Витаминдер

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 12:09, реферат

Краткое описание

Витаминдер дегеніміз – барлық тағам мен азық – түлік өнімдерінде, жем - шөпте шағын мөлшерде ғана кездесетін, ал адам мен жануарлар ағзасында бірқалыпты тіршілік үшін өте қажет төменгі молекулала органикалық заттар. Астық құрамында витаминдер аз мөлшерде кездескенімен, олардың ағзаға тигізетін әсері өте үлкен. Егер үнемі тамақтың бір түрімен ғана қоректену, сондай-ақ ұзақ уақытқа созылған саяхат кезінде адамдарда ұшырасатын бірқатар сырқаттардың қоректе кейбір заттардың жетіспеуінен болатыны белгілі болды.

Оглавление

1.Кіріспе
2.Даму тарихы
3.Витамин түрлері
3.1. В1 витамині (тиамин, антиневриттік витамин, аневрин)
3.2.В2 витамині
3.3. В3 витамині
3.4.РР витамині (В5 витамині никотин қышқылы).
3.5.В6 витамині (пиридоксин, адермин)
3.6.В12 витамині.
3.7.Пангам қышқылы (В15 витамині)
3.8.Асқорбин қышқылы (С витамині)
3.9. Биотин ( Н витамині )
3.9.Фоли қышқылы (Вс витамин, птероилглютамин қышқылы)
3.10.U витамині(S-метилметионин,жараға қарсы витамин)
3.11.D витамині (кальциферол, антирахиттік витамин).
3.12.Е витамині (токоферол, антистерильдік немесе өсіп-өну витамині).
3.13.F витамині (қанықпаған май қышқылдары)
4.Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Реферат Биохимия.docx

— 99.94 Кб (Скачать)

      Авитаминоз.  Ағзада А витамині жетіспеген кезде эпителий клеткаларының қалыпты түзілуі бұзылады. Бұл А – витаминоздың бір себебі. Мұндай авитаминоз кезінде теріде сызат пайда болып, ол қабыршақтана бастайды, осының салдарынан микроорганизмдер және зиянды заттар клеткаға оңай ене алады. Ретинолдың жетіспеуі салдарынан лизоцим болмайды, сол көздің шырышты қабатын ауруға ұшыратады, оның эпителийі құрғайды. Мұндай сырқатты ксерофтальмия деп атайды. Ксерофтальмия сырқаты кезінде көздің шынайнасы қатты зақымданады. Соның салдарынан соқыр болып қалады.

      А – авитаминозы  сырқатының алғшқы белгісі тауық-көз  болады. Бұл витаминнің жетіспеуі  – жас төлдердің өсуін тоқтатады  және сперматогенез процесі тиылады,  осының салдарынан мал басын  өз төлі есебінен көбейту процесі  бұзылады.

      А1 және  А2 витаминдері  жануарлар ағзасында  болады. Әсіресе, балықтың бауыры, жануарлар бауыры, жұмыртқақаның  сары уызы,жазда сиыр сүтінен  алынған сары май осы витаминдерге  бай келеді. Ал етте олар біршама  аз. Каротиноидтар сәбізде, өрікте, ақжелкен жапырағында, асқабақта  және барлық жасыл өсімдіктерде  кездеседі.

            1.А витамині бар балық майында  үшхлорлы сурьманың хлороформды  ерітіндісін қосқанда, ол көк  түске боялады. Реакция химизмі  әлі белгісіз. Ретинолды анықтау  үшін тек жаңадан дайындалған  балық майы алынды. Себебі ескі  балық майында немесе қайнатылғанында  кальциферол болады да, ал онда  ретинол болмайды. Қайнатқан кезде  А витамині ыдырап жойылады  да, ал кальциферол жойылмайды. Сондықтан  үшхлорлы сурьманың хлороформдағы  ерітіндісін қайнатылған балық  майына қосқанда ол сары түске  боялады, бұл қайнатылмағанымен  салыстырғандағы айырмашылығы.

      2.Құрамында  А витамині бар балық майының  хлороформды ерітіндісіне концентрлі  күкірт қышқылын қосқанда қызыл  түске боялады, кейіннен ол  қызыл-қоңыр түске айналады.

      D витамині (кальциферол, антирахиттік  витамин).

XVIII ғасырдың ортасында  Глиссон деген ағылшын дәрігері  Лондон қаласында тұратын жас  балалардың арасында кездесетін  ауру туралы жазған болатын.  Бұл аурумен ауырғанда сүйектері  дефермацияланатындығы анықталды,  кейіннен оның мешел ауруы,  яғни тағамда Д витамині жетіспеушілігі  салдарынан екендігі белгілі  болды. D витамині (кальциферол) адамның терісінде күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен түзіледі. Ол кальций мен фосфордың ішектен бөлінуін жылдамдатып, сүйек ұлпасының мықтылығына әсер етеді. Адам ағзасы D витаминін тағамның құрамынан да қабылдайды. Жас сәбилерде D витаминінің жетіспеуінен болатын ауру мешел (рахит) деп аталады. Мешел ауруына шалдыққан балалардың қаңқасы дұрыс қалыптаспайды. Аяқ сүйектері дене салмағының әсерінен майысады, сүйек баяу дамиды, ұйқысы қашады. Жұқпалы аурулармен көп ауырады. Сондыктан жас сәбилердің мешел ауруына шалдықпауы үшін күн сәулесіне шығарып шынықтырады. D витамині балық майында, бауырында, уылдырығында, жұмыртқаның сарысында, жануарлардың бауырында, сүт өнімдерінде мол. D витаминінің қажетті тәуліктік мөлшері 2,5 мг.

      Е витамині (токоферол, антистерильдік  немесе өсіп-өну витамині).

 Е витаминін 1921 жылы  Иванс деген зерттеуші ашты. Жануарларды  қолдан тек жасанды тамақпен 54% жүгері крахмалы,18% казеин, 15% шошқа  майы, 9% сары май, 4% тұздың қоспасы  және 5% құрғақ сыра ашытқыларымен  қоректендіргенде, олардың  ұрықтарының  өсіп-өнуі тоқталып төлдемейтіндігі анықталды. Бұл құбылыс Е витамині жетіспеуінен екен. 1936 жылы Иванс бидай тұқымы ұрығынан Е витаминін бөліп алды.

К витамині (филлохинон, антигеморрагиялық витамин)

      1929 жылы  дат ғалымы Дам алғашқы рет  балапандарды төмендегідей құрамнан  тұратын тамақпен: 66% крахмал, 18% казеин, 4,5% тұз қоспасы, 2,5%  клетчатка  мен ашытқылар зкстрактысы, А  мен В витаминдері бар балық  майымен қоректендіргенде 1-2 аптадан  кейін ет тері арасында немесе  бұлшық еттерге, миға және ішектерге  қан құйылуын байқаған. Бұл К  витаминінің жетіспеуінен болатын  құбылыс екен. Ал егер жасанды  тағамның құрамындағы крахмалды  астық тұқымдастары қоспасымен  алмастырғанда, жоғарыдағыдай қан  құйылу құбылысы мүлдем тоқтаған.

      К витамині  өсімдіктердің жасыл бөліктерінде, әсіресе беде мен жоңышқа жапырақтарында  көп кездеседі. Шіріген балық  ұны құрамынан да табылды, оны  К2 витамині деп атайды, ал жаңадан  дайындалған балық ұнында ол  кездеспейді, себебі микроорганизмдер  балықта филлохинонды синтездейді  екен.

F витамині (қанықпаған  май қышқылдары) Cоңғы жылдары жүргізілген зерттеулер нәтижесінде, егер тағамның құрамында өсімдіктер майы болмаса, онда адам организмінде липидтер алмасуы бұзылып, қан тамырлары қабырғаларында холестерин заты көп мөлшерде жиналады екен. Өсімдіктер майлары құрамында кездесетін 18 және 20 көміртек атомдары бар қанықпаған май қышқылдары липидтер алмасу процесіне, әсіресе холестериннің алмасуына өте қажет-ақ.

      Q витамині (убихинон).

1955 жылы майынан  Q липовитамині немесе убихинон  бөлініп алынды. Бұл әсіресе мембрананың  митохондрияларында көп кездеседі. Химиялық табиғаты жағынан Q витамині хинонның туындысы  болады. Оның сақинасында екі метоксилді топттар кездесумен бірге, бүйір тармағында 6-10 изопрен бөліктерінен тұратын изопрен топшасы бар.

      Убихинон  биологиялық тотығу процесінде  үлкен роль атқарады. Мұның молекуласында  карбонильді топтар болатындықтан  протондар мен электрондарды  тасымалдау процестеріне тікелей  атсалысады. Бұл процесс клетканың  энергетикалық станциялары болатын  митохондрияларда өтеді.

      Q витамині  әсіресе жүректің бұлшық еттерінде  көп кездеседі, себебі жүректің  орасан зор жұмыс істеу барысында,  оның энергияны да көп қажет  ететіні белгілі. Сондай-ақ бұл  витамин тканьдердің тыныс алуына  да қатысады.

      Антивитаминдер  клетканың витаминмен қоректенуіне  әртүрлі әдістермен бөгет жасайтын  заттарды айтады. Оларды екі топқа  бөледі:

      1.витамин  молекулаларын бұзатын немесе  оларды активсіздендіретін яғни  инактивтендіретін заттар;

      2.витаминдердің  структурасына ұқсас және оларды  биологиялық активтік заттардан  ығыстырып, активсіздендіретін заттар.

      Мысалы, К  антивитаминіне гепарин мен дикумарин  жатады. Олар протромбиннің тромбинге  айналуына бөгет жасайды, сонымен  бірге қан айналу процесін  баяулатады. Жұмыртқа белогы –  авидинбиотинді байланыстыруға  қабілетті.

 

 

Құнарлы тағамдар

Витамин жетіспеушілік, авитаминоз – күнделікті ішетін тағамда витаминдердің  жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не витамин синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі витамині аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, организмге, негізінен  көмірсулар (қант, тағыда басқа) ғана түсіп, белок пен майлар аз түссе, ал көкөніс  пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса  витамин жетіспеушілік дамиды. Сондай-ақ азық-түлік дұрыс сақталмаса немесе олардан сапасыз тағам дайындалса, азық-түлік құрамындағы витаминдер бұзылады. Мысалы, құрамында никотин  қышқылы (РР витамині) аз дәнді дақылдармен  ғана қоректену пеллагра ауруына, ал қауызы алынған күрішпен және өте  ұнтақталған бидай ұнынан жасалған нанмен ғана тамақтану бери-бери сырқатына  әкелуі мүмкін.

Тағамда витаминдердің жеткіліксіз  болуы, адам организмін әлсіретеді. Мұндай жағдайды гиповитаминоз деп атайды. Оған ауа райының қолайсыз жағдайы, ауасы лас жерде ұзақ уақыт  жұмыс істеу, сондай-ақ гастрит, асқазан  ісігі, гельминтоз, лямблиоз,тағыда басқа  аурулар себеп болады. Витамин  жетіспеушілік болғанда организмде зат алмасу процесі бұзылып, оның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Сондай-ақ, адамның  көңіл-күйі күйзеліске ұшырағанда, ауа-райының  құбылмалы кезеңдерінде, әйелдердің жүктілігі не сәбиін емізуі,тағыда басқа жағдайларда организмде витамин  жетіспеушілік артады. Мұндай жағдайда дәрігерге қаралып, арнаулы витаминдер қабылдап, көкөніс пен жемістерді көбірек пайдалану қажет. Витамин  жетіспеушілік және гиповитаминоз  жануарларда да болады. Мал авитаминозбен, көбінесе көктемде ауырады. Витамин  жетіспеушіліктен аналық мал қысыр  қалады, төл нашар өседі. Мысалы, В витамині жетіспеген жағдайда құс  полиневритпен, шошқа пеллаграмен  ауырады. D витамині жетіспесе, төл қатпа  болады, ірі мал сүйек ауруына  шалдығады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Витаминдер- ауыстырылмайтын  тіршілікфакторлары


Информация о работе Витаминдер