Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 19:44, курсовая работа
Мал азығы мен азықтану гигиенасында ең бастысы малдың денсаулығы мен оның өнімділігінің азықтың мөлшері мен санитариялық тұрғыдан қауіпсіздігіне байланысты екені белгілі. Кейінгі кезде азықтың құндылығының төмендеуіне байланысты және де рацион құрамының тапшылығы мол денсаулығына зиян келтіріп, олардың өнімділігін едәуір азайтты. Азықтың мал организмі үшін маңыздылығы және сапалы әрі құнды азықтар дайындау жолдары мен зерттеу әдістері.
I. Кіріспе
II. Әдебиетке шолу
III. Негізгі бөлім
3.1. Азықтың зоогигиеналық маңызы
3.2. Азықтағы қоректік заттардың гигиеналық маңызы
3.3. Улы заттар түзетін азықтарды пайдалану гигиенасы
3.4 Азықтың минералды және синтетикалық умен ластануының алдын алу шаралары.
3.5 Әртүрлі бактериямен зақымданған азық гигиенасы
3.6 Ұсақ саңырауқұлақтармен зақымданған азық гигиенасы (микотоксикоздар)
3.7 Малды азықтандырудың гигиеналық ережесі
IV. Қорытынды
Азық цехына, азық дайындау құрал –жабдықтарына қойылатын санитариялық –гигиеналық талаптар.
V. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Е дәрмендәрісіне көк шөп өнген дән, майлы өсімдіктер тұқымы, сәбіз жоңышқа мен бедеден дайындалған шөп ұны, сұлы, бидай өнігі, содан әзірленген май сай келеді. Е дәрмендәрісі жетіспесе көбею және ұрықтану қызметі бұзылады, сондай –ақ орталық жүйке жүйесі мен көлденең жолақ бұлшық ет зақымданады.
К дәрмендәрісі фибриногенді фибринге айналдыру и реакциясына , яғнм қанның ұю процесіне қатысады.
Құрамында К дәрмендәрісі бар препараттар ұзақ уақыт жазылмай қоятын жарақаттарды, үсіктерді, күйген орындарды, ауыр жараларды емдеу үшін пайдаланылады.
В тобының дәрмендәрілері – В1 В2 В3 , В6 РР биотин фолий қышқылы және В12 В тобы дәрмендәрілерінің жетіспеуіне құс, енелерін еніп жүрген бұзаулар, шошқа, үй қояны, жылқы, ит шыдамсыз келеді. Бұзауларды айтпағанда күйіс малының бұл дәрмендәрілерді мес қарында синтездеуге қабілеті бар. В12 дәрмендәрісі (цианкобаламин ) жоғары шөп өсімдік құрамында кездеспейді. Оларды азықта кобальт жеткілікті мөлшерде болғанда мал ішегінде бактериялар мен саңырауқұлақтар тәрізділерден пайда болады.
Организмде В дәрмендәрісі белоктармен қосылысқа түседі. Ол организмнің қан жасау қызметін арттырып (гемоглабин мен эритроциттердің мөлшерін ұлғайтады) метионин мен нуклеопротедтердің синтезін күшейтіп, көмірсутегінің алмасуын жақсартады.
Мал мен құстың В гиповитаминозының алдын алу үшін олардың рационына дәнді азықтар, көбек, балауса шөп, сапалы пішен, тамыр түйнектер, азықтық ашытқы, көксүт және В дәрмендәрісінің азықтық концентратын енгізу жолымен қамтамасыз етіледі.
С дәрмендәрісі өсімдіктермен қатар күйіс малының, үй қояндары мен құстардың организмінде синтезделеді. Оның жетіспеуіне, әсіресе енелерін еміп жүрген бұзаулар, құлын терісі бағалы аңдар, шошқа шыдамсыз, сезімтал келеді.
С гиповитаминозының алдын алу үшін рационға көк балауса немесе сүрлем, жақсы пішен, картоп, тамыр –түйнектер және қыста аздап ұсақталған қылқан жапырақтылар енгізіледі. Жем –шөпті қыздырып пісірген кезде бұл дәрмендәрінің едәуір бөлігі бөлінедң. Сондықтан да кейбір малға картоп пен тамыр – түйнектерді шикілей берген дұрыс.
Улы заттар түзетін азықтарды пайдалану гигиенасы
Кейбір жағдайларда мал аса сапалы азықтың өзінен –ақ уланып жатады. Бұл белгілі бір жағдайда (дұрыс пайдаланбау, дұрыс сақталмау т.б.) кейбір азықтағы усыз заттардың улы заттардың түзүлуінен болады.
Азот сіңіруші азықтық өсімдіктер. Азықтық дақылдардың құрамындағы нитриттер қауңшылық кезеңде, құрғақучаскелерде, күни көзі (инсоляция) аз уақытта, температура төмендегенде, топырақта молибден, (кобальт), күкірт пен қалай жетіспегенде, топырақтың қышқылдығы мен тұздылығы артқанда, органикалық тыңайтқыштарды (садыра,құс саңғыры) көп пайдаланғанда ратады. Мұндай жағдайларда азоттық алмасу ферменттерінің –нитритредуктаза мен нитритредуктазалардың белсенділігі күрт төмендейді. Азот тыңайтқыштарын көп мөлшерде енгізу салдарының амин қышқылдары мен каротин синтезі төмендеп, өсімдіктің бөліктерінде (сабанда) белок емес азот жиналады, топырақ пен өсімдіктерде анық білінетін гонадотоксиндік, эмбрионтоксиндік, тератогендік және канцерогендік әсері бар аса улы нитрозаминдер пайда болады.
Белгілі бір жағдайда азық нитраттардың, нитриттердің, гидроксиламиннің, азот тотықпасы мен амиактың жиналуы есебінен улы азыққа айналып, малды уландырылуы ықтимал. Оның мынандай жағдайларды болуы мүмкін:
Малдың нитраттармен
улануының алдын алу үшін
минералды азоттық
Органикалық және азоттық минералды тыңайтқыштарды (азот бойынша) енгізу, жем –шөптік дақылдарын әр гектарына топырақтағы азоттың табиғи қорын ескере отырып, 150 кг –нан асырмау керек.
Малға жаңа егіс алаңында екпе балауса көк және топырақ түйнектерді берер алдында, немесе жаңа жайылымға шығармас бұрын ондағы өсімдіктер мен тамыртүйнектерден нитраттар мен нитриттер мөлшеріне химияшлық аналитикалық зерттеу үлгілерін алу қажет. Ерекше жағдайларда мұндай азықты аса құндылығы жоқ бірнеше малға беріп көруге болады. Ол үшін аталмыш малды 12-16 сағат ашықтырып, бергеннен соң 24 сағат бойы бақылауға алу керек.
Азықта нитраттар мен нитриттер, рұқсат етілетін, шамадан асатын мөлшері кездессе олардың рационындағы және судағы құрамы рұқсат етілетін коэфициенттен асып кетпесе малға басқа, сапалы жем –шөппен қосып беруге болады. Малға берілетін азық көлемін есептеген кезде рациондағы және берілетін судағы нитраттардың тәуліктік мөлшері (г) дене массасының 1 кг : ірі қара мал үшін -0,2; жылқы мен қой үшін -0,4; үй қояны мен тауық үшін -1,0
Азықтық өсімдіктердің құрамындағы нитраттар мен нитриттер 0,2 пайыздан асып кетсе өте улы азоттың тотықтарын жинамас үшін щұңқырларды 2-3 күн бойы жаппай, құрамында көмірсутегі бар өсімдіктерден 40 пайыз қоса отырып, көк массаны сүрлеп тастау қажет. Сондай –ақ, шөпті пішенге шауып алып, шөп ұнына қайта өңдеуге, тұқымын алуға қалдыруға немесе нитраттардың өсімдікте шоғырлануы барынша рұқсат етілетін коэффициентке дейін төмендегенде шауып алуға болады.
Күйіс малын қолда ұстаған кезде құрамында азотқа бай өсімдіктердің көк массасымен тойдыра азықтандыруға болмайды. Олардың алдын –ала көмірсутегін қоса отырып құрғақ азықпен азықтандырып алу керек.
Мал ішетін және жем -шөп дайындайтын суда нитрит әрбір литріне 1 мг, ал нитрат тиісінше 45 мг аспауы тиіс.
Малға қызылша қайнатындысын (ұзақ қайнатылған) ішкізуге, сондай –ақ азықты құрамында нитраты өте көп сүт қышқылды өнімдерімен байытуға болмайды.
Қоршаған ортаны минералды азоттық тыңайтқыштармен ластанудан қорғау жөніндегі бүкіл шараларды қатаң сақтап, осы мәселе тұрғысында ауыл шаруашылығы қызметкерлері мен басқа да халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.
Картоп, оның сабағы мен қойыртпағы. Картоптың піспеген, көгіс тартқан түйнегінде және әсіресе, оның өнігінде соланин гликоалкалойды бар. Картоптың гүлдегенде дейінгі көк пәлегінде (0,855-0,144 пайызға дейін), сондай –ақ піспеген түйнегінде соланин көп болады. Соланинмен шошқа және үй қояны тез уланады. Әсіресе өнген және шіріген картоптың қойыртпағы өте қауіпті. Қойыртпақта басқа органикалық қышқылдар және т.б. болады. Осындай азықпен ірі қара азықтандырылса іші кебеді, бауыры зақымдалады., жүйкесі жұқарады, кальций алмасуы бұзылады. Тері ойылып, экземаға шалдығады., түсік тастап, мал аяғы ақбас ауруына ұшырайды, сондай-ақ тері жарасы, тері шірімесі және т.б. аурулар жайлайды.
Картоптың сонымен бірге бактериоз, микоз және нематоздармен зақымдануы да мүмкін. Мал бактериямен, саңырауқұлақтармен түйнектері зақымданған картоп қалдықтарымен азықтандырылғанда олардың ас қорыту ағзаларының қызметі бұзылады.
Картоп түйнектерін нематодтар, кеміргіштер, түрлі топырақ індет қоздырғыштары зақымдайды.
Көгіс тартқан және өніп кеткен картоп түйнектері міндетті түрде пісіріледі. Содан соң суын төгіп, картоптың өзін малға жегенінше бере беруге болады.
Картоп пәлегі малға сол көк кұйінде, келтірілген және сүрленген күйінде құрғақ азықпен қосып беріледі. Бірақ әр малға тәулігіне 3 кг асырмаған жөн.
1/3 бөлігі ылғалды
шірімеге шалдыққан картоп түйнегін
малға тек қайнатқан күйінде
беру керек. Ал 2/3 бөлігі зақымданған
картоп түйнектерін іріктеп,
Темір теңбілімен, қара шірімен ауырған және үсік ұрған немесе шірімесе де жұмсарған қоңыр тартқан картоп түйнегін малға шикі күйінде беруге болады.
Құрамында фотосенсибилизаторлары бар мал азығы. Күн ашық кездері мал жайылымда қарақұмық, тары, беде мен жоңышқа сондай –ақ шай шөп және т.б. улы өсімдіктерді жесе олардың терілері экземаға ұшырайды. Көбінесе, ақ түсті мал ауырады. Бұл өсімдіктердің улы болатын себебі олардың құрамында бояғыш заттар – фурокмариндер болады. Олар организм инсоляцияның әсерімен бастың беткі бөлігін, құлақ мойын мен желіннің терілерін, капилярларды зақымдайтын сутегі тотығы (H 2O2) құрайды.
Көптеген зерттеушілер осы өсімдіктер құрамында ауру тудыратын ерекше фотодинамикалық заттар бар деп есептейді. Осы заттар мал организміне түскеннен кейін қанмен бірге терінің пигменттелмеген учаскелеріне жетеді де оның күн сәулесі әсеріне деген сезімталдығын ұлғайтып, фагопиризм ауруын тудырады. Қоңыр түсті мал фагопиризммен ауырмайды.
Фагопиризм ауруынынң алдын –алу мақсатымен ашық түсті малды күн тым ашық мезгілде қарақұмықты, тарылы, беделі, жоңышқалы өрістерге ұзақ жаймау керек. Мұндай жайылымдарға малды түнде немесе бұлтты күндері жайған дұрыс. Сонымен бірге фагопиризмнің алдын алудың басқа да жолы бар. Ол - әлгі шөптерді азықпен араластырып беру.
Отарда, табында ауру мал болса дереу жайылымды немесе фотодинамикалық заттары бар азықты алмастыру керекү
Цианогендік гликозидтер құрайтын азықтар. Зығыр күнжарасының, саргонның, судан шөбінің, қара тарының, сиыр жоңышқа мен беденің (әсіресе жабайы беденің) құрамында цианогенді гликозидтер болады. Су болса цианогенді гликозидтер ферменттердің, қышқылдардың әсерімен немесе көгерткіш қышқылын түзе отырып ашу процесінде гидролизденеді.
Цианогликозидтер әдеттте
жас өсімдікте қуаншылық
Көгерткіш қышқыл - өте күшті у. Ол тыныс алуды салға ұшыратады, қышқылдандыру процесін бұзып, организм ұлпасына қауіп төндіреді. Жіті уланудың белгілері: жалпы әлсіздік, тынышсыздану, тәлтіректеу, құрысып - тырысу, ентігу, жүрек қызметінің әлсіреуі, құсу, ішек түйілу, метеоризм, тышқақтау.
Цианогендік өсімдіктер мен малдың улануының алдын алу мақсатымен судан шөбі, сорго және т.б. өсімдіктер өсетін жайылым отын ерте пайдаланбау, қуаншылық уақытта немесе суық түскен соң оларға мал жаймау қажет. Өте құрғақ жазда мұндай жайылымның шөбін пішен үшін ғана пайдаланған жөн. Өйткені, кептіргенде цианогенді өсімдіктер улық қасиетін жоғалтады. Сонымен бірге судан шөбінен, соргодан және т.б. цианогенді шөптердің пішені дайындалған соң 2 айсыз пайдалануға келмейді. Соргоның көрпекөгін малға пішен немесе сүрлем күйінде берген дұрыс.
Құрамында эфирлі қыша майы бар мал азығы. Мұндай қсімдіктерге рапс, дала қышасы, жұмыршақ және т.б. жатады.
Мақта күнжарасы және қалдық дән шроты. Мақта күнжарасының улық қасиеті - оның құрамында аса бояғыш зат госсиполдың болғандығында. Ол күнжара құрамында жартылай бос, жартылай қосылыс күйінде кездеседі. (Д госипол) Ең қауіптісі -бос госипол.
Престеліп алынған күнжара құрамында 0,04-0,26 пайыз бос госипол болады. Егер малға күнжараны дұрыс бермесе госсиполдың осы мөлшерінің өзі малды уландырады. Малды азықтандыратын күнжара құрамында бос госипол мөлшері – 0,01 пайыздан аспауы тиіс.
Госсипол қан тамырын, клетканы, жүйкені уландырады. Ол ұлпаны тітіркендіріп қабыну процестерін үдетеді және жансыздандырады. Ол ұлпаны тітіркендіріп қабыну процестерін үдетеді және жансыздандырады, некроз туғызады. Госсиполдың тітіркендіргіш қабілеті ішек – қарын кілегей қабықтарының кей бөлігіне әсер етеді. Бірақ, оның улық әсері кілегей қабықтарға сіңгеннен кейін біліне бастайды. Әсіресе, ішкі ағзаларда жүрек, бауыр, бүйрек, жүйке ұлпалары белгі бере бастайды.
Госсипол өте көп мөлшерде болғанда қан арқылы өтіп барлық органдарға әсерін тигізеді. Соның ішінде жүрекке өте қатты ықпал етеді. Сондай – ақ бауырды зақымдайды, себебі удың едәуір мөлшері бауырда қалып, зарарсыздандырылған және бүйрек арқылы госсиполдың біраз мөлшері организмнен шығады.
Сақтандыру шара ретінде жас малға мақта күнжарасын беруге болмайды. Сондай –ақ ірі малға да оны ұдайы және үзіліссіз беруге тыйым салыну керек. 2-3 айдан кейін малға күнжарасын малға төмендегідей мөлшерде беруге болады: сауын сиырға -тәулігіне 4кг көп емес, бірақ сиырды біртіндеп үйрету керек. Яғни беруді 0,5-1 кг бастау керек, буаз сиырға – 2 кг дейін беруге болады. Бірақ сиырдың тууына 10-15 күн қалғанда күнжараны беруді тоқтату керек. Жас бұзауға 2 айлық болса күнжараны тәулігіне әр басқа 100 г беруге болады, оданәрі біртіндеп көбейте береді.
4- айлық кезінде күнжараның
мөлшерін 0,25 кг –ға дейін жеткізеді,
6-айлығында -0,5 кг ; 1 жасында -1кг;
1,5 жасында- 1,5 кг дейін беруге
болады; Ірі қойға -200 г дейін;
ірі шошқаға, буаз және
Информация о работе Мал азықтарына қойылатын ветеринарлық санитарлық және гигиеналық талаптар