Балықтардың инфекциялық аурулары

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 20:05, лекция

Краткое описание

Ихтиопатология (грекше ichthys – балық, pathos – ауру, logos – ілім, ғылым) – балықтардың ауруларын, олардың пайда болу себептері мен даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Ихтиопатология ғылымына патологиялық анатомия жатады, ол мүшелер мен ұлпалардың қалыпты жағдайының бұзылуын және патологиялық физиология, ауру организмінің функциональдық өзгерісін зерттейді.

Файлы: 1 файл

лекции по болезни рыб.docx

— 348.80 Кб (Скачать)

Диагнозы. Ауруды балық қанын паразитологиялық тексеруден өткізіп барып анықтайды.

 

Балықтардың кокцидиоз аурулары

Кокцидиялар ішек эпителий клеткаларында  паразитті тіршілік етеді. Кокцидиялардың денесі сопақша келген, алдыңғы жағы үшкір, артқы жағы доғал пішінді  болады, бұларды зоит деп атайды/ спорозоит, мерозоит/. Зоиттың сырты  үш мембраналы қабық – пелликуламен қапталынған. Оның астында түтікшелі  фибрилдер болады, олар субпелликулярлы  микротүтікшелері деп аталады. Пелликуламен бірге олар зоиттың қаңқасын құрайды. Зоиттың денесінің алдыңғы жағында  екі айрықша органоидтар орналасқан. Олар спираль тәрізді фибрильді  – коноид және қапшық тәрізді іші  сілекей затқа толған саны 2-ден 14-ке дейін роптилиялар. Осылар арқылы паразит  иесінің клеткаларының ішіне  кіреді. Роптриядан шыққан сұйық зат  иесінің эпителий клетка мембранасын  ерітеді де, ал коноид арқылы, зоит бұранда  арқылы клетканың ішіне кіреді.

Кокцидиялардың  даму сатысы өте күрделі. Мысал ретінде  балықтардың паразиті эймерия /Eimeria/ туысының даму сатысын қарастырайық. Эймерия кезектесіп тұратын шизогония, гаметогония және спорогония жолдарымен дамиды. Ооцисталар су арқылы балықтың ішегіне түсіп, ооцистаның қабырғасы  ішек сөлдерінің әсерінен жарылып, ішінен 8 спорозоит шығады. Спорозоиттар әрі  қарай даму үшін ішектің эпителий клеткасына ену керек. Коноид және роптриялар арқылы спорозоит клеткаға еніп, денесі дөңгеленіп шизонтқа айналады. Шизонттың  ядросы бірнеше қайтара бөлінеді. Сол ядролардың бөлінуін шизогония  дейді. Бұл жыныссыз көбею кезеңі. Шизогония нәтижесінде пайда  болған әрбір ядроның төңірегінде  цитоплазма жиналып олар ұсақ мерозоиттарға  айналады. Мерозоиттар эпителий клетканы әбден зақымдап ішекқуысына шығады да, қайтадан жаңа клеткаларға еніп, денесі дөңгеленіп, шизонтқа айналады. Шизонттың ядросы көпке бөлініп, шизогония арқылы тағы да мерозоиттар  пайда болады. Шизогония бірнеше  рет қайталанып, паразиттердің саны көбейеді.

Шизогониядан  кейін гаметогония кезеңі басталады. Бұл кезеңде мерозоиттар гамонттарға  айналады, бұлардан гаметалар пайда  болады. Макрогамонттар бөлінбей, өсіп, макрогаметаларға айналады, ал микрогамонттардың  ядросы көпке бөлініп, цитоплазмамен  қапталынып, екі талшығы бар майда  микрогаметаларға айналады. Микрогаметалар жылжып макрогаметалармен қосылады. Коопуляция нәтижесінде пайда болған зигота, сыртынан тығыз қабықпен қапталып ооцистаға айналады. Оооцисталар  қоянның нәжістерімен бірге сыртқа шығарылады. Сыртқы ортада ооцистаның ішінде спорогония кезеңі өтеді. Оооцистаның  ішіндегі ядро екі рет бөлініп, төрт споробласт деп аталатын клетка түзіледі. Әрбір споробласт арнаулы қабықпен қапталынып, спораға айналады. Әрбір  спораның ядросы екіге бөлініп –  екі спорозоит түзіледі. Сөйтіп ооцистаның ішінде төрт спора пайда болып, олардан  сегіз спорозоит түзіледі. Осындай  ооцисталар сау қоянның ішегіне  түскенде, оның қалың қабықшасы, ішек сөлдерінің әсерінен жарылып, ішіндегі 8 спорозойттар шығады да, иесінің ішек клеткаларында даму циклын бастайды.

Eimeria туысынан  толып жатқан түрлері балықтарды  кокцидиоз деген ауруға шалдықтырады. Солардың ішінде: E.carpeli, E.subepitelialis, E.sinensis, E.cheni.

 

4 тақырып – 1 сағат.  КНИДОСПОРИДИЯЛАР ТИПІ - CNIDOSPORIDIA

Книдоспоридиялардың барлығы дерлік паразиттер. Книдоспоридиялардың  тіршілік циклі әрқашанда екі  ядролы амеба тәрізді ұрықтан  басталады. Түзілген споралары көп  клеткалы.

Книдоспоридиялар  типіне екі класс жатады. Шырышты  споралылар немесе миксоспоридиялар – Myxosporidia және актиномиксидиялар – Actinomexidia.

Актиномиксидиялардың  шырышты споралылардан негізгі  айырмашылығы – споралары үш қақпақшалы, ішінде үш атқыш капсуласы және көптеген амеба тәрізді ұрықтары болады. Олар азқылтанды буылтық құрттардың және сипункулидтердің паразиттері.

 

МИКСОСПОРИДИЯЛАР  КЛАСЫ  – MYXOSPORIDIA

Шырышты споралылардың 1000-ға жуық түрі белгілі, балықтардың, қосмекенділер мен  бауырымен жорғалаушылардың паразиттері. Иесінің әртүрлі мүшелерін зақымдайды: терісін, бұлшықетін, желбезегін, шеміршектерін, нерв жүйесін, өт жолдарын, қуығын. Бұлар  тканьдік және қуыс аралық паразиттер болып табылады. Дене қуысындағы миксоспоридиялар – көп ядролы амеба тәрізді  плазмодиялар, мөлшері 10 мкм-ден 2 сантиметрге  дейін (16-сурет). Ткань арасында тіршілік ететін миксоспоридиялар диаметрі 1-2см-ге дейін жететін циста (ісік) түзейді. Циста паразиттің цитоплазмасына толған, ішінде көп ядролары болады (17-сурет). Ядролар өзінің құрылысы мен атқаратын  қызметінің ерекшелігіне қарай екі  топқа бөлінеді: вегетативті және  генеративті. Вегетативті ядролар  тіршілікке қажетті зат алмасу, белокты  синтездеу, өсу т.б. қызметтерін атқарады. Генеративті ядролар көбею процесіне  қажетті екі спораларға бастама  береді. Бұл күрделі процестің  басында генеративті ядролардың сыртын цитоплазма қаптайды, соның  нәтижесінде генеративті клеткалар  қалыптасады. Олар цистаның ішінде еркін  қозғалады. Біраз уақыттан кейін  әрбір клетканың ядросы бөлініп, көп ядролы панспоробласттарды құрайды. Панспоробластың ішінде екі спора  қалыптасады (17, Б-сурет).

Миксоспоридия спораларының формалары әр түрлі  болғанымен, олардың құрылысы бірдей (18-сурет). Bivalvulea отрядының өкілдерінде  споралары алты ядродан қалыптасады. Споралардың  сырты қатты қабықпен қапталынған. Оның қалыптасуына екі  ядро қатысады, сондықтан қатты қабық  екі қақпақты (жармалы) болып келеді.

 

16-сурет. Әр турлі миксоспоридиялардын плазмодиялары: А - Ortholinea

divergens; Б - Chloromyxum leydigi; В - Sinuolinea dimorpha; Г - Myxoproteus caudatus;

Д - Sphaerospora irregularis; E - Leptotheca agilis; Ж - Ceratomyxa ramosa;

3 –Ceratomyxa drepanopsettae; И - Ceratomyxa appendiculata; К - Myxidium liebcrkuhni

 

Қабықтың  іш жағында жіпшесі бар екі  атқыш капсуласы орналасқан, оның түзілуіне де екі ядро қатысады, ал қалған екі ядро спораның ішінде орналасқан екі ядролы амеба тәрізді  ұрықты түзейді. (17 сурет).

 

 

17-сурет. Миксоспоридияның даму схемасы: А - циста (iciк); 1 - цитоплазма. 2 -

вегетативті ядролар, 3 - генеративті ядролар; Б - панспоробласт; 1 - спора, 2 - атқыш капсуласы. 3 – екі қақпақшалы жарма, 4 - екі ядролы амебатәрізді ұрық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

д



 

 

18-сурет. Әртүрлі миксоспоридиялардың споралары:

А - Myxobolus karelicus атылған жіпшелерімен;  Б - Henneguya zikaweiensis;

В - Ceratomyxa obtusa; Г - Myxidium obscurum: Д - Myxobolus karelicus арқа жағынан;

К - Hexacapsula neothum-атылмаған (жоғарыда) және атылған (төменде) жіпшелерімен

 

Осылай  миксоспоридиялардың споралары  көп клеткалы құрылым болып келеді.

Циста жарылған кезде ауру балықтың денесі споралар суға шығып, басқа балықтар оларды жұтады. Ішекке түскен спораның (ішектегі сөлдің әсерінен) атқыш жіпшесі атылып эпителиге  жабысады. Соның салдарынан спораның қатты қабығы ашылып, екі ядролы амебатәрізді ұрық ішекке шығады да, қан  арқылы өзінің паразиттік тіршілік ететін мүшелеріне жетеді. Сол жерде амебатәрізді ұрықтың екі ядросы қосылып, содан  кейін бөлініп көп ядролы плазмодияға  немесе цистаға айналады. Одан қайтадан генеративті клеткалар түзіліп  споралар қалыптасады.

Миксоспоридиялардың барлық ядролары (вегетативті және генеративті) диплоидты, тек спора  қалыптасқан кезде ядроның бөлінуі  мейоз жолымен жүреді, соның нәтижесінде  спора түзетін ядрлар аплоидты болып  келеді. Спорадан шыққан екі ядролы, амебатәрізді ұрықтың екі ядросы қосылып қайтадан диплоидты түрге  айналады. Жыныстық процестің осындай  түрін автогамия деп атайды. Сөйтіп книдоспоридиялардың барлық тіршілік кезеңдерінде ядролары диплоидты болып  келеді, тек қана спораның ішіндегі амеба тәрізді ұрықтың екі  ядросы гаплоидты. Книдоспоридиялардың  споралылардан ерекшелігі осында.

Миксоспоридиялар  балықтарды түрлі ауруларға ұшыратады. Өте қауіпті Myxobolis және Lentospora туыстарының  түрлері. Олар балықтың «ісік ауруы» және «айналшақ» деген ауруды қоздырушылар.

 

5 тақырып – 1 сағат. Кірпікшелі  инфузориялар.  Хименостомата отряды  – Hymenostomata. Осы отрядқа Paramaecium туысы жатады, тұщы суларда кең таралған.

Балықтардың желбезегі мен терісінде тіршілік ететін қауіпті паразит Ichthyophthirius multifilus осы отрядқа жатады. Үлкен инфузориялар, көлемі 0,5-0,8 мм-ге дейін жететін, шартәрізді. Цитоплазмасында үлкен доға тәрізді  иілген макронуклеус және көптеген майда  жиырылғыш вакуольдер орналасқан. Ихтиофтирустар балықтың терісіне бұранда сияқтанып  енеді.

Ауырған балықтың денесінде кішкене келген ақшыл түсті көптеген жаралар  пайда болады. Жарадан суға шыққан ихтиофтирус цистаға айналып, соның  ішінде палинтомия жолымен бірнеше  рет бөлінеді. Цистадан шыққан жас  ихтиофтирустар сау балықтың денесіне кіреді. (22 сурет).

 

 

22-cypem. Тең кірпікшелі инфузория: А - Ichthyophthirius multifilus; Б – инфузорияның алдыңғы бөлімі, ауыз тeciгi; В - ауру балық; Г - инфузорияның даму кезеңі;

I –  балықтың денесінен шыққан инфузория. 2 - цистага айналуы, 3 – ядроның  бөлінуі,

4 - жас инфузориялардың цистадан  шығуы

 

Ихтиоофтирустың цитоплазмасында екі ядро орналасқан. Үлкен-макронуклеус және кіші микронуклеус. Макронуклеус хроматинге бай, көбеюден басқа денедегі барлық қызметті реттейді, сондықтан да макронуклеус вегетативті  ядро деп аталады. Макронуклеустің  ойыс жағында кішкене микронуклеус орналасқан, ол тек қана көбею қызметін атқарады сондықтан ол – генеративті  ядро. Ихтиофтириус барлық инфузориялар сияқты жыныссыз жолмен көлденең бөлініп, көбейеді.

Жыныссыз  жолмен бірнеше рет бөлінген инфузория, енді жынысты жолмен көбеюге көшеді. Жынысты көбею жолы коньюгация деп  аталады. Коньюгацияның коопуляциядан  айырмашылығы – екі ядроның қосылуы.

Коньюгация  кезеңі екі инфузорияның бауыр жағымен  бірігуінен басталады. Бұлардың пелликулярлары аздап ісінеді, сондықтан инфузориялар бір-біріне тығыз жанасып тұрады. Бұндай инфузорияларды коньюганттар деп  атайды. Пелликулаларының жанасқан жері еріп, сол жерде цитоплазмалық  көпіршік пайда болады. Макронуклеус ядролары да еріп кетеді. Инфузорияның екеуінің де микронуклеусі екі рет  бөлінеді, сөйтіп әрқайсысында төрт ядро пайда болады. Олардың үшеуі еріп кетеді, ал қалған төртінші ядро тағыда 2-ге бөлінеді – біреуі үлкен, екіншісі – кішкентай. Бұлар пронуклеус деп  аталады. Үлкен пронуклеус аналық ядро, жылжымайтын стационарлық ядро, кіші пронуклеус қорғалуға қабілетті, кезбе  – аталық жыныс ядро. Бұдан кейін  екі инфузорияның аталық кезбе ядролары цитоплазмалық көпіршік арқылы бір-бірімен  алмасады, сөйтіп стационарлық аналық ядросымен қосылады. Бұл процесс  кариогамия немесе коньюгация деп аталады. Коньюгация нәтижесінде ұрықтанған синкарион деп аталатын диплоидты  ядро құрылады, яғни коньюгацияның  соңында әрбір инфузория синкарионға  ие болады. Синкарион түзілгеннен  кейін коньюгацияға қатысқан инфузориялар ажырап кетеді. Ажырап кеткен инфузорияларды – эксконьюганттар деп атайды. Енді әрбір эксконьюганттың синкарионы 3 рет бөлінеді. Соның нәтижесінде 8 ядро пайда болады, 8 ядроның үшеуі  еріп кетеді, ал қалған 5 ядроның біреуі – микронуклеус, төртеуі макронуклеустер. Бұл жағдайда инфузория тіршілік ете алмайды, сондықтан оның денесі екіге бөлінеді. Макронуклеустер  бөлінбей екеуден әрқайсысына өтеді, ал микронуклеус бөлініп екі есе  кішірейіп әрқайсысына өтеді. Екіге  бөліну арқылы пайда болған инфузориялардың  әрқайсысында енді екі макронуклеус және бір микронуклеусы болады. Осындай  инфузориялар тағыда екіге бөлінеді. Макронуклеустер бөлінбей әрқайсысына  біреуден өтеді, ал микронуклеус тағыда бөлінеді. Тек осыдан кейін әрбір  инфузория кәдімгі ядро аппараты  түзіледі, үлкен макронуклеус және кіші микронуклеус. Сөйтіп коньюгация нәтижесінде екі жанасқан инфузориядан 8 жас инфузориялар пайда болады. Бір эксконьюганттан 4 жас инфузориялар пайда болады.

 

6 тақырып –  1 сағат. Гельминтозды аурулар. СОРҒЫШТАР КЛАСЫ – TREMATODA

Бұл класс  өкілдерінің бәрі де паразиттер, олар омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың әртүрлі ішкі мүшелерінде паразиттік тіршілік етеді. Сорғыштарға 4000 түр  жатады. Сорғыштардың көпшілігі бірнеше  миллиметрдей ғана, бірақ кейде бұл  құрттардың ірілері де болады.

Құрылысы  мен физиологиясы. Дене формасы көбінесе жапырақ тәрізді. Бұлардың сорғыштары болғандықтан класс атауыда солай. Ол ойыстау болады, шет қабырғалары бұлшықет талшықтарынан құралған, сақина тәрізді бұлшықеттерімен көмкерілген.

Денесінің алдыңғы  және құрсақ бөлімдерінде бір-бір сорғыштан  бар, яғни ауыз және құрсақ сорғыштары. Олар бекіну мүшелері болып табылады, себебі осы сорғыштар арқылы құрттар  иесінің денесінде бекініп тұрады. Көпке дейін трематодтардың денесі эпителиальді клеткалардан бөлінетін  қорғау функциясын атқаратын қаттылау зат – кутикуламен қапталған  деп есептелді. Электронды микроскоп  арқылы зерттеулер ол көзқарастың дұрыс  емес екенін көрсетті. Трематодтардың жамылғысы – тегумент. Тегументтің  сыртқы бөлігі – көптеген митохондрия  мен вакуольдері бар ядросыз  цитоплазмалы қабат. Бұл қабат цитоплазманың  өсінділері арқылы паренхиманың ішіне  батып жатқан ядросы бар цитоплазмамен  байланысады. Тегументтің жоғарғы  қабатында кейде кутикулярлы  тікенектері болады – бұлар паразиттердің  қосымша бекіну мүшелері. Бұл қабаттың астында базальді мембрана, оның астында  сақина және ұзына бойы бұлшықеттер  орналасқан.  Тері – бұлшықет қапшығы  мен паренхиманың құрылысы кірпікшелі құрттарға ұқсас. Сорғыштар аз қозғалады.

Ас  қорыту жүйесі. Денесінің алдыңғы жағындағы аузы эктодермальді ортаңғы жұтқыншаққа, ал ол жіңішке өңешке жалғасады. Энтодермальді ортаңғы ішек өңештен басталып дененің бүйірімен артқа қарай созылып, тұйықталған екі тармақтан құралады.

Зәр шығару жүйесі – протонефридиялы. Денесінің ортасында немесе екі бүйірінде негізгі түтіктері орналасқан,  олардан ұштарында толқындалған алаулы жұлдыз тәрізді клеткалары бар көптеген тарамдар шығады. Негізгі түтіктер денесінің артқы жағындағы қуыққа, ал ол зәр шығару тесігімен сыртқа  ашылады.

Тыныс алу  және қан айналу жүйелері жоқ.

Нерв  жүйесі жұп ми ганглиясынан тұрады. Одан дененің алдыңғы жағына және ауыз сорғышына қарай нервтер, сонымен қатар артқа қарай үш жұп бағаналары тарайды. Әсіресе, ерекше қалыңдаған құрсақ бағаналары жақсы дамыған. Ұзына бойы бағаналар сақина тәрізді өсінділермен өзара байланысып ортогон типіндегі нерв жүйесін түзейді.

Сезім мүшелері құрттардың паразиттік тіршілік етуіне байланысты өте нашар дамыған. Сорғыштардың личинкаларында бір немесе екі жұп  кішкене көзшелері болады.

Информация о работе Балықтардың инфекциялық аурулары