Витаминдер

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 12:09, реферат

Краткое описание

Витаминдер дегеніміз – барлық тағам мен азық – түлік өнімдерінде, жем - шөпте шағын мөлшерде ғана кездесетін, ал адам мен жануарлар ағзасында бірқалыпты тіршілік үшін өте қажет төменгі молекулала органикалық заттар. Астық құрамында витаминдер аз мөлшерде кездескенімен, олардың ағзаға тигізетін әсері өте үлкен. Егер үнемі тамақтың бір түрімен ғана қоректену, сондай-ақ ұзақ уақытқа созылған саяхат кезінде адамдарда ұшырасатын бірқатар сырқаттардың қоректе кейбір заттардың жетіспеуінен болатыны белгілі болды.

Оглавление

1.Кіріспе
2.Даму тарихы
3.Витамин түрлері
3.1. В1 витамині (тиамин, антиневриттік витамин, аневрин)
3.2.В2 витамині
3.3. В3 витамині
3.4.РР витамині (В5 витамині никотин қышқылы).
3.5.В6 витамині (пиридоксин, адермин)
3.6.В12 витамині.
3.7.Пангам қышқылы (В15 витамині)
3.8.Асқорбин қышқылы (С витамині)
3.9. Биотин ( Н витамині )
3.9.Фоли қышқылы (Вс витамин, птероилглютамин қышқылы)
3.10.U витамині(S-метилметионин,жараға қарсы витамин)
3.11.D витамині (кальциферол, антирахиттік витамин).
3.12.Е витамині (токоферол, антистерильдік немесе өсіп-өну витамині).
3.13.F витамині (қанықпаған май қышқылдары)
4.Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Реферат Биохимия.docx

— 99.94 Кб (Скачать)

Жоспар:

1.Кіріспе

2.Даму тарихы

3.Витамин  түрлері

3.1. В1  витамині (тиамин, антиневриттік витамин, аневрин)

3.2.В2  витамині

3.3. В3 витамині

3.4.РР витамині (В5 витамині никотин қышқылы).

3.5.В6 витамині (пиридоксин, адермин)

3.6.В12 витамині.

3.7.Пангам қышқылы (В15 витамині)

3.8.Асқорбин қышқылы (С витамині)

3.9. Биотин ( Н витамині )

3.9.Фоли қышқылы (Вс витамин, птероилглютамин қышқылы)

3.10.U витамині(S-метилметионин,жараға қарсы витамин)

3.11.D витамині (кальциферол, антирахиттік витамин).

3.12.Е витамині (токоферол, антистерильдік немесе өсіп-өну витамині).

3.13.F витамині (қанықпаған май қышқылдары)

4.Пайдаланылған әдебиеттер

 

Пайдаланылған әдебиеттер

З.Сейітов(Биологиялық химия)

Сейтембетова А.Ж. Биологиялық химия

Қайырханов  Қ.Қ.Жануарлар  биохимиясы

 

 

 



 

 Витаминдер дегеніміз – барлық тағам мен азық – түлік өнімдерінде, жем - шөпте шағын мөлшерде ғана кездесетін, ал адам мен жануарлар ағзасында бірқалыпты тіршілік үшін өте қажет төменгі молекулала органикалық заттар. Астық құрамында витаминдер аз мөлшерде кездескенімен, олардың ағзаға тигізетін әсері өте үлкен.

      Егер үнемі  тамақтың бір түрімен ғана  қоректену, сондай-ақ ұзақ уақытқа  созылған саяхат кезінде адамдарда  ұшырасатын бірқатар сырқаттардың  қоректе кейбір заттардың жетіспеуінен  болатыны белгілі болды.

      Азық –  түлікте жүгері өнімдері басым  болатын кейбір елдерде (Италия, т.б.) пеллагра деген ауру таралған, ондай сырқат кезінде дененің  ашық жері, терісі қабынып ауруға (дерматит) ұшырайды. Ал, негізгі қорегі  күріш дақылы болып табылатын  Азия елдерінде бери–бери (паралич)  деген ауру кездеседі. Мұндай  сықат әсіресе күрішті машинамен  өңдеп, ақтау тәсілдерін енгізу  салдарынан көбейіп кетті.

Олардың едәуір бөлігінің  құрамында амин тобы да, азот та болмайды. Осыған қарамастан мұндай ауыстырылмайтын  тіршілік факторы үшін «витамин»  деген тарихи термин сақталып қалды.

      Адамның  және жануарлардың ағзасында,  өсімдік тектес азықтарда витаминдердің  алғы шарты сияқты қосылыстар  болады. Олар провитаминдер  (каротиндер, стеролдар) деп аталады. Мұндай  провитаминдер тиісті активті  қалыпқа түскеннен кейін сәйкес  витаминдерге айналады.

      Витаминдер  жетіспеген жағдайда ағза ауруға  шалдығады. Химиялық құрылысы  жағынан витаминдер алуан түрлі.  Олар құрамында 18-20 көміртек атомы  бар циклді көмірсутектер мен  қанықпаған  - лактандар, аминоспирттер,  қышқылдардың амидтері, циклогександар, хош иісті қышқылдар, нафтохинондар,, имидазол, пиррол тағы басқа да  циклді қосылыстардан тұрады. Витаминдердің  басым көпшілігіне спиртті және  карбоксилді топтар тән. Тек  кейбіреулерінде ғана амин тобы  болады. Кейбір витаминдер ағзаға  да синтезделеді. Олар қоректік  заттармен ағзаға түсіп, зат  алмасуға, ағзаның өніп-өсуіне әсерін  тигізеді. Витаминдер негізінен тек өсімдіктерде пайда болады.

      Витаминдер, сол сияқты жоғары дәрежелі  өсімдіктер мен микроорганизмдердің  қалыпты өсуі мен дамуы үшін  қажетті заттар. Кейбір жоғары  сатыдағы жасыл өсімдіктердің  ұлпалары, мысалы тамыры, камбиальды  ұлпасы, тұқымнан бөлініп алынған  және қараңғыда өсірілген жас  өскіндер тіршілік барысында  өздігінен витаминдерді синтездей  алмайтындықтан, әр уақытта оларды  сырттан алуға мұқтаж болады. Сондықтан да қоректік ортаға  тиамин мен пиридоксинді аздап қоюдың өзі көптеген өсімдіктердің тамыршалары мен жас өскіндерінің өсуіне жақсы жағдай туғызады.

      Ағзаға  тағамдар арқылы келіп түсетін  белоктардың, майлардың, көмірсулардың  және минералдық тұздардың алмасуын  тездететін және реттейтін де  витаминдер. Витаминдерді тек дәрі-дәрмек  ретінде қарастырып, оларды түрлі  аурулардың алдын алып күресу  үшін қолданылатын заттар деп  қарау қате. Бұларды тағамдық  заттар деп қарауымыз тиіс, өйткені  витаминдер тағамның құрамына  кірмесе, онда тіршіліктің қалыпты  жайы бұзылады.

      Азық-түлікте,  жем-шөпте ұзақ уақыт бойы витаминдер  болмаса, ағзаның витаминді сіңіру қабілеті бұзылса, ауру пайда болады. Ондай ауруды авитаминоз деп атайды. Қоректе ұзақ уақыт С витамині болмаса, ағза құрқұлақ ауруына ұшырайды. Мұндай витаминдер жоқ жағдайда құр-құлақ – С – авитаминоз деп жазу қабылданған. Осылайша рахит Д -  авитаминоз, бери-бери – В1 – авитаминоз т.с.с.

      Авитаминоз  ауруларын витаминдерді көбірек  беру арқылы емдейді. Авитаминоз  ауруларының белгісі айқын білінеді, сондықтан оның диагнозын қойып,  анықтау онша қиын емес.

      Витаминнің  жетіспеуі жиі кездеседі. Мұндай  кезде сырқат белгі береді. Бұл  құбылысты гиповитаминоз деп  атайды. Гиповитаминоз құбылысы  ағзаға қажет витамин мөлшерінің  қалыптан тыс төмендеп кетуінен  болады. Гиповитаминоз белгілерін  анықтау өте қиын. Әдетте гиповитаминоз  сырқаты қыстың аяғына таман,  азық-түлікте және жем-шөпте витаминдер  мөлшері өте азайған кезде  байқалады.

      Кез келген  витаминді ағзаға қалыптан тыс  көп беру гиповитаминоз ауруына ұшыратады.Витаминді бірден көп мөлшерде қабылдау да ағзаға кері әсер етеді, яғни уландырады.

      Жүргізілген  ғылыми жұмыстардың қорытындыларына  қарағанда, ой жұмысымен шұғылданатын  адамдардың ағзасы қара жұмыспен  айналысатын адамдармен салыстарғанда  витаминдерді әсіресе С витамині  мен В тобының витаминдерін  көбірек қажет етеді екен. Сол  себепті көктемде витаминдерді  мол тағамдарды жиірек пайдаланған  жөн. Бұл мезгілде кептірілген  итмұрын жемісінің тұндырмасын,  сонымен бірге басқада жеміс-жидектердің  шырындары мен қайнатпалары асқа  көбірек пайдаланған тиімді. Тамаққа  қосып көк пиязды және де  ашытқан капусталарды жеу қажет.  Себебі, бұл тағамдардың құрамында  әр түрлі витаминдер мол болады, әрі ұзақ жақсы сақталады.

Басқа тағамдарға қарағанда  сүтте жеткілікті мөлшерде көптеген витаминдер бар және олар ағзаның  тұрақты да негізгі қайнар көзі ретінде  ерекше орын алады. Барлық витаминдер ағзаға комплексті әсер етіп, бірін-бірі толықтырады. Олар ағзада жетіспесе, зат  алмасу бұзылып, денсаулықтың нашарлауына  әкеп соқтырады.

      Негізгі  қоректік заттармен (белоктар, майлар, көмірсулар, минерал тұздары ) салыстырғанда  ағза витаминдерді тым аз мөлшерде  қажет етеді. Ересек адамның  тәулігіне пайдаланатын әртүрлі  тағамдарындағы витаминдердің орташа  мөлшері микрограммен есептеледі.

      Сөйтіп  витаминдер - әр түрлі химиялық  жаратылыстың органикалық қосылуы,  тағамның басқа ештеңемен алмастыруға  болмайтын заттары.

Даму тарихы

      Витаминдерді зерттеуді ең алғаш  орыс ғалымы Н.И.Лунин бастады. Ол алғашқы рет тамақтың құрамындағы жануарлардың тіршілігіне әсер ететін заттарға көңіл аударады. 19 ғасырдың аяғына дейін жануарлар тіршілік етуі үшін көмірсулар, майлар, белоктар, минералды заттар және судың болуы жеткілікті деген пікір қалыптасып келді. Бірақ Н.И.Луниннің жасаған тәжірибесі ол пікірді жоққа шығарды. Н.И.Лунин жоғарыда көрсетілген заттардың қоспасымен тышқандарды қоректендірген. Бірақ тәжірибе тышқандардың тіршілік етуі үшін бұл қоспалардағы заттардан басқа бір заттың жетіспейтінін көрсетті. Осыдан кейін ғана бүкіл тірі ағзалардың тіршілік етуі үшін қажетті бұрыннан белгілі заттармен қоса тағы бір белгісіз зат бар деген пікір пайда болды. Осындай пікірді У.Бунгенің С.А.Сосиннің және тағы басқа шет ел оқымыстыларының жұмыстары дәлелдеп берді. 1986 жылы голланд дәрігері Эйхман ақталған күрішпен тамақтанатын адамдардың «бери-бери» ауруымен көп ауыратынын, ал ақталмаған немесе жартылай ақталған күрішпен тамақтандырылғанда адамдар ол аурумен ауырмайтынын байқады. Кейіннен Гопкинс (1906 жылы) күріш дәнінің сыртқы қауызында белгісіз бір заттың бар екенін, ал ақталған күріште ол заттың болмайтындығын анықтады. 1912 жылы поляк оқымыстысы К.Функ ашытқыдан витаминге ұқсас құрамында амин тобы бар кристалды затты бөліп алды. Бұл затпен полиневрит ауруымен ауырған көгершінді емдеп жазды.Бұл заттың жануарлар ағзасына тигізетін әсерін зерттей келе, оның проф. Н.И.Лунин ашқан жаңа затқа ұқсас екенін анықтады. Осыдан кейін Функ адам мен жануарларда болатын кейбір аурулар тағамның құрамындағы белгісіз бір заттың жетіспеуінен болады деген қорытындыға келді. Ол бұл затты «витаминдер» деп атады. «Вита» - латынның «тіршілік, өмір» деген сөзі, ал «амин» - деп химиялық құрамында азоты бар заттарды атайды.

      1913 жылы  Макколлум және оның шәкірттері  жануарлардың қалыпты дамуы үшін  майда еритін фактор «А» - ның  қажет екенін анықтап, оған  А витамині деп ат берді.  А витаминінің жетіспеуі адамды  ақшамсоқыр ауруына шалдықтыратыны  анықталды. Макколлум витаминдерді  ашылу ретіне қарай латын алфавитінің  алғашқы әріптерімен белгіледі.  А витамині, С витамині. Кейіннен  В витаминінің бірнеше түрлері  белгілі болады да, оларды ретіне  қарай В1,В2,В3, т.б.деп белгіледі.

      1928 жылы  Сент-Дьерьди С витаминінін ашты  және оның малдың бүйрек үсті  безінен бөлінетінін, сонымен  бірге кейбір өсімдіктерде кездесетінін  анықтады. Осыдан кейін 1935 жылы  дат ғалымы Дам қанның құрамында  болатын К витаминінін ашты.

      1948 жылы  Смит, Фолкерс т.б. В12 витаминін  тапты. Бұл витаминнің жетіспеуі  адам ағзасында қанның азаюына  әкеліп соқтыратыны белгілі болды.

      Қазіргі  кезде барлық витаминдердің химиялық  құрамы анықталды және олардың  бәрі синтездік жолмен алынды. Оларға химиялық атау берілді,  мәселен, А витамині – ретинол  (ол жалғауы молекуласында спирт  тобы бар екенін білдіреді)  деп аталады. Д витамині –  кальциферол деп аталады, яғни  «кальций ионын, тасымалдайды»  деген мағынаны береді.

      Сол сияқты  витаминдерді ол жетіспеген кезде  ұшырайтын аурудың атымен атау  қабылданған. Ол кезде «анти»  деген қосымша жалғанады. Бұл  қосымша сөз болып отырған  витаминге сәйкес авитаминоз  ауруының алдын алады және  одан сақтандырып жазады деген  мағынаны білдіреді. Мысалы, Д  витамині антирахит витамині(рахитке  қарсы) деп, С витамині антицинготтық  (құр-құлаққа қарсы)витамин деп  аталады.

      Сөйтіп, витаминдердің  тағамдық заттарда жетіспеуінен  болатын дерттер көне заманнан-ақ 

      Суда еритін витаминдерге: тиамин, рибофлавин, пантотен қышқылы, пиридоксин, кобаламин, никотинамид, аскорбин қышқылы, биотин, инозит холин, рутин, фолий қышқылы,парааминобензой қышқылы және т.б. енеді.                                                          .

Майда еритін витаминдерге: ретинол, кальциферол, токоферол, филлихинон, убихинон, алмастырылмайтын май қышқылдары / А, Д, Е, К,Q / және т.б. кіреді.

      Қазіргі  кезде 30-дан астам витаминдер  түрлері ашылды. Суда еритін витаминдер  ферменттердің простетикалық топтарының  құрамына кіреді, сөйтіп, олар ферменттердің  активтілігін жоғарылатады. Керісінше  де әсер етеді. Суда жақсы  еритін витаминдер түрі өте  көп. Бұл витаминдердің адам  ағзасына әсер мөлшері де түрліше  болады.

      Витаминдер  ағзада тотығу-тотықсыздану реакциясына  түседі. Витаминдерге – бауыр,  бүйрек, жүрек, ішек-қарын, жұмыртқа, ет-сүт, май, нан, көкөністер  мен жеміс-жидектер өте бай  келеді.  Витаминдерді ағзаның  қажет етуі тамақтану режимі  кезінде өзгерумен бірге, сол  сияқтыкейбір физиологиялық және  патологиялық жағдайларда да  күшті өседі. Мысалы, ағзаның буаз  не екі қабат кезінде төлдері  мен балаларын тамақтандыруда, инфекциялық  ауруларда және т.б. Тамақ азықтарында,  дәрі-дәрмектік өсімдіктер мен  басқа да заттардың құрамында  кездесетін витаминдерді түрлі  түсті сапалық реакциялар көмегімен  ашуға болады.

Витаминнің түрлері

      Суда еритін  витаминдер.В1 витамині (тиамин, антиневриттік витамин, аневрин).

 

Тамақ құрамында тиамин немесе В1  витамині жоқ болса, бери-бери немесе полиневрит деген ауруға шалдығады. Полиневрит кезінде жүйкелері қабынады, жүректің қызметі бұзылады, асқазан  – ішек трактасының қызметі бүлінеді, ас қорыту сөлінің секрециясы төмендейді, судың алмасуы бұзылады, ісік пайда  бастайды.

      Азия мен  Оңтүстік Америка материктерінде  тұратын халықтардың арасында  «бери-бери» ауруы ерте заманнан-ақ  кең етек алып келгені белгілі.  Бұл нерв жүйесінің ауруы әсіресе  Жапония, Шығыс Азия, Филлипин  аралдары, Оңтүстік Америка сияқты  күріш дақылдарын көп пайдаланатын  елдерде жиі тараған. Европа  елдерінде «бери-бери» ауруы,  керісінше, өте сирек кездеседі.  Себебі, ондағы тұратын халықтардың  негізгі тағамы күріш емес, қара  нан, әр түрлі тағамдар мен  көкөністерді жиі пайдаланады.  Голланд ғалымы Эйхман 1890-1897 жылдары  Ява аралында жүргізген зерттеулері  кезінде мынаны байқады: адамның  жегенінен қалған таза күріш  берілген тауықтарда «бери-бери»  ауруының белгілері пайда болған. Ал, әр түрлі тағам қалдықтары  берілген тауықтар бұл аурумен  ауырмаған. Осы байқауларға сүйене  отырып жүргізілген зерттеулердің  нәтижесінде «бери-бери» ауруының  негізгі себебікүріштің кебегінде  көп кездесетін В1 витаминінің  жетіспеушілігінен екені анықталған.

      Организмде  В1 витаминінің жетімсіздігінен  нервтердің жарақаттануының мәні  – бұл витамин фосфор қышқылымен  қосылып тиаминпирофосфат декарбоксилаза  деген ферменттің құрамына кіреді. Бұл фермент заттар алмасуынан  пайда болатын организмде зиянды  пирожүзім қышқылын ыдыратуға  керек. Денеде В1 витамині жетіспегенде  ферменттің активтілігі азаяды  да, қанда прожүзім қышқылы көбейіп  кетеді, ақырында ол нерв жүйесіне  зақым келтіріп, адамды ауруға  шалдықтырады. Тиамин ашытқы , сәбіз,  сүт, бауыр құрамында көп кездеседі.  Бұл тағамдарда тиамин таза, не  қосынды – тиамин – және  кокарбоксилаза түрінде кездеседі.  В1 витаминінің таза кристалды  препараты 1926 жылы күріш кебегінен  бөлініп алынды.

Информация о работе Витаминдер