Балықтардың инфекциялық аурулары

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 20:05, лекция

Краткое описание

Ихтиопатология (грекше ichthys – балық, pathos – ауру, logos – ілім, ғылым) – балықтардың ауруларын, олардың пайда болу себептері мен даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Ихтиопатология ғылымына патологиялық анатомия жатады, ол мүшелер мен ұлпалардың қалыпты жағдайының бұзылуын және патологиялық физиология, ауру организмінің функциональдық өзгерісін зерттейді.

Файлы: 1 файл

лекции по болезни рыб.docx

— 348.80 Кб (Скачать)

Өсімдік қоректі балықтарда дактилогирус паразиттері: ақ амурда D.lamellatus, ақ дөңмаңдайда D.hypophthalmichthus және D.scrjabini, ал шұбар дөңмаңдайда D.aristichthys. D.lamellatus – ақ амурдың шабақтарына  ауру туғызады.

D.vastator дактилогирус ауруының қоздырушысы  – тұқы, сазан және олардың  гибридтерінде сонымен қатар  мөңкенің желбезек жапырақшаларында  паразитті тіршілік етеді. Оның  ұзындығы 1,5 мм ені 0,5мм. Э.М.Ляйман, О.Н.Бауер, Н.А.Изюмова осы паразиттің  биологиясын зерттеген. Температура  30°С болғанда жұмыртқаның даму  ұзақтығы 2-3 күнді құрайды, ал 3-4°С  – та 100 күнге созылады.

D.vastator жұмыртқасы тоғанның түбінде  қыстап шығады. Дернәсілдің тіршілік  ұзақтығы судың температурасына  тәуелді және ол бір тәуліктен  (28-30°С) 4-8 сағатқа дейін (10-14°С) ауытқып  отырады. Осылайша бұл паразиттер  жылу сүйгіштер. Олардың даму  үшін оптимальды температура  22-24°С. D.vastator тұқы топтарының барлық  жастағыларында паразитті тіршілік  етеді, негізінен 2-5 см ұзындықтағы  шабақтарда болады. А.В. Успенскийдің  мәліметі бойынша 2смшабақтарда 20-40 гельминттер болғанда олар  қырыла бастайды, ал 3,5-4см шабақтарда 140-160 паразит болғанда қырылады.

Клиникалық белгілері интенсифті инвазиясына тәуелді. Ауру балық  баяу қозғалады немесе судың бетінен  ауа жұтады. Қатты зақымдалған  балықтар жағалауға шығады, оларды тез аулауға болады. Ауру балық  жүдейді, желбезегінде шырыштар пайда  болады.

Ауру балықты емдеу үшін қысқа  уақыттық әсермен амиакты ванна  емдейді. Тұқы шабақтары үшін 0,2 % амиактың судағы ерітіндісін (1л суға 2мл нашатыр  спиртін) қолданады. Егер судың температурасы 7-18°С болса ерітіндіге балықты 1 минут  ұстайды, ал 18-25С-та, 0,5 мин ұстайды

Балықтардың паразиттері – дактилогирус және гиродактилус сияқты паразиттерден  құтылу үшін судың асқын тотығы, сірке қышқылы немесе салицил  қышқылын қолдануға болады. Судың  асқын тотығынан ванна дайындау үшін: 3% сатылатын судың асқын  тотығына 14 есе қосылады, яғни 100л  суға 7л перикис қосады. Дактилогирус сияқты қауіпті паразиттерді өлтіру үшін осындай концентрацияда 10 мин  ұстау керек. Алайда сеголеткалар үшін осындай концентрациядағы ваннаны  қолдануға болмайды – олар мұндай күшті тотықтырғыштың әсерін көтере алмайды.

Сірке қышқылы 1:800 конц қолданады яғни 5 куб/см 25% сатылатын қышқылды 10л  суға ерітеді. Ваннада болу уақыты 1-1,5 сағат, сонымен қатар кальтцильді  марганцовка қышқылын 1:100000 қолданады.

Gyrodactylus туысына моногенеткалық  сорғыштардың қоздырушысына жататын  гиродактилус – балықтардың инвазиялық  ауруларына жатады. Бұл ауру балықтардың  терісінде, жүзбе қанаттарында, сирек  жағдайда желбезегінде паразитті  тіршілік етеді. Тоған шаруашылығында  гиродактилустың мына түрлері  кездеседі: тұқы, сазан, мөңкеде, Gyrodactylus katharineri, G.Cyprinrd, G. Medius, ақ амурда  G.ctenopharyngodomis 20-дан астам гиродактилустың  түрлері әртүрлі тұщы су балықтарында  паразитті тіршілік етеді.

Қоздырушының сипаттамасы. Гиродактилустар  – мөлдір құрттар, ұзындығы 1мм. Денесінің  алдыңғы жағында 2 өсіндісі болады, пигментті көзі болмайды. Жұтқыншағы 2 бұтақты  доғал бітеді, ішекке жалғасады. Денесінің артқы жағында бекіну дискісі орналасады. Ол 2 ортаңғы 16 шеткі  ілмешекпен қаруланған. Ауыз тесігі құрсақ жағында, денесінің алдыңғы үшіншісінде  орналасады. Ауыз тесігінің артында  жыныс клоакасы ашылады.

Дамуы. Гиродактилустар тірі туатындар  ірі гельминтердің денесінен  ұрықты ажыратуға болады, ал ұрықта келесі ұрпақтар дамиды. Сіңілі особьтар толық құрылымды болып туылады.

Быховский (1930ж) оңғақ балығының  желбезегінен G.medius – ты тыран және сазаннан тапқан. Кейбір жағдайларда  бір балықтан 150 дана паразитті тапқан.

Discocotylidea тұқымдасына жататын Diplozoon туысындағы моногенетикалық паразиттер  біріктірілген күйде тұщы су  балықтарының желбезегінде паразитті  тіршілік етеді. Бұрын бұл сорғыштың  бір ғана түрі – Diplozoon paradoxum кездеседі деген. Алайда кейінгі  жылдары әр түрлі балықтарда  кездесетін 15 түрін тапқан. Тортаның  желбезегінде – D.homoion. аққайраңда D. megan, теңге балықта D.gracilis, қаракөзде  D.bergi, хаяза  D.tadzhikistanicum, қара балықта  D.schizopharazi және т.б.

Қоздырушының сипаттамасы. Сорғыштың  мөлшері 4-12мм, ені 0,35-0,53мм, түсі сұр, қоңырқай. Денесінің алдында үлкен емес сорғышы болады, ол қоректену қызметін атқарады. Денесінің соңында хитинді  құрылымды бекіну аппараты болады. Бекіну аппаратының саны диплозонның  түрлерінде әр түрлі болады. Паразит  жетілген уақытында жұп болып  бірігін кетеді. Ал дернәсілдік кезіндегі  диплозон жалғыз тіршілік етеді. Екі  жас паразит біріккен кезде бір  особътың құрсақ сорғыштарын екіншісі алып жүреді. Паразиттер денесінің  ортасымен бірігіп х әріпі  сияқты болып тұрады.

Бұл паразиттердің түрлерінен басқа  албырт және хариус балықтары ауыратын – Дискокотилез. Бұл Discocotylidae тұқымдасына  жататын  Discocotyle sagittata түрі жатады. Бұлар  да желбезекте паразитті тіршілік етеді.

Тетраонхоз – ақсақа балықтарының ауруы. Бұл моногенетикалық сорғыштардың Tetraonchidae тұқымдасына жататын Tetraonchus alascensis түрі – желбезек аппараттарын зақымдайды.

Нитцшиоз – бекіре балықтарының арасында, қортпа, пілмай, шоқыр, бекіре, сүйрікте инвазионды ауру болып кездеседі. Бұл Каспий, Арал, Азов теңіздерінде, Батыс Европа суқоймаларында тіркелген. Қоздырушысы - моногенетикалық сорғыштар.

 

 

СКРЕБНИЛЕР  ТИПІ - ACANTHOCEPHALES

Ересек куйінде балықтардың, құстардың, сүтқоректілердің aщы ішегінде паразиттік  тіршілік ететін құрттар. Денесінің алдыңғы ұщы ішке қарай тартыла алатын имек тұмсыққа өзгерген, онда 6ipнеше қатар, артқа карай қайырылған кутикулалы ілмешектер орналасқан. Осы ілмешектерінің болуына байланысты типті акантоцефалес немесс тікенекбас құрттар деп атайды (acanthor - ілмешек тасушы, cephala - бас).

Дара жыныстылар, дамуы  метаморфоз арқылы журеді 500-ден аса түpi бар. Скребнилер типіне осы аттас 6ip ғана класс жатады -скребнилер - Acanthocephala.

СКРЕБНИЛЕР  КЛАСЫ - ACANTHOCEPHALA

Скребнилер цилиндр  немесе ұршық тәрізді ұзындығы 1,5 мм-ден 40 мм-ге дейін, ал алып скребнидің (Macracanthorhynchus hirudinaceus) аталығының ұзындығы 70-150 мм, аналығы - 300-650мм.

Құрылысы мен  физиологиясы. Денесі тұмсық пен тұлға бөлімдерге бөлінген. Тұмсығы бірнеше қатар, артқа қарай қайырылған кутикулярлы ілмешектермен қаруланған (88-сурет). 1лмешектері cүйip болып радиальды қатармен (Palaeacanthocephala отрядында) немесе спиральды (Archiacanthocephala отрядында) орналасқан. Осы ілмешектерімен иесінің iшегіне қадалып бекінеді. Сондықтан скребнилердің тұмсығы - арнайы бекіну мүшесі тұмсығы дөңгелектенген (Filicollis туысында) немесе ұзарған цилиндр (Rhadinorhynchus туысында) пішінді, іші қуыс.

Бұлшықет - ретракторларының көмегімен тұмсығы тұлға бөлімінің алдыңғы ұшында орналасқан тұмсық қынабы ішіне қарай тартылады. Қуыстың бұлшықеттері жиырылғанда, тұмсық тepic аударылған қолғап саусағы сияқты сыртқа созылып шығады. Денесі жұқа кутикуламен қапталған, оның астында синцитий түріндегі - гиподерма қабаты болады. Гиподерманы тeciп өтетін түтікшелер немесе лакуналар жүйесі болады. Гиподерманың қалың жерлерінде ipi ядролары бар және бұл жерде скребнилердің нeгiзгi энергия көзі болып табылатын гликогеннің қоры жиналады.

Тұлға мен тұмсықтың  біріккен жерінде гиподермадан пайда  болған лемнискалар деп аталатын, лента тәрізді өсінділер тұмсық қынабының екі жағында орналасқан. Лемнискалардың атқаратын қызметі толық анықталмаған. Болжам бойынша тұмсықтың қынап қуысына тартылып және сыртқа созылып шығуына қатысатын болуы керек.

Tepi-бұлшықет қапшығы  сыртқы сақина тәрізді және iшкi ұзына бойы созылған бұлшықет талшықтарынан құралған. Алғашқы дене қуысы (схизоцель) жақсы дамыған.

Иесінің ішегінде паразиттік тipшiлiк  етуіне байланысты ас қорыту жүйесі толығымен жойылған. Қорытылған қорек затты паразит дене жабыны арқылы ciңіреді. Бұған қосымша гиподерманы тeciп өтетін түтікшелер немесе лакуналар жүйeci де қорытылған заттарды өткізіп маңызды рөл атқарады.



                                                                          

88-сурет. Скребнилер: А - алып скребни (Macracanthorhynchys hirudinaceus);

Б - таспиқ скребни (Gigantorhyncus moniliformis); В – скребнидің құрылысы (аталығы);

1 - ми  ганглиясы, 2 - ілмешектермен қаруланған  тұмсығы, 3 - тұмсық қынабы.

4 -аталық без, 5 - цемент бездер1

 

                                                                    

Зәр шығару жүйесі - протонефридиялы. Keй6ip түрлерінде ғана дамыған. Мысалы, алып скребнилерде (Macracanthorhynchus hirudinaceus) ұштарында колба тәрізді кірпікшелі клеткалары бар тарамдалған түтікшелер екі негізгі жинағыш түтікке өтеді де, олар жыныс жүйесінің тұқым шығару жолына ашылады. Сонымен скребнилердің ерекшелігі – зәр шығару мен тұқым шығару жолдары қосылған.

Тыныс алу және қан айналу жуйесі болмайды. Анаэробты жолымен тыныс алады.

Нерв жуйесі қарапайым құрылысты. Ми ганглиясы тұмсық қынабына еніп жатады, одан жұқа нерв талшықтары алға тұмсыққа қарай және екі бүйір нерв бағанасы дененің артқы бөліміне қарай бағытталған.

Сезім мушелерінен тек eкi кішкене сезгіш бүртіктері бар, олар тұмсықтың ұшында және жыныс тесігінің жанында орналасқан.

Скребнилер дара жынысты. Жыныс мүшелері жұп, олардың түзілуі  ерекше жалғастырушы буынымен немесе лигаментпен байланысты. Лигамент жануардьң тұмсық қынабынан басталып дененің артқы ұшына бағытталып, дене қуысында жатады.

Аталық жүйесі eкi сопақша  келген тұқым бездерінен және ұрық жолдарынан тұрады. Екеуі 6ipiгin тұқым шығаратын түтікке айналады. Түтіктің ұшы сүйірленіп шағылыс мүшемен аяқталады. Ол шағылыс қалтасынын iшіндеe орналасқан. Тұқым шығаратын түтікке арнайы цемент бездері ашылады (88-сурет).

Аналық жыныс жүйeciндeгi eкi аналық бe3i лигаменттің ішкі жағында орналасып, жұмыртқа түйірлеріне бөлiнeдi. Бұлар лигаменттен дене қуысына түciп, жұмыртқаларды шығара бастайды. Олар дене қуысының сұйық затында жүзіп жүріп, жетіліп, ұрықтанады. Ұрықтанған және бөлшектене бастаған жұмыртқаларының пішіні сопақтау немесе ұршық тәрізді, жінішке және ұсақ болады. Жұмыртқа сыртқа шығуы үшін аналық жолына түcyi қажет. Аналық жолының құрылысы ерекше. Ол дене қуысына воронка немесе қоңырау тәрізді кеңейген ұшымен ашылады және оның артқы жағында eкi жiңiшкe және 6ip кеңдеу саңылауы болады. Кеңейген ұшының қозғалысы әсерінен оның ішіне жұмыртқалар келіп түседі. Ұрықтанып, бөлшектене бастаған жұмыртқалар түтіктің жіңішке тесіктері арқылы аналық жолына, одан жатын және қынап арқылы сыртқа шығарылады, ал ұрықтанбаған ірі жұмыртқалар аналық жолына өте алмай, қоңырау тәрізді кеңейген тесігінен дене қуысына қайтадан түседі. Сөйтіп, аналық жолы – жұмыртқаларды іріктеу қызметін атқарады.

Скребнилердің даму циклы  әдетте метаморфозбен және иесін  алмастыру жолымен өтеді.  Ересек түрлері балықтардың, құстардың немесе сүтқоректілердің ащы ішегінде тipшілік етеді. Ұрықтанған жұмыртқалары нәжіспен бipгe сыртқа шығарылады да, одан ары даму үшін аралық иесінің денесіне түcyi керек. Скребнилердің аралық иесі көбінесе шаянтәрізділер немесе насекомдар (зауза жэне кола қоңыздың личинкалары). Аралық иесінің ішегіне түскен жұмыртқадан тұмсығында ілмешектері бар личинка дамиды. Ол iшектi тесiп, дене қуысына өтеді де, осы жерде өciп, жыныс жүйесі ғана дамымаған ересек түpiнe айналады. Осындай метаморфоздан кейін скребнидің тұмсығы тұмсық қынабына тартылып, денесі дөңгелектеніп, сыроты қабыршақпен оранып капсулаға айналады. Осы күйінде көп жылдар бойы өмір сүре алады.

Heгізгі иесінің ішегіне  түскен капсула кезеңіндегі скребнилер  өзінің капсуласынан босап, тұмсығының жәрдемімен ішекке бeкiнiп жыныстық дәрежесіне жетіп, ұрықтанады. Ұрықтанған жұмыртқалары нәжіспен бipгe сыртқа шығарылады да, жоғарыдағы айтылған даму циклі қайталанады.

Keйбip түрлерінде даму  циклі екі аралық иeci қатысуымен  өтеді. Мысалы, Corynosoma strumosum - тюленнің (итбалықтың) ішегінде паразитгік тіршілік ететін құрттың бipiнші аралық иeci – шаянтәрізділер (Pontoporeia туысынан), екіншісі - балықтар.

Скребнилер мал, балық  және құс шаруашылығына үлкен  зиян келтіріп, олардың өнімділігін азайтады. Мысалы, Pomphorhynchus laevis, Neorhynchus rutili, Echinorhynchus gadi, Acanthocephalus anguillae балықтардың паразиттері. Қаяз балықтың ішегінде Pomphorhynchus laevis-тың 300-ге жуық особьтары табылған. Polymorphus туысының өкілдері үйректердің, Prosthorhynchus - құстардың паразиттері. Алып скребни (Macracanthorhynchus hirudinaceus) шошқаның паразиті.

Скребнилер класы екі  отрядқа бөлінеді: Palaeacanthocephala және Archiacanthocephala. Бipiнiші отрядтың өкілдері балықтардың, екіншісі - құстар мен сүтқоректілердің паразиттері.

СКРЕБНИЛЕР (ACANTHOCEPHALES) ТИПІНІҢ  ФИЛОГЕНИЯСЫ


Скребнилер типінің  шығу тегі туралы айтылатын болжамдар  әp түрлі. Көбінесе скребнилерді нематодтармен жақындастырады: денесінің цилиндр тәрізділігі, гиподермасыньң құрылысы бірінші дене қуысының (схизоцель) болуы, дара жынысты болуы.

Екінші көзқарасты жақтаушылар (Гексли, Холодковский.Н) скребнилерді жалпақ құрттармен жақындастырады: тұмсыұ пен сколекстің, кутикуланың, зәр шығару және нерв жүйесінің құрылысы, дамуындағы иесін  алмастыруы.

Keй6ip ғалымдар (Раутер) скребнилерді  приапулидалармен (Priapulida класы) байланыстырады: бұлшықет - ретрактордың көмегімен тұмсығы тұлға бөлiмiнің ішіне қарай тартылып, сыртқа созылып шығатындығымен, сақина тәрізді және ұзына бойы созылған бұлшықеттердің болуымен, зәр шығару мен тұқым шығару жолдарының бipiгy белгісімен.

Скребнилерді жалпақ құрттармен, нематодтармен, приапулидалармен жақындастыратын ұқсастық белгілеріне қарап, олар ортақ 6ip тектен шыққан деп ойлауға мүмкіндік береді. Қайткенде де, скребнилер жалпақ құрттардың алшақтап кеткен 6ip бұтағы болуы керек деп жорамалдайды.

 

 

 

9 тақырып – 1 сағат. Жұмыр құрттар – Nematoda – нематодтар Нематодтарға (жұмыр құрттар) анизакис, ангиостронгилус, кантонензис, капиллярия филипинензис, контрацеум, диоктафиме сияқты жұмыр құрттар жатады. Осындай құрттармен залалданған балық, моллюска және су шаяндарымен (шикілей немесе тұздығы нашар қақталған, маринадталған және шала піскен түрінде адам жесе) қоректенген хайуанат организмдеріне азықпен бірге паразит личинкалары түседі.

Информация о работе Балықтардың инфекциялық аурулары