Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 19:44, курсовая работа
Мал азығы мен азықтану гигиенасында ең бастысы малдың денсаулығы мен оның өнімділігінің азықтың мөлшері мен санитариялық тұрғыдан қауіпсіздігіне байланысты екені белгілі. Кейінгі кезде азықтың құндылығының төмендеуіне байланысты және де рацион құрамының тапшылығы мол денсаулығына зиян келтіріп, олардың өнімділігін едәуір азайтты. Азықтың мал организмі үшін маңыздылығы және сапалы әрі құнды азықтар дайындау жолдары мен зерттеу әдістері.
I. Кіріспе
II. Әдебиетке шолу
III. Негізгі бөлім
3.1. Азықтың зоогигиеналық маңызы
3.2. Азықтағы қоректік заттардың гигиеналық маңызы
3.3. Улы заттар түзетін азықтарды пайдалану гигиенасы
3.4 Азықтың минералды және синтетикалық умен ластануының алдын алу шаралары.
3.5 Әртүрлі бактериямен зақымданған азық гигиенасы
3.6 Ұсақ саңырауқұлақтармен зақымданған азық гигиенасы (микотоксикоздар)
3.7 Малды азықтандырудың гигиеналық ережесі
IV. Қорытынды
Азық цехына, азық дайындау құрал –жабдықтарына қойылатын санитариялық –гигиеналық талаптар.
V. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Азықтандыру кезінде белгілі бір режим мен жем –шөп беру кезектілігін сақтау керек. Бірақ ең алдымен, азық сапасы мал түлігіне, оның жасы мен физиологиялық жағдайына, жынысына, сондай –ақ малдың өсірілу бағытына сай болуы қажет. Былайша айтқанда, малдың дұрыс азықтандыру дегеніміз азықтандыру мен күтіп бағу жағдайларының әсерінен болатын ас қорыту процестерінің заңдылықтарын білу және сақтау арқылы қарын –ішек жолының азықты толық сіңіру қабілетін арттырып, соның арқасында қоректік заттардың пайдалану тиімділігі мен азықтың өнім өндіруге бағытталған әсерін күшейту.
Құнарлы дұрыс азықтандырудың басты негізгі принциптері: мал организмінің азыққа деген керекті көлемі мен мөлшерін қамтамасыз ету; Мал азығындағы бүкіл қоректік заттар құрамын жеткілікті деңгейде ұстау; жақсы, дәмдәк сапасын сақтау; қоректік заттардың ас қорытуға жеңілдігі ; жем –шөпте патогенді организмдердің, соның ішінде микроптардың, зиянды және улы заттардың болмауы. Азықтандырудың аталған принциптері бұзылған жағдайда 0 мал арасында әртүрлі аурулар тууы мүмкін. Мұндай аурулар азықтық немесе алиментарлық деп аталады. Бұл аурулардың себептері биотикалық (тірі) және абиотикалық (өлі) патогендер болуы мүмкін.
Биотекалық патогендерге жататындар: бактериялық (сібір жарасы, сіреспе,сүзек жәнет.б.) және вирустық жұқпалы аурулардың қоздырғыштары; инвазиялық аурудың қоздырғыштары (фасциолез,диктикаулез және т.б.); микоз ауруларын тудыратын қоздырғыштар (аспергиллез, фузариоз және т.б.)
Абиотикалық патогендер шығу тегіне қарай физикалық (азық температурасы және т.б.), механикалық (үшкір зат, азықтың ірі бөлшектері және т.б.), химиялық (зиянды және улы заттардың болуы, минералдық және оргнаикалық заттардың, витаминдердің аз немесе көп болуы және т.б) және ұйымдастыру тәртібінің бұзылуы болып бөлінеді.
Азықтардың тепе - теңсіздігі жеткіліксіздігі немесе шамадан көп берілуі, азықтандыру тәртібінің бұзылуы және азықтың сапасыздығы мал организмін стрестік жағдайға әкеп соқтырады. Стресс жағдайының азыққа байланысты себептері азықтық стресс факторлары деп аталады. Егер, организм кейбір маңызы зор қоректік заттарды жеткіліксіз немесе толық қабылдамаса жете азықтандырылмаған, жартылай немесе толық ашығады деген сөз.
Азықтағы қоректік заттардың гигиеналық маңызы
Азық тапшылығына әсіресе жас, өсіп келе жатқан мал, буаз мал, сүтті сиырлар төзімсіз. Төлдің өсуі бұзылады және сүйек қаңқасының бұрын өте қарқынды өскен дене бөліктері одан әрі жетілмей қалады. Терілерінің серпімділігі жоғалып, қатпарланады өзәне тән жылтырлығынан айырылып, ұйпаланады. Азық тапшылығы одан әрі өсірілетін төлдің жыныстық жағынан жетілуін тежейді, ұрғашы мал төлшілдігінің, ұрықтануының төмендеуіне, сондай – ақ төлдегеннен кейін бұрынғы жыныстық циклінің қалпына келуін 2-3 ай кідіртуге әкеліп соқтырады.
Азықтардың белоктардың, көмірсутектердің және майлардың маңызы.. Жем –шөп мал организміне сыртқы ортадан бірден - бір протеин жеткізуші. Құнарлы протеин жетіспесе қан сары суында белоктар синтезі төмендейді, клеткалар мен ұлпаларда қалыпқа келтіру процестері тежзеледі, олардың қорғаныш қызметі әлсірейді.
Құнарсыз пртеин тұтынылса асқазан – ішек жолы мен тыныс алу органдарының инфекцияға ұрынуына әкеп соқтырады.
Бұған әсіресе шошқа мен құс төзімсіз.
Белоктың жетіспеуі белоктық алмасу ғана емес, сонымен бірге жалпы зат алмасудың бұзылуына да ұрындырады.
Белоктың жетіспеуін алдын алу үшін алмастырылмайтын синтетикалық амин қышқылдарын беру керек. Сонда зат алмасудың бұзылуын, өнімділіктің, ұдайы өсу қабілетінің, мал организмінің табиғи төзімділігінің төмендеуі секілді жағдайлардың алдын алуға болады.
Кейбір май қышқылдары (липолен, арахидон және линолен қышқылдары) малдың зат алмасуына , өсуі мен жетілуіне сүйеу болу үшін өте қажет. Сондықтан, олар азықпен бірге тұрақты түсіп тұруға тиіс. Азықта қоректік май мөлшері қалыпты болса, тәбет ашуға, ас қорытуға және қоректік заттардың ішекте сіңірілуіне мүмкіндік береді. Қорек майымен бірге организмге майда еритін дәрмендәрілер (витаминдер) түседі.
Азықта май жетпесе малда майда еритін дәрмен дәрілер (А, Е және К) жетіспеушілігі туындайды.
Мал организмі көміпсутектердің жетуспеуіне ұзақ уақыт шыдай алады. Өйткені майлар мен белоктардың ыдырауы кезінде де аздап көмірсутегі пайда болады. Оргаизмнің белокты өте көп қабылдауына байланысты зәрмен бірге азоттың да көп мөлшері бөлініп шығады.. Көмірсутектер жетіспеуі кезінде майларды көп тұтыну қанда глюкозаның, органдарда гликогеннің ұлғаюына онша әсер ете қоймайды.
Бұл кезде май қышқылдарының
бауырда ацето сірке
Көмірсутектердің жетіспеуі негізінен рационда қант – протеин қатынаксы бұзылған кезде байқалады.
Тым артық азықтандырудың да мал организміне айтарлықтай әсері бар. Рационда белок мүлде көп болса, А- дәрмендәрісін сіңіруі де нашарлайды. Ал ол мүлде болмаса бұл дәрмендәрі оларды синтездеуге қатысатындықтан кортикостерроидтардың секрециясы төмендейді. Соған байланысты белогы мол рационмен ұзақ азықтандыру малдың бейімделу синдромының шаршау стандиясының пайда болуына және өлімге әкеп соқтырады. Одан басқа белок қосылыстарының артық мөлшерінің ыдырауы кезінде несеп күкірт және басқа қшқылдардың мөлшері құралады. Қорытындысында организмінің ауруларға деген қарсылығының төмендеуіне, бактерицидтік сұйықтықтың әлсіреуіне әкеп соқтырады, ацидоз өршиді. Артық мөлшердегі қыщқылдар кальций және фосфор тұздарымен қосылады. Сөйтіп малдың сүйек қаңқасында осы тұздардың жетіспеуіне әкеп соқтырады да, құныс (рахит)ауруының өршуіне мүмкіндік жасайды.
Азықта протеин құрамы көп болған соң, организмнің С дәрмендәрісі мен басқа да витаминдерге деген қажеттілігі артады. Ал рационда май көп болып, белок аз болса бүйрек бездерінің қызметі бұзылады, олардың құрылымы да недәуір өзгеріске түседі.
Азықтағы минералды заттардың мал организмі үшін маңызы. Минералды заттар организміндегі зат алмасудың бүкіл процесіне қатысып, жем қортылу процесіне әсер етеді, ұлпа мен сұйықтың , бұлшық ет пен жүйкенің қалыпты қозуына, сондай – ақ малдың өсуі мен жетілуіне қажетті реакциясын сүймелдейді. Олар азықта жетіспесе, сонымен бірге қатынасы бұзылса зат мал ауруға шалдығады. Остеомаляция, остепороз, құныс, іш кебу, тұз жетіспеушілік, ақ бұлшық ет ауруы, паракератоз, қан аздық, ақобальтоз және т.б. аурулар өршиді.
Малды орынды азықтандыру жағын ұйымдастырған кезде рациондағы кальций, фосфор, натрий, магний, хлор, калий, фтор, бор селен құрамдарын нормалай білу қажет Сондай –ақ, сыртқы ортаның ластану дәрежесініңі өсуіне және азықтар мен қосымшаларды өндірген кезде химиялық және микробиологиялық технологияның ( ортаның антропогендік және технологендік ластануы) пайдалануына байланысты рациондағы сынаптың, минералды азот, қорғасын және стронций құрамына бақылау жасау қажет.
Малды дұрыс азықтандыруды ұйымдастыру кезінде минералды заттардың өзара және басқа қоректік заттармен күрделі байланысы бар екенін ескермей болмайды.
Мал денесіндегі микроэлементтердің жалпы мөлшері оның салмағының 4 пайызын құрайды. Олар біркелкі бөлінбеген, негізгі «депосы» - қан, бауыр, бұлшық ет, ми, эндокринді бездер және т.б. Организмінің тіршілігі, малдың мол өнімділігін және резистенттілігін сақтау үшін микроэлементтердің ролі өте зор.
Мал организмі үшін гемоглабин молекуласының орталығы болатындықтан темірлің мәні зор. Гемоглабиндегі темір атомы осындай жолмен оксигемоглобин түзе отырып, оттегін байланыстыруға қабілетті. Мал рационында темір жетіспесе қан аздық (анемия) ауруының өршуіне әкеп соғады.
Балапандар мен жас құстардың рационында марганец жетіспесе перозис ауруы өршиді, яғни құстың тізе буыны іседі, аяқтары мен қанаттарының сүйектері өзгеріске ұшырайды. Мекиендердің жұмыртқалағыштығы төмендейді, жұмыртқа қабығының тығыздығы мен балапан шығаруы нашарлайды. Азықта марганец жетіспесе сүтті бағыттағы сиырлар іш тастайды, жаңа туылған бұзаулардың қаңқа сүйектері өзгеріске түседі.
Мал рационында мырыш жетіспесе жануарлардың зат алмасуы бұзылып, төлдің өсіп – жетілуі кешеуілдейді, мал бедеу болады, жүні түсе бастайды, тері аурулары шығады. Бұзаулар енесін еміп жүрген кеғзде мырыш жетіспесе пеллагра тәрізді дерматит немесе терінің паракератоз ауруы туындайды.
Мал азығында мыстың жетіспеуі гемоглабин синтезін төмендетеді және гипохромды қан аздық өршиді. Осының салдарынан ұлпалардың оттегілік аштығы басталып, алмасудың тотығып үлгермеген өнімдері жиналады. Мал тышқақтайды, тәбеті қашады, өнімділігі төмендеп, дене салмағы қосылмайды. Артқы аяқтары салға жиі ұщырайды, ал биязы жүнді қойдың жүні қалыпты бұйралығынан, иректілігінен айырылады, толқындылығы мен серпімділігі жойылады, ол тіп –тік «сым темірдей» қатайып қалады.
Кобалып қан құрауға қатысатын В дәрмендәрісінің құрамына кіреді, ол көмірсутектік және белоктық алмасуға айтарлықтай әсер етеді. Азықта кобальт жетіспесе мал қатерлі қан аздық немесе «денесі құрғау» ауруына шалдығады. Бұл ауруға шалдыққан малдың күйі кетіп, тәбеті қашады, дене салмағы кемиді, яғни арықтайды, кілегей қабықтары босайды, қан гемоглабиннің құрамы мен эритроциттердің саны азаяды, асқазан – ішек жолының қызметі бұзылады, жүні жылтырлығынан, терісі серпімділігінен айырылып, мал жүдейді.
Азық пен суда йод жетіспесе мал алқымның энзотиялық ауруына шалдығады: қалқанша безі ұлғайып, зат алмасуы төмендейді, тері клетчаткасы ісініп, мал өнімділігі кемиді, қысыр қалу пайыызы арнтып, кейде төл өлі немесе тіршілікке бейімділігі нашар, үстінде жүні жоқ қызылшақа төл туады.
Егер жайылым отында молибден құрамы тым көп ( құрғақ заттың 1 кг 25-100мг) болса малдың өзіне тән «көзден жас ағу»деп аталатын ауруына әкеп соқтырады:1 кг құрғақ затта 6 мг-нан 36 мг-ға дейін молибдені бар жоңышқа пішенін жеген бұзау уланып өлген жағжайлар тіркелген.
Рационда селен жетіспесе мал арасында ақ бұлшық ет ауруы, бауыр дистрофиясы, аналық бездің азғындауы, желінсау, қан аздық, эритроциттердің гемолизі тарайды. Ірі қара азығындағы селеннің құрамы әрбір кг құрғақ затқа 3-5 мг келуі керек.
Мал организмінде фтор негізінен сүйек ұлпалары мен тісте жинақталып тарайды. Рационда фтори жетіспесе малдың тәбеті қашады, қаңқа сүйектері мен тісінің формасы бұзылады. Дегенмен, мал шаруашылығына оның жетіспеуі емес артықтығы зиян келтіреді. Малдың фтормен улануы оларға фторы көп фосфат және фторлы шаң түскен жеммен азықтандырып, сумен суарғанда байқалған.
Мал рационында никель жетіспесе темір, көмірсутегі алмасуы бұзылады. КЕйбір ферменттердің (мысалы уреазаның мбелсенділігі) түрі мен қызметінің өзгеруіне әкеп соқтырады. Қой рационына никельо қосса, азық тұтынуы артады және дене салмағының өсуі жақсарады.
Азықтың минералды құрамын жақсарту мақсатымен топыраққа су жайылып, әк төгіледі, тікелей топыраққа енгізу үшін немесе өсімдікті себу және тозаңдау жолымен қоректендіру үшін минералды тыңайтқыштар қолданылады.
Жем –шөп дайындаудың бүгінгі күнгі әдістері олардың құрамын керекті минералды заттарды (фосфор, күкірт, натрий, хлор және т.б.) қосу, сондай –ақ минералды қосымшалары бар химиялық консерванттарды кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді.
Еліміздің көптеген аудандару үшін микроэлементтердің мал түлігіне арналған аймақтық нормалары жасалаған. Минералды қоспалар жасау кезінде сол жерлерге арналған азық пен минералдық құрамын, яғни биохимиялық ерекшеліктерін ескеру қажет. Олардың негізгі немесе толықтырғыш ретінде, көбінесе ас тұзы алынады.
Азық витаминдерінің зоогигиеналық
мәні. Мал организмінде дәрмендәрі
жетіспесе гиповитаминоз
Дәрмендәрілер, яғни витаминдердің зат алмасудағы алатын орны ерекше. Олар организмінің барлық клеткасының құрамына енеді, рларды өтетін бүкіл физиологиялық процестерге әсер етеді. Сондықтан да зат алмасу процестерініңғ бұзылу ауқымы организмде дәрмендәрілердің жетіспеу дәрежесіне, тиісті ферменттер қызметінің жаңару жылдамдығына, басқа да қоректік факторлармен қамтамасыз етілуіне қатысты болады.
Мал организмі үшін дәрмендәрілердің тым артықтығы да зиян. Ол гипервитаминоз тудырады.
Көк шөпте сары түсті пигмент – каротин немесе А провитамині болады. Осы каротин азықпен бірге асқазан - ішек жолына түсіп, қанға сіңеді. Сөйтіп, бауырда каротиназа ферментінің әсерімен А дәрмендәрісі синтезделеді. Каротиннен А – дәрмендәрісінің ащы ішек қабырғасы мен қанда да синтезделетіні бар.
Рационда каротиннің жетіспеуі төлдің өсіп – жетілуінің кешеуілдеуіне, мал өнімділігінің төмендеуіне, белоктық, майлық және көмірсутектік алмасу бұзылатындықтан табиғи төзімділігінің әлсіреуіне , сондай – ақ кілегей қабықтардың эпителийлі клеткаларының кератозына әкеп соқтырады. Гиповитаминозға анағұрлым тән беогі көз ауруы, яғни ксерофтальмия.
Д дәрмендәрісі сүйек ұлпасының құрылуы мен сүйектің өсуіне әсер ететін икальций фосфор алмасуын реттеуге белсенді түрде қатысады. . Бұл дәрмендәрі жетіспесе төл құнысқа шалдығады., ал сақа мал сүйек маюға (остеомаляцияға) ұшырайды. Сөйтіп мал қашпай қалады. Д дәрмендәрісінің белсенді түрлері -Д2 және Д3 Д2 дәрмендәрісі кальциферол деп те аталады және көптеген өсімдіктер мен ашытқыларда болатын эргостериннен пайда болады. Эргостерин Д2 дәрмендәрісіне күннің ультракүлгін сәулесі әсерінен айналады.
Информация о работе Мал азықтарына қойылатын ветеринарлық санитарлық және гигиеналық талаптар