Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 19:44, курсовая работа
Мал азығы мен азықтану гигиенасында ең бастысы малдың денсаулығы мен оның өнімділігінің азықтың мөлшері мен санитариялық тұрғыдан қауіпсіздігіне байланысты екені белгілі. Кейінгі кезде азықтың құндылығының төмендеуіне байланысты және де рацион құрамының тапшылығы мол денсаулығына зиян келтіріп, олардың өнімділігін едәуір азайтты. Азықтың мал организмі үшін маңыздылығы және сапалы әрі құнды азықтар дайындау жолдары мен зерттеу әдістері.
I. Кіріспе
II. Әдебиетке шолу
III. Негізгі бөлім
3.1. Азықтың зоогигиеналық маңызы
3.2. Азықтағы қоректік заттардың гигиеналық маңызы
3.3. Улы заттар түзетін азықтарды пайдалану гигиенасы
3.4 Азықтың минералды және синтетикалық умен ластануының алдын алу шаралары.
3.5 Әртүрлі бактериямен зақымданған азық гигиенасы
3.6 Ұсақ саңырауқұлақтармен зақымданған азық гигиенасы (микотоксикоздар)
3.7 Малды азықтандырудың гигиеналық ережесі
IV. Қорытынды
Азық цехына, азық дайындау құрал –жабдықтарына қойылатын санитариялық –гигиеналық талаптар.
V. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Зеңмен улану зақымданған жасыл шөпті, жоңышқаны, бедені және осылардан жасалған пішен мен сабанды жеген жылқыларда, ірі қарада, қойда байқалады.
Қара күйе саңырауқұлақтары жасыл өсімдіктердің гүл шоғырларында және жекелеген гүлдерінде дамиды. Бұл саңырауқұлақтар алғашында –ақ, кейінен қара түсіт үлкен немесе кіші түйіршіктер түзіп, дән орнын толтырады. Түйіршік ішінде саңырауқұлақ споралары ұнтақ тәрізді қара масса түрінде болады. Қара –күйемен зақымданған азықпен азықтандырылған шошқаның және ірі қараныңуланғаны тіркелген. Күйе (кастауыш) бидайды, кейде басқа да астық тұқымдастарды, әсіресе жаңбырлы жазда зақымдайды. Күйе қалдықтары бидайда және оның қалдықтарында кебегінде және ұнында кездесуі мүмкін. Күйе ауылшаруашылық малдары мен құстарының барлық түрінде, сондай –ақ адамда эрготизм деп аталатын ауыр улану тудыруы мүмкін. Улану әдетте қастауышпен зақымданған бидай қалдығымен және ұнымен азықтандырылған байқалады.
Сапрофит саңырауқұлақтар әртүрлі азықтарды зақымдайды: пішен, сабын, жем, кебек және т.б. Саңырауқұлақ споралары табиғатта кең таралған және қолайлы жағдай туғанда олар азықтарда жіп тәрізді, тор тәрізді, кілегейлі жабынды түзіп өседі.
Эрготизм кезінде қастауыштың улы заттары жұмыр бұлшық етке әсер етіп, қан тамырлардың тарылуымен және ұлпалардың қоректенуінің бұзылуымен сипатталады. Бұл буаз малдарда түсік тудырады және дененің белгілі бөліктерін гангренаға ұшыратады.
Микотоксикоз және токсиндердің аты саңырауқұлақ түріне байланысты болады: аспергиллотоксикоз (афлотоксин тудырады) .
Микотоксикоздар кезінде клиникалық белгілер айқын болмайды, соның салдарынан оларды балау қиынға түседі. Оларды балау азықтан және өте сирек жағдайда биологиялық сұйықтардан микотоксиндерді табуға негізделеді. Олардың көпшілігіне мутагенді, тератогенді срндай –ақ иммунодепрессивті және эстрогенді қасиеттер тән. Негізінен келесі микотоксиндер зерттелген: афлотоксин, охратоксин .
Микотоксикозға күдік туған жағдайда мал рационынна сапасы күмәнді азықтарды алып тастайды және оларды ветеринариялық лабораторияға тексеруге жібереді. Саңырауқұлақтармен зақымданған ірі азықтарда түсі өзгерген және зеңденген бөліктер байқалады.
Микотоксикоздар кезінде қолданылатын арнайы емдеу әдістері жоқ. Қарынды жуу, активті көмір және энтеросорбенттер беру, сондай –ақ қызубасқыш, жүрек –қан тамырына әсер ететін және басқа да симптомдық емде қолданылатын препараттар енгізу микотоксикоз кезінде жақсы нәтижелер береді.
Микотоксикоздардың алдын –алу үшін өсімдіктер мен азықтардың саңырауқұлақпен ластануын болдырмайтын шаралар ұйымдастыру керек.
Өсімдіктерді вегетация кезінде зақымдайтын саңырауқұлақтармен күресу үшін әртүрлі шаралар қолданылады: тұқымдық бидайды улау; күзде жерді тамырлардан тазартып, терең жырту; шөптерді гүлденгенге дейін ору, әсіресе қастауышпен ластанған жайылымдарда. Үсік шалған, қыстап шыққан шөпке немесе жас шөпке малды жаймаған жөн, себебі олар көп жағдайда қастауышпен зақымданады.
Азықтарды зақымдайтын саңырауқұлақтармен күресу үшін азық ылғалдылығын төмен деңгейде ұстайды және оның өзіндік қызып кетуін болдыртпау керек. Азықтар улы саңырауқұлақтармен ластанған жағдайда, оларды сілтілермен аммиакпен, озонмен зарарсыздандырады немесе термичлық өңдеуден өткізеді.
Малды азықтандырудың гигиеналық ережесі
Азықтандыру ережесі және деңгейі. Егер мал азық пен суды өз еркімен жүріп қабылдамаса малыд тәуліктік азықтандыру ережесін қатал ұстап жүргізу керек. Мал бір қалыпты азықтандыру ередесіне тез арада қалыптасып үйренеді. Егер бұл ереже бұзылған күнде мал тынышсызданып, сауын сиырдың сүті кемиді. Азықты пайдалану тиімділігі төмендейді, әсіресе жас малодың салмағы кеміп азаяды. Сонымен қатар малды азықтандыру процесі бір қалыпты болмаса малдың асқазанына артық күш түсуіне ықпалын тигізеді. Аш мал азықты көрген кезде өте ашқарақтанып азықты майдалап шайнамайды., ауыз шырынымен (сілекейімен) аса араласпай және тез –тез жұта бастайды. Мұндай жағдай малдың қарынын тез толтырып оның етінің зорланып ширығуына, азықтың ашу процесінің тез жетілуіне, ішек -қарынның секреторлық қызметінің күшеюіне, қарынның кебуіне, ішектің түйілуіне, ас –қорыту процесінің бұзылуына әкеп соқтырады.
Ашыққан мал әртүрлі зиянды және бөгде заттарды жеп қояды. Ал керісінше, малға азықты жиі берсе азықты таңдап немесе ұнатпай жейді. Сондықтан азықты дұрыс беріп, оның ара қашықтық уақытын дұрыс берік сақтаса, мал жақсы демалады., әрі оңалады.
Малды азықтандыру ережесі мен деңгейі оның түріне жынысына , жасына бағытына физиологиялық жағдайына байланысты. Ірі мал үшін оған азық беру жиілігі әдетте тәулігінет 2-3 рет жиілікте болады. Ал жас төлді жиі –жиі азықтандырады. Және енесін тәулігіне 5-8 рет емеді.
Жұмысқа жегетін атты азықтандыру және суаруды оның атқаратын жұмысына қарай жүргізеді. Жұмысқа жегілетін атқа жұмыс алдында дәнді –дақыл азығын берсе, оның түйнек ауруымен ауыратыны белгілі . Тура осындай жағдай жұмыстан кейін қайталанса да осы ауруға шалдығады. Ал бірінші жағдайда жем жеген көлік біраз уақыт жеген азығын сіңіруі керек. Ал екінші жағдайда оған жүрек соғысын және дем алу органдарын қалыпқа келтіру үшін демалыс керек. Әрине ол үшін алдын –аласуару дұрыс.
Малды азықтандыру және суару кезектесіп тұрылуы тиіс. Себебі, малдың суға деген шөлін қандырмаса онда азықты нашар жеумен қатар, оны бойына нашар сіңіреді, себебі ас қорыту сөлі өте аз бөлінеді. Малды азықтандыруға өз еркімен суару өте тиімді. Мұндай жағдайда сиыр азықтану кезінде ірі шөпті жейді және су ішеді. Сөйтіп, өз еркімен кезектеп тұрады. Егер мал белгілі бір уақытта азықтанып, су ішетін болса, мұндай жағдайға тез үйреніп кететінін естен шығармағани жөн, сондықтан мұндай режимді бұзбаған дұрыс.
Малды азықтандыру режимін жақсартқанда басқа рационға көшіргенде немесе малды басқа учаскеге ауыстырғанда, қорада баққан малды жайылымға шығарғанда көшіру мезгілін ұлғайтып, жаңа азықтың аз мөлшерде біртіндеп берілгені жөн. Әдетте, мұндай үйрену қалыптасу процесі тек ас қорыту қызметін ғана емес, сонымен қатар малдың бүкіл организміне ықпалын тигізеді. Ол үшін кем дегенде 7-15 күн керек.
Әсіресе төлі бар және буаз малды азықтандырған кезде азықты ауыстыру режимін қатаң ұстаған дұрыс. Сондықтан бірден ауыстырылған азық буаз малдың іш тастауына себепкер болса, бауырында төлі бар малдың сүтінің құрамы едәуір өзгерсе, сүттің мөлшері де өзгереді. Ал енесін еметін жас төлдің ауруға шалдығуы және шығынға ұшырауы мүмкін.
Өте қаупті жағдай туғызатын нәрсе ол жас торайды қозыны енесінен ажыратқан кездегі азықтандыру және бұзауды енесінен ажыратар алдындағы ауыспалы кезең, яғни сүт емуден шөпке ауыстыру кезеңі болып табылады.
Азық цехына, азық дайындау құрал –жабдықтарына қойылатын санитариялық –гигиеналық талаптар.
Мал азығына арналып дайындалған жем –шөпті азықтандыруға яғни малға жегізуге алдын –ала дайындап, желінуін жеңілдетіп, қорытылуын арттырады. Ол үшін шаруашылықта мүмкіндігінше арнайы азық дайындайтын цех болғаны дұрыс. Оны арнайы бөлек орынға немесе мал қорасының жанына біріктіріп, жапсарлата тұрғызады.
Азық цехы азық дайындайтын машинамен және механизмдермен жабдықталады. Азық цехының әртүрлі құралдармен жабдықталуы шаруашылықтағы малдың бағытына, рацион құрамына, малды азықтандыру типіне байланысты. Сонымен қатар азық дайындайтын бөлімшедегі цех ішінде малға азықты тасымалдайтын транспорттар және дайындалған азықты астауға, ақырға таситын әртүрлі, кіші –гірім механизмдер орналастыруы тиіс.
Азық цехы ішінде желдеткіш, кнализация болуы керек және өте жақсы жарықтандырылғаны абзал. Сондай –ақ шешінетін орын ыстық және суық су, міндетті түрде халаттар, фартуктер, қолғаптар және жұмысшыларға арналған арнайы аяқ киім болғаны жөн.
Кеміргіштерге қарсы лайықты дератизациялық шарала жүргізілуі тиіс. Ал жаздың күні шыбын –шіркейге қарсы ұдайы жүйелі түрде әртүрлі аэрозолдық препараттармен өңдеу жұмысы жүргізілуі тиіс. Азық цехы және оның айналасы әртүрлі қоқыс қалдықтардан әр мезгілде тазартылып, жүйеге келтіріліп тұруы керек. Цех орналасқан территорияны қоршайды және оның айналасын көгалдандырады. Тамақ қалдықтарын таситын көлікті азық цехына жіберер алдында оны санитарлық өткел арқылы өткізген жөн. Ал азықты түсіріп болған соң, көлікті жуады,немесе әлсіздеу дезинфекциялық ерітіндімен өңделгені дұрыс.
Азық цехының территориясында бөтен адамдарды жіберуге болмайды.
Тамақ қалдықтарын түсіретін және оны сорттайтын алаң қатты еңкіштеу және ол жерде су ағатын орын болу тиіс.
Барлық өндіріс бөлмелерінде еден өте қатты, тайғақ емес, су өткізбейтін, дизенфекциялық заттарға төзімді және шаңданбайтын болғаны жөн.
Су ағатын арықтың еңкіштігі ең кем дегенде 2 градус болуы тиіс.
Өндіріс бөлмелерінің ішін 1,8 м биіктікке дейін плита жапсыру керек, ол бөлме қабырғасын жууға , оны дизенфекцмиялауға өте қолайлы немесе малға зиянсыз арнайы жабумен қаптайды. Ыстық азықпен, ашытқылармен, химиялық заттармен тікелей тиіп тұратын технологиялық жүйелердің бетінде мырыш, мыс немеск токсикалық заттар, бояу болмауы тиіс.
Бөлмені және азық қоятын, ыдысты таза ұстайды. Күн сайын оларды азық қалдықтарынан тазалайды, жуады, ал керек кезде дезенфекция жүргізеді.
Азықты арнайы механизм көмегімен транспортерлер, пневматикалық қондырғыштар, азық өткізгіштер, азықтандырғыштар және т.б. арқылы тасиды және таратып береді.
Азық цехындағы құралдарды жуу және дезенфекциялау. Бұзауды азықтандыратын шелекті ең алдымен жылы сумен шаяды. Содан кейін 0,5 пайыз жуғышщ ерітіндісі бар жылы ерітіндімен щетка арқылы жуады және қайтадан ыстық су арқылы 1минут бойы шаяды. Ал егер ыстық су болмаған кезде шелекті 0,1 пайызжы натрий гипохлорид ерітіндісі бар ваннаға жуады. Содан кейін ыдысты жылы сумен шаяды, арнайы адалбақанға түбін жоғары қаратып іліп қояды.
Емшек сияқты резинкадан жасалған емізікті қолданғанна кейін 1 пайызды сода ерітіндісімен қайцнатып отырады.
Пішіндеме салатын мұнараны , сүрлем шұқырын минералды қоспалар тұратын бөлмені, қоймаларды азықпен толтырар алдында 2 пайызды ыормальдегид немесе хлорамин ерітіндісімен дезинфекциялайды.
Пішіндемелік мұнараны осы ерітінділермен аэрозоль әдісі арқылы өңдеуге болады.
Ақырларды күніге сумен жуады, ал оны дезинфекциялауды қораға дизенфекция жүргізетін графикпен қатар жүргізеді.
Қолданылған әдебиеттер:
Информация о работе Мал азықтарына қойылатын ветеринарлық санитарлық және гигиеналық талаптар