Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 19:44, курсовая работа
Мал азығы мен азықтану гигиенасында ең бастысы малдың денсаулығы мен оның өнімділігінің азықтың мөлшері мен санитариялық тұрғыдан қауіпсіздігіне байланысты екені белгілі. Кейінгі кезде азықтың құндылығының төмендеуіне байланысты және де рацион құрамының тапшылығы мол денсаулығына зиян келтіріп, олардың өнімділігін едәуір азайтты. Азықтың мал организмі үшін маңыздылығы және сапалы әрі құнды азықтар дайындау жолдары мен зерттеу әдістері.
I. Кіріспе
II. Әдебиетке шолу
III. Негізгі бөлім
3.1. Азықтың зоогигиеналық маңызы
3.2. Азықтағы қоректік заттардың гигиеналық маңызы
3.3. Улы заттар түзетін азықтарды пайдалану гигиенасы
3.4 Азықтың минералды және синтетикалық умен ластануының алдын алу шаралары.
3.5 Әртүрлі бактериямен зақымданған азық гигиенасы
3.6 Ұсақ саңырауқұлақтармен зақымданған азық гигиенасы (микотоксикоздар)
3.7 Малды азықтандырудың гигиеналық ережесі
IV. Қорытынды
Азық цехына, азық дайындау құрал –жабдықтарына қойылатын санитариялық –гигиеналық талаптар.
V. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Жұмысқа жегілетін аттарға тәулігіне бір басқа шаққанда 2-3 кг –нан күнжараны басқа құрама жеммен қосып беруге болады.
Күнжарадағы госсипол сілті арқылы зарарсыздандырылады. Ол үшін мынадай ерітінділер қолданылады.: 2 пайыз- сөндірілген әк ерітіндісі, 1 пайыз күйдіргіш сілті; 2,5 пайыз күл ерітіндісі. Ол үшін күнжараға сілті ерітіндісін құйып, бір тәулікке қалдырып қояды. Содан кейін жемді екі рет сумен жуады. Жуылған суды бөлек ыдысқа құяды.
Мақта күнжарасын зарарсыздандырудың ең тиімдісі оны қыздырып, содан кейін 1кг күнжараға 0,5 г күкірт қышқылды мырыш ерітіндісін қосады. Күкірт қышқылды мырыш госсиполмен қосылып, оның қандағы эритроцитке деген гемолитикалық қасиетін жояды.
Азықтың минералды және синтетикалық умен ластануының алдын алу шаралары.
Ауыл шаруашылығында пайдаланатын жай және күрделі химиялық заттарды бір сөзбен айтқанда пестицидтер деп атайды. Олар өзінің әсеріне және олардың туындыларының атқаратын міндетіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:акарицидтер кене және басқа да зиянкестерді жою үшін қолданылады.; инсектицидтер зиянды құрт –құмырсқаны жою; гербецидтер- арамшөпті және басқа да өсімдіктерді жою; дефолиантттар - техникалық екпе өсіидіктердің ору алдынды жапырақтарын түсіру; десиканттар - жинау алдында өсімдікті кептіру; арборицидтер- ағаштарды және бұтаны жою; фунгицидтер- микроскопикалық грибоктарға қарсы күрес; өндегіштер –ұрыққа аранлған дәнді дақылдарды және тамырлы жемісті егудің алдында өңдеу; роденцитидтер – кеміргіштерге қарсы күрес үшін; бактерицидтер – мал және өсімдіктердің бактериялық ауруларына қарсы шаралар; моллюскоцидтер - жабысқақ және ұлпалы денелерге қарсы шаралар ( бұлар гельминт ауруларын таратушы болып табылады.); альгицидтер – судағы өсімдіктерді жою; репеленттер –шабын –шіркей, құрт –құмырсқаны үркіту; ретарданттар -өсімдіктің өсіп жетілуін реттеу; ихтиоцидтер- жыртқыш және төмен бағасыз балықтарды жоюшы.
Азыққа удың түсу жолдары. Пестицидтер - өте кең таралған қуатты экзогенді у болып табылады. Олар суда, топырақта, ауада, өсімдік құрамында болуы мүмкін. Мал ағзаларына пестицидтер тікелей жанасқан кезде және аэрогендік, алиментарлық жолмен түседі.
Азық сапасын төмендететін
және кейбір кезде токсикалық қасиеттер
артып азықты қолдануға мүмкіндік
бермейтін минералды улы
Малдың улануының алдын алу шаралары. Малды улы химикаттар бар жерге жібермеу. Егіс басына ікелген минералды және органикалық улы заттарды бір орынға үйіп қоймау керек, себебі мұндай жағдай малды уландыруы мүмкін.
Улы химикаттарды дайындайтын орын (әуе өңдеу) міндетті түрде бөлек, оңаша орналасуы дұрыс және ондай орындарға су арқылы, топырақ арқылы улы химикаттар түспеуін қарастырған жөн.
Жер бөліктеріне
улы химикаттарды шашқанда және
оларды қолданғанда, жақын орналасқан
жайылымды және мал
Гербицидтер немесе басқа да улы химикаттар қолданған жайылымды, малды жіберердің алдында мал дәрігер мамандары тексеріп қарайды, ал сол жердің шөптерінде қолдаған петицидтердің бар –жоғын лабораториялық жағдайда тексереді. Осы улы химикаттармен өңделген учаскеден жиналған жем – шөптердің немесе өңделген дәнді дақылдардың құрамыында пестицидтер қалдығы бар –жоғын міндетті түрде тексерген жөн.
Өңделген жем –шөпті малға берердің алдында пестицитердің рұқсат етілетін қалдығының нормасын ескеру керек. Ауыл шаруашылығында улы химикаттарды қолданған кезде, оның су қоймаларына, осы улы заттардың түсіп кетпеу шараларын қатал қадағалау қажет.
Әртүрлі бактериямен зақымданған азық гигиенасы
Өсімдікте әрқашан
әртүрлі бактериялар,
Жаңадан орып жиналған дәнді дақылдарда бациллдің едәуір санын кездестіруге болады. Мысалы: Bac. Mesentericus, Bac.mycoides және т.б. Егер дәнді дақылдар топырақпен ластанса және қыза бастаса, онда жоғарыдағы аталған бацилл саны көбейе бастайды.
Топырақтағы бактериялардың ьарнлық түрлері қоймадағы дәнді дақылдарға айтарлықтай әсерін тигізбесе де, олардың қарқынды өсіп -өнуі, дақылдық сапасын, оның қоректік бағалығын төмендетеді.
Дәнді дақылдарда сүт қышқылды бактериялар, коккалар, микрококкилер, сонымен қатар әртүрлі індет ауруларының қоздырғыштарын: туляремия, оба, сарыбуын, туберкулез және т.б. кездестіруге болады. Мұндай азық малға ауру жұққызуға және қауіп – қатер туғызуға мүмкіндік жасайды.
Құрама жемде сапрофиттер, зардапты бактерияның аэробты және анаэробты түрлері кездесуі мүмкін. Сондықтан құрама жем мал арасында әртүрлі аурулардың, әсіресе паратифозды топтағы аурулардың таралуына едәуір ықпалын тигізеді.
Ет –сүйек, сүйек, балық, ет т ұндарында, шротта, күнжарада, әсіресе азық құрамында белок көп болса ондай азықта сальмонелла жиі кездеседі. Құрамында белогы көп құрама жемді температурасы және ылғалдылығы өте жоғары жағдайда сақтаса, жемде сальмонелла анағұрлым тез өсіп –жетіледі. Егер мұндай азықпен малды азықтандырса , мал ауруға шалдығуы немесе инфекция тасушы болуы мүмкін.
Мал өлкесі дұрыс жиналмаса, оны сақтау, тасымалдау режимі бұзылса, онда мал арасында әртүрлі инфекциялық аурулардың таралу факторы болып табылады. Мұндай жағдайда өте қауіпті топалаң , қарасан, шошқа тілмесі сияқты аурулармен өлген мал және өлексені далада ұзақ сақтаса. Мұндай өлексені көмген жер көп уақытқа дейін жайылым ретінде пайдалану үшін өте қауіп келтіреді. Және осы жерге жақын шыққан өсімдіктерде ауру тартушы болып табылады.
Азықтың қызуы. Дәнді
дақыл құрамындағы
Кейбір зерттеушілердің пікірлеріне қарағанда дәнді дақылды қыздыратын микроорганизмдердің ішіндегі (көгерткіш гриб, түрлі бактериялар) ең басты роль атқаратыны көгерткіш зеңдер. Дәнді дақылды қызу процесіне жеткізетін тағы бір жылу көзі, дәннің өзінде болатын ферменттік жүйенің белсенділігіне де байланысты. Дақылда жылудың өте қарқынды жүруіне оның құрамында ылғалды арам шөптің көп болуына, осы арам шөпте және дақылда ылғалдың мол болуына тығыз байланысты. Қосымша тағы бір ылғал көзі , осы дәнді дақылдардың жармаға молырақ айналуы, шаң –тозаңның едәуір мол болуы және біріккен микробтар санының көп болуына да байланысты. Дәнді дақылдарға зақым келтіретін зиянкестердің өмір сүру процесі кезінде де едәуір жылу бөлініп шығарылады. Сондай –ақ, олар дақылдың біраз бөлігіне зақым келтіреді. Соның салдарынан микроорганизмдердің қарқынды өніп -өсуіне және дақылдың өзіндік қызуына ықпалын тигізеді. Тәжірибелік жағдай кезінде ауа темпенратурасы 21-23 градус болғанда тексерілген бидайдың ылғалдылығы 16,1 пайыз болған, дәннің қызу процесі 19 күнге дейін байқалған жоқ; дәннің ылғалдылығы 19,5 және 21,5 пайыз кезінде , бірнеше күннен кейін –ақ қызу процесіне тән белгілі көрініс байқалады, дәннің температурасы 40 градусқа дейін көтеріліп бұзыла бастады.
Дәнді дақылдың температурасы 8-10 градус төмен болғанда әдетте онда қызу процесі болмайды; температура 10-15 градус кезінде қызу процесінің өте жай басталғаны білінеді. Егер дәнді дақылдың бастапқы кездегі температурасы 23-25 градус болғанда, оның термогенезі өте жедел өтеді. Соның салдарынан дәннің температурасы 50-55 градусқа дейін көтеріледі, әрі қарай 60-65, ал кейде 70 градусқа дейін жетеді. Бұдан дәндегі микроорганизмдердің көбі қырылады, дәннің демалу процесі төмендейді. Соның салдарынан дәнді –дақыл біртіндеп суи бастайды. Бірақ осы қызу процесі байқалған дақылды егуге болмайды, азықтық және тамақтық сапасын жоғалтады, тағы басқа да көрсеткіштерінен ацырылады.
Дәнді – дақылдың өзіндік қызу процесі кезінде ондағы микроорганизмдердің саны да, түрлі құрамы өзгеріске ұшырайды.
Құрама жемді және кебекті қамбада сақтағанда олардың бұзылуы, дәнді дақылдардың бұзылу себебіне ұқсас. Дәлірек айтсақ, олар да көгереді, қызады, әртүрлі иістер пайда болады, жем кесек –кесек болып қалады. Құрама жемнің бұзылуы өте жедел өтеді. Себебі, мұнда микроорганизмдердің әсері ижылдамырақ жүреді және құрама жем едәуір ылғал тартқыш келеді. Құрама жемнің және кебектің жылу өткізгіштігі төмен болғандықтан, олардың арасында жылу тез көтеріледі. Кейбір қызған жердегі температура 40-50 градус және одан жоғары болады. Бұл құрама жемнің және кебектің бұзылуын тез арада өтуі көгерткішиік саңырауқұлақтың көп түрлерінің бірігуінде. Әдетте құрғақ шөптің ылғалдылығы 16 пайыз, сабанның ылғалдылығы 15 пайызға дейін болса, олар саңырауқұлақпен зақымданбайды. Бірақ, жемнің ылғалдылығы 17-20 пайыз болған жағдайда және ондағы температура көрсеткіш саңырауқұлақтың өсіп өнуіне қолайлы болған кезде жем тез арада көгеріп, қыза бастайды. Мұндай жағдай түктелген немесе үйілген шөпте, сабанда жиі кездеседі.
Ұсақ саңырауқұлақтармен зақымданған азық гигиенасы (микотоксикоздар)
200-ден аса улы метаболит
түзетін, микроскопиялық
Ұсақ саңырауқұлақтардың әсерінен азықтағы май, көмірсутегі, ақзат тотығады. Соның салдарынан, азықта оның дәмі мен иісін бірден өзгертетін әртүрлі ыдырау өнімдері жинақталады.
Микроскопиялық
Stachybotrys alternans туыстығының саңырауқұлақтарымен зақымданған азықты тек зарасыздырған соң, онда қайта тексеру барысында азық улылығы анықталмаса ғана малға беруге рұқсат етеді. Fusarium және Dendrodochium туыстастығына жататын саңырауқұлақтармен зақымданған азықтарды азық және төсеніш ретінде қолдануға болмайды.
ASpergillus, Penicillium, Mucor және басқа да туыстастықтағы саңырауқұлақтармен ластанған азықтарды буаз және сауылатын малдан басқа ірі және ұсақ мүйізді малдарға азық ретінде беруге болады. (өңдеп, кептірген соң азыққа қосады) Зарарсыздандырған соң шектеусіз азықтандырады.
Asp. Fumigatus саңырауқұлақтарымен зақымданған пішен мен сабанды жас мал мен құстардың астына төсеніш ретінде салуға болады.
Биосынама бойынша улы болып табылған құрама жемді қолдануға тыйым салынады. Fusarium саңырауқұлағымен зақымданған құрама жемді зарарсыздандырған соң, норманың 25 пайыз есебімен бордақыдағы ірі қараға беруге болады.
Құрама жем дайындау үшін мемлекеттік және салалық стандартқа, техникалық шартқа сай келетін шикізат пайдалану керек.
Ұсақ саңырауқұлақтардың даму процесінде улы заттар жинақталады. Ұсақ саңырауқұлақтардың даму процесінде улы заттар жинақталады. Ұсақ саңырауқұлақтардың азықта даму және улы заттар түзу интенсивтілігі азықтың температурасы мен ылғалдылығына байланысты болады. Ылғалдылығы 16 пайызға дейінгі пішен және 15 пайызға дейінгі сабан саңырауқұлақтармен зақымданбайды. Улы саңырауқұлақтардың интенсивті көбеюі азықтың ылғалдылығы 25-35 пайызға және температурасы 35-50 градусқа көтерілгенде байқалады.
Малдың улануы құрамында саңырауқұлақ токсині бар азықты жеу нәтижесінде пайда болады.
Улы немесе зиянды саңырауқұлақтар мал мен құста микотоксикалық аурулар тудырады. Олар әсер ету механизміне байланысты микоз және микотоксикоз болып бөлінеді. Микотоксикоз тудыратын улы саңырауқұлақтар мал органы мен ұлпаларында тоғышарлық ете алмайды. Микоз тудыратын саңырауқұлақтар мен органы мен ұлпаларында тоғышарлық етіп, жалпы улану туғызуы мүмкін.
Микотоксикоздар- малдың улы саңырауқұлақтармен зақымдалған азықтарды жеу нәтижесінде пайда болатын уланулар. Микотоксикоз тудыратын саңырауқұлақтар екі топқа бөлінеді: тоғышар –саңырауқұлақтар, олар тірі өсімдіктерді вегетация кезеңінде зақымдайды және саппрофит саңырауқұлақтар, олар өлі өсімдік пен азықтарда дамиды.
Зең саңырауқұлақтары жас жасыл өсімдіктерде дамиды және олардың сабақтарында, жапырақтарында және масақтарында әртүрлі көлемде сары, қоңыр және қара түсті жолақтар пайда болады. Барлық мәдени және жабайы дәнді дақылдарды зақымдайтын және бұршақ тұқымдастарды зақымдайтын зең саңырауқұлақтары кең таралған.
Информация о работе Мал азықтарына қойылатын ветеринарлық санитарлық және гигиеналық талаптар