Балықтардың инфекциялық аурулары

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 20:05, лекция

Краткое описание

Ихтиопатология (грекше ichthys – балық, pathos – ауру, logos – ілім, ғылым) – балықтардың ауруларын, олардың пайда болу себептері мен даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Ихтиопатология ғылымына патологиялық анатомия жатады, ол мүшелер мен ұлпалардың қалыпты жағдайының бұзылуын және патологиялық физиология, ауру организмінің функциональдық өзгерісін зерттейді.

Файлы: 1 файл

лекции по болезни рыб.docx

— 348.80 Кб (Скачать)

Дамуы. Бунақты цестодаларда эмбрионы жатырда жүреді. Сыртқа шығатын жетілген жұмыртқада ілмешектермен қаруланған ұрық онкосфера қалыптасады. Пісіп-жетілген жұмыртқа артқы буындарымен жұмыртқаны қоршап алады. Артқы буындары бұзылған кезде жұмыртқа иесінің организімінен сыртқа шығады. Содан аралық иесі дамиды. Лента тәрізділер отрядының жұмыртқасы сыртқы ортада дамиды. Суда олардан кірпікшелермен қоршалған дернәсіл (корацидий)  шығады. Әрі қарай ол аралық иесінде дамиды. Көп жағдайда циклоптарда содан кейін балық организмінде. Дефинитивті иесі балық жегіш құс болып табылады. Таспа құрттардың басқа түрлерінің де тіршілік циклі иесін алмастыру және онкосфераның финна личинкасына, финнаның ересек түріне алмасуымен өтеді. Финнаның бірнеше формалары болады: жоғарыда көрсетілгендей цистицерк сұйықтыққа толы көпіршік, ішінде жиырылып жатқан бір бас болады; Ценур – сұйықтыққа толы көпіршіктің қабырғасында бірнеше бас орналасқан, олардың әрқайсысы жеке особъқа айналады; финнаның ерекше түрі – эхинококк, көпіршігі үлкен, ішкі қабырғасында және көпіршігінің ішінде бірнеше басы бар көптеген көпіршіктері түзіледі; Цистицеркоидл – көпіршіктің құйрық тәрізді өсіндісі болады; Плероцеркоид құрт тәрізді өсінді. Буынды емес цестодаларда (гвоздивичниковых) – сыртқа түскен жұмыртқасы аралық иесі – су омыртқасыздарының организмінде дамиды. Әрі қарай цестодалардың дернәсілдері балықтардың организмінде немесе өсімдік қоректі құстардың организмінде тіршілік етеді. Тұщы су балықтарында көбінесе 2 отрядқа жататын гельминттер паразитті тіршілік етеді: қалампырша (Caryophyllidea) және таспа құрттар (Pseudophyllidea)  бұлар келесідей тұқымдастарға бірігеді: Caryophyllidea, Triaenophoridae, Cyathocephalidea, Bothriocephalidea, Ligulidea.

Цестодалар  балықтардың патогенді  паразиттері  және олар көптеген ауруларды тудырады, әсіресе балықтардың шабақтары  көптеп қырылады.

Классификациясы. Таспа құрттар класы 9 отрядқа бөлінеді. Осылардың негізгі 2 отрядының өкілдері кең тараған және адам мен жануарлар тіршілігі үшін аса қауіпті паразиттер.

 

3. Цестодоз аурулары

Кавиоз – балықтың инвазиялық ауруы, қоздырғышы – Кавио синенсис дейтін тұқы, сазан және олардың будандарының, сондай-ақ қара және ақ амурлардың ішектерінде паразитті тіршілік ететін гельминт болып саналады.

Эпизоотологиясы – бұл ауру тұқы өсіретін балық шаруашылықтарында  жиі кездеседі. Көбінесе бір жылдық, екі жылдық балықтар ауырады. Ауру көктемде шығып, жаздың ыстық айларында күшейеді де күзге қарай бәсеңдейді.

Аурудың белгілері. Ауру балық нашар  жүзеді, арықтайды, көбінесе судың таяз жерінде жүреді. Құрсақ жағы аздап  томпайып, желбезектері бозғылт тартады. Балық нашар өседі, терісінің  үсті күңгірттенеді.

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Ауру немесе өлген балықты сойып  қарағанда ішегінің қабынғанын көруге болады. Ішектің шырышты қабығы қалыңдап экссудатпен жабылады, үстіне қан  құйылады да ішкі органдарында анемия байқалады.

Диагноз қойғанда балықтың ішегін тексеріп, ауру қоздырғышын табады, нәжісін  тексеріп, Кавио жұмыртқасының  бар-жоғын  анықтайды.

Сақтық шаралары – ауруды құрту  үшін тоғандардың түбін жазда  әбден кептіреді, қыста қатырады және сөндірілмеген әкпен дәрілейді. Балық тасымалына қатты көңіл  аударып, ауруы бар шаруашылықтан  балық әкелуге тыйым салынады. Тоғандарды өңдейді, тыңайтады, баптайды да жүгері, жоңышқа егеді.

Тұқы өсірілген су қоймаларында кавиоз ауруы көп тараса, тұқының  орнына бұл аурумен ауырмайтын оңғақ, мөңке, шортан балықтары өсіріледі.

Ем ретінде құрамында 1 процентті  фенасалы бар түйірлі жемді балықтардың  азықтанатын жеріне тастайды. Шабақ  балықтарды август айында және күзде  екі рет, фенасалдың 1 процентті ерітіндісімен, ал екі жастағы тұқыларды июнь немесе июль айларында бір рет  дегельминтазациялайды. Керек деп  тапса мұндай шараны 8-10 күннен кейін  қайталайды. Күзде товарлы балықты  түгел аулап алып, әбден тексеріп сұраптағаннан кейін сату орнына шығарады.

Балық азығына камала дәрісін де қосып беруге болады, ол үшін әр шабаққа  камаланы 0,1г есебімен, ал екі жастағыларына 0,3-0,4г есебімен береді. Емдік қоректі  арасына 2-3 күн өткізіп барып тағы да екі рет қайталайды.

Нанофиетоз. Ауру қоздырғышы – нанофиетус салминкола деп аталатын адамның, ет қоректі, үй және тағы хайуандардың ащы ішектерін мекендейтін таспа құрт. Адам мен ет қоректі хайуандар ішектеріндегі гельминттердің жұмыртқалары нәжіске араласып сыртқа шығады. Паразиттің ары қарай дамуы үшін оның суға түсуі шарт. Үш айда осындай жұмыртқаның ішінде корацидий жетіледі де, жұмыртқадан шығып, тұщысулық моллюсканың денесіне енеді, осы жерде спороциста, редий, сонан соң церкарий құрттары жетіледі. Церкарий балық, чавыча, майқан, таймань, кета, талма (гольян), денесіне енеді. Одан кейін оның бұлшық еттерін, қанаттарын, бас қуысын және ішкі органдарын мекендейді де инвазиялық метацеркарийге айналады. Сыртынан мөлдір түсті дәнекер тканымен қапталады да, капсула құрайды. Осындай метацеркариймен зақымданған балықты жеген хайуандар ауруға шалдығады.

Эпизоотологиясы. Бұл ауру Европа және Азия елдерінің біраз жерінде орын алып келеді. Жергілікті тұрғындар нанофиетуспен залалданған балықтарды шикі күйінде не аздап қана дегдіткен, әйтпесе сәл ғана тұздалған түрінде жей беретіні байқалады. Амур балығының метацеркариймен залалдануының экстенсивтігі 25-50 проценттей болса, интенсивтігі өте жоғары. Ендеше бір балықтың өзінен бірнеше мың личинка табуға болады. Аурудың үсті-үстіне шыға беруінің ең басты себебі – көлік ретінде немесе аң аулауға пайдаланылатын иттерді әрдайым шикі балықпен азықтандыру болып отыр. Осы иттер нәжісі арқылы топырақ пен су ластанады.

Аурудың белгілері. Нанофиетозбен зақымданған адамдар мен хайуандар арықтайды, терілері мен көз кілегей қабықтары бозарып кетеді, оң жақ қабырғасының асты ауырады, бастары айналады.

Диагнозы. Ауруға оның белгілерін негізге ала отырып, адам мен хайуандардың нәжістерін тексеру қорытындыларына сүйеніп диагноз қояды. Ал, жалпақ құрттың жұмыртқалары табылса, ауруға нақты диагноз қойылады.

Сақтық шаралары. Нанофиетоз ауруы жайлаған су қоймаларындағы өндірістік маңызы бар балықтарды тексеруден өткізеді. Мал дәрігерлік, медициналық және санитарлық жұмыстар жүргізеді. Шикі балықты жеуге немесе үй хайуандарына беруге тыйым салынады.

Псевдамфистоматоз – ет қоректілер мен адамның инвазиялық ауруы. Аурудың  қоздырғышы – псевдамфистоматум  трункатум – деген жалпақ құрт. Сақа гельминттер бауырдың өт жолын  мекендесе, личинкалары (метацеркарий) балықтың бұлшық етінің ішінде болады. Ауру Батыс Европа және басқа елдерде  орын алып келеді.

Өршуі описторхоз құртының өршуіне  ұқсас. Адам мен ет қоректі хайуандар  псевдамфистоматоздың личинкаларымен залалданған балықтарды шикілей  жесе осы ауруға шалдығады.

Аурудың белгілері. Ауырған хайуандардың ас қорыту аппаратының жұмысы бұзылады, көзге көрінетін кілегей қабықтары сарғаяды, арықтайды, тіпті өлім-жітімге де ұшырайды.

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Өлген ет қоректі хайуандардың өлекселерін жарып қарағанда сірі қабықтарының сарғайғанын, құрсақ қуысына сары түсті сұйықтық жиналғанын, ішектерінің қабынғанын, бауырдың үлкейгенін көруге болады. Өт жолдары жуандап, ішіне бұлдыр сұйық толады. Өт қабы өтке толып, көк бауыры сәл үлкейеді.

Жалпақ құрт балықтың жота бұлшық еттерінің үстіңгі жағында орналасады, кейде құйрық, кеуде және құрсақ бұлшық еттерінде де кездеседі. Балықтың бұлшық еттері семіп, оның орнына дәнекер  тканьдердің пайда болуына орай, балық етінің сапасы төмендейді. Осындай  зақымданған балық еттерінде  кейбір амин қышқылдарының (аланин, аспарагин  қышқылы, аргинин, валин, гистидин, лейцин, фенилаланин) көлемі артады. Емі жоқ. Сақтық шаралары. Описторхоз ауруымен ауырған және ауруы бар суқоймаларынан ауланған балықтарды шикідей пайдалануға және басқа орындарға тасымалдауға тыйым салу керек.

8 тақырып – 1 сағат. 1.2. Моногенетикалық сорғыштарға жалпы сипаттама, дамуы, систематикасы және жеке түрлеріне жалпы сипаттама

Ұзақ уақыт бойы моногенетикалық  сорғыштар трематода класына  біріктірілген. Ең алғаш оларды жеке топ ретінде қарастырып, класқа бөлген Ван Бенеден (Van Beneden, 1858) болды, кейіннен И.Карус (I.Carus, 1863) моногенетикалық сорғыштарды  класс тармағына бөлді. Моногенетикалық  сорғыштар 2 класс тармағына бөлінеді: Polyonchoinea және Oligonchoinea.

Моногенетикалық сорғыштар – балықтардың терісі мен желбезегінде амфибиялар мен  бауырмен жорғалаушылардың қуығында және басқа да мүшелерінде тіршілік ететін эктопаразиттер. Олардың түр саны 2500-ге жетеді.

Моногенетикалық сорғыштар – жалпақ паразитті  құрттар, арқа-құрсақ бағытында созылыңқы, денесінің ұзындығы 0,15-20,0мм болады. Бекіну мүшелері жақсы дамыған, олар денесінің алдында және артында  орналасады. Денесінің алдыңғы жағында  орналасқан бекіну мүшелері бас өсіндісі ретінде – валикті, ойықты, сорғышты болады, негізінен паразиттердің  фиксациясы үшін қоректену кезінде  қызмет атқарады. Бас өсінділері қозғалмалы қалақша болады. Гирадактилус та жұп, кейде 2 дактилогирус, ансироцефалус  немесе 4 жұп болып келеді. Моногенейлерден  кейбір (Diplozoon) және т.б. туыстарында) жұп  сорғыштары болады. Денесінің алдыңғы  жағында бас безінің тармағына  келіп ашылатын 2-4 қалақшасы болады. Денесінің соңында бекіну дискісі  орналасады, осының көмегімен паразит  иесінің денесіне бекінеді. Бекіну дискісінде әр түрлі хитиноидты құрылымдар орналасқан: ортаңғы не шеткі ілмешектер, жалғастырушы пластинкалар, қақпақтар, сорғыштар бұлар маңызды систематикалық белгілер болып табылады. Кейде диск бір ірі сорғышқа айналады. Ортаңғы  ілмешек (негізінен 1-3 жұпқа дейін) бекіну дискісінің ортасында орналасады, ортаңғы  ілмешектің арасында – жалғастырушы пластинка болады. Кейбір (Acolpenteron, Pseudocolpenteron туысында) ортаңғы ілмешектер болмайды. Шеткі ілмешектер (саны 10-16 дейін) диск перифериясында орналасады, оның мөлшері  пішіні бойынша алуан түрлі. Кейде  бекіну дискісінде ілмешектермен жабдықталған сорғыштар болады (Nitzchia туысы) немесе хитиноидты құрылымды бекіну клапоны  болады.

Денесі негізінен  тегіс кутикуламен қапталған, оның астында тері-бұлшықетті қап болады, осы жерде ішкі органдары орналасады. Мүше аралық кеңістігі паренхимамен толтырылған.

Асқорыту  жүйесі жақсы дамыған, ол ауыз тесігінен. Жұтқыншақтан, өңештен және ілмешектен тұрады. Өңеш кейде болады, кейде  болмайды. Ішегі 2 бағанды болады, жәй  трупкалық кейде бүйірлі өсіндіден  немесе бұтақталған болады, олардың  бітуі доғал немесе дененің артқы  жағына қосылып кетеді.

Зәр шығару жүйесі – протонефридиялы, оның капелярларына, тармақтарынан және сыртқы ортамен байланысатын соңғы бөлімінен тұрады.

   Нер жүйесі – ми ганглиясынан және бірнеше жұп шығып тұратын жұп нерв бағаналарынан (дорсальды, латеральды және вентральды) тұрады.

Жыныс жүйесі гермафродитті. Аталық жыныс  жүйесі – тұқым безінен, тұқым  өткізгіштен, қосымша бездерден  және копулятивті органнан тұрады. Копулятивті органның құрылымы маңызды  систематикалық белгі болып саналады. Аналық жыныс жүйесі – жұмыртқа безден, сарыуыздан, қосымша бездерден  және тармақтан тұрады. Сперматозоидтар  шағылысу нәтижесінде қынап арқылы оотипке түседі, ал жұмыртқа клеткалары оотипке үздіксіз түсіп тұрады. Құрттың  алдыңғы үштен бір бөлігінде  жыныс тесігі орналасады, оған жатынның соңғы бөлімі мен хитинді ине  ілмешектерімен қаруланған аталық жыныс  мүшесінің шеткі бөлімі ашылады. Тірі туатын гиродактилуста сарыуыз  безі болмайды. Көптеген моногенейлер пішіні жағынан алуан түрлі жұмыртқа салады: домалақ, доғал, ұршық тәрізді, оның жоғарғы жағы жабындымен және филоменттермен жабдықталған.    

           Моногенейлердің даму циклі. Моногенетикалық сорғыштардың тіршілік циклі иесін және ұрпағын алмастырусыз өтеді. Кластың аталуы да осыдан. Суға салынған жұмыртқадан кірпікшелі немесе онконерацидий шығады. Ол суда активті жүзіп, өзінің иесін іздейді, иесін тауып, оған бекінеді, кірпікшелерін тастап паразитті жағдайға көшеді. Біртіндеп бекіну аппараты дамиды, ішкі органдары қалыптасады, біртіндеп құрт жұмыртқа сала бастайды. Денесінің жоғарғы жағына, жүзбе қанаттарында, желбезегінде, мұрын ойығында, ауыз қуысына, т.б. органдарында орналасады.

Кейбір моногенейлер тірі туады. Олардың жатырында эмбрион  дамиды, жетілгеннен кейін сыртқа шығады.

Кейбір әдебиеттерде моногенетикалық сорғыштарды “многоусти”  деп атаған яғни көп мұрттылар. Бұлай  аталу себебі – олардың бірнеше  сорғыштары болады, осы әрбір сорғыштың  түбінде бұрындары ауыз болған деп  санаған.

Систематикалық  жағдайы. Моногенетикалық сорғыштар 2 класс тармағына бөлінеді: 1. Polyonchoinea (төменгі сатыдағы моногенейлер) және 2. Oligonchoinea (жоғарғы сатыдағы моногенейлер)

Бұл екі класс  тармағының бір-бірінен айырмашылығы: Polyonchoinea класс тармағына жататын  таксондардың кейбіреулерінде ілмешектерінен сорғыш дамиды. Кейде олардың бекіну дискісі бүтіндей күшті бір сорғышқа айналады. Ал Oligonchoinea класс тармағында дискіде – басқа бекіну құрылымы қақпақтар орналасады, олардың саны 6-8-ден бірнеше ондаған болады.

Моногенейлердің классификациясы олардың бекіну аппаратының құрылысына негізделген. Қазіргі уақытта Monogenoidea 6 отряд түзетін 2 класс тармағына бөлінеді.

 

Класы: Monogenoidea

 

Класс тармағы:                   Polyonchoinea                    Oligonchoinea

              Отряд:                    Dactylogyridea                   Dictybothriidea

              Отряд:                    Monopisthocotylidea

             Отряд:                     Tetraonchidea                       Mazocraeidae

             Отряд:                      Gyrodactylidae

Тоған шаруашылығында балықтардың қауіпті  ауруларының бірі дактилогирустар.

Тип: Plathelminthes

Класс: Monogenoidea

1 Класс  тармағы: Polyonchoinea

1 Отряд: Dactylogyridea 

Тұқымдас: Dactylogyridea  

Туыс: Dactylogyrus

Түр: D.vastator

 

2 отряд  Gyrodactylidae

Тұқымдас: Gyrodactylidae

Туыс: Gyrodactylus

Түр: G. elegans

 

2 класс  тармағы: Oligonchoinea

3 отряд: Mazocraeidae

Тұқымдас: Diplozoidea

Туыс: Diplozoon

Түр: D. paradoxum

 

Dactylogyrus туысы балықтардың желбезегінде  паразитті тіршілік етеді. Дактилогирусты  – түссіз жалпақ ұсақ құрттар,  ұзындығы 1-1,5 мм. Денесінің алдыңғы  жағында 4 пигментті көзшесі орналасқан, ал денесінің соңында бекіну  дискісі 2 ортаңғы және 14 шеткі  хитинді ілмешектермен қаруланған. Ортаңғы ілмешектерінің арасында 1-2 жалғастырушы пластинкасы бар.  Дактилогирустар гермафродитті.  Ілмешектерінің пішіні  мен формасы  сонымен қатар копулятивті органы  систематикалық белгі болып саналады. Дактилогирустардың дамуы иесін  алмастырусыз өтеді. Жыныстық  жетілген құрттар суқойманың  түбіне жұмыртқа салады. Осы жерде  өсімдікке немесе тасқа бекінеді. Бірнеше уақыт өткеннен кейін  жұмыртқадан дернәсілдер шығады, олар кірпікшелерінің көмегімен  жүзеді. Дернәсілде 4 пигментті көзшесі  және денесінің соңында ілмешектер  орналасады. Дернәсіл иесін тауып  оған бекініп, кірпікшелерін тастайды, өсіп дамып ірі гельминтке  айналады.

Информация о работе Балықтардың инфекциялық аурулары