Витаминдер

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 12:09, реферат

Краткое описание

Витаминдер дегеніміз – барлық тағам мен азық – түлік өнімдерінде, жем - шөпте шағын мөлшерде ғана кездесетін, ал адам мен жануарлар ағзасында бірқалыпты тіршілік үшін өте қажет төменгі молекулала органикалық заттар. Астық құрамында витаминдер аз мөлшерде кездескенімен, олардың ағзаға тигізетін әсері өте үлкен. Егер үнемі тамақтың бір түрімен ғана қоректену, сондай-ақ ұзақ уақытқа созылған саяхат кезінде адамдарда ұшырасатын бірқатар сырқаттардың қоректе кейбір заттардың жетіспеуінен болатыны белгілі болды.

Оглавление

1.Кіріспе
2.Даму тарихы
3.Витамин түрлері
3.1. В1 витамині (тиамин, антиневриттік витамин, аневрин)
3.2.В2 витамині
3.3. В3 витамині
3.4.РР витамині (В5 витамині никотин қышқылы).
3.5.В6 витамині (пиридоксин, адермин)
3.6.В12 витамині.
3.7.Пангам қышқылы (В15 витамині)
3.8.Асқорбин қышқылы (С витамині)
3.9. Биотин ( Н витамині )
3.9.Фоли қышқылы (Вс витамин, птероилглютамин қышқылы)
3.10.U витамині(S-метилметионин,жараға қарсы витамин)
3.11.D витамині (кальциферол, антирахиттік витамин).
3.12.Е витамині (токоферол, антистерильдік немесе өсіп-өну витамині).
3.13.F витамині (қанықпаған май қышқылдары)
4.Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Реферат Биохимия.docx

— 99.94 Кб (Скачать)

      Ағзадан  РР витамині сұйық зәрмен сыртқа  шығарылады. Никотин Қышқылының  әсерінен тамырлардың қызметі  жақсарады, сондай-ақ бауыр мен  миға да жақсы әсер ететінін  байқауға болады.

      Авитаминоз. Рр – авитаминозына тән белгі  пеллагра . Пеллагра сырқаты кезінде  терінің ашық жерлері қабынады, Ауыз ойылып стоматит болады, тіл ауырады, ол семіп жансызданады, ас қорыту жүйесі бұзылады  жиі-жиі іші өтеді. Сол сияқты  жүйке жүйесі зақымданады, адам  есінен арылады. Пеллагра сырқаты  көбінесе тұрмысы нашар , негізгі  азық-түлігі жүгері өнімдері мен  шошқаның майы болатын елдерде  байқалады. Мынадай жағдай анықталған: егер азық-түлік өнімдеріндегі  белокта триптофан амин қышқылы  көп болса, онда адамның және  жануарлардың ағзасында РР витамині  синтезделеді. Жүгері белогында  триптофан өте аз болады.

      Табиғатта  таралуы. Никотин қышқылы көп  мөлшерде жүгерінің және күріштің  кебегінде, ірі тартылған ұнда, ашытқыда, картопта, жануарлар бауырында,  етте, балықта кездеседі.

      Никотин  Қышқылының бір тәулікте ересек  адамға қажетті мөлшері 15-25 мг.

В6 витамині (пиридоксин, адермин).

1926 жылы Гольдбергер қолдан  жасалған диеталық қорекпен тышқандарды  азықтандырғанда , олардың дерматит  аурына шалдыққанын байқаған. Бұған  қарсы В1,В2 витаминдерімен әсер  еткенде жазылмай, ал қоректік  заттарға ашытқыны қосып бергенде  тышқандардың айыға бастағанын  анықтады. Кейіннен бұл витаминнің  адам мен жануарлардың қалыпты  жағдайдағы тіршілігі үшін де  қажетті екені дәлелденді. 1937 –  1939 жылдары бұл зат ашытқылардан  бөліп алынып, оны витамині деп  аталды. Сөйтіп, тағамдарда пиридоксин  жетіспегенде , полиневрит, анимия және  тері ауруы – дерматитті тудырады. Бұл дерттерден никотин қышқылынан гөрі, пилидоксин мен әсер етіп жылдам айықтыруға болады.

      В6 витамині  ағзаға өте қажет – ақ. Өйткені  ол зат алмасудың , қан түзілудің  барлық процестеріне қатысады. Тері  ауруларынан сақтандырады, ферменттердің  құрамына енеді, жүйке жүйелерінің  қызметін реттеп, бала көтеру  мен босанудың бір қалыпты  өтуіне көмектеседі, ішектегі  пайдалы бактериялардың көбеюіне  әсер етеді.

      В12 витамині (цианкобаламин, антианемиялық  витамин). XIXғасырдың ортасында асқазанның сілемей қабаттарының дертке шалдығатындығы мен қанда шамадан тыс мөлшері жағынан едәуір жетілмеген қызыл қан түйіршіктері кездесетіндігі туралы факт анықталып, бұл ауруды пернициозды анемия деп атады. Мұны жұқпалы ауруы жатқызып, көп уақытқа дейін емдеу тәсілі табылмады. 1926 жылы осы қатерлі қан азаюына қарсы адамдарға шикі бауырды бергенде, оның қан құрамын жақсартуға пайдасы тигендігі байқалды.

      1948 жылы  бауырдан құрылымы жағынан қан  геминіне ұқсас , құрамында кобальт  бар, жаңа витамин кристалдық  түрде бөлініп алынды. Бұл құрамы  жағынан өте күрделі қосылыс  .Ол дені сау адамның асқазан  сөлінде кездесетін , құрамында 11 –12% гексамині бар, мукопротеин  белогі екен.

      В12  витаминінің  химиялық құрылымын Дороти Ходжкин  рентген сәулелерінің дифракция  жасау әдісі арқылы анықтады. В12  витамині химиялық құрамы  ең күрделі витаминге жатады  және құрамында металл бар  бірден – бір витамин болып  табылады. Оның эмпириялық формуласы: C63H88N14O14PCo.

Пангам қышқылы (В15 витамині). 1950 жылы Томияма деген оқымысты ірі қараның бауырының В15 витаминін бөліп алды. Бір жыл өткен соң Кребс бұл затты жылқының бауырынан, күріштің кебегінен, ашытқыдан және өрік сүйегінің құрамынан анықтады. Біраз жылдан соң пангам қышқылы сыра ашытқысынан, көптеген өсімдіктер тұқымдары мен жануарлар ұлпалары құрамынан табылады. Бұл витамин түрі табиғатта кеңінен таралған тұқым, оны пангам қышқылы деп атады. Химиялық табиғаты тұрғысынан пангам қышқылы Д – глюкон мен диметиламиносірке қышқылдарының күрделі эфирі болады. Пангам қышқылы синтетикалық жолмен алынды, суда жақсы ериді, ал органикалық еріткіштерде – эфир, хлороформ, бензолда ерімейді.

      Пангам  қышқылы әсерінен адам ағзасында,  әсіресе бауырда және қанда  белоктардың қорланып, жиналуы жақсарған,  олардың құрамы ретке келген. Бауырда зиянды майлар түрлерінің  жинақталуы азайған, өкпеге және  басқа органдарға оттек жақсы  сіңіріліп, көмірқышқыл газының  бөлініп шығуы артқан.Пангам қышқылы  белоктар мен липидтердің алмасу  процестерінде негізгі рөл атқаратын  холин, креатин және метионин  сияқты қосылыстар биосинтезіндегі  метил топтарын тасымалдау процестерін  жылдамдатады. В15 витамині күнделікті  пайдаланып жүрген тағамдарымыз  орамжапырақ пен картоптың шырынында,  бауыр, ашытқы, жұмыртқа, сүтте көп  кездесетіні сияқты.

Асқорбин қышқылы (С витамині).

1820 жылы Австралия дәрігері  Крамері белгісіз аурудың әсерінен  адамның тістерінің еті қанталап, түбі босап, тіс түсіп және  оңай жарақаттанғыш келетінін,  экземасы пайда болатынын, ағзаның  жұмысқа қабілеті төмендеп, тез  шаршайтынын кезінде жазып сипаттаған  еді. Құрқұлақ ауруымен, әсіресе теңізшілер, жауынгерлер жиһангездер ұзақ сапарға шыққанда жиі ауырады екен. Мысалы, Португалияның атақты теңізшісі Васко да Гаманың Үндістанға бірінші саяхатында 100 адамынан,ал бір жылдан кейінгі екінші саяхатында 160теңізшісінің 150-нен айырылуының себебі осы құрқұлақ ауруының салдарынан екен.

      XVI ғасырдың  басында атақты Христофор Колумб  Жаңа жерде бара жатқан сапарында  белгісіз ауруымен ауырып, хал  үстінде жатқан бірнеше теңізшісін  кездескен бір аралда қалдырып  кетеді. Бірнеше айдан кейін қайтып  оралып келе жатқанда жаңағы  «адам болмас» деп, күдер үзіп  қалдырып кеткен жолдастарының  дендері сау, ойнап – күліп  алдарынан шыққанда таңғалып, қуанған  екен. Сұрай келе жаңағы аралда  жеуге жарайтын түрлі жас өсімдіктер  мен олардың жеміс – жидектерін  жеп айыққандары мәлім болды.

      Адам тарихындағы  ең бірінші дүниежүзілік саяхат  кешкен Магелланның үш кеме  толы теңізшілерінен отаны Испанияға  оралғанда небары бірнеше ғана  адам тірі қайтқаны белгілі.  Соның көпшілігі жолшыбай осы  құрқұлақ ауруынан қаза тапқан. Ресей ғылым академиясының атақты  Сібір экспедициясының басқарған  Ветус Беринг те осы құрқұлақтан  қаза тапқан.

      Бұдан бізге  XXғасырдың басына дейін бүкіл  дүние жүзінде құрқұлақ ауруының  етек алып келгені белгілі  болып отыр. Кейіннен бұл аурудың  себебі – ағзада С витминінің  жеткіліксіздігінен екені анықталды.

      1907 жылы  Хольст пен Фрейлих теңіз шошқаларын  құрамында жас жаңа шыққан  көкөнісі жоқ – диеталық тағамдармен  қоректену арқылы жоғарыда жазылған  ауруды тудырып байқады.

      1921 жылы  Н.Бессенов орамжапырақ шырынынан  тотығу-тотықсыздану қасиетіне ие  және құрқұлақтан қорғайтын препарат  алды.

      Венгр оқымыстысы  Сент-Дьердьи малдың бүйрек үсті  безінен жаңа зат бөліп алып, оның күшті тотықсыздандырғыш  қасиеті барлығын және химиялық  табиғаты жағынан гексурон қышқылы  екендігі анықталды. Бұл қосылыстың  цинга ауруынан қорғайтындығын  аша отырып, оны аскорбин қышқылы  (С витамині) деп атады.

Р витамині (флавон, цитрин, рутин). Венгр оқымыстысы Сент-Дьердьди зерттеулерінің нәтижесінде өсімдіктер өнімдерінде физиологиялық қасиеті жағынан қышқылына ұқсас заттар бар екендігін анықтап, оны Р витамині деп атады. Тағамдар құрамында бұл витамин аз болып жетіспеген жағдайда адам ағзадағы ұсақ әрі жіңішке қан тамырлары-капиллярлардың өткізгіштігі артып, денеге зиянды қан құйылу байқалады. Егер осындай дертпен ауырған адамға құрамында Р витамині жеткілікті цитрус өсімдіктері өкілдерінің шырынын, не қызыл бұрыштың экстрактысын бергенде капиллярлардың өткізгіштік қабілетін қалпына келтірген. Ал таза аскорбин қышқылын бергенде мұндай өзгеріс байқалмаған.

      Биотин ( Н витамині ).

XX  ғасырдың басында  түрлі жануарларға жүргізілген  тәрбиелер нәтижесінде, оларға  белгілі бір фактордың жетіспейтіндігі  анықталды. Соның салдарынан адам  мен жануарлардың тері ауруы  – дерматит, экзема, себорея дертіне  шалдығатындығы белгілі болды.  Себорея латынша себум – май,  рео – бөлу, ағу деген мағынаны  білдіреді. Бұл Н витамині (биотин) жетіспеуінен екен. Биотин-түссіз кристалды зат,суда және спиртте ериді.

      Дю Винью  деген зерттеуші биотиннің құрылысын  тапты. Оның молекуласына көміртек, сутек, оттек, азот және олармен  қоса күкірт те енеді. Сондықтан  да ол биотин деген атқа  ие болды.

      Инозит  витамині. Орыс ғалымы В.И.Палладин  өсімдіктерден фосфор қышқылымен  қосылысқан алты атомды циклды  спиртті бөліп алды, оны фитин  қышқылы деп атады. Мұның биологиялық  рөлі зерттелді. Мысалы тышқандарды  жасанды тамақпен, оған сол кезде  белгілі барлық  витаминдерді  қосып бергенде де жануарлардың  жүні түлеп түсіп, бойларының  өсуі де тоқталған. Ал, оларға  берілетін қоректің құрамына  бауырдан жасалған экстрактыны  қосып бергенде, жоғарыдағыдай өзгеріс  байқалмаған, яғни бауырдың құрамында  инозит витамині бар еді.

Фоли қышқылы (Вс витамин, птероилглютамин қышқылы).

 В.Ефремов деген зерттеуші  екі қабат әйелдердің макроцитарлы  анемия дертімен ауыратынын анықтады. Олардың бұл аурудан жануарлар  бауырын  бергенде жазылатындығы  белгілі болады. Кейіннен ашытқыларда  бұл дертке қарсы жақсы әсер  ететіндігі табылды. Мұндай зерттеулер  құс балапандарына жүргізілген  тәжірибелер арқылы да дәлелденді, сондықтан бұл витамин  Вс  деген атқа ие болды. Соңынан  Вс витамині өсімдіктердің жасыл  желектерінде кездесетіндігі, әсіресе  саумалдақ жапырақтарында көп  болатындығы анықталды, сондықтанда  ол фоли қышқылы деп аталынды.

      Сондай-ақ  бұл витамин химиялық табиғаты  жөнінен тағы бір атқа ие  – птероилглютамин қышқылы делінеді, бірақ көпшілік дәрігерлер мен  провизорлар қауымында кең таралған  аты фоли қышқылы екен.

      Парааминобензой  қышқылы. Вудс сульфаниламидті  препараттардың гемолитикалық стрептококтарға  бактериостатикалы әсер ететіндігін  анықтады. Сульфаниламидтердің   бактериостатикалы  әсері клеткалардағы биохимиялық реакциялар циклынан парааминобензой қышқылын бөліп шығаруға негізделген.

      Түрлі жануарларға  жүргізілген тәжірибелер нәтижесінде  қоректік заттардың құрамында  папааминобензой қышқылы жетіспесе,  онда шаштың, жүннің, қауырсынның  пигментациясы қалыпты жағдайдағыдай  жүрмейтіндігі дәлелденді.

      Бұл витамин  өте активтік құбылыстар қатарына  жатады, оған мысал парааминобензой  қышқылының бір грамм-молекуласы  сульфаниламидтің 2300 грамм-молекуласының  әсерін тежей алады.

   U витамині(S-метилметионин,жараға қарсы витамин).

Ақ қауданды орамжапырақ  жапырағынан қарын жарасының  асқынуы тоқтататын жаңа фактор бөліп  алынды. Ол жараға қарсы витамин немесе U витамині (латынның ulous – жара деген сөзінен алынған) деп аталады.

       U витамині  – метил тобының доноры, холин,  лецитин, креатин, тимин сияқты  заттар синтезіне қатысады; бұл  заттар қарын мен ішектің шырыш  қабатында жүретін зат алмасу  процесінде аса маңызды қызмет  атқарады. U витамині гистаминнің  улы әсерін зарарсыздандырады  және ауырғанды басатын қасиеті  бар.

      U витаминінің  зат алмасуға әсер ету механизмі  әлі белгісіз, бірақ ол қарынның  және бүйеннің жарасына, гастритке  қарсы табысты қолданылып жүр. U витамині орамжапырақ шырынында,  көкөністерде кездеседі.

      Жараларды  емдеу кезінде қолданылатын бір  күндік мөлшері 250-300 мг.

      Холин. Соңғы  жылдары холинді де витаминдер  қатарына жатқызады, оның ағзаға  майлардың тотығуына тікелей  қатысы бар.

      1862 жылы  Штрекер холинді өттен бөліп  алса, ал 1867 жылы К.Дьяконов оны  жұмыртқаның сары уызынан бөліп  алды. Кейіннен ол ми ұлпаларындағы  лецитиннің құрамынан да табылады.

      Майда еритін  витаминдер.А витамині (ретинол,антиксерофталмалық). А витамині химиялық құрылымы  тұрғысынан каротинге жақын, 1831 жылы  неміс ғалымы Вакендродер оны  өсімдіктерден ашты.

      Адам мен  жануарлар тіршілігінде А витаминінің  атқаратын маңызы зор. Бұл витамин  тағамдық заттардың құрамында  жетіспегенде ағзадағы зат алмасу  бұзылады, оның салдарынан өсу  кешеуілдеп, салмақ азаяды. Көздің  мүйіз қабығы бүлінумен қатар,  әлсіз жарық жағдайында адамның  көру қабілеті де нашарлайды. Мысалы кешке жақын қараңғылық  түсе бастағанда өте нашар  көреді. Оны халық арасында «ақшам  соқыр» немесе «тауық көз»  дейді. Мұндай аурумен ауыратын  адам көзі қызарып, ауырып, жарыққа  қарай алмайды. Іңірде көрмеушілік  әсіресе тракторшыларға, ұшқыштарға  және шоферлерге аса қауіпті.  Мүмкін осыдан шығар, Жапонияның  транспорт министрлігі түнде  жұмыс істейтін шоферлерге А  витаминін қосымша түрде арнайы  бергізіп тұрады. Ретинол әсіресе  бауырда, бүйректен жасалған тағамдарда, сары майда, жұмыртқада, балықтардың  майларында көп кездеседі.

Информация о работе Витаминдер