Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 20:05, лекция
Ихтиопатология (грекше ichthys – балық, pathos – ауру, logos – ілім, ғылым) – балықтардың ауруларын, олардың пайда болу себептері мен даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Ихтиопатология ғылымына патологиялық анатомия жатады, ол мүшелер мен ұлпалардың қалыпты жағдайының бұзылуын және патологиялық физиология, ауру организмінің функциональдық өзгерісін зерттейді.
Жұмыр құрттардың сақалары балықпен қоректенетін құстардың, кейде жыртқыш балықтардың ішектері, бүйректері мен басқа да органдарында паразиттік тіршілік етеді.
Паразит жұмыртқаларының одан әрі дамуы үшін енді су не сулы орта керек. Өйткені олар бастапқыда ескекаяқты, құрт пен моллюскалар ішінде дамиды да, кейіннен қосмекенділер, құс және сүтқоректілерге ауысады. Балық организміне енген паразиттің личинкасы оның құрсақ қуысында немесе бүйір сызығының бойындағы бұлшық еттерінің ішіне кіріп, сыртынан капсуламен қапталады. Бірақ мұндай балықтарда аурудың ешқандай белгісі білінбейді.
Бұл паразиттердің адам денсаулығы үшін тікелей зияны жоқ. Бірақ балықты зақымдап, олардың тағамдық қасиетін төмендетеді. Соңғы уақытта жұмыр құрттардан жанама түрде пайда болатын, адамға зиянды үш ауру ашылды. Олар:
1. Анизакистың личинкасы көптеген теңіз балықтарынан табылды. Зақымданған балықты шикілей немесе шала піскен, көбінесе нашар тұздалған май шабақты жеген адам ауруға шалдығады. Паразит личинкасының ішектен қуысына алғаш рет енген кезінде аурудың белгісі байқалмағанымен, личинкалар сол жерге екінші рет енгенде ауру белгісі бірден білінеді. Организмнің сезімталдығы күшейіп, аллергиялық реакция әсерінен зозинофил флегмоноза энтериті деп аталатын ауру пайда болады;
2. Ангиостронгилус контонензис паразитінің адамның зозинофил менингит дерті сияқты ауруының себепшісі екені дәлелденді. Паразит жер бетінің ұлуы, тұщы су креветкасы, таңқы шаян және бонито орнаниздерінде өсіп-өнеді. Демек бонитоны жеген адамның осы ауруға шалдығуы ықтимал;
3. Капиллярия филитпинензис жұмыр құртынан адам ішектерінің қылтамырлары (капилляр) қабынады. Аурудың әсерінен ішектің эпителий клеткалары семеді, ас қорытуы нашарлайды, іші өтеді, оны емдеу оңайға түспейді. Адамның бұл аурумен зақымдануы паразит жұмыртқасымен залалданған тұщы судан ұсталған және дұрыстап тазартылмаған балықтарды шикілей жегендіктен деген жорамал бар.
4. Тұқы филометроидозы. Бұл балықтың денесін және ішкі органдарын зақымдайтын тұқы, сазан және олардың будандарының жіті және созылмалы гельминттік ауруы.
Біздің елімізде бұл ауруды алғаш
рет 1964 жылы Прибалтика шаруашылықтарынан
К.О.Висманс байқады. Балықты тасымалдағанда
бақылау жұмыстарын жүргізбегендіктен
Белоруссия, Украина, РСФСР шаруашылықтарының
да кейбірінде ауру орын алып, кең тарап
кетті. Демек, бұл аурудан балық
өсіру тоғандары үлкен
Ауру қоздырғышы – тірі туатын қызыл түсті, Philometroides lusiana дейтін жұмыр құрт. Жіп тәріздес ұрғашысының ұзындығы 160мм жетеді, ал еркегінің ұзындығы 2,9-3,5 мм ғана.
Судың температурасы 17 С болғанда паразиттің ұрғашысы көк сұр түсті личинкасын суға бөліп шығарады. Ол су ішінде 10-12 тәуліктей тірі жүреді. Осы уақытта бұларды циклоп жұтады да, залалданған су шаяндарымен балықтар зақымданады. Личинкалар дене қуысына еніп, кейіннен бауыр, бүйректерге, торсылдаққа ауады. 1-1,5 ай ішінде личинкалар жетіледі. Сонан соң ұрықтанған ұрғашылары бастапқыда бұлшықетке енеді де, кейін қабыршақ қалташықтарына ауысады. Еркектері балықтың торсылдағында біразырақ тіршілік еткен соң өледі. Даму циклінде 1 жыл уақыт кетеді.
Эпизоотологиясы. Филометриозбен қай жылғы тұқы болсын, көктем мен жаз мезгілінде ауырады. 7-8 күндік шабақ зоопланктонмен қоректене бастағандықтан – ақ ауруға шалдыға береді. Денесінде 3-5 паразит бары өліп қалады.Ауру балықтар мен су шаяндары ауру таратады.
Патогенезі. Филометроиздар мехникалық және токсигендік әсер етеді. Шабақтардың бойындағы личинкалары олардың бауырын, бүйректерін, торсылдағын, терісі мен қан тамырларын зақымдайды.
Мөңке филометроидозы. Филометроидоз мөңкенің құйрық, жота қанаттарын, сондай-ақ ішкі органдарын зақымдайтын, жіті және созылмалы түрінде өтетін инвазиялық ауруы.
Ауру Украина, Қазақстан, сібір, РСФСР-дың солтүстік аудандарындағы тоған шаруашылықтарында кездеседі.
Ауру қоздырғышы – Philometroides sanduien. Ұрғашысының ұзындығы 10-42мм, ал еркегінікі – 2,35-3,3.
Паразиттің даму циклі Ph.Lusianaға ұқсас. Жыныстық жағынан жетілген еркектері мен ұрғашысы майдан бастап октябрьге дейін балықтың дене қуысы ішінде шағылысады. Ұрықтанған ұрғашылары жүзу қанаттарына ауысады да, сол жерде қыстап шығады. Еркектері дене қуысында біразырақ болған соң өліп қалады. Көктемде ұрғашылары көптеген личинкалар туады, олар барып су шаяндарына еніп, әрі қарай дами береді де, 4 күннен кейін ауру туғызатын қабілетке жетеді.
Эпизоотологиясы. Мөңкенің шабақтары филометроидозбен 2-3 жұмалығында ауырады. Көктем мен жаз мезгілінде судың температурасы 16-18 °С жеткенде балықтар ауыра бастайды. Күз бен қыста ауру тоқтатылады.
Патогенезі мен патологиялық – анатомиялық өзгерістері тұқы филомеотроидозындағыдай.
Аурудың белгілері. Аурудың жіті түрінде балықтың бауырына, бүйрегіне, торсылдағына қоныс аударған личинкалар осы органдардың жұмыстарына үлкен кесел жасайды. Ауруға шалдыққан шабақтар бүйір жағына жатып жүзеді, басын төмен салып су түбіне батады да көп кешікпей өледі.
10 тақырып – 1 сағат. Крустацеоз аурулары
Эргазилез – паразиттік шаяндардан жұғатын балықтың инвазиялық ауруы. Бұл ауруға шалдыққан балықтың желбезек желектері қабынып, шіриді.
Бұл еліміздің көпшілік тоған шаруашылықтарында орын алып келеді, сондай-ақ Батыс Европа елдерінде де кездеседі. Көбінесе көлді мекендейтін балықтар зақымданады.
Аурудың қоздырғышы – кішкене келген шаян. Ол тұщы су көздерін мекендейтін 50-ден астам (тұқы, алабұға, албырт, шортан, т.б.) балық түрлерін зақымдайды. Оның ішінде оңғақ, табан, ақсаха, пайка жиі ауырады. Балық өсіретін тоғандларға ауру қоздырғышы зақымдалған балық, ал паразиттің личинкасы аққан су арқылы түседі. Ауру жаз айларында күшейіп, күз айларында бәсеңдейді.
Аурудың белгілері. Ауру таратқыш шаяндар балық желбезегі желектерінің аралығында және оның сырт жағын ала орналасады. Ал пайканы алатын болсақ паразиттер оның басына, көзінің айналасына және жүзу қанаттарының түбіне жабысады. Ауырған балық желбезектері қабынып, қалың шырыш басады, қан тамырлары бітеледі де шіри бастайды. Зақымдалған жерлері қуарып, көк грибоктер өседі. Ауру балықтың өсуі нашарлайды, арықтайды, су ағысына топталады, кейде өліп те қалады.
Диагнозы. Аурудың эпизоотологиясын ескеріп, клиникалық белгілеріне қарап қояды. Желбезектің шырыштарын микроскоп арқылы тексеріп, шаяндардың бар-жоғын анықтайды.
Сақтық шаралары. Ауру қоздырғыштарының балық өсірілетін тоғандарға енбеуіне мұқият болу керек. Зақымдалған балықтарды 100 мг/л есебімен алынған хлорофос ерітіндісі құйылған ваннада тоғытады. Осылай дәрілегенде аурудың қоздырғышы 2-3 сағатта өледі.
Лернеоз – аурудың қоздырғышы ескек аяқты шаяндар. Олар: мөңке, тұқы, сазан, табан, т.б. балықтардың денесінде паразиттік тіршілік етеді.
Эпизоотологиясы – лернеоз тоған шаруашылығы мен көлдерде кездеседі. Көбінесе ескі, батпақты тоғандардан шығады. Онымен мөңке, тұқы, ақ және қара амурдың шабақтары жиі ауырады. 2-3 жастағы балықтар ауырмайды десе де болғандай.
Ауруды залалданған балықтар таратады. Оңтүстік аймақтарда ауру балықтар апрельдің аяғында-ақ біліне бастаса, орталық аймақтарда жаздың орта кезінде шығады. Май айынан август айына дейін ауру балықтың саны көбейіп, сонан соң азая бастайды. Тұқы мен мөңкенің шабақтары бұл аурудан көптеп өледі.
Аурудың белгілері. Паразит балықтың терісіне еніп, етіне жетеді. Олардың жабысқан жерлерінде уытты жара пайда болады, оның айналасы іседі. Терісі мен бұлшық еттері қабынады. Бара-бара сол жерде паразиттік түйін пайда болады. Ауру балықтың денесіндегі уытты жара кейде шешекке ұқсап кетеді. Терісінің қабынуына орай, оның қабыршағы сәл ғана көтеріңкі болады, формасы бұзылып, сына бастайды.
Ауру балықтар арықтайды, нашар қозғалады, судың ағысына жиналады. Ондай балықтарды қолмен оп-оңай ұстап алуға болады.
Диагнозы. Аурудың белгілеріне қарап және балық денесінен лерней шаянын тауып, ауруды анықтайды.
Сақтық шаралары – Хлорофостың 0,5мг/л ерітіндісі паразитті 6 сағаттың ішінде өлтіреді. Ал хлорофостың 100 мг/л ерітіндісі судың жылылығы 22-26 градус болғанда паразитке 5-6 күн бойы әсер етеді. Көктемде тоғандағы суға 3-4 рет хлорофос ерітіндісін қосқанда балықтар паразиттен толық арылады.
Санитарлық баға – балық денесін көптеген уытты жара қаптап кетуіне орай, олардың товарлық қасиеті жоғалады. Сондықтан да ондай балықтарды сатуға шығаруға болмайды.
Аргулез ауруының қоздырғышы – шаяндар. Аргулестер балықтың терісіне жабысады, оның қанын сорады.
Эпизоотологиясы. Аргулезбен тұқы, бахтақ, ақ және қара амур, сазан, көк серке, табан, албырттар мен ақсахалар, әсіресе олардың шабақтары жиі ауырады. Ауруды көбінесе ірі балықтар таратады. Ауру тоған шаруашылықтары мен көлде кездеседі. Жаз айларында ауру кең тарап, күзге, қысқа қарай азаяды. Шаяндар балық үстінде қыстап та шығады. Мұндай балықтар ауру таратуға бірден-бір себепші болады.
Аурудың белгілері. Аргулестер балық денесіне тұмсығын сұғып, қанын сорады. Балықтың ол жерлері ісіп, қан құйылады да, қызарып кетеді. Алғашқыда жәй жара болып, кейіннен ұсақ, уытты жараға айналады. Балықтар бағытсыз жүзеді, балдырлардың ішіне жасырынып, соларға сүйкеніп демалады. Қатты зақымданған балықтар тез арықтайды, желбезегінің қаны қашады.
Диагнозы. Аурудың белгісін негізге алып, балықтың денесінде аргулес бар-жоғын анықтайды. Аргулес шықса оларды шыны ыдысқа жинап, түрге бөледі.
Сақтық шаралары. Алдын алу үшін ауру балықтар мен сау балықтарды бір-біріне жақындатпау керек. Тоғандарда балықтың ірісі мен шабақтарын араластырмай жылына қарай орналастырады. Ағынды сумен бірге тоған суына енетін шаяндарды бөгейді. Паразиттің салған жұмыртқаларын құрту үшін тоғанның түбін кептіріп, хлор немесе сөнбеген әкпен дезтгфекция жасайды. Судағы балықты аргулестен арылту үшін суға 100 мг/л есебімен хлорофос қосады. Онда балықтарды бір сағат ұстайды. Тоғанның 1 гектарына 100-150кг есебімен сөнбеген әк шашады. Июль, август айларында тоғанды арасына 2-3 жұма салып әкпен дәрілейді.
Карбофосты да тоғанда пайдалануға болады. Оны тұқының, сазан, ақ амур, ақ және шұбар дөңмаңдайдың шабақтарын дәрілеуге қолданады. Карбофостың 0,1мг/л концентрациясы шаянның майдасы мен ірісін бірдей өлтіреді. Судағы сутегі ионының (рН) мөлшері 8,0-ден жоғары болған уақытта карбофосты қолдануға болмайды. Карбофос ерітіндісін іші эмальмен қапталған ыдыс, ағаш ыдыс немесе брезент кеспектің ішінде дайындайды. Концентрациясы 0,2 проценттік карбофес эмульсиясын Коморовтың дезинфекциялық қондырғысымен (ДУК) судың бетіне шашады. Осылай карбофоспен дәрілегеннен кейін 24 сағат өткен соң бір гектар суға 100 кг есебімен сөнбеген әк шашады.
Синергазилез – қоздырғышы шаян болып табылатын балықтың инвазиялық ауруы. Негізінен ақ амур мен ақ және шұбар дөңмаңдайлар ауырады.
Эпизоотологиясы. Аурумен балықтың қай жылдығы болса болса да ауыра береді. Дегенмен, шабақтарға қарағанда 2-3 жылдық балықтар жиі ауырады. Ауру негізінен жаз айларында кездеседі.
Аурудың белгілері. Паразит негізінен желбезектің екінші және үшінші доғашықтарына орналасады. Желбезекті тексергенде оның зақымданып, өлі еттенген жері сау жерлермен салыстырғанда анық көрініп тұрады. Желбезек ақ түсті болады. Ауырған балық жуасиды, таза су ағып қосылған жерге жиналады да, көп кешікпей өліп қалады.
Диагнозын аурудың клиникалық белгілерін тексеріп, желбезегін қарап барып қояды.
Сақтық шаралары. Балық ауруы
жоқ су қоймаларына ауру балықтарды
жіберіп алмау керек. Өсімдік
қоректі балықтарды алып келерде
алдымен олардың денесінде
Балықты емдеу үшін тотияйын мен темір тотияйынының қосындыларын қолданады. Ол үшін тотияйынның бес бөлігіне темір тотияйынның екі бөлігін (5:2) қосады. Осындай жеті бөлік қосындыны 1000000 бөлік суда ерітеді. Бұл ерітіндінің ішінде балықты 6-7 тәулік ұстайды.
Ескекаяқты шаяндар отряды - Copepoda
Бұлар тұщы суларда және теңіздерде тіршілік ететін, планктонның және су тyбi фаунасының ең маңызды және тұрақты құрамы. Паразиттік түрлері де бар. Ұзындығы 0,1 мм-ден 3 см-ге дейін, кейбір паразит түрлері 30 см-ге дейін. Денелері жақсы сегменттелген: басы кеудесінің бipiнші сегментімен бipiгiп біткен; кеудесі 5, құрсағы 4 сегментті, ұшы айырша аналь қалақшасымен аяқталады. Тек науплиус көзі дамыған, күрделі көздері жоқ. Антеннулалары ұзын, кейде денесінен де ұзын (Diaptomus туысында), планктонды тіршілік eтуіне байланысты, суда қалқып жүзіп жүреді. Антенналары қысқа.
Кеуде аяқтары екі бұтақты, жалпақ(калакты), ескекпен ескен сиякты қозғалыс жасайды (отрядтың аталуы да осыдан).
Аналығы жұмыртқаларын құрсақ сегментінде, аналь тесігіне жабыстырылған екі жұмыртқа қапшығында сақтайды (107-сурет).
Дамуы метаморфозбен өтед1, личинкалары: науплиус, мета-науплиус және копеподид.
6000-нан аса түpi бар. Негізгі туыстары: Cyclops, Diaptomus, Calanus - тұщы суларда, теңіздерде планктонның тұрақты құрамы; Canthocamptus туысының өкілдері су түбінде, балшық арасында кездеседі Тұщы суларда ең кең тарағаны - Cyclops туысының өкілдері олар көптеген су жануарларына, балық шабақтарына қореқ бола тұрып, сондай-ақ жалпақ таспа құрттардың, риштаның аралық иeci болып табылады. Ескекаяқты шаяндардың Lamproglena, Lernacocera, Achtcres, Tracheliaster туыстарының өкілдері балықтардьң аса көп тараған паразиттер. Олардың паразиттік тіршілік етуіне байланысты дене пішіні де үлкен өзгерістерге ұшыраған - не қапшық тәрізді, не өте созылып, ұзарып келген, сегментациясын жоғалтқан, тек екі жұмыртқа қапшығының болуы, оларды Copepoda-ның өкілі екендігін дәлелдейді (108-сурет).