Балықтардың инфекциялық аурулары

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 20:05, лекция

Краткое описание

Ихтиопатология (грекше ichthys – балық, pathos – ауру, logos – ілім, ғылым) – балықтардың ауруларын, олардың пайда болу себептері мен даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Ихтиопатология ғылымына патологиялық анатомия жатады, ол мүшелер мен ұлпалардың қалыпты жағдайының бұзылуын және патологиялық физиология, ауру организмінің функциональдық өзгерісін зерттейді.

Файлы: 1 файл

лекции по болезни рыб.docx

— 348.80 Кб (Скачать)

Ауруы бар  бахтақ шаруашылығына, балық өсіру  заводтарына, сондай-ақ СССР-дің табиғи суларына малдәрігерлік уставта  қаралған тәртіппен карантин салады да, оның талабына сай барлық шараларды  жүргізеді.

Салынған  карантин тоғандық бахтақ шаруашылығында балықтың соңғы рет ауырғанына бір  жыл толғаннан кейін, ал табиғи сулардағы  балық өсіру шаруашылықтарында, соңғы балықтың ауырғанына екі жыл  толған соң, албырттың індеттік қан  аздығына арылды деп есептеп, қорытынды  дәрігерлік-санитарлық комплекстік  шараларды жүргізген соң, дәрігерлік уставтың талабына сай алынады.

 

БАКТЕРИАЛЫҚ АУРУЛАР

Бахтақтың сыздауық-шиқан ауруы (фурункулезі). Бұл ауру бахтақ тұқымдас балықтардың үлкен жауы, оларды жаппай қырып, шаруашылыққа үлкен зиян тигізеді. Балық бұлшық етінің ішінде бастапқыда іріңді жара пайда болып, кейіннен ол жаралардың орнында қызыл түсті түйнеме қалады, ішкі органдарында әр түрлі кеселдер байқалады.

Ауру қоздырғышы – салмоницид бактериясы лай су мен батпақта өсіп өнеді. Органикалық  заттармен ластанған суларда  бактериялар тез көбейеді. Ал таза су ішінде  ол 2-3 күнде өліп қалады.

Салмоницид  бактериясы Грамм бойынша боялмайды, спорланбайды, жылжып-қозғалмайтын жұмыр  келген келте таяқша сияқты, ол желатинді  сұйылтады, көпіршіген газ шығады. Агардың  үстінде түсі сұрғылт болар-болмас қатпар пайда болады.

Бахтақ шиқаны негізінен көктем мен жаз айларында  судың температурасы тым жоғарылағанда  өріс алып, кең тарайды, демек сол  уақытта фурункулез қоздырғышының  көбеюіне жағдай туады.

Аурудың пайда  болып, таралуының басты себебі мынада: ауырып жүрген және ауырып жазылған немесе өлген балықтардың нәжісі мен  несебі арқылы қоздырғышы суға және балық  азықтарына тарайды. Ауру басқа балықтарға терісі мен желбезектері және ас қорыту аппараттары арқылы жұғады.

Балық ауруларына қарсы күрес жүргізудің тиімді жолдары  – залалданған уылдырық пен балықты  және ол қоректенетін омыртқасыз жәндіктерді  таза су қоймаларына тасымалдау (апармау); ауру және сау балықтарды араластырмау; балық аулайтын құрл-сайман, жабдықпен  тірі балық таситын ыдыстарды  басқа ыдыстармен алмастырмау.

Албырттың обасы – бактериялық ауру. Оған шалдыққан балықтың терісі мен жүзгіш қанаттарының аралығы өлі етке айналады.

Ауру қоздырғышы – бактериум сальмонис пестис – жұмыр, келте таяқша сияқты. Микроскоппен қарағанда олар жылжып қозғалады, спораланбайды. Грам бойынша боялмайды. Бактерия 15-20ºС жылылықта жақсы өсіп, жетіледі, бірақ 37ºС шамасында өліп қалады. Желатинді  сұйылтады, сүтті ұйытады.

Эпизоотологиясы. Аурудың қоздырғышы албырт балықтарын зақымдайды, балықтың басқа түрлеріне жұқпайды. Ауруды негізінен осылай ауырған балықтар мен олардың өлекселері таратады.

Аурудың белгілері. Балықтың терісі мен қан тамырының аралығы өліетке айналып, еті жалаңаштанып, түйнеме жара пайда болады. Бұл ауруға дерматомикоз ауруы қосылады.

Диагнозы. Оның кликикалық белгілерін қарап шығады және эпизотологиялық мәліметтерімен танысады. Оған қоса бактереологиялық әдістерді пайдалана отырып аурудың нақты түрін анықтайды.

Санитарлық  баға. Ауру балықты және олардың  өлекселерін тиісті заводқа жібереді.

Ақсаханың обасы. Обамен ауырған ақсахалардың әр жері қабынады. Аурудың қоздырғышы әлі  де толық анықталған жоқ. Ал оның сипатына қарай, жұқпалы аурулардың қатарына жатқызады.

Эпизотологиясы. Көбінесе бір жылдан асқан балықтар ауырады. Қыста балық уылдырық шашқан және ол аяқталған кезде, яғни декабрь-апрель айларының аралығында бұл ауру көбірек тарайды да, сонан соң бәсеңдейді. Ауырып жазылған балықтардың организмінде иммунитет қалып қояды.

Аурудың белгілері. Балықтың еті қабынады, түсі күрең тартады. Оның өзі жай көзге де көрінеді. Тері бүлініп пышақпен кескендей ұзынша жіңішке ашық жара пайда болады. Мұндай жара балықтың арқасы мен бауырында аз болғанымен бүйірінде көбейіп кетеді.

Диагнозы. Клиникалық әдіс қолданылады.

Сақтық  шаралары. Балық ауруын жоюдың комплексті әдісін қолданады. Әсіресе иммундалған балық тобын құруға баса көңіл бөледі. Басқа суларда мекендеген сау ақсахаларды әкелуге болмайды.

 

МИКОЗДЫҚ АУРУЛАРЫ

Бранхиомикоз  – балықтың жұқпалы ауруы, бөгетте өсірілетін балықтар үшін қауіпті. Ауырған балықтардың 50-90 проценті қырылып қалады. Шаруашылықтағы ихтиопатолог дәрігер мамандар бұл жайды естен шығармауы тиіс.

Ауру Батыс  Европаның су көздеріне жаппай тарап  кеткен. СССР-дің балық өсіретін кейбір шаруашылықтары мен суларында  кездеседі.

Ауру қоздырғышы – бранхиомицесс сангвинспен  балық желбезектерінің қан тамырларында өсіп жетіле береді. Оттегіні қажет  етеді. Паразиттің диаметрі 8-30 микронның  арасында болады.

Эпизоотологиясы. Бранхиомикозбен тұқы, сазан, шортан, сарғыш қара тенге балықтары ауырады. Уылдырықтан жаңа шыққан және бір-екі жылдық балықтар жиі, ал үш жылдық балықтар өте сирек ауырады немесе тіпті ауырмайды. Мұның өзі олардың организмінде кіріптәр иммунитет бар екенін дәлелдейді.

Мұны ауру балықтар мен олардың өлексесі таратады. Оның қоздырғышы суға түседі, су балықтың желбезектеріне енеді немесе жеген  азығымен бірге ас қорыту аппараттарына  түсіп, қан айналымы арқылы желбезекке барады.

Бранхмикоз  ауруы бір шаруашылықтан екінші шаруашылыққа тасымалдаған балық арқылы тарайды, судың ағысымен баруы да мүмкін. Сонымен қатар, бранхиомикоздың  қоздырғышы организмде сақталған балықтар да оның таралуына үлкен себеп  болады. Балық жүрген сулар органикалық  заттармен ластанғанда және балықты  азықтандыру жұмыстары жақсару  орыны нашарлағанда ауру етек алып, кең жайылады.

Бұл ауру көбінесе шілде, тамыз айларында, судың жылылығы 22-23 градус шамасына жеткенде пайда  болады. Ол кезде балықтар бранхиомикоздың  жіті  түрімен ауырады, әдетте олар 3-5 күн ішінде өліп қалады. Көктем мен  күз айларында балықтар аурудың  жітілеу және созылмалы түрлерімен ауырады.

Аурудың белгілері: аурудың басталуынан 1-2 күн бұрын  балықтар азықтануды тоқтатады, тынысы тарылып, судың бетін ала қалқи  жүзіп, ауа жұтады. Қатты зақымданған  балықтар судың жағасында баяу жүзеді, адамнен, малдан қорықпайды.

Сапролегниоз  – табиғатта көп кездесетін секундарлы індет. Қоздырғышы – сапролегния  немесе ахлия деп аталатын уақ  грибоктер. Олар уылдырықты да зақымдайды.

Эпизоотологиясы. Балық күтімі нашарлап, краснуха, бранхиомикоз ауруына шалдыққанда, бұларға кейінен сапролегниоз ауруы келіп қосылады. Бұл ауру бөгеттерде өсірілетін балықтардың барлығына тарайды. Қазақстанның су көздерінде кездеседі. Бірақ күтімі жақсы, күйлі балықтар ауруға бой бермейді. Көбінесе ауру көктемде білінеді, бір жылдық балықтар көбірек ауырады.

Аурудың белгілері. Оның қоздырғышы балықтың терісі мен желбезектері арқылы денесіне кіреді. Ақырында сол органдардың көпшілік жерлерінде некроз пайда болады.

Диагнозы. Оның ерекше белгілеріне көбірек көңіл аударып, микроскоппен тексеру арқылы тиісті қорытынды жасайды.

Емі. Балықтың күтімін жақсарту керек. Ауру балықтарды ас тұзының 5 проценті ерітіндісінен дайындалған ванналарға тоғытады.

Санитарлық  баға. Қатты зақымданған балықтарды (ұнамсыз иісі бар) пайдаға асыратын тиісті заводқа жөнелтеді. Шамалы зақымданған балықтарды салқын сумен тазалап жуғаннан кейін балық консервісін дайындау үшін пайдаланады.

Ихтиофоноз – албырт балықтарының жұқпалы ауруы. Оның бір ерекшелігі сонда, оған шалдыққан балық денесін билей алмайды. Ауру қоздырғышы – ихтиофонус хофери деп аталатын, диаметрі 15-200 микронға жететін уақ грибок, жасанды қоректік ортада (желатин, ет пен пептон сорпасы) жақсы өсіп жетіледі.

Эпизоотологиясы. Ауру бахтақ балықтарын зақымдайды.

Аурудың белгілері. Балық зақымданып, қозғалыс әрекеті қалпынан бұзылады, судың жағасында әрең-әрең ғана жүзеді. Желбезегі қабынады, ақырында тұншығып өледі. Ал аурудың созылмалы түрі көбінесе бір жылдан астам уақыт  бойына созылуы мүмкін.

Патологиялы-анатомиялық өзгерістер. Қоздырғышы клеткалар аралығындағы бос жерлерге жиналып, оның айналасындағы  тканьдар қабынады, инфильрат пайда  болады. Зақымданған органдарының көлемі үлкейе түседі.

Диагнозы. Бактериялық әдісті пайдаланады.

Сақтық шаралары: Ауырған  балықтарды аулап, тез арада сатуға шығарады. Бөгетті дизенфекциялайды.

Санитарлық  баға. Жарамды еті бар балықтарды пайдаланады. Жарамсыздарын пайдаға асыратын тиісті заводқа жібереді.

 

МОДУЛЬ ІІ. БАЛЫҚТАРДЫҢ  ИНВАЗИЯЛЫҚ АУРУЛАРЫ

 

3 тақырып – 1 сағат.  3. Қарапайымдылар – Protozoa (Бір клеткалы жәндіктер) жалпы сипаттама. Қарапайымдылар – бір клеткалы, өте ұсақ, мироскоп арқылы көрінетін жануарлар. Морфологиялық жағынан қарағанда қарапайымдылар бір клеткалы формалар, ал тіршілік қасиеттері жағынан алғанда дербес өмір сүретін жеке организм, тірі организмге тән зат алмасу, қорғалу, тітіркену, ортаға бейімделу, ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу, даму т.б. қызметін атқарады.

Қарапайымдылар  клеткасының пішіні мен мөлшері  алуан түрлі болады. Олардың мөлшері 3-4 микроннан бірнеше миллиметр  шамасында болады. Мысалы, инфузория  стентордың ұзындығы 1,5мм.

Қарапайымдылардың құрылысы көп клеткалылардың клеткасының  құрылысымен бірдей, цитоплазмадан, ядродан және органоид бөлшектерінен  құралған. Цитоплазма екі қабат түзейді, ашық түсті сыртқы – эктоплазма және қоңырқай, түйіршікті ішкі – эндоплазма. Қоймалжың сұйық цитоплазмада көптеген органоидтар орналасқан: митохондриялар, эндоплазмалық тор, рибосомалар, Гольджи  аппараты.

Қарапайымдылардың бір ерекшелігі – қолайсыз жағдайларда (су кеуіп қалса, мұзға айналса, қорегі жетпесе, т.б.) клетка сыртына қалың  қабық шығарып, цистаға айналады. Циста күйінде ұзақ уақыт тіршілік етеді. Қолайлы жағдай болғанда клетка циста қабығын тастап, әрекетті тіршілікке кіріседі.

Қарапайымдылар  тобынан 5 типке жататын балықтардың  паразиттері  кездеседі.

  1. Саркомастигофоралар типі – Sarcomastigophora
  2. Споралылар типі – Sporozoa
  3. Книдоспоридиялар типі – Cnidosporidia
  4. Микроспоридиялар типі – Microsporidia
  5. Инфузориялар типі - Ciliophora

 

 

 

КРИПТОБИОЗ

Криптобиоз  қоздырғышы паразиттік талшықтылар  қатарына жататын балықтың инвазиялық аурулары, балықтардың желбезектері мен ішектерінің ішінде және қанында  тіршілік етеді.

Паразиттің  балық денесі мүшелерінің қай  жерінде өсіп-өнуіне орай эктопаразиттік немесе эндопаразиттік криптобиоздар  деп ажыратылады.

Эктопаразиттік  криптобиоз – балықтың инвазиялық ауруы. Бастамасында балық желбезегінде анемия пайда болып, сонан соң  шіриді де, сол жерде кейіннен сапролегния  және ахлия паразиттік грибоктер  өсіп-өнеді.

Бұл ауру Қытайдың балық өсіру шаруашылықтары мен  тоғандарында өсірілетін ақ амур балықтарының арасында кездеседі.

Криптоби  тікелей бөлшектену арқылы көбейеді, демек ешқандай аралық ықпалсыз дамиды.

Эпизоотологиясы – криптобиозбен ақ және қара амурлар, тұқылар, күміс мөңке және басқа  тұщы су балықтары ауырады. Әсіресе  ақ амурдың шабақтары жиі ауырады.

Сау балықтар ауру балықтармен жанасса ауруға шалдығады. Криптобиоздың қоздырғышы ауру балығы бар суқоймаларынан балықтарды тасымалдағанда басқа су қоймаларына  тарайды.

Су қоймасының гидробиологиялық, гидрохимиялық, газ  алмасу, жалпы зоогигиеналық жағдайларының  нашарлауы криптобиоздың шығып, өріс алуының бірден-бір себебі.

Аурудың белгілері. Аурудың бастапқы кезеңінде балық жуасиды, азыққа көңіл аудармайды. Патологиялық процестердің дамуына орай желбезектері қызыл қошқылданып, кейіннен қалың шырышпен қапталады да түсі қашады (анемия пайда болады). Одан кейін желбезегінің кей жері шіриді де, соның үстінен сапролегния және ахлия грибоктері өсе бастайды. Аурудың жіті түрінде балықтың денесі шырышпен қапталады және түсі өзгереді. Мұндайда балықтың көпшілігі өліп қалады.

Диагнозы. Ауруға диагнозды оның эпизоотологиясы, белгісі және паразитологиялық тексерудің қорытындысына қарап қояды.

Эндопаразиттік  криптобиоз тұщы суды және теңіз балықтарының қанын зақымдап, анемия туғызатын инвазиялық ауру. Аурудың қоздырғышы криптобис  циприны. Криптоби тікелей бөліну арқылы көбейеді, паразиттің аралық иесі қан сорғыш сүліктер болып саналады.

Эпизоотологиясы  - ауру қоздырғышы еліміздің су көздерінде кездеседі. Атап айтсақ, тұщы суда және теңізді мекендейтін тұқы, сазан, оңғақ, қызыл қанат балық, торта, шортан, табан, сүйрік, қортпа,, пілмай, бекіренің жылға толмаған шабақтары, кета, құныс балық, кижуч және өсімдік қоректі балықтардың қанында болады.

Криптобиоз  ауру балықтар арқылы жұғып, сүліктер арқылы жан-жаққа тарайды. Мұнымен  балықтың қай жылғысы болса да ауырады, шабақтар қырылып қалады. Ауру көктем және жаз айларында шығады.

Аурудың белгілері – тұқы мен оңғақтың әбден арықтауы болып саналады. Паразиттің қанда көбеюіне орай, балық қаны азайып, анемия пайда болады. Эритроциттері кемиді. Кейде тіпті қан ішіндегі эритроцит пен паразиттің саны теңбе-тең түседі. Аурудың осындай кезеңінде балықтар көп қырылады.

Информация о работе Балықтардың инфекциялық аурулары