Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 20:05, лекция
Ихтиопатология (грекше ichthys – балық, pathos – ауру, logos – ілім, ғылым) – балықтардың ауруларын, олардың пайда болу себептері мен даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Ихтиопатология ғылымына патологиялық анатомия жатады, ол мүшелер мен ұлпалардың қалыпты жағдайының бұзылуын және патологиялық физиология, ауру организмінің функциональдық өзгерісін зерттейді.
ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
1 Тақырып – 1 сағат. Кіріспе.
Ихтиопатология (грекше ichthys – балық, pathos – ауру, logos – ілім, ғылым) – балықтардың ауруларын, олардың пайда болу себептері мен даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Ихтиопатология ғылымына патологиялық анатомия жатады, ол мүшелер мен ұлпалардың қалыпты жағдайының бұзылуын және патологиялық физиология, ауру организмінің функциональдық өзгерісін зерттейді.
Аурудың пайда болу себептері мен шарттарын зерттейтін ихтиопатология бөлімі – этиология (грекше aitio – себеп), ал организмнің даму механизмін зерттейтін патология бөлімі – патогенез деп аталады.
Ихтиопатология жалпы және жеке болып бөлінеді.
Жалпы ихтиопатология – барлық патологиялық процестердің заңдылықтарын зерттейді, дамуы мен пайда болуын және таралуын қарастырады.
Жеке ихтиопатология ауруға ұшыраған әрбір мүшелердің және организм жүйелерінің функциясын зерттейді. Сонымен қатар, экспериментальдық ихтиопатологияда балықтарға жүргізілген тәжірбиенің нәтижесі қолданылады.
Балықтардың
организмі суыққанды
Ауру организмнің әртүрлі
Балықтардың
ауруларының классификациясы
Жұқпалы ауруларды вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар, балдырлар және паразиттік тіршілік ететін жануарлар қоздырады.
Жұқпалы емес аурулардың қоздырғышы болмайды, ол сыртқы ортаның күрт өзгеруі нәтижесінде ( судың температурасының өзгеруі, оттегінің аз немесе көп мөлшері, токсикалық(улы) заттарымен судың ластануы және т.б., дұрыс емес қоректенудегі зат алмасудлың бұзылуы, авитаминоз, травмалардың және т.б. әсерінен болады.
Жұқпалы аурулар инфекциялық және инвазиялық немесе паразитарлық болады. Инфекциялық аурулардың қоздырғыштары вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар, балдырлар. Инвазиялық аурулардың қоздырғыштары паразиттік тіршілік ететін жануарлар: қарапайымдылар, гельминттер, шаянтәрізділер және т.б. Соған байланысты мұндай ауруларды протозойлық (латынша – “протозоа”- қарапайым) гельминтозды (“гельминт” - паразиттік тіршілік ететін құрттар), крустацеозды (крустацеа – шаянтәрізділер). Әрбір аурулар сыртқы (клиникалық) әсерлерімен анықталады, ол өмір сүру барысында көрінеді.
Кейбір клиникалық белгілер әрбір анықталған ауруға қарасты - синдром деп аталады. Кейбір кезде сол бір клиникалық белгілер әр түрлі аурулар туғызады. Мысалы: балықтардың демалуы қиындаған кезде, олардың желбезектері паразиттік инфузориялармен зақымдалған (триходиналармен, хилодонеллалармен). Сыртқы клиникалық белгілерден басқа патологофизиологиялық және патологоанотомиялық белгілері бар.
Патологофизиологиялық белгілер – организм мүшелерінің жұмысының бұзылуын қарастырады. Патологоанотомиялық белгілер балықтарды сойған кезде көруге болады.
Ауру процестері 3 кезеңге бөлінеді:
Бірінші кезең – латентті немесе жасырын (инкубациялық) қоздырғыштың денеге ену кезінен аурудың клиникалық белгілеріне дейін.
Екінші кезең – клиникалық (аурудың басталуы), клиникалық белгілердің басталу кезеңі.
Клиникалық кезеңде – аурдың белгілері айқын көрінеді.Олар бірнеше айға дейін созылады.
Үшінші кезең – аурудың аяқталуы. Ол жазылуымен аяқталады.
МОДУЛЬ
1. БАЛЫҚТАРДЫҢ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ
2 Тақырып – 1 сағат. Бахтақтың вирустік геморрагиялық септицемиясы. Бахтақ пен албырттар тұқымына жататын балықтардың аса қауіпті жұқпалы ауруы. Ауру балықтың терісі қараяды, көздері бадыраяды, іші кебеді, қанаттары бүлінеді, нерв жүйесі зақымдалады, желбезектеріне көз қуыстарының дәнекер тканьдеріне, қаңқасының бұлшық еттеріне, ішкі майларына және торсылдағының қабырғаларына қан құйылады.
Ауру қоздырғышы – бактериялық сүзгіден өтетін “егтведвирус” деп аталатын вирус. Күз ішінде сақталған бахтақтың өлексесінде вирус 24 тәулік, ал 21 градус салқындықта одан да ұзақ тіршілік етеді. Диагностикалық зерттеулерде ол көк бауыр мен бүйректерден бөлінеді. Бахтақтың уылдырығында мекендейді деген де пікір бар.
Эпизоотологиясы. Бұл ауру Европаның көпшілік елдерінде бар. Ол негізінен қызғылт сары бахтақты зақымдайды, ауырған балықтың басым көпшілігі (9-78%) қырылып қалады. Ауру негізінен күз бен қыс айларында, судың жылылығы 8-10 градус болғанда шығады. Дегенмен ауру күтімі нашарланған балықтардың арасында жаз айларында да бола береді.
Ауру көзі – ауру балық және оның организмінен бөлінетін заттар, сондай-ақ бахтақ өлекселері. Залалданған тоған суы арқылы да балықтар зақымдалады.
Аурудың
жасырын кезеңі судың
Аурудың белгілері. Ауру жіті және созылмалы түрінде өтеді, негізінен нерв жүйесі зақымданады. Кейбір зерттеушілер аурудың төтенше (белгісі байқалмайтын) түрі болады деп есептейді.
Аурудың жіті түрінде патологиялық өзгерістер тез дамиды да ауру балықтардың басым көпшілігі өліп кетеді. Ауру балықтардың терісі қара қоңыр түске боялады, көздері бақырайып шарасынан шығып кетеді, желбезектерінің қаны қашып, шұбарланғаны байқалады. Қанаттарының түбі қызарады. Аурудың созылмалы түрінде ол жайлап дамиды да, өлім-жітім көп болмайды. Ауру бахтақтың терісі қап-қара болып кетеді, желбезектері қаны азайғандықтан қуаң тартады, не болмаса ашық қызыл немесе ақсұр болады.
Аурудың нервтік түрінде балықтың қимылында өзгеріс болады – судың түбінде ирелеңдеп, кейде бетінде жалпағынан жатып, бүйірлеп жүзеді, денесі селкілдейді.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Ауруға тән патологиялық-анатомиялық өзгерістерде – көзінің айналасына, бұлшық етіне, іш майына, торсылдағына, көк шандырына, жүрекке, басқа органдарына шашыраңқы қан құйылуы байқалады. Қанның шапшуы аурудың жіті түрінде жиі болады да, созылмалы түрге ауысқанда жоқ болып кетеді.
Бауырды гистологиялық
зерттеуден өткізгенде, оның некрозға
шалдыққан жерлерін көруге болады.
Бүйректер аурудың жіті түрінде
қызыл түсті болады да созылмалы
түрінде сұрланады. Оған гистологиялық
зерттеу жүргізгенде
Сақтық шаралары. Аурумен күресте дәрігерлік-санитарлық балық өсіру, мелиоративтік және зоотехникалық шараларды қатаң сақтау шешуші роль атқарады. Тоғандағы балықтардың күтімін жақсарту қажет.
Санитарлық баға. Қатты зақымдалған балықтарды пісіргеннен кейін малға азықтыққа пайдаланады. Аздап қана зақымдалғандарын ешқандай тежеусіз пайдалануға болады.
Албырт ұйқы
безінің инфекциялық некрозы
– албырт тұқымдас балық шабақтарының
тез өршитін вирустық ауруы. Ауру
балықтың қозғалысы (жүзуі) бұзылады, терісі
қараяды, ұйқы бездері зақымданады,
нүкте тәріздес қан құйылады, бауыр
мен көк бауырда т.б. паренхимотоздық
органдарда елеулі өзгерістер болады.
Ауру тез дамиды да, ауырған балықтардың
басым көпшілігі қырылып
Ауру қоздырғышы – бактериялық сүзгіден өтетін вирус, оның құрамында рибонуклеин қышқылы бар.
Ауру негізінен талма, қызғылт сары бахтақ, құжма, сондай-ақ албырт балықтарының кейбіреулерін зақымдайды. Әсіресе Атлантиканың албырттары мен бахтақтары, сондай-ақ балық заводтары мен питомниктерде өсірілетін балықтар жиі зақымданады. Балықтың басқа түрлері бұл аурумен ауырмайды.
Аурудың белгілері. Ауру жіті түрінде өтеді де ауырған балықтар жаппай қырылады. Балық заводтары мен питомниктерінде өсірілетін бахтақ және басқа албырт тұқымдас балықтардың шабақтары көбірек өледі.
Ауру алғаш белгі бергенде балық шабақтары аяқ аятынан өліп қалады. Ауру балықтардың денесі дірілдеп, қозғалысы бұзылады, балық бүйірімен жүзеді немесе құрсақ жағы судың бетіне қарайды, бір жерді айналып, ирелеңдеп жүзеді, әбден шаршаған соң судың түбіне кетеді, дем алысы нашарлайды. Сонан соң патологиялық өзгерістің дамуына орай терісі қараяды, іші кебеді, денесінің қызарғаны байқалады.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Жаңа ғана өлген балықты сойып қарағанда, ішкі органдарында, атап айтқанда, пилорикалық өскіншелерде нүкте сияқты қан құйылғаны байқалады. Бауыр мен көк бауыр реңсізденеді. Өт қабы өтке толып, созылып кетеді, кенересі босайды.
Ұйқы безін гистологиялық-зерттеуден өткізгенде онда некроз барлығы байқалады.
Диагнозы. Ұйқы безінің инфекциялық некрозына диагнозды эпизоотологиялық мәліметтерге, клиникалық белгілеріне, өлекседегі өзгерістеріне және гистологиялық зерттеудің қорытындысына сүйеніп қояды.
Сақтық шаралары. Албырттардың ұйқы безінің инфекциялық некрозына қарсы күресте дәрігерлік – санитарлық, балық өсіру – мелиоративтік және зоотехникалық жұмыстардан тұратын комплексті профилактикалық шараларды балық өсіру шаруашылықтарында бұлжытпай орындау қажет.
Албырттардың індетті қан аздығы – қан айналымын реттейтін органдар мен орталық нерв жүйесін зақымдайтын жұқпалы ауру. Ауру балықтың қанында қызыл түйіршіктер мен гемоглобин азаяды, анемия пайда болады, балықтың қозғалысы бұзылып, айналасындағы нәрселерді елең етпейді.
Албырттардың індетті қан аздығы алғаш рет 1941 – 42 жылдары Польшаның бахтақ өсіретін шаруашылығында байқалған. Кейіннен бұл ауру Батыс Европа, Америка және Жапонияның шаруашылықтарына тараған.
Ауру қоздырғышы – арнаулы сүзгіден ғана өте алатын вирус. Ол негізінен балықтың бүйректерін, бауыры мен көк бауырын мекендейді.
Эпизоотологиясы. Індетті қан аздық ауруымен бахтақ және каспий албырты ауырады. Балықтың басқа түрлері ауырмайды. Бұл ауруға балықтың ірісі де, майдасы да шалдығады. Бірақ Каспий теңізінде тіршілік ететін аталық албырттар жиірек ауырады, оларды балық өсіру заводтарының бассейіндерінде ұзақ уақыт ұстағанда ару тіпті өршіп кетеді. Ұрықтарын жинардың алдында аурулары күшейіп, жаппай қырылады.
Аурудың шығуында белгілі бір тұрақты кезең жоқ. Тек қана судың жылылығы 9-10ºС жеткенде ауру қауырт көтеріліп, балықтар көп шығынға ұшырайды.
Аурудың жасырын кезеңінің ұзақтығы табиғи жағдайда ауырған балықтарда белгісіз, ал қолдан залалдандырылған балықтардыкі 2-3 күннен 2-3 жұмаға дейін жалғасады.
Аурудың белгілері. Аурудың жіті және созылмалы екі түрі болады.
Аурудың жіті түрінде балық тіршілігінде ерекше өзгерістер байқалады. Балық жалпы тобынан бөлініп қалады, азықтан бас тартады, қозғалыстары нашарлайды. Терісі бірте-бірте қарая бастайды. Алғашқыда екі бүйірінен қара жолақ шығып, кейіннен бүкіл денесі қарайып кетеді. Қанаттары бүлінеді, ал кейбір балықтар қосымша сапролегния грибоктерімен зақымданады. Ауру балықтың денесі дірілдеп, шыр көбелек айналады, секіреді, не болмаса басымен бассейннің түбіне шаншылады. Ауру балықтың басым көпшілігі 7-10 күн ауырып өледі, ал кейде 2-4 сағат ауырып өліп қалатындары да кездеседі.
Өлген балықтың аузы, әдетте ашық, желбезек қақпақшасы көтеріңкі, желбезектерінің түсі – ақ. Өлексесі тез сіресіп қатып қалады, терісі ағартады, денесінің бұлшық еттері де тез бұзыла бастайды.
Аурудың созылмалы түрімен ауырған албырттардың екі бүйірінің үстінен қара түсті теңбіл пайда болып, бірте-бірте бүкіл денесі қараяды. Ауру балықтың терісінен шырыш бөлінбейді, сондықтан тері үстіне ұялаған паразиттік грибоктер, сапрофит бактериялр ауруды өршітеді.
Ауру 1-3 айға созылады. Балықтың басым көпшілігі өліп қалады.
Патологиялық – анатомиялық өзгерістер. Аурудың жіті түрімен ауырған балықты сойып қарағанда, оның құрсақ қуысының ішіне қара қошқыл түсті сұйықтың жиналғанын көреміз. Қарыны бос, тек қана қара сұр түсті шырыш бар, ішегінде көбік тәріздес шырыш, тік ішегі (анус) айналып шығып кеткен, кейде одан сары түсті шырыш бөлінеді. Көк бауырының түсі қара күрең, аздап көлемі кішірейген. Бауыры сары немесе сарғыштау, кейбір жерлер қызарады. Өт қалтасындағы өті мөлдір. Жүрек бұлшық еті солғын, босап кеткен. Бүйректері қара сұр түсті, үстерінде ақ жолақтары бар, ісіңкі, қолға ұстағанда былбыр. Мұның қан тамырлары қанға толы, миының ішіне қан құйылғаны байқалады. Қаны ашық қызыл түсті, жай ұйиды. Бұлшық еттері бозғылт түсті немесе болар-болмас сарғыштау, кейде ойдым-ойдым қан құйылған жерлері көрінеді.
Аурудың созылмалы
түріндегі патологиялық-
Диагнозы. Албырттарды індеттік қан аздық ауруына диагнозды эпизоотологиялық тексерулердің, клиникалық, геоматологиялық және гистологиялық қорытындысына сүйеніп қояды. Бұны басқа аурудан ажырату үшін биологиялық әдістерді де пайдалануға болады.