Балықтардың инфекциялық аурулары

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 20:05, лекция

Краткое описание

Ихтиопатология (грекше ichthys – балық, pathos – ауру, logos – ілім, ғылым) – балықтардың ауруларын, олардың пайда болу себептері мен даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Ихтиопатология ғылымына патологиялық анатомия жатады, ол мүшелер мен ұлпалардың қалыпты жағдайының бұзылуын және патологиялық физиология, ауру организмінің функциональдық өзгерісін зерттейді.

Файлы: 1 файл

лекции по болезни рыб.docx

— 348.80 Кб (Скачать)

Аурудың негізгі  себебі балықты майлы және сапасыз  жасанды азықтармен (балық, қан және ет пен сүйек ұндары, қауашақ, бұзылған балық) азықтандырудан және азықты нормадан артық беру болып саналады.

Табиғи азықтармен және сапалы жасанды азықтармен қоректендірілген бахтақтар бұл аурумен ауырмайды.

Аурудың белгілері. Бахтақтан басқа бұл ауруға тұқы мен өзге балықтар да шалдығады. Аурудың жіті  және созылмалы екі түрі бар.

Аурудың жіті түрінде балықтың денесі қарайып  кетеді, азық жеуі тоқталады, суың тайыз  жерінде жеке-жеке тұрады, айналасындағы  нәрсені елең қылмайды. Өлер алдында  теңселіп, дұрыс жүзе алмайды, кейде  денесі дірілдейді. Желбезектерінің  қаны қашып бозарады, көздері бадырайып  шарасынан шығып кетеді. Ауырған  бахтақтар  жаппай қырылады.

Созылмалы түрімен  ауырған балықтың денесінде, көп  өзгеріс байқалмайды. Бірақ жем, қорек жегенмен баяу қозғалады. Желбезегінің қаны қашып аппақ болып кетеді. Ауру ұзаққа созылады. Әйтсе де, балықтар жаппай ауырмайды. Мұның жіті түрімен  ауырған балықты сойып қарағанда  негізгі өзгерісті бауырдан көруге болады. Оның түсі “мраморға” ұқсайды.

Диагнозы. Ауруға диагнозды балық азығын тексеріп, клиникалық белгілері мен патологиялық-анатомиялық өзгерістеріне қарап, гистологиялық тексеру жүргізген соң қояды.

Сақтық  шаралары. Бахтақ шаруашылығында балықты витаминге бай сапалы азықтармен азықтандырады.

Сарыуыз қапшықтың бөсірі. Бұл заводтық әдіспен өсірілген бахтақ личинкасының ауруы. Ауру әр елдің бахтақ шаруашылықтарында кездеседі.

Аурудың себебі жағдайсыз тұқым қуылау факторы  мен сыртқы ортаның әсері деп  шамаланады. Ауру алғашқыда сапасыз  уылдырық шашқан ұрғашы бахтақ арасынан шығады. Мұндай уылдырықтан шыққан личинкалардың көпшілігі өліп қалады және сарыуызды қапшықшаларында  бөсір пайда болады.

Аурудың клиникалық белгілері мен патологиялық-анатомиялық  өзгерістері. Ауру личинкасының сарыуыз қапшығы үлкейеді, анемия  болады, көзі шарасынан шығады, солғындайды, көзіне қан құйылады. Личинкалар топталады, судың түбіне жатады, қозғалысы бұзылады.

Диагнозы аурудың клиникалық белгілеріне және патологиялық-анатомиялық өзгерістеріне қаралып қойылады.

Сақтық  шаралары – жас ұрғашы балықтарды уылдырық шашу науқанына қатыстырмайды. Емі жоқ.

Тұқының жұқпайтын бронхионекрозы. Ауру балықтың желбезегі зақымданады да кейіннен некрозға айналып, кейде ауырған балықтың 70% дейіні өліп қалады.

Ауру балық  организміне аммоний азотының әсер етуінен болады. Мұнда шешуші орын алатын-аммиак (NH3). Су ішіндегі органикалық заттың тым молаюынан, балықтың нормадан 10-15 есе артық тығыз орналасуынан, суды тиісті уақытында ауыстырмаудан, фитопланктонның қаптап өсуінен болады.

Аурудың клиникалық белгілері мен патологиялық-анатомиялық  өзгерістері. Аурудың жіті және созылмалы екі түрі бар. Аурудың жіті түрінде балық судың беткі қабатында жүзеді, айналасындағы нәрселерді елең қылмайды, азықты жемейді, өспей қалады. Денесін билей алмайды. Желбезектері ісіңкі, шырыштанған жапырақшалары бұзылған, қан құйылған, некроз көрінеді. Аурудың жіті формасы 5-15 күнге созылып, ауырған балықтың 50-70% өліп қалады.

Созылмалы түрінде  балықтың қозғалысында көп өзгеріс  бола қоймайды. Желбезек доғасында  некроз болады. Ол 3-4 айға созылады, ауырған  балықтың 15% өледі. Жазылған балықтың желбезектері бірте-бірте өзінің бұрынғы қалпына  келеді.

Ауру балықты  алғашқы күндерінде сойып қарағанда  бүйрек пен көк бауырдың іскені, бауырдың қаны қашқаны байқалады. Үлпершекте, ми қабықтарында, көздің кілегей қабықтарында қан құйылғаны білінеді.

Сақтық  шараларын жүргізу тәртібі тұқының  жұқпайтын бронхионекрозын емдеу  және профилактика жұмысын жүргізу  тәртібі баяндалған уақытта нұсқау бойынша жүргізіледі. Ауруға нақты  диагноз қойылғанша балықты басқа  жаққа шығармайды немесе әкелмейді.

Сөндірілмеген әкті де профилактикалық мақсатпен 100-150кг/га есебімен май-июнь айларында  осылайша 2-3 рет қолданады.

Газ эмболиясы. Балықтың ұсақ қан тамырлары (көбінесе желбезектікі) газге толып жаппай өлімге ұшырайды. Бұл ауру негізінен жылу және атом электрстанциялары пайдаланған суда өсірілетін балықтардың арасында, сондай-ақ, суы құлама ағынмен, бұлақ суымен толықтырылатын тоғандарда өсірілетін балықтардың арасынан кездеседі.

Аурудың белгілері.2-3 күндік личинкасының торсылдағы мен ішектері және тері асты газ көпіршігіне толады. Мұндай құрт шабақтар жүзе алмайды,  құрсағы үстіне ауысып судың бет жағында қалқиды, жем жемейді. Ірі балықтардың қанаттары мен бүкіл денесі дірілдейді, тыныс алуы нашарлайды, кез-келген нәрсеге елең ете түседі.

Ауру балықтың көзі бұлдырайды, тері эпителийінің астынан  газ көпіршіктерін байқауға баолды. Ауру немесе өлген балықты сойып  қарағанда газ көпіршіктері бүйректерден, жүректен және басқа да ішкі органдардан  бөлінеді. Ауру 20-30 күнге созылса, ауырған  балықтар жаппай өледі.

Сақтық шаралары – тоғанда әр газ алмасуын бақылап  отыру қажет, судың ағысын жақсарту  керек.

Авитаминоз. Витаминдер – клеткада жүретін хииялық реакциялардың биологиялық катализатор ролін атқаратын заттар. Балықтар тіршілігі үшін олар өте қажет. Витаминдердің жетіспеушілігі болмауы немесе дұрыс қабылдамауы қауіпті ауруларға – авитаминозға әкеліп соқтырады, яғни балықтардың физиологиялық мазасыздануын сипаттайды.

Этиология. Авитаминозбен аквакультурада өсірілетін балықтардың барлық түрлері мен  барлық жастағылары ауырады, әсіресе  индустриальды шаруашылықтағылар. Авитаминозға қатты сезімтал албырт балығының шабақтары болып келеді.

Витаминдер  суда еритіндер және майда еритіндер  деп екіге бөлінеді. Суда еритін витаминдерге В тобына жататын барлық витаминдер РР, С және Н жатады.

Майда еритін витаминдерге А, Д, Е, К. Осыларды қорек  жасағанда ескеру қажет.

Гипервитаминоз  да (витаминннің көп мөлшері) балықтардың  физиологиялық жағдайына қатты  әсерін тигізеді. Әсіресе А, Д, және Е витаминдерін дозалау керек.

Клиникалық  белгілері және патологиялық өзгерістері. Авитаминоз кезінде жалпыға бірдей ауру белгілер пайда болады: тәбетінің болмауы, өсу жылдамдығының төмендеуі, инфекциялық және инвазиялық ауруларды тез душар болуы, қалдықтың артуы және белгілі бір витаминнің жетіспеуінен арнайы белгілері де байқалады.

Витамин А (ретинол) – негізгі витаминдердің бірі. Қорек құрамында ретинолдың болмауы  немесе аз мөлшерде болуы балық түсінің  өзгеруіне (ақшылдануы), теріде, көз  алмасында қан ағуына, бауыр массасының төмендеуіне және көп өлімге алып келеді. Инфекциялық және инвазиялық ауруларды тез душар болуын арттырады. Көптеген айтылып кеткен белгілер балық  құрамында ретинолы бар қорекпен немесе жасыл өсімдіктермен, сәбізбен, бидай шротымен, жүгерімен қоректенгенде  бірнеше аптадан кейін жойылып  кетеді.

Е витаминнің (токоферол) жетіспеуі бауырдың функциясының бұзылуына, бұлшықет дистрофиясына, тұқымдылығының төмендеуіне алып келеді. Құбылмалы  бахтақта және басқа албырттарда  желбезек жапырақшаларының жабысуы, экзофтальмия (шығыңқы көз), асцит, қанның өзгеруі  және балықтың өлуі байқалған. Емдеу  кезінде қорегіне шөп ұны, өсімдік  майлары, синтетикалық токоферол қосылған.

В1 (тиамин) және В2 (рибофлавин) витаминдері көмірсутек және ақуыз алмасуын реттеп отырады. Бахтах балығы тиаминнің жетіспеуінен тепе-теңдігін, қозғалысын жояды және өлімге душар болады. Рибофлавиннің албырттарда жетіспеуі желбезек, желбезек қақпағының және жүзбе қанаттарының некрозына, көздің қараюына, қан ағуына және үлкен өлімге алып келеді. Қорек рационына ашытқы және В1 В2 витаминдері көп культураларды қосса, аурудың алдын алады.

С витамині (аскорбин қышқылы)  -  балықтар үшін ауыстырылмайтын витамин. Осы витаминнің жетіспеуінен арнайы емес резистенттілігі  төмендейді, омыртқасы, желбезегі және желбезек қақпақшалары деформацияланады, жараның жазылуы ұзаққа созылады және т.б.

Д және Е  витаминдерінің гипервитаминозы кезінде  бауырдың улануы,  тәбеттің жоғалуы, өлімнің көп болуы байқалады. Бұл белгілерден басқа Д витамині көп болған кезде сүйекте фосфор мен кальцийдің азаюы, сүйектің сынғыштығы байқалады. Албырт балықтарында А витамині көп болған жағдайда көздері ісіп, жүйке жүйесі бұзылып, құйрық қанатының  тканьдерінің некрозы мен эрозиясы байқалып, шеміршек пен сүйектің дамуы  нашарлайды. А витамині көп болған кезде С витаминінің жетіспеушілігі байқалып, С витаминін қажет етуі арта түседі.

Диагностика. Диагнозды негізінен клиникалық белгілерге және жоғарыда көрсетілген патологоанатомиялық өзгерістерге байланысты қояды. Жұқпалы аурулар кезіндегі ұқсас жағдайларының көп болғанын ескере отырып, қорегінің рационына және сапалылығына зерттеу жүргізу керек, ал дәлірек болу үшін биопроба қою керек.

Күресу жолдары және профилактикасы. Балықтарды авитаминозды байқаған кезде, олардың қорегіне қосымша премикс күйіндегі витаминдерді немесе витаминдерге бай қоспаларды (ашытқылар, өсімдік майлары, жануарлар бауыры, құрғақ сүт және т.б.) қосады.

 

13 тақырып – 1 сағат. Балықтардың  жарақат алуы. Негізінен жарақат түрлі жағдайда кездеседі. Механикалық, химиялық, термикалық жағдайда жарақат алады. Сыртқы және ішкі жаралар болады. Жаралардың асқыну салдарынан инвекциялық ауруларға шалдығуы мүмкін. Дер кезінде емдемеу салдарынан олардың өліміне алып келіп соғады. Жарақат алу балықты өсіру жағдайына байланысты. Тоған шаруашылығында. Шарбақта өсіру жағдайында. Аквариумда өсіру жағдайында. Жарақат салдарынан болатын аурулар.

Балықтардың жарақат алуы түрлі жағдайлардың салдарына байланысты болады. Мысалға, айтатын болсақ балықтарды аулау  кезінде дұрыс ауламау салдарынан жарақат алады. Балықтарды дұрыс  тасымалдамау салдарынан  болады. Тасымалдау кезінде судың аз мөлшерде болуынан туындайды. Балықтарға инекция салу кезінде жарақат алу мүмкіндігі жоғары болады. Тұқылардың және бекірелердің ұрықтан алу кезінде жарақаттар туып тотырады. Жыртқыш балықтардың  шабуылынан жарақат алады. Балықтардың  көбею кезіндегі билеу кезінде  үлкен субстраттарға соғылу салдарынан жарақат алады.

Балықтардың жарақат алуын төрт типке бөліп  қарастырады:

Механикалық жарақат алу: аулау барысында қармақпен, үлкен тралдармен, тасымалдау кезінде, бассейіндерге ауыстыруда болады. Балықтарға инекция салу кезінде болады. Бұл жарақат алу өндірістік шаруашылықта, яғни, тоған шаруашылығында жиі кездесіп отырады.

Химиялық  жарақат алу. Бұл жарақат түрі аз кездеседі. Негізінен түрлі улы химиялық заттардың суға түсу салдарынан туады. Атап айтсақ, қышқылдардың түсу салдарынан болады.

Термикалық  жарақат алу. Бұл жарақат жылы су қоймаларында балық өсіруде болады. Аквариумде балық өсіру кезінде де кездестіруге болады.

Жануарлардың  салдарынан жарақат алу: бұл жарақат түрі балықпен қоректенетін құстардың салдарынан туындайды, атап айтсақ, шағала, тырналардан, көкқұтанның салдарынан. Су жануарлары андатрлардың салдарынан да кездеседі. Жыртқыш балықтардың шабуылан жарақат алады. Ең қауіпті жарақат бұл миногалардан алған жарақат болады, өйткені олардың тістері улы болады.

 

 

ТОҒАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ЖәНЕ ШАРБАҚТА БАЛЫҚ өСІРУ КЕЗІНДЕ  БОЛАТЫН ЖАРАҚАТ ТҮРЛЕРІ

Балықтар шаруашылықта өсіру кезінде жарақат алады. Тоғандардан тоғандарға тасымалдау барысында жарақат алады, оны  болдырмау үшін суды қадағалап отыру  керек, өйткені толқындар әсерінен, үйкеліс салдарынан жарақат тудырады. Жарақат алмау үшін бөшкелерге толқын кескіштер орнатады.

Аулау кезінде, қармақпен аулаған кезде балықтың қармақтың ұшынан шығып кету салдарынан туады.

Үлкен  көлемде  балық аулуа  барысында да жарақат  алады, тралдардың салдарынан, шаншып аулайтын аспаптардың салдарынан туындайды.

Жыныстық  мерзімге жетілдіру үшін инекция  салу барысында жарақат алады. Бұл  әсіресе тұқы балығының уылдырығын алу кезінде жиі кездескен.

Жарақат алмау  үшін полиэтиленді қаптар қолданады  наркотикалық заттар қолданады және де балықтың құрғақ болуы қажет, ал ол үшін құрғақ маталар қолданады.

Сұрыптау  кезінде де жарақат алады, жарақат  салдарынан қабыршқтар түсіп, қан ұйыйды. Алдын алу үшін столмен өлшеу  тақталары тегіс балық жарақат  алмайтындай тез сырғу үшін пленкалармен, жұмсақ пластиктермен қапталуы тиіс.

Шарбақта  өсіру кезінде: жарақат алады, ол негізінен тығыздықтың жоғары болу салдарынан болады. Балықтар арасында үйкеліс туып соның салдарынан жарақат алады.

Шарбақпен тоған  шаруашылығына тән жарақат түрі болып құстар мен жануарлардың салдарынан алған жарақат түрін айтсақ болады. Ол құстардың балықтарды аулау кезінде  болады. Атап айтсақ: шағалалар мен  тырналардың салдарынан туындайды. Ондатрлардан да жарақат алады.

Жарақат алмау  үшін тоған шаруашылығында құстарға аңшылық жүргізіліп отырылуы керек. Шарбақта, шарбақтың беттерін дұрыс  жабу керек. Шарбақтың тор көздеріне  ондатрлар кіріп кетпейтіндей етіп жасау керек.

Тоған шарушылығында  жыртқыш балықтарды өсіруде қарым-қатынастарын  есептеп отыру керек. Олай жасалмаған жағдайда балықтардың жарақат алуына соқтырады.

Аквариумда өсіру кезінде жарақат  алу. Жарақат алу қоршаған ортаның проблемасы болып табылады. Егер де балық тасқа соғылып немесе аквариумнан секіріп (шоршып) жараланып қалады. Оған паразиттер түсуіне жол ашылды. Аквариумға тура келмейтін қақпақ салдарынан, тастардың дұрыс қойылмауынан болады. Жаралар: сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Оның ішінде  кейбір жара түрлеррі жеңіл түрде басқа түрлері ауыр болыр  балықтардың өміріне қауіп төндіреді.

Информация о работе Балықтардың инфекциялық аурулары