Мал азықтарына қойылатын ветеринарлық санитарлық және гигиеналық талаптар

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 19:44, курсовая работа

Краткое описание

Мал азығы мен азықтану гигиенасында ең бастысы малдың денсаулығы мен оның өнімділігінің азықтың мөлшері мен санитариялық тұрғыдан қауіпсіздігіне байланысты екені белгілі. Кейінгі кезде азықтың құндылығының төмендеуіне байланысты және де рацион құрамының тапшылығы мол денсаулығына зиян келтіріп, олардың өнімділігін едәуір азайтты. Азықтың мал организмі үшін маңыздылығы және сапалы әрі құнды азықтар дайындау жолдары мен зерттеу әдістері.

Оглавление

I. Кіріспе
II. Әдебиетке шолу
III. Негізгі бөлім
3.1. Азықтың зоогигиеналық маңызы
3.2. Азықтағы қоректік заттардың гигиеналық маңызы
3.3. Улы заттар түзетін азықтарды пайдалану гигиенасы
3.4 Азықтың минералды және синтетикалық умен ластануының алдын алу шаралары.
3.5 Әртүрлі бактериямен зақымданған азық гигиенасы
3.6 Ұсақ саңырауқұлақтармен зақымданған азық гигиенасы (микотоксикоздар)
3.7 Малды азықтандырудың гигиеналық ережесі
IV. Қорытынды
Азық цехына, азық дайындау құрал –жабдықтарына қойылатын санитариялық –гигиеналық талаптар.
V. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Ветеринария правильно.doc

— 248.00 Кб (Скачать)

Азық сапасын  төмендететін және  кейбір кезде токсикалық қасиеттер  артып азықты қолдануға мүмкіндік  бермейтін минералды улы заттарға  жататындар:  фтор, мышьяк, қорғасын, мыс, барий, минералды тыңайтқыштар, миенралды қышқылдар, негіздер және цианидтер. Аталған заттармен малдың  улануының ең басты себептері осы улы химикаттарды тасымалдағанда , сақтағанда және пайдаланғанда оларды қолдану нұсқаасын дұрыс сақтамағаннна болуы мүмкін.

Малдың улануының алдын  алу шаралары. Малды улы химикаттар бар  жерге жібермеу. Егіс басына  ікелген минералды  және органикалық  улы  заттарды бір орынға  үйіп қоймау керек, себебі мұндай жағдай  малды уландыруы  мүмкін.

Улы химикаттарды  дайындайтын  орын  (әуе өңдеу) міндетті түрде  бөлек, оңаша орналасуы дұрыс  және ондай орындарға  су арқылы, топырақ арқылы  улы химикаттар түспеуін  қарастырған жөн.

 Жер бөліктеріне  улы химикаттарды  шашқанда және оларды  қолданғанда, жақын орналасқан жайылымды және мал жақындайтын  жолды қорғау  бағытында сол екі  орталық шекарада тақтайға жазылған  ескертпе белгісі болуы тиіс. Инсектофунгицидтерді және  басқа да улы химикаттарды  қолданған кезде барлық уақытта мал дәрігеріне және де басқа  мал шаруашылығындағы  мамандарына ескертіп, оларға нұсқау (инструкция) берілген жөн. Пестицидтерді дайындау  және пайдалану кезіндегі қолданған барлық құрал – жабдықтарды бөлек сақтап, жабық бөлмеге  құлыптап қойылуы тиіс.

Өңделген жем –шөпті  малға берердің алдында пестицитердің рұқсат етілетін қалдығының нормасын ескеру керек. Ауыл шаруашылығында улы  химикаттарды  қолданған  кезде, оның су қоймаларына, осы улы заттардың  түсіп кетпеу  шараларын  қатал қадағалау қажет. 

 

Лебедов «Мал өсіру гигиенасы»  кітабындағы еңбегінде әртүрлі бактериямен  зақымданған  азық гигиенасы туралы пікірі (1990) өсімдікте  әрқашан әртүрлі  бактериялар, саңырауқұлақтар, дрождар,актиномицеттер өмір сүреді. Ал жаңадан  орып жиналған және  сапалы дәнді  дщақылдар құрамында, көбінесе  кокк таяқша  формалы бактериялар  болады.  Спора құрайтын бактериялар  ішінде көбінесе, Pseudomanas herbicola  түрдегі өкілдер жиі кездеседі.  Жаңадан орылып жиналған және  сапалы азық құрамында аталмыш бактериялар, басқа бактерияның  барлық түріне қарағанда  92-95 пайыз құрайды.  Бұл бктериялар дәнді бұзбайды  және оның сапасын төмендетпейді.  Дәнді дақылды қамбада сақтағанда  оның құрамындағы Pseudomanas herbicola   бактериясын саңырауқұлақтар мен кокки бактериясы ығыстырып шығарып тастап отырады.

Жаңадан  орып жиналған дәнді  дақылдарда  бациллдің едәуір санын кездестіруге болады. Мысалы: Bac. Mesentericus, Bac.mycoides  және т.б. Егер дәнді дақылдар  топырақпен ластанса  және қыза бастаса, онда жоғарыдағы  аталған бацилл саны көбейе бастайды.

Топырақтағы  бактериялардың ьарнлық  түрлері  қоймадағы дәнді дақылдарға  айтарлықтай әсерін  тигізбесе  де, олардың қарқынды  өсіп -өнуі, дақылдық сапасын, оның қоректік  бағалығын  төмендетеді.

Дәнді дақылдарда сүт қышқылды бактериялар, коккалар, микрококкилер, сонымен қатар әртүрлі індет  ауруларының қоздырғыштарын: туляремия, оба, сарыбуын, туберкулез және т.б. кездестіруге болады.  Мұндай азық малға  ауру жұққызуға  және қауіп – қатер  туғызуға мүмкіндік  жасайды.

Құрама жемде  сапрофиттер, зардапты бактерияның аэробты және анаэробты түрлері кездесуі мүмкін. Сондықтан  құрама жем мал арасында  әртүрлі аурулардың, әсіресе паратифозды  топтағы  аурулардың  таралуына едәуір ықпалын  тигізеді.

Ет –сүйек, сүйек, балық, ет ұндарында, шротта, күнжарада, әсіресе азық құрамында белок көп болса ондай азықта  сальмонелла жиі кездеседі. Құрамында белогы көп құрама жемді температурасы және ылғалдылығы өте жоғары жағдайда  сақтаса, жемде сальмонелла анағұрлым тез өсіп –жетіледі. Егер мұндай азықпен  малды азықтандырса, мал ауруға  шалдығуы немесе инфекция  тасушы болуы мүмкін.

Мал өлкесі  дұрыс жиналмаса, оны  сақтау, тасымалдау режимі бұзылса, онда мал арасында әртүрлі инфекциялық  аурулардың  таралу факторы болып  табылады.  Мұндай жағдайда  өте қауіпті  топалаң, қарасан, шошқа тілмесі сияқты аурулармен  өлген мал және  өлексені далада ұзақ сақтаса. Мұндай өлексені  көмген жер көп уақытқа дейін  жайылым ретінде  пайдалану үшін  өте қауіп келтіреді. Және осы жерге жақын шыққан өсімдіктерде ауру  тартушы болып табылады.

Азықтың қызуы. Дәнді  дақыл  құрамындағы микроорганизмдердің  өсіп -өнуі салдарынан онда жылу  бөлініп  шығады да, соның нәтижесінде  субстраттың  қышқылданып  шіру процесі  басталады. Бөлініп шыққан жылудың кеңістікке  таралып дәнді  дақылдарға зиянын келтірмеу  мақсатында  дән ылғалдылығы  аз және микроорганизмдерден бөлініп шыққан жылу төмен болуы тиіс. Сондай – ақ, дәнді –дақылдың дымқылдылығы  көп болған жағдайда, оны сақтау кезіндегі қалыңдығы 30-36 см –ден аспағаны дұрыс. Дымқыл дәнді  дақылды микроорганизмдердің  өсіп - өну салдарынан дәннің  арасындағы кеңістікте  жылу көп жиналып осында жиі тұрып қалады. Соның салдарынан дәнді дақылдағы температура 55-65 дейін жетеді, ал кейбір кезде 70-75  дейін барады.

Кейбір зерттеушілердің  пікірлеріне қарағанда  дәнді  дақылды қыздыратын микроорганизмдердің  ішіндегі (көгерткіш гриб, түрлі бактериялар) ең басты роль атқаратыны көгерткіш зеңдер. Дәнді дақылды қызу процесіне жеткізетін тағы  бір жылу көзі, дәннің  өзінде болатын ферменттік жүйенің  белсенділігіне де байланысты. Дақылда жылудың  өте қарқынды жүруіне  оның құрамында ылғалды  арам шөптің көп болуына, осы арам шөпте және  дақылда ылғалдың мол болуына тығыз байланысты. Қосымша тағы бір  ылғал көзі, осы дәнді  дақылдардың жармаға  молырақ айналуы, шаң – тозаңның едәуір мол болуы және біріккен микробтар санының көп болуына  да байланысты. Дәнді дақылдарға  зақым келтіретін зиянкестердің  өмір сүру процесі  кезінде де едәуір жылу  бөлініп шығарылады. Сондай –ақ, олар дақылдың біраз бөлігіне  зақым келтіреді. Соның салдарынан микроорганизмдердің  қарқынды өніп-өсуіне және дақылдың өзіндік қызуына ықпалын тигізеді. Тәжірибелік жағдай кезінде  ауа температурасы 21-23 градус болғанда  тексерілген бидайдың  ылғалдылығы 16,1 пайыз болған, дәннің  қызу процесі  19 күнге дейін байқалған жоқ; дәннің ылғалдылығы  19,5 және 21,5 пайыз кезінде, бірнеше күннен кейін –ақ қызу процесіне тән  белгілі көрініс байқалады, дәннің температурасы 40 градусқа дейін көтеріліп бұзыла  бастады.

Дәнді дақылдың температурасы 8-10 градус төмен  болғанда  әдетте онда  қызу процесі  болмайды; температура 10-15 градус  кезінде  қызу процесінің  өте жай басталғаны  білінеді.  Егер дәнді дақылдың  бастапқы кездегі  температурасы  23-25 градус болғанда, оның термогенезі  өте жедел өтеді. Соның салдарынан дәннің температурасы  50-55 градусқа дейін көтеріледі, әрі қарай 60-65, ал кейде 70 градусқа дейін жетеді. Бұдан дәндегі  микроорганизмдердің көбі қырылады, дәннің  демалу процесі төмендейді. Соның салдарынан дәнді – дақыл біртіндеп суи бастайды.  Бірақ осы қызу процесі  байқалған дақылды  егуге болмайды, азықтық және тамақтық сапасын жоғалтады, тағы басқа да  көрсеткіштерінен ацырылады.

Дәнді – дақылдың өзіндік  қызу процесі  кезінде ондағы микроорганизмдердің  саны да, түрлі құрамы  өзгеріске ұшырайды.

Құрама жемді және кебекті  қамбада сақтағанда  олардың бұзылуы, дәнді дақылдардың  бұзылу себебіне ұқсас. Дәлірек айтсақ, олар да көгереді, қызады, әртүрлі иістер пайда болады, жем кесек –кесек болып қалады. Құрама  жемнің бұзылуы өте жедел өтеді. Себебі, мұнда микроорганизмдердің әсері ижылдамырақ   жүреді және құрама жем едәуір ылғал тартқыш келеді. Құрама жемнің және кебектің  жылу өткізгіштігі төмен болғандықтан, олардың арасында  жылу тез көтеріледі. Кейбір қызған  жердегі температура  40-50  градус және одан жоғары болады. Бұл құрама жемнің және кебектің бұзылуын тез арада өтуі көгерткішиік саңырауқұлақтың көп түрлерінің  бірігуінде. Әдетте құрғақ  шөптің ылғалдылығы  16 пайыз, сабанның ылғалдылығы  15 пайызға  дейін болса, олар саңырауқұлақпен  зақымданбайды.  Бірақ, жемнің ылғалдылығы 17-20 пайыз болған  жағдайда және  ондағы температура  көрсеткіш саңырауқұлақтың өсіп өнуіне  қолайлы болған  кезде  жем тез арада көгеріп, қыза бастайды. Мұндай жағдай  түктелген немесе үйілген шөпте, сабанда жиі кездеседі.

 

Лаптаев А.П. Поливский  С.А. зерттеулеріндегі ұсақ саңырауқұлақтармен  зақымданған азық гигиенасында (микотоксикоздар) (1990) 200-ден аса улы метаболит түзетін, микроскопиялық саңырауқұлақтардың 250 ден аса түрі белгілі. Микроорганизмдер, әсіресе  ұсақ саңырауқұлақтар, интенсивті даму кезінде  азық сапасын  және оның азықтық  құндылығын төмендетеді.

Ұсақ саңырауқұлақтардың  әсерінен азықтағы  май, көмірсутегі, ақзат тотығады. Соның салдарынан, азықта оның  дәмі мен иісін бірден өзгертетін әртүрлі ыдырау өнімдері жинақталады.

Микроскопиялық саңырауқұлақтардың  тіршілігінің нәтижесінде  балауса  азықтың  көрсеткіштері өзгереді (иісі –жағымсыз, түсі –солғын, көгерген), онда зеңдену, қызу, токсиндердің жиналуы сияқты процестер дамиды, сөйтіп азықтың  санитариялық сапасын төмендетеді, ал кейде малға беруге жарамсыз болады.

Зең саңырауқұлақтары  жас жасыл  өсімдіктерде дамиды  және олардың  сабақтарында, жапырақтарында және масақтарында  әртүрлі көлемде  сары, қоңыр және қара түсті  жолақтар пайда болады. Барлық мәдени және жабайы  дәнді дақылдарды  зақымдайтын  және бұршақ тұқымдастарды  зақымдайтын зең саңырауқұлақтары  кең таралған.

Зеңмен улану  зақымданған  жасыл шөпті, жоңышқаны, бедені және осылардан  жасалған пішен  мен сабанды  жеген жылқыларда, ірі қарада, қойда байқалады.

Қара күйе  саңырауқұлақтары  жасыл өсімдіктердің  гүл шоғырларында және жекелеген гүлдерінде дамиды. Бұл саңырауқұлақтар алғашында – ақ, кейінен қара түсіт  үлкен немесе кіші түйіршіктер  түзіп, дән орнын  толтырады. Түйіршік ішінде  саңырауқұлақ  споралары  ұнтақ тәрізді қара  масса түрінде болады. Қара –күйемен  зақымданған азықпен азықтандырылған шошқаның және  ірі қараның уланғаны  тіркелген. Күйе  (кастауыш) бидайды,  кейде басқа да  астық тұқымдастарды, әсіресе жаңбырлы  жазда зақымдайды. Күйе қалдықтары бидайда және оның  қалдықтарында кебегінде және ұнында кездесуі мүмкін. Күйе  ауылшаруашылық малдары мен құстарының  барлық түрінде, сондай –ақ адамда эрготизм деп аталатын  ауыр улану  тудыруы мүмкін. Улану  әдетте қастауышпен  зақымданған  бидай  қалдығымен және ұнымен азықтандырылған  байқалады.

Малды азықтандыру  режимін  жақсартқанда  басқа рационға көшіргенде немесе малды  басқа учаскеге  ауыстырғанда, қорада баққан малды жайылымға шығарғанда  көшіру мезгілін ұлғайтып, жаңа азықтың  аз мөлшерде біртіндеп берілгені жөн. Әдетте, мұндай үйрену қалыптасу процесі тек ас қорыту  қызметін ғана емес, сонымен қатар малдың бүкіл  организміне  ықпалын тигізеді. Ол үшін кем дегенде 7-15 күн керек.

Әсіресе төлі бар және буаз малды  азықтандырған  кезде  азықты ауыстыру режимін  қатаң ұстаған  дұрыс. Сондықтан  бірден ауыстырылған азық  буаз малдың іш тастауына  себепкер болса, бауырында төлі бар  малдың сүтінің  құрамы едәуір өзгерсе, сүттің мөлшері де өзгереді.  Ал енесін еметін  жас төлдің  ауруға шалдығуы  және шығынға ұшырауы мүмкін.

Өте қаупті жағдай  туғызатын  нәрсе ол жас торайды қозыны енесінен ажыратқан кездегі  азықтандыру  және бұзауды  енесінен ажыратар алдындағы  ауыспалы кезең, яғни сүт емуден шөпке ауыстыру кезеңі болып табылады.

 

Наурызбаев И.Б. «Мал және мал шаруашылығына мал қорасының  гигиенасы» еңбегінде азық цехына, азық дайындау құрал –жабдықтарына қойылатын санитариялық –гигиеналық талаптары бойынша (1991) мал азығына  арналып  дайындалған  жем –шөпті  азықтандыруға  яғни малға жегізуге алдын – ала дайындап, желінуін  жеңілдетіп, қорытылуын  арттырады.  Ол үшін шаруашылықта  мүмкіндігінше арнайы азық  дайындайтын цех болғаны  дұрыс. Оны арнайы бөлек орынға  немесе мал қорасының жанына біріктіріп, жапсарлата тұрғызады.

Азық цехы азық дайындайтын  машинамен  және механизмдермен  жабдықталады. Азық цехының  әртүрлі  құралдармен  жабдықталуы  шаруашылықтағы  малдың бағытына, рацион құрамына, малды  азықтандыру  типіне байланысты. Сонымен қатар  азық дайындайтын  бөлімшедегі  цех ішінде малға азықты тасымалдайтын  транспорттар және дайындалған  азықты астауға, ақырға таситын  әртүрлі, кіші – гірім механизмдер орналастыруы тиіс.

Азық цехы ішінде желдеткіш, канализация  болуы керек және өте  жақсы  жарықтандырылғаны  абзал. Сондай –ақ шешінетін орын ыстық және суық су, міндетті түрде  халаттар, фартуктер, қолғаптар  және жұмысшыларға  арналған арнайы  аяқ киім болғаны жөн.

 

Азық цехындағы  құралдарды жуу  және дезенфекциялау. Бұзауды  азықтандыратын шелекті  ең алдымен  жылы сумен шаяды. Содан кейін 0,5 пайыз жуғышщ ерітіндісі бар жылы ерітіндімен щетка арқылы  жуады және қайтадан ыстық су  арқылы 1минут  бойы шаяды. Ал егер ыстық су болмаған кезде  шелекті 0,1 пайызжы натрий  гипохлорид ерітіндісі  бар ваннаға жуады. Содан кейін ыдысты жылы  сумен шаяды, арнайы адалбақанға түбін жоғары  қаратып іліп қояды.

Емшек сияқты резинкадан  жасалған емізікті  қолданғанна  кейін 1 пайызды сода ерітіндісімен  қайцнатып отырады.

Пішіндеме  салатын  мұнараны, сүрлем шұқырын минералды  қоспалар тұратын бөлмені, қоймаларды  азықпен толтырар алдында 2  пайызды  ыормальдегид немесе хлорамин ерітіндісімен  дезинфекциялайды.

Пішіндемелік мұнараны осы ерітінділермен  аэрозоль әдісі арқылы өңдеуге болады.

Ақырларды күніге сумен  жуады, ал оны дезинфекциялауды қораға дизенфекция жүргізетін графикпен  қатар жүргізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Азықтың зоогигиеналық  маңызы

Малды азықтандыру –  олардың денсаулығына өнімділігі мен  өнім сапасына тікелей әсер ететін сыртқы ортаның маңызды факторларының бірі. Жануарлырдың азыққа деген қажеттіліг олардың  тіршілігін қамтамасыз  етуде, өсу және  семіру кезінде  дене жаңа ұлпалардың  тқалыптасуы мен  жаңаруына, өнім өндіруге, репродуктивті  қызмет пен денсаулықты  сақтауға  керекті энергия  мен қоректік  және биологиялық  белсенді  заттардың  барлығымен анықталады.

Қоре арқылы организм, ассимиляция процесінде  өліні  тіріге, ал диссимиляция кезінде, керісінше, тіріні өліге  айналдыра отырып, сыртқы орта заттарын қабылдайды. Бұл процестер бір – біріне қарама- қайшы болғанмен, бір –бірінен ажыратуға  болмайтын бүкіл  тірі дүниеге тән  қасиет болып табылады.

Малды азықтандыру  бәрінен  де бұрын  тиімді әрі құнарлы болуы  керек, яғни рациондар малдың тек  энергияға деген  қажетін ғана емес, сонымен бірге  керегінше және дұрыс қатынасты  қоректік заттарға организмді  толық құнды  белоктар, көмірсутегі, майларға  минералдық заттарға, микроэлементтер мен  витаминдерге  деген қажетін де қанағаттандыруға қабылданған шикізатты (азықты) тамақтық  өнімге  (ет, сүт және т.б.) өңдейтін  организм ретіндегі  ерекшелігі, олар ұшін азықтағы  қоректік заттар бір жағынан  өнім өндіретін шикізат болатын болса , екінші жағынан тіршілік үшін керекті энергетикалық   материал болып табылады.

Информация о работе Мал азықтарына қойылатын ветеринарлық санитарлық және гигиеналық талаптар