етіп беру керек.
Рационға жеңіл қорытылатын углеводты
азықтарды жеткілікті етіп қосады.
Емдеуде жүйелі түрде серуендетудің
маңызы зор.